Ақ шашты ардагерлер ұрпағымыз атты тәрбие сағаты

   Ақ     шашты    ардагерлер       ұрпағымыз    1.    Құрметті   тыл  жауынгерлері,   соғыс  кезінің   балалары, ұстаздар,  оқушылар!    Сіздерді   9мамыр  Жеңістің   70  жылдық  мерекесімен  құттықтаймыз!  Сіздерге   өмірдегі  бар  жақсылықты  тілейміз. Аспандарыңыз  ашық  болып,  көңілдеріңізге  ешқашан  қаяу  түспесін.                                   Армысың  кәрі  жасың  аяулы  елім,             Өзіңе  тілеу-тілер  балаң  едім.             Бұрынғы  атам  қазақ  салтыменен             Тойы...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақ шашты ардагерлер ұрпағымыз

1. Құрметті тыл жауынгерлері, соғыс кезінің балалары,

ұстаздар, оқушылар!

Сіздерді 9мамыр Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге өмірдегі бар жақсылықты тілейміз.

Аспандарыңыз ашық болып, көңілдеріңізге ешқашан қаяу түспесін.

Армысың кәрі жасың аяулы елім,

Өзіңе тілеу-тілер балаң едім.

Бұрынғы атам қазақ салтыменен

Тойыңа жырдан шашу ала келдік.

Тойыңыз тойға ұлассын дүрілдесін

Көгіңде алтын күнің күлімдесін

Осынау 70 жылдық мерекеңде

Жыр тұлпар біздер мінген сүрінбесін.

Арнадым бұл жырымды қарттарыма,

Көтерген ел намысын нарттарыма.

Кешегі жастайынан еңбектенген

Қалдырып балалығын арттарына.

Жүрмісің аман-есен қарттарым-ай,

Тілейміз көп жаса деп сақта құдай.

Тойыңды бүкіл халық тойлап жатыр,

Қалайша жатырсыздар ақтарылмай.

Қуанып, шалқы бүгін аталарым

Бейбіт күн сіздердің берген баталарың.

Көп көрдің қиындықты сондықтан ба?

Азайып қалыпты ғой қатарларың.

Көп болды сұм соғыстың біткеніне,

Тарихтың дақ боп қалған беттеріне

Нық басып, құтты болсын келдіңіздер

Жеңістің алпыс бесінші көктеміне

Соғыс кезінің балалары, тыл еңбеккерлері соғыстың ауыртпалығын сезіп өсті .

Соғыс кезінің балалары тыл майданында, қабырға-ларыңыз қайысып, балалық шақтарыңыздың шат күлкі-сін ұрлатып, майдандағы әке-ағаларыңызды жоқтатпай ерен еңбек көрсете білген сіздерге көптен-көп алғыс айтып, сіздердің ерліктеріңіздің алдында басымызды иеміз!

Ұлы Отан соғысы аяқталғанына арада 65жыл өтседе соғыс деген сұмдықтың ылаңын сезіп өскен сіздерге соғыс салған жара сызаты әлі жоғалған жоқ.

Ол жылда...

Отан тыныш, ел тыныш!

Ауа таза, аспан таза, кең тыныс!

Дарқан өмір,

Шалқар өмір

Нұрлы өмір

Білмейтін еш жылау, сықтау, күрсініс.

Көлдеріме қонбай кетпес ұшқан құс

Кең жазира байтақ Отан-көк пүліш,

Бақыт құшып,

Арман туып

Жаттық біз...

Алдап түсті аламан жау қанды тіс,

Алдап соқты ар аймағын қу соғыс.

Жер сілкініп, аспан сынып кеткендей,

Қап-қара бұлт нажағайлар төккендей

Таң алдында... тәтті ұйқылы қамалға

Жау шапты ұқсап қан сауытты тажалға.

1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия соғыс жарияламастан Отанымызға тұтқиылдан шабуыл жасады.

Жаудың жүздеген дивизиясы біздің елге баса көктеп кірді.

Зеңбіректер гүрсілі,

Танктер дүрсілі-

Көк күңірентіп, жер тітіркенткен,

Жалын өршіп жанған өрттен,

Қара қошқыл түтіндеткен.

Үрейі ұшып кемпір мен шал

Ана , бала зар еңірескен

Дүние астан-кестен,

Дауылдатқан нөсерлеткен

Соғыс - тажал

Сұрапыл жылдар

Кетер ме естен, кетер ме естен.

Қара түнді жамылып келген

Арам ойлы жалмауыз.

Талай елді баса көктеп,

Әккі болған қанды ауыз-

Аранын ашты:

Кәрі азуға салып бізді

Қысам деп

Шайнамастан,

бірақ қылғып жұтам деп,

Қара құрттай қаптаған жау бұрқанып,

Қарсы шықтық біз де тегіс құрсанып,

Өткізбеуге,

туған жерге қас жауды

Тау қызарып шоққа айналды

тас жанды.

Өрт алғанда қалың жыныс орманды

Қан аралас асау өзен долданды.

1418 күнге созылған қанды соғыс басталды. Соғыстың алғашқы күндерінде Коммунистік партия «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін» деген ұранмен еліміздің бүкіл

күшін жауды жеңуге жұмылдыру программасын жасады.

«Қасиетті соғыс» музыкасы

9. Тоқта достар! Тез мін атқа.

Қатерлі ауыр сын сағатта.

Батыстан зіл қара бұлт

Төнді айналып Кавказ қартқа.

Қай жан шыдар бұл қорлыққа,

Қай жан шыдар бұл мазаққа

Туған жерін талқандату

Өлім арлы азаматқа

10. Елдің елдігіне, ердің ерлігіне үлкен сын болған сонау

қаһарлы жылдардың сұрапылдығын көтермеген бірде-бір

кеңестік отбасы болған жоқ.

Майдан даласында басқа да бауырлас ұлттардың өкіл-дерімен бірге қазақ халқының ұл-қыздары мәңгі өшпес

ерлік көрсетті.

11. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1миллион 700мың-нан астам жауынгер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар- ошарсыз кетті.

Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты. Генерал Панфилов бастаған 28-дивизия

жауынгерлерінің аттары Ұлы Отан соғысының тарихына

алтын әріппен жазылған.

Қазақстандық жауынгерлер Ленинград қаласын жанқиярлықпен қорғады. Сталинград үшін ерлікпен шайқасты. Украинаны, Белоруссияны, Прибалтиканы, Молдавияны неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге қатынасты.

13. Польша, Болгария, Чехославакия, Венгрия, Румыния, Югославия, Австрия халықтарына бостандық әперген жауынгер құрамалар сапында Қазақстандықтар да болды.

Қазақстандық жауынгерлер Берлинге шабуыл жасап, Рейхстаг төбесіне Жеңіс туын тігуге қатысты.Жүз мыңдаған Қазақстандық жауынгерлер Отан қорғаудағы ерліктері үшін

жауынгерлік ордендермен және медальдармен наградталды.

500-ден аса қазақстандық жауынгерлерге, соның ішінде 96 қазаққа Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді.

Ұлы Отан соғысы кезінде асқан ерлік көрсетіп басқа да ұлт өкілдерімен бірге қазақ қыз-жігіттері де Отан үшін

отқа түсті. Олар Нүркен Әбдіров, Сұлтан Баймағанбетов,

Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев,

Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Талғат Бегельдинов,

шығыстың қос жұлдызы, қос аруы Әлия Молдағұлова,

Мәншүк Мәметова тағы да басқа көптеген аяулы апаларымыз бен ағаларымыз жанқиярлықпен шайқасты. Олар кір жуып, кіндік кескен жері аялап өсірген елі үшін жанған отқа түскен, жалын кешкен ер-азаматтар. Олар тарихта өшпейтін із қалдырған абзал жандар.

Біз оларды мәңгі есте сақтаймыз!

Қиды жанын,

Құйды қанын,

Нұр таң үшін!

Көз жұмған жоқ өлімді қызық көріп,

Қоштасты олар,

Келер күн ұрпағы үшін,

Болашаққа өмірін үзіп беріп!

Ажалға қарсы барды саспады да,

Елі үшін өлу деген ғұрып бар-ды

Бірақ олар елінің аспанында,

Жұлдызы боп мәңгілік тұрып қалды.

Алапат соғыс ауыл тұрғындарына орны толмас қайғы мен қасірет әкелді. Қанды майданнан 91-ден астам адам оралмады.

Олар: Алтаяқов Қалым Әбжанов Қожатай

Әбденов Солтан Әлимов Қаби

Әубәкіров Кәкім Баяубаев Қасым

Дүйсеналин Сейсенбай Сүлейменов Сақан

Соғымбаев Әбіл Сәтиев Байболат

Сәтиев Тасболат Сейсембаев Ғазиз

Мусин Машке Иманалин Мұхамедрақым

Мусин Ақау Иманалин Мұхамедияр

Ильяшов Хамзе Ибраев Сағидолла

Көкіректерін ажалға тосқан боздақтар

Көктемің келді

Көңілдің күйін қозғап қал.

Ауылдың төрін алауддың нұры жайнатты.

Алдыңа келіп бастарын иді ұрпақтар

Батырсың мәңгі кеудесін тосқан тасқынға

Жатырсың бүгін туған топырақ астында

Есімің сенің еліңе жетті ерлік боп,

Елеген жұртың тұрғызды саған тас тұлға

Біздің бауырларымызға, ауылдастарымызға сол қанды

шайқас кезінде әр жерден топырақ бұйырды. Мектеп алдында сол соғыстан оралмаған аталарымызға арналып алып ескерткіш орнатылған еді.

Құлпы таста- жазулар, тасқа басқан,

Әр есім- жазылмаған, бір-бір дастан.

Әр есім- бір-бір үйдің шамшырағы,

Бірге жатыр, мінекей айрылмастан.

Аттанды олар,

Аспанды бұлт шалмасын деп,

Ұрпақтарым бақытсыз болмасын деп,

Тоқсан бір жан ауылға оралмады,

Оралмады, қу соғыс болмасын деп,

Орындалып,

Асыл - ой тілектері,

Бейбіт өмір тербеді жүректерді,

Ескерткіш боп ауылға оралды олар,

Тыныштығын елінің күзеткелі!

Енді осылай, міз бақпай тұрасыңдар,

Мәңгі жасайт, ел үшін шын асылдар.

Ауласында мектептің қарсы ап бізді

Бірге оқып, біздермен шығасыңдар.

Енді мәңгі ешқайда кетпейсіңдер,

Топырағыңда көк шөп боп көктейсіңдер

Ей, жас ұлан, өткенде осы жерден

Тағызым етіп, алдынан өткейсіңд

Жылдар өтер, күз келер, көктем келер,

Талай ұрпақ, бұл жерде көктеп өнер.

Ортасында еліңнің орнығып ап.

Қызық тойын қарсы алып , өткере бер.

Жауды қуып аталар жеңіп келдің,

Ұмытылмайды сондықтан ерліктерің.

Арқасында сіздердің елің азат,

Ұланымыз біз енді ерікті елдің.

Желбіресін көк түсті байрағымыз,

Орындалсын аңсаған арманымыз.

Аталардың аруағы желеп-жебеп,

Жайнай берсін еліміз, аймағымыз!

Соғыс аяқталған соң ауылға оралып еліміздің гүлденуіне ат салысып әр салада қызмет атқарған қазірде арамызда жоқ соғыс ардагерлерінің есімдері ұрпақтан ұрпаққа жасай береді.

Олар: Оразбаев Уәли Айтжанов Кәрібай

Шамабараков Әнуарбек Мусин Ерғали

Қалиев Мажкен Мұстафин Шиян Шайсултанов Хамидолла Құдайқұлов Ильяш

Хамутбаев Ғазиз Бектуров Нұрғали

Айтхожин Бектай Хасенов Төлеубай

Аязбеков Кәкім Дөкеев Ілияш

Оразов Қайролла Лукманов Барлыбай

Қопабаев Шарбан Нұрсейітов Кәкім

Жумуков Бәтен Рамазанов Ідіріс

Рақымжанов Көкөмбай Қалиев Қабкен

Әміртоғаев Есентоғай Әміртоғаев Жұмабай

Райымбеков Шәріп Дакеров Мағзұм

Майтоғаев Елубай Нұрмағанбетов Хамидат

Абдиров Тұрғанбай Есмағанбетов Қайдар

Сатыбалдин Айкеш Садуов Есім

Қылышбаев Уайс Имағанбетов Қали

Рамазанов Қабылқарыс Сейсенбаев Қажыман

Иманалин Мұхаметқали

Иманалин Мұқаш

Бұқарбаев Сәлім

Ел үшін құрбан болғандар үшін,

Мәңгілік үнсіз қалғандар үшін.

Мәңгілік от боп жанғандар үшін

Бір минут үнсіз тұрайық!

70 жыл түгіл ,

70 мың жыл болса да,

Жердің үсті шаң тозаңсыз

Алтын нұрға толса да,

Ауылым менің,

Аймағым менің,

Күн сәуле боп Ай бетіне қонса да

Құдыретті бейнеңді сенің бабалар

Ұмытпас тарих,

Ұмытпас халық,

Ұрпаққа ұрпақ.

Эстафета етіп тапсырар

Сіздерді сонда есіне алып

Жер күрсініп, тау сілкініп, тас сынар

Ақ бұлттар тоқтап,

Ақ төсінен жас сығар

Бүгінгі мынау кең жайлаудай келісті өміріміз мыңдаған, миллиондаған Қаһармандарымыздың теңдесі жоқ ерлігінің ескерткіші іспетті.

Ақ шашты ардагерлер ұрпағымыз өр кеуде,

Әр қайсымыз лайықпыз ер деуге.

Ант етеміз замандастар атынан ,

Жер ананы өрт жалынға бермеуге!



© 2010-2022