Сабақтың тақырыбы: Етістіктің түрлері

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі.
Мақсаты: а) етістік тарауы бойынша алған білімдерін пысықтау, етістіктің сөйлемдегі атқаратын қызметі жайлы түсіндіру;
Ә) оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, шешен сөйлей білуге дағдыландыру;
Б) келтірілген мысалдар арқылы оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, ұлылардан ұлағат алуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, талдау, тест, ойын.
Көрнекілігі: кесте, үлестірмелі материалдар.


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Тұйық етістікті қатыстырып сөйлем құрау.

ІІІ. Өткен тақырып бойынша білім - білік дағдыларын тексеру, жаңа тақырыпқа дайындау.
1. Екеуі де көп сөйлемейтін. Көсемше қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр?
А) Бастауыш
Ә) баяндауыш
Б) анықтауыш
2. Анықтауыш болып тұрған есімшені тап.
А) Баланың қытығына тиетіні - осы жері.
Ә) Көшкен ауылды іздеп табалық.
Б) Ұялғанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім.
3. Бастауыш қызметін атқара алмайтын етістіктің тұлғасы
А) Есімше
Ә) Тұйық етістік
Б) Көсемше
4. Көсемшенің жіктелмейтін жұрнағын көрсет.
А) - ғалы, - гелі
Ә) - ып, - іп, - п
Б) - а, - е, - й
5. Сөйлемдегі пысықтауыш қызметін атқарып тұрған көсемшені тап. Ақсүйек ойынында қыз балалар мен ер балалар араласып ойнай береді.
А) ойнай
Ә) береді
Б) араласып
6. Жақпен де, шақпен де байланысты болмай, қимылдың, іс - әрекеттің атын білдіретін етістіктің түрі.
А) көсемше
Ә) есімше
Б) тұйық етістік
7. Тұйық етістіктің ерекшелігі.
А) көптелмейді
Ә) жіктелмейді
Б) тәуелденбейді

ІҮ. Жаңа сабақ. Кесте арқылы түсіндіру.
Сөйлем мүшелері
Ереже
Бастауыш - Есімше мен тұйық етістік атау септігінде тұрып, бастауыш болады.
(Оқу - білім бұлағы)
Баяндауыш - Етістіктер жіктеліп келіп, баяндауыш болады. (Мен биыл бітіремін.)
Толықтауыш - Есімше мен тұйық етістік атау және ілік септіктерінен басқа септіктерде тұрып, толықтауыш болады. (Білгенге маржан, білмеске арзан.)
Пысықтауыш - Қимылдың әр түрлі қасиетін білдіріп, пысықтауыш болады. (Ол күлімсіреп қарады)
Анықтауыш - Есімшелер және ілік септігіндегі тұйық етістік анықтауыш болады. (Оқудың шегі жоқ)
Ү. Жаттығу орындату. 215 - жаттығу.
Қайран қалдым - не істедім?- баяндауыш, қызыққандай - қандай?- анықтауыш, танытты - қайтті?- баяндауыш, үзбей - қалай?- пысықтауыш, оқып отыратынына - несіне?- толықтауыш, жетті - қайтті?- баяндауыш.
216 - жаттығу. Сөйлем мүшелеріне талдату.
ҮІ. Кестемен жұмыс. Берілген кесте бойынша сөйлем құрау. Етістік бес сөйлем мүшесінің де қызметін атқару керек.


1. Бұл сөз үш құрамнан тұр: сағын+ды+м
2. Тұлғасына қарай: негізгі
3. Құрылысына қарай: дара
4. Лексикалық мағынасы: қимыл
5. Грамматикалық мағынасы: етістік, жедел өткен шақ, ашық рай, жіктік жалғауының І жағы жекеше түрі
6. Сұрағы: қайттім?
7. Сөйлемдегі қызметі: баяндауыш

1. Бұл сөз екі құрамнан тұр: елжіре+ген
2. Тұлғасына қарай: негізгі. Себебі сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін, мағына беретін бөлігі.
3. Құрылысына қарай: дара, себебі бір ғана негізгі түбірден тұр.
4. Лексикалық мағынасы: нәзік, мейірімді
5. Грамматикалық мағынасы: етістік, есімше тұлғалы, ІІІ жақ,
6. Сұрағы: қандай?
7. Сөйлемдегі қызметі: анықтауыш

ҮІІІ. «Тақия тастамақ» ойыны. Оқушыларға сұрақтар қою.
1. Есімшенің жұрнақтарын ата.
2. Нақ осы шақ қалай жасалады?
3. Тұйық етістік қалай жасалады?
4. Көсемше сөйлемде қандай қызмет атқарады?
5. Етістіктің сөйлемдегі негізгі қызметі.

ІХ. Сабақты бекіту. Семантикалық карта. Оқушылардың әрқайсысына таратып беру. Оқушылар белгілеп болған соң, дұрыс жауабын интерактивті тақтадан шығару.
--------- Бастауыш Баяндауыш Анықтауыш Толықтауыш Пысықтауыш
Бүгін бізге келерсің.
Естігенді ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар.
Болатын бала бесігінде бұлқынар.
Мен сөйлескелі келдім.
Темекі шегу денсаулыққа зиян
Нанды жерге тастауға болмайды.
Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған.

Х. Үйге тапсырма. Пысықтауға арналған сұрақтар.













Сабақ жоспары

Пән аты: Қазақ тілі.

Сыныбы: 7

Күні, айы, жылы:

Тоқсан: ІІІ

Сабақтың тақырыбы : Етістіктің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты: а) етістік тарауы бойынша алған білімдерін пысықтау, етістіктің сөйлемдегі атқаратын қызметі жайлы түсіндіру;
ә) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы сауаттылыққа баулу.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі : тіл дамыту, түсіндіру, талдау, семантикалық картамен жұмыс, тест,

Сабақтың көрнекілігі : семантикалық карта, талдау үлгісі, үлестірмелі материалдар, слайд
Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару. Оқушыларға бағалау парағын тарату.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. 5 сөйлемді талдау

Өткенді пысықтау:

«Күлімдеген күн көзі.»Мына үстелдің үстіндегі шуақтарды ала отырып,артында жазылған сұрақтарға жауап беріп, күннің көзінің жылуын шашайық.

Ал ендеше іске сәт!
Сұрақтар:
1.Етістік нені білдіреді?
2.Етістіктің неше шағы бар,атаңыз.?
3.Осы шаққа мысал ойлаңыз.
4.Өткен шақтың түрлерін атаңыз.
5.Есімшенің жұрнақтарын атап беріңіз.
6.Көсемшенің жұрнақтары ,атаңыз.
7.Етістіктің райларын атаңыз.
8.Тұйық етістікке бірнеше мысал ойлаңыз.
9.Етістік тұлғасына қарай қалай бөлінеді?
10.Етістіктің мағыналық түрлерін атаңыз.
11.Қалып етістіктерін атап беріңіз.

12.Етістік категорияларын атап шық.


І. Жаңа сабаққа шығу:

Қиылған буындар арқылы тақырыпты табу.

Е-тіс-тік-тің сөй-лем-де-гі қыз-ме-ті.

Мақсат қою.

Сұрақ.

Сөз таптарының сөйлемдегі қызметі дегенде нені қарастырамыз?

І топ Сөйлем мүшелері кестесі

ІІ топ Тұрлаулы мүшелер

ІІІ топ тұрлаусыз мүшелер кестесі

б) Жаңа сабақты түсіндіру : Слайд арқылы. Оқушыларға өздігінен түсініп, ереже шығаруға мүмкіндік беру.

Етістік

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің түрлеріСабақтың тақырыбы: Етістіктің түрлеріСабақтың тақырыбы: Етістіктің түрлеріСабақтың тақырыбы: Етістіктің түрлеріСабақтың тақырыбы: Етістіктің түрлері

Бастауыш

баяндауыш

толықтауыш

пысықтауыш

анықтауыш

Есімше мен тұйық етістік атау септігінде тұрып,бастауыш болады.

Етістіктер жіктеліп келіп,баяндауыш болады.

Есімше және тұйық етістік атау және ілік септіктерінен басқа септіктерде тұрып,толықтауыш болады.

Қимылдың әр түрлі қасиетін білдіріппысықтауыш болады.

Есімшелер және ілік септігіндегі тұйық етістік анықтауыш болады.

Оқу-білім бұлағы

Мен биыл мектепті бітіремін.

Білгенге маржан,білмеске арзан

Ол күлімсіреп қарады.

Оқудың шегі жоқ

Оқулықпен жұмыс:

Жаттығумен жұмыс: 194-жаттығу. Етістіктерді тауып,сұрақ қою арқылы сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын көрсетіңдер.

Тақтамен жұмыс : Тақтаға бірнеше сөйлем жазып синтаксистік, морфологиялық талдау жасайды.

193-жаттығу. 1 сөйлем синтаксистік талдау

Қарана бастады

Соққан

Сергіту сәті:

Білімді бекіту :

Семантикалық карта .

Атауы

мысал

Дара етістік

Күрделі етістік

Негізгі етістік

Туынды

етістік

Болымды етістік

Болымсыз етістік

Салт

Сабақты

Баста

Ойнап отыр

Жеңілген жоқ

Жүгіріп жүр

Кел

Ойнады

Сана

Бір сөзбен сөйлем құрып сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқаратындығын айту.

Тест.

1.Етістік сөйлемде қандай мүше болып тұр?
Аққу қолға тез үйренеді.
А)Бастауыш.
В)Баяндауыш.
С)Тұрлаусыз мүше.
Д)Толықтауыш.
Е)Пысықтауыш.
2.Анықтауыш қызметіндегі есімшені табыңыз.
А)Баймақан Жомарттың бөлмесіне кірген.
В)Шығармаңыз осы үйден табылады.
С)Ердің атын еңбек шығарады.
Д)Ыстаған сабаның исі мұрынды жарып тұрар.
Е)Батырға таяқ та жарақ.
3.Толықтауыш қызметіндегі етістік қатысқан сөйлемді белгілеңіз.
А)Бала теңіз жаққа ұзақ қарады.
В)Ол бұл жолы сізден жеңілгенін мойындады.
С)Ақырын басып сынаққа кірді.
Д)Қарауыл тауының басынан төңірек түгел көрінді.
Е)Бүгін түске дейін жұмысын тез аяқтады.
4.Пысықтауыш болатын сөзді көрсетіңіз.
Қасқыр Ақбілек отырған қостың аузына келіп қалды.
А)Қасқыр
В)Ақбілек
С)Қостың аузына
Д)Аузына
Е)Келіп қалды
5.Толықтауыш қызметіндегі етістікті анықтаңыз.
А)Мен өтірік айту дегенді білмеймін.
В)Ойы-Дөңқараның бергі түбегіне жету.
С)Мұқата сөйлеген Шұғылдың сөзін Хакімде есітті.
Д)Амалсыз реніштен қиналып отырып шыдапты.
Е)Үй иесі су киімін шешті.

Жауабы:

1.в 2.д 3.в 4. с 5.а

Үйге тапсырма : 123-бет 195-жаттығу.



  1. Бағалау : Топ басшыларының бағалау парағын ескеріп бағалау

Бағалау парағы:

Оқушы

аты-жөні

Үй жұм.

Қайталау сұрағы

Жатт.

192

Тал

дау

Сем. карта

тест

белсенділік

баға

Қорытынды баға











XXI ғасыр көшбасшысы Зияткерлік ойын

XXI ғасыр көшбасшысы
Зияткерлік ойын
Мақсаты : 1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау.Оқушыларды қазақ тілінен басқа пәндерден алған білімдерін өмірде қазақ тілінде пайдалануға үйрету.
2.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.
3.Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекі құралдар: суреттер, сұрақтар компьютер арқылы көрсетіледі.

Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап.

Іс-шараның барысы.

Ойынға қатысушылармен танысу.
- Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бүгін біздің қазақ тіліне арналған онкүндік аясында осы пәннен 11 сынып оқушыларының арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» деген зияткерлік ойынды өткіземіз.
- Ең алдымен сайысқа қатысушыларды атап өтейін:
1- қатысушы -Щипун Яна
2- қатысушы -Ахметова Нұргүл
3- қатысушы -Нокенов Аян
4- қатысушы -Нокенов Данияр
5- қатысушы -Жамалиева Кенжегүл
6- қатысушы -Прохорова Людмила
7- қатысушы -Габченко Анастасия

Әділқазылар алқасымен таныстыру.
1. Мектеп директоры: Бейсембаева К.О.
2. Директордың оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Еркибаева Н.О.
3. Тәрбие ісін меңгеруші Абдрахманова Б.К.

2. Кіріспе сөз.
-
- Бүгінгі зияткерлік ойын 6 айналымнан тұрады:
I айналым- Өзін таныстыру
II айналым - «Бәйге»
III айналым - «Полиглот»
IV айналым - «Пәндерге саяхат»
V айналым - «Көкпар»
VI айналым - «Жорға»


3. Ойынның барысы: I айналым. Әр оқушы өзін таныстырады.

II айналым - «Бәйге»
Әр ойыншының қолында жасыл карточка бар. Сұрақтар қойылған кезде, қай ойыншы карточкасын бұрын көтерсе, сол жауап береді. Әр жауап 10 ұпай.

Сұрақтар:
Қазақтың тұңғыш балеті? (Қалқаман-Мамыр)
Қазақтың тұңғыш пьесасы? (Еңлік-Кебек)
Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)
Қазақстанның ең терең көлі? (Алакөл)
Тілдер мерекесі қай айда? (қыркүйекте)
Шешеңнің әкесі саған кім? (нағашы ата)
Әр елдің туын зерттейтін ғылымды қалай атайды (геральдика)
Біздің тудың ені, ұзындығы неше метр? (ені -1, ұзындығы -2)
«Невада-Семей қозғалысын кім басқарды? (О.Сүлейменов)
Қабанбай батырдың шын аты кім? ( Ерасыл)
Кіші планетаға кімнің аты берілген? (Қ.Сәтбаев)
Құрмалас сөйлемдер нешеге бөлінеді? (3)
«Диуани-лұғат-ат-түрк» авторы кім? (М.Қашқари)
Сан есім мен екі зат есімнен тұратын қаланың аты? (Екібастұз)
«Пырақ» сөзінің аудармасы? (мифическая конь)
Қазақтың киелі күні? (жұма)
Бала мектепке барғанда жасалатын той? (тілашар)
Қызанақ, жылыжай, орамжапырақ қандай сөздер? (неологизмдер?)
Көктемнің бірінші айы? (Наурыз)
мын, мін , бын,бін,пын,пін қандай жалғаулар? (жіктік ж. 1 жағы)
Әділ-қазылар ең аз ұпай жинаған оқушыны айтады, ол ойыннан шығады.

III айналым- «Полиглот»
1.Басқа пәле-..... (тілден, язык- language(лангуидж )
2.Ел іші - алтын ... (бесік - колыбель - cradl крадл)
3. Ер дәулеті- ...... (еңбек-труд- work ворк)
4. Мектеп-кеме, ….-теңіз (білім-знание- knowledge нолидж)
5. Көп сөз- көмір (уголь-соал), аз сөз- …. (алтын- золото- gold голд)
6.... - отбасынан басталады (отан - родина-motherland мазерланд)
7. Ер елінде, ….- жерінде (гүл-цветок- flower флауэр)
8. Жүз теңге ақшаң болғанша, жүз ….. болсын (дос-друг- friend фрэнд)
9. Отансыз-адам, ормансыз- …. (бұлбұл- соловей- nightingale найтингл)
10. Тіл тас жарады, тас жармаса … жарады (бас-голова- head хэд)

Ең көп ұпай жинаған 4 қатысушы қалады.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.

IV айналым - Пәндерге саяхат

20. Қазақ тілі.
-ма,ме,ба,бе,па, пе қандай жұрнақтар (болымсыз етістік жұрнақтары)

20. Арнайы сұрақ .Өнер.
1925 жыл. Париж. Дүниежүзілік көрмедегі қойылған этнографиялық концертте қазақтың халық әндрі «Ағаш аяқ», «Жалғыз арша» орындалды. Орындаушы екінші орын алды және күміс медальға ие болды. Ол кім? (Әміре Қашаубаев)

20. Физика. Напряжение-қуат

30. Биология.
Ол біздің ағзамыздағы микробтармен күреседі. Оларды өлтіреді. Сен дем алатын оттегін бүкіл денеңе таратады. Егер сен жарақаттанып қалсаң, ол жараның бетін жабатын жабысқақ ерекше бір зат өндіреді. Ол не? (қан)

30. Әдебиет. Еңбекшілдер ауданының тумасы, оның атымен ауыл, мектеп, мәдениет үйі, көшелер, ескерткіштер бар. Өлеңдер, әндер жазып, домбырамен шырқаған. Ақан Серімен жолдас болған. Ол кім? (Біржан Сал)

30. Химия. Сахарная свекла- қант қызылшасы

40. Тарих. Геродот

40. Арнайы сұрақ. Спорт
Олар Сидней Олимпиадасына бокстан қатысып, алтын медаль иегерлері болған. Олар кімдер? Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбырайымов.
Ең көп ұпай жинаған 3 қатысушы қалады.

40. География. Саксаул-сексеуіл.

V айналым - «Көкпар»

Берілген «қанағаттанарлықсыз» сөзінен көп сөз жасау. Әр сөзге он ұпай беріледі
Ең көп ұпай жинаған 2 қатысушы қалады.

Жанкүйерлерге сұрақ:

Бала жүре бастағанда қандай той жасалады? (тұсаукесер)
Қазақ хандығының билеушісі кім? (хан)
Қазақстандағы Мәңгілік тіл қандай тіл? (қазақ тілі)
Шоқанның шын аты кім? (Мұхаммедханафия)
Екі қыз бір-біріне кім болады? (апалы-сіңлілі?
Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен кім? (Р.Қошқарбаев)
Астана күні қашан? (6 шілде)
Елтаңбаның авторлары? (Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов)
Қазақстанда неше қорық бар? (9)
Орта жүздің биі? (Қазыбек би)
Әсел, Самал, Гүлнәр үшбұрыш, төртбұрыш және шеңбер сызды. Әсел сызған фигура төртбұрыш емес(шеңбер), Самал сызған фигура шеңбер емес(төртбұрыш). Гүлнәр сызған фигура төртбұрыш та, шеңбер де емес (үшбұрыш). Кім қай фигураны сызды?

VI айналым- «Жорға».

Әр сайыскер бір минут арасында берілген сұрақтарға жауап берсе, әр жауапқа 10 ұпай жинайды.
1-ші ойыншыға қойылатын сұрақтар:

1.Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (домбыра)
2. «Дружба» сөзінің қазақшасы қалай? (достық)
3.Ресми тіл (орыс)
4.Экология апатқа ұшыраған теңіз (Арал)
5. Аптаның жеті күнін ата .
6. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы (Абай)
7. Мұсылмандар діні (Ислам)
8.Бала дәрігері (педиатр)
9.Астана қаласының символы (Бәйтерек)
10. Жаздан кейін не келеді? (күз)
11. «Қазақстанның Швейцариясы» (Бурабай)
12. Мектеп бітіргенде оқушы қандай білім алады? (орта)
13. «Менің Қазақстаным» әнінің авторы (Ш.Қалдаяқов)
14. Киіз үйдің бөліктері (кереге, уық, шаңырақ)
15. Елтаңбада қандай жазу бар? (Қазақстан)
2- ойыншыға қойылатын сұрақтар:

1. Солтүстік Қазақстан облысының орталығы (Петропавловск-Қызылжар)
2. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)
3. Киімді кім тігеді? (тігінші)
4. Әкеңнің шешесі саған кім болады? (әже)
5. Елтаңбаның жоғары жағында не бар? (жұлдыз)
6. Түркістан қалай аталды? (Иассы, Шабғар)
7. Бір тәулікте неше сағат бар? (24)
8. Медеу қайда орналасқан? (Алматыда)
9. Наурыздың ең басты тағамы (наурыз көже)
10. Күзден кейін не келеді? (қыс)
11. Күнпарақ қалай аударылады? (календарь)
12. Тәуелсіздік нышандары (ту,елтаңба,әнұран)
13. Әкеңнің әкесі саған кім? (ата)
14. Көз дәрігері (окулист)
15. Дина Нұрпейісованың ұстазы (Құрманғазы)

Әділ-қазыларға сөз беріледі. 21-ғасыр көшбасшысы аталып, мадақтамалар,сыйлар беріледі.





© 2010-2022