Баяндама Развитие языковой личности

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 12 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақжайық аудандық білім бөлімінің

Әдістемелік кабинеті

Жастар мен жасөспірімдердің экстремистік идеяларын қабылдамауын қалыптастыруға бағытталған тәрбие бағдарламасы.

№1 орта жалпы білім беретін мектептің

ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Н.Усахованың,

дінтану пәні мұғалімі А.Н.Набиденованың іс-тәжірибесінен

Чапаев, 2013 жыл

Түсінік хат

«Қазақстан - біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ.

Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және

конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын.

Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз.

Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы

Дін - жалпыадамзат мәдениетінің құрамдас бөлігі. Ол қоршаған ортаны, төрткүл дүниені танып-білудің, оны рухани меңгерудің пәрменді құралы. Дін - діни сана, діни сенім-наным, діни ұйымдардан тұратын рухани әлеуметтік тұтас жүйе. Өйткені, күллі адам баласының даму тарихы, өсіп-өркендеуі, қалыптасып жетілуі дінмен етене байланысты. Сондықтан, діни наным бұрын да, бүгін де, бұдан былай да барлық адамгершілік игі мұраттарды, жалпы адамзаттың рухани құндылықтарын, гуманистік идеяларды көпшіліктің меңгеруінің, шын жүрегімен беріле қабылдауының ең белсенді тәсілі болып қызмет ете беретіні анық. Оған қоса қазіргі әлемдік жаһандану үрдісі, еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылу жолындағы іс-әрекеті, ең алдымен, рухани ой-сананы жетілдіруді, ұлттық құндылықтарымызды берік орнықтыруымызды талап етеді. Сондықтан, дін - біздің рухани байлығымыздың қайнар бастауы, елдік тұтастығымыздың тұғырлы іргетасы, дербес мемлекеттігіміздің берік негізі деп білуіміз керек. Мектеп - ғылыми-теориялық негіздегі тәрбиенің арналарын объективті түрде таныта алатын қоғамдық-мемлекеттік орын. Тәрбиелік таным отбасында ата-ананың тәрбие мәдениеті мен әлеуметтік жағдайына, өмірге деген көзқарасына қарап танылатын болса, қоғамдық ортада мектепке дейінгі мекемелерден бастап, жоғарғы оқу орындарына дейін этикалық-эстетикалық таным, салауатты өмір салты, ұлтжандылық, отаншылдық, қарым-қатынас мәдениетінің таным көздері тағылымтану мен тұлғалық таным аясында меңгертіледі.

Халықтың ежелден келе жатқан тарихын, дәстүрін, ділі мен дінін, рухани ата-баба мұрасымен терең таныстыру - білім саласының негізгі мақсаты. Қазіргі кезде білім мен тәрбие беру саласында ата-баба мұраларының алатын орны зор. Бүгінде біздің өмір сүріп отырған жаңа қоғамымызда діни ұстанымдардың рөлі мен мәртебесінің өзгергені жалпы діни құбылыстардың мемлекет пен қоғамға қарай бетбұрыс жасауынан көрінеді. Ол өзінің табиғаты жөнінен мемлекеттік емес, қоғамдық институт іспетті өмір сүріп келеді. Сондықтан, діннің шын мәніндегі өркениетті ізгі қасиеттерін, демократияны ұлықтайтын игі тұстарын таныту, оны тарату - халқымыздың рухани кемелдігін қалыптастырудың кепілі, ел қауіпсіздігінің арқауы болмақ. Осы орайда мектебімізде 9-11 сыныптар аралығында «Дінтану негіздері» пәнінен үйірме сабақтар жоспар бойынша жүргізілуде. «Дінтану негіздері» пәні мұғалімі мен 9 «а» сынып жетекшісінің бірлесіп жұмыстануымен өз іс-тәжірибелерінен қысқа мерзімді авторлық бағдарлама құрып, іс-шараларды жоспарлы түрде жүргізуде.

Аталған тәрбиелік бағдарламаның мақсаты:1. Білімдік: Негізгі діндер мен конфессиялардың пайда болу тарихынан және олардың қазіргі уақытта қоғамымыздағы таралуынан мағлұмат беру. Экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікке қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру.
2. Дамытушылық: Діндердің қызметтерінің негіздерін ашып көрсете отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, діннің құрылымы негізінде қоғамдағы діни ағымдарды ажыратып ой-өрістеріне, сана сезімдеріне т. б қабілеттерді жастардың бойына сіңіру; Оқушыларды БАҚ құралдары мен ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, дамыта оқыту.
3. Тәрбиелік: Келер ұрпақ жас өренді діннің қызметімен таныстыра отырып, діни салауаттылығын көтеру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерге баулу; өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге, мейірімділікке, мәдениеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу; діни экстремизмнің алдын алу.

Міндеттері:

  • оқушыларды халқымыздың ұмыт болған салт - дәстүрлерін жалғастырып құрметтеуге, инабаттылыққа, имандылыққа адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, достыққа, ерлікке, ізденімпаздыққа, іскерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа, дәлдікке ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу;

  • оқушылардың теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы білімдерін кеңейте отырып, ой - өрісін, қиялын, қызығушылығын, белсенділігін, құштарлығын, яғни, адами қасиеттерін қалыптастыру.

Мазмұны:
Еліміздің кейбір өңірлерінде байқалған діни экстремистік сипаттағы оқиғалардан соң діни ахуалдың ушығуының алдын алып, оны тұрақтандыру мақсатында жер-жерлерде, әсіресе білім беру ұйымдарында жергілікті билік және дін қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер өткізіле бастады.

Тәрбие бағдарламасы аясында мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, дінтану пәні мұғалімі және 9 «а,б» сынып жетекшілерінің жастар мен жасөспірімдердің экстремистік идеяларын қабылдамауын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларының қысқа мерзімді жоспары.

Ұйымдастыру түрі: үйірмелік.

Функционалдық қызметі: қолданбалы.

Іске асыру мерзімі: қысқа мерзімді.

Деңгейі: жоғары буынға арналған, жеке сыныптық

Тәрбиелеу принциптері: сабақтастық.

Түрі мен әдістері: белсенді әдістер

Бақылау әдістері мен тәрбие үрдісін басқару: тест, қорытынды анализі

Қолданыста болуы: жоба

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңы, 2011 жылы

  2. ҚР Конституциясы 1,5,12,14,19,20,22,23,34 баптары;

  3. «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы;1992 ж.

  4. ҚР 02. 2005 жылғы экстремизмге қарсы іс- қимыл туралы заңы;

  5. 27 желтоқсан 1994 жылғы ҚР азаматтық кодексі;

  6. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілеттіктерді есептік тіркеуі туралы ҚР 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2198 заңы;

  7. ҚР «Терроризмге қарсы күрес туралы заңы»

  8. 13 шілде 1999 ж.

  9. Дінтану негіздері.

  10. Ғаламтор сайттарынан алынған материалдар.

1

Апталықтың ашылуы

Үш дінге түсінік беру

Дөңгелек үстел

Дінтану пәні мұғалімі, сынып жетекші

Дүйсенбі

2

Діни экстремизм және терроризм жөнінде түсінік

«Секта - дін бұзатын ағым»

Дәріс

Баяндама, Сауалнама

Дінтану пәнінің мұғалімі

Ата-аналар, Сынып жетекшілер

Сейсенбі

Ата-аналар жиналысы

3

«Жат діннен сақтан!»

Бейнефильм

9-11 сыныптар

Сәрсенбі

4

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңына түсініктеме.

Баяндама

Набиденова А.Н - «Дінтану негіздері» пәнінің мұғалімі

Бейсенбі

5

«Қуатты елдің діні де қуатты!»

Көрме ұйымдастыру, ашық сабақ

9-11 сыныптар

Жұма

6

Діни экстремизм

Жабылуы. Қорытындысы

Семинар-тренинг

Набиденова А.Н.

Усахова А.Н.

9 «а,б» сыныптар

Сенбі

Жоспар бойынша тақырыпқа орай сыныппен өткізілген бірнеше тәрбие сағаты жоспары, дінтану пәні үйірмелерінің, семинар-тренинг сабақ жоспарлары негізделді.

Сынып: 9 «А, Б»

Тақырыбы: Діни экстремизм: психологиялық аспектілер

Мақсаты: оқушыларға діни экстремизм туралы білім беру, теріс діни ағым дегеніміз не екендігін тренингтер арқылы жеткізу, діни сауаттылықты қалыптастыру.

Әдісі: семинар - тренинг

Көрнекілігі: интер белсенді тақта.

Қажетті құралдар: 2 ватман, түрлі-түсті қарындаш, стикер, магнит тақта, магниттер, жіп, әдемі қорапша, сақина

Барысы: 1. Ұйымдастыру

  1. Сыныптан тыс іс-шараны өткізу

Слайд 1

Оқушылармен амандасу.

  • Оқушылар, дүние жүзінде қанша дін бар? Діндерді атаңдар.

  • Ал енді осы діндерге мүлдем жатпайтын теріс діни ағымдар бар.

Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Әр топ бөлек бір мемлекет болады. Мемлекеттің атын, құрылымын, министрлерін тағайындайды. Бірінші топқа су тасқыны болған жағдайда халықты аман алып қалу үшін не істер едіңдер?- деген тапсырма беріледі. Екінші топқа өрт болған кезде қандай іс - шара қолданасыздар? - деген тапсырмалар беріледі. Оқушылар ватманға мемлекеттің құрылымын схема арқылы сызып, жұмыстанып жатырған уақытты пайдаланып, кей оқушылардың артынан келіп білдіртпей стикер жабыстырып кетеді. 2 минут уақыт беріледі. Уақыт өткен соң оқушылар жасаған сызбаларын қорғайды. Табиғи апаттарда не істеу керек екендігін айтады. Ал стикер жабыстырылған оқушылар орындарынан тұрады. Олар сектаның құрамына кіру тым оңай, сол орайда табиғи апаттарға қарағанда діни бірлестіктерді тоқтату қиын екендігін түсінеді.

Слайд 2

Діни экстремизм - діни дұшпандылық пен жек көрушілікті қоздыру мақсатымен Мемлекеттің аумақтық бүтіндігін немесе егемендігін бұзуға және мемлекеттік құрылысты өзгерту мен билікті күшпен басып алуға бағытталған діни негізделген немесе діни камуфляждалған қызмет.

Діни негіздегі экстремизм - дін жолындағы ақырғы пікірлер мен әрекеттерін ұстанушылық

Слайд 3

  • жылдың 25-қазан айында

17 конфессияны ұсынған 3088 діни бірлестіктер қайта тіркелді.

1 Ислам;

2 Православие;

3 Саентология;

4 Інжілдің христиан-баптисттері;

5 Католицизм ;

6 Иеговы куәлері ;

7 Пресвитериандық шіркеулер;

  • Адвентисттердің Жетінші күні;

Слайд 4

9 Евангели-лютерандық шіркеу;

10 Әдіскерлер;

11 Новоапостол шіркеуі;

12 Кришнаиттер

13 Бахаи ;

14 Иудаизм;

15 Буддизм;

16 Иисус Христос шіркеуінің ақырғы киелі күндері (мормондар);

17 Меннонит .

барлығы 4 551(2008 жылы) 3 088 (2012жылы)

Слайд 5,6,7,8

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңы

  • ҚР Конституциясы 1,5,12,14,19,20,22,23,34 баптары;

  • «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңдары;

  • ҚР 02. 2005 жылғы экстремизмге қарсы іс- қимыл туралы заңы;

  • 27 желтоқсан 1994 жылғы ҚР азаматтық кодексі;

  • Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілеттіктерді есептік тіркеуі туралы ҚР 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2198 заңы;

  • ҚР «Терроризмге қарсы күрес туралы заңы»

13 шілде 1999 ж.

ҚР тыйым салынған діни бірлестіктер

  • 15 қазан 2004 жылғы ҚР Жоғары Сот шешімі негізінде:
    «Аль-Каида»;
    2. «Шығыс Түркістан исламдарының қозғалысы»;
    3. «Өзбекстан исламдарының қозғалысы»;
    4. «Курд халқының конгрессі»(«Конгра-Гел»).

  • 15 наурыз 2005 жылғы ҚР Жоғары Сот шешімі негізінде:
    «Асбат аль-Ансар»;
    2. «Ағайынды - мұсылмандар»;
    3. «Талибан» қозғалысы;
    4. «Боз гурд»;
    5. «Жамаат моджахедов Орталық Азия»;
    6. «Лашкар-е-Тайба»;
    7. «Әлеуметтік қоғам реформалары».

  • 17 қараша 2006 жылғы Астана қаласы сотының шешімі бойынша:

  • «АУМ Синрикё»
    «Шығыс Түркістан азаттығының ұйымы»

  • 5 наурыз 2008 жылғы Астана қаласы сотының шешімі бойынша
    «Түркістанның исламдық партиясы».
    Сонымен қатар Қазақстанда экстремистік ағым болып табылатын және тыйым салынған шетелдік мекеме «Хизб-ут-Тахрир» (28 наурыз 2005 жылғы Астана қаласы сотының шешімі бойынша ).

ҚР территориясында тыйым салынған оккульттік-мистикалық ұйымдар:

  • «АЛЛЯ-АЯТ»

  • «АТА ЖОЛЫ»

  • Оқушылар, қандай адамдар сектаның құрамына енуі мүмкін?

Тренинг

Сырты жылтыр, көздің жауын алатын қорап таңдап алынады. Оның ішіне әдемі зат (сырға немесе сақина) салынады. Оқушыларға көрсетіледі.

Менің қолымдағы өте әдемі қорап. Оның ішінде әдемі зат салынған. Кім көргісі келсе, шығып қарауларыңа болады, - деп оқушыларды қызықтырады. Қызығушылығы жоғары оқушылар тақтаға шығып, қорапта не салынғандығын қарайды.

-Ал енді, оқушылар, қандай адамдар сектаның құрамына кіреді?

-Қызығушылығы жоғары.

Слайд 9

Қандай адамдар сектаға енуі мүмкін?

  • Бейтаныс нәрсеге қызығушылығы жоғары;

  • Өзінің зақымдалған мендігін қорғауға ашулы дайындық және өзін-өзі төмен бағалау;

  • Әлеуметтік әділетсіздікті уайымдай отырып, өзінің өмірлік сәтсіздіктерін жақындарынан және жалпы қоғамнан көру;

  • Әлеуметтік оқшаулық және жатырқаушылық салдарынан, жаңа қоғам табу мен өмірлік құндылықтарды жоғалту (шиеленіс);

Тренинг

Иланушылық

Иландыруға арналған тест немесе тез арадағы диагностика

Тестке арналған нұсқау

Бірінің астына бірін бес санына дейін жазыңыз 1,2 ,3, 4, 5. Осы сандармен бірге тапсырмалар беріледі. Ең бастысы тапсырма бойынша ойыңызға бірінші келгенді тез арада жазу керек. Қайталанатын сұрақтар болмайды. Сол себепті егер Сіз жазып үлгермей жатсаңыз, онда қайтадан сұраудың қажеті жоқ. Одан да келесі сұраққа үлгеруге тырысыңыз. Тапсырманың біткенділігін білдіретін «уақыт болды» деген сөз болады. Тап осы сөздің артынан тез арада келесі тапсырма оқылады. Психолог дауыс ырғағына назар аударып, диктофонға жазылғандай тез арада жазып алыңыз. Сонымен, бастадық!

  1. Кез - келген жазушының атын жазыңыз. Мысалы: «Гоголь»; кез- келген …«уақыт болды» !

  2. Кез- келген қысқа сөйлемше жазыңыз. Мысалы «Жаз келді»; кез- келген …«уақыт болды» !

  3. Кез- келген заттың атын жазыңыз. Мысалы «Үстел»; кез- келген …«уақыт болды» !

  4. Кез- келген пішінді бейнелеңіз. Мысалы «Үшбұрыш»; кез- келген …«уақыт болды» !

  5. Кез- келген санды жазыңыз . Мысалы «9»; кез- келген …«уақыт болды» !

Тесттің нәтижесі:

Тапсырманы орындау барысында , тапсырманың жауабы мысалымен сәйкес келсе онда, 4 балл беріледі.

Егер тапсырманың жауабы мысалға ұқсас болса, онда 3 балл беріледі.

Егер мағынасы жағынан сәйкес келмесе онда 2 балл беріледі.

Егер мүлдем ұқсас болмаса, онда 1 балл беріледі.

Тесттің қорытындысындағы алынған нәтиже 3 -ке көбейтіледі.

15 - 30 балл - иландыру деңгейі төмен;

31 - 45 балл - иландыру деңгейі орташа;

46 және одан жоғары балл - иландыру деңгейі жоғары.

(егер маман бұл адамдармен бұрын жұмыс жасаса, онда бұл иландыру емес, керісінше маманға деген сенімді білдіруі мүмкін)

Слайд 10

  • Жоғары мазасыздық және қорқыныш;

  • Дуаға деген қызығушылық;

  • Жоғары иланушылық.

Слайд 11

Тренинг

Екі оқушы тақтаға шығады. Оларға көрсетпей екі қағаз беріледі. Бірінші оқушыға қыс тақырыбына , екінші оқушыға жаз тақырыбына әңгіме құрастыр деп тапсырма беріледі. Бірінші қағазда «Мені мұқият тыңдаңдар!», екінші қағазда «Маған қарамаңдар, көңіл аудармаңдар!» деген сөздер жазылып тұрады. Оқушылар бұл сөздерді оқып, қағазда жазылғанды орындайды. Екі оқушының ойы сұралады. Мақсаты: «мені мұқият тыңдаңдар!» деген сөзді ұстаған оқушыға сөйлеу оңай. Ал екінші оқушы керісінше.

  • Сонда қандай адам сектаға кіруі мүмкін?

  • Тыңдалмаған адамдар, қасында сөйлесетін досы жоқ адамдар.

Слайд 12

Жаңадан келген адамды өңдеу этаптары:

  • Сенімділік қарым - қатынасты қалыптастыру (тартушылық);

  • Рухани әңгімелер;

  • Жаңадан келген адамның әлсіз жақтарын іздестіру;

  • Жаңа мүмкіндіктер туралы уәде беру;

  • Біріккен салт - жоралар;

  • Ескі байланыстарынан ажырау (өткен өмірінен бас тарту - «құрбан»);

  • Билік беру (жаңадан келгендерге).

Тренинг. Оқушылар өздерінің өткен шағына хат жазады.

Тренинг - Оқушылар, махаббат деген не? Оқушылар бірін-бірі қайталамай стикерге бір ғана сөз жазып, жүрекшеге жабыстырады.

-Бұл махаббаттың қандай жағы? Сонымен қатар махаббат қандай болады?

Мақсаты сектаға кірейін деп жатырған адамға тек жақсы жақтары айтылады. Ал 1 ай өткеннен кейін жағымсыз тұстары ашылады.

Тренинг

Көрініс. Ортада екі орындықта 2 оқушы отырады. Бірінші оқушы екінші оқушыны алдап, сектаның құрамына кіргізгісі келеді. Екеуінің әңгімелері бақыланады.

Слайд 13, 14

Тартымға қалай қарсы тұру керек?

  • Өзіңізге бақылау сұрақтарын қойыңыз:

  • «Ал мен осы адамға ұқсап, күнімен көшеде жүріп, адамдарды тартуға тырысқанды қалар ма, едім?»

  • «Ал осы адамдарға менің жетістіктерімнен қандай пайда?»

  • «Олар маған қандай мақсатпен көмектесуде?» тегін ірімшік, тек қақпанда ғана болады.

  • Сіздің қауіпсіздігіңіздің ең тиімді құралы - бастапқыдан беріктік және өз позицияңыздың ұстанымдылығынан ауытқымау. Бұл үшін, заңды білу және діни ағымдарды, философияны оқу қажет.

  • Бейтаныс, сыпайы - ығыр қылатын қатынасқа түспеу.

Ығыр қылатын адамнан әдебиет алудың және кездесуге келісудің қажеті жоқ. Сонымен қатар тартушыға мекен - жайың мен телефоныңды қалдыруға болмайды.

Слайд 15

Тренинг

«Жоқ деп айтуға үйрен».

Нұсқау: қатысушылар 2 шағын топқа бөлiнедi. Бірінші шағын топтағылар әртүрлі эмоцияларды қолдана отырып «Жоқ» деп айту керек, ал екiншi шағын топ айтушының дауыс ырғағына қарап, оның қандай эмоционалды күйдi білдіріп тұрғанын танып білу керек.

Тренинг.

  • Оқушылар, сіздер теріс діни ағымға түспеу үшін нақты не жасар едіңдер?-деп бір оқушыға жіпті таратады. Оқушы өз жауабын айтқасын келесі оқушыға жіпті береді. Осылай сабақ бекітіліп, нақты қорытындысы жасалады.

28 ақпан күні өткен семинар - тренинг.

Семинар-тренинг 9 «А, Б» сыныптарының аралығында 28 ақпан күні өткізілді. Тақырыбы: Діни экстремизм: психологиялық аспектілер. Мақсаты: оқушыларға діни экстремизм туралы білім беру, теріс діни ағым дегеніміз не екендігін тренингтер арқылы жеткізу, діни сауаттылықты қалыптастыру. Сабақта көрнекі құралдар қолданылды. Оқушылардың иланушылығын, сенгіштігін, қызығушылығы анықталды. Тренингтің көптеген түрлері өткізілді. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңы талқыланды.

Имандылық жүрекке ұяласа

Тақырыбы: «Имандылық- жүрекке ұяласа»
Мақсаты: Оқушыларға діни тәрбие берумен қатар бір Аллаға сенімдерін арттыру, дінді уағыздау арқылы балаларды тазалыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Абай» энциклопедиясы, тақырыпқа байланысты нақыл сөздер.
Сабақтың түрі: «Тәрбие сағаты»
Барысы:
I. Кіріспе. Мұғалімнің сөзі.
II. «Ислам діні- таза, күшті, құдіретті дін».
III. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас»
IV. Қазақтың қара өлеңдері
Сұрақ -жауап

Мұғалімнің сөзі:
Армысыздар, қадірлі ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатында имандылық, мұсылман діні, Аллаға құлшылық ететін жастар және басқа діни сөздер туралы айтылмақ. Соған орай бүгінгі тәрбие сағатымызға мешіттің бас имамы - Химелден ата келіп отыр. Бәріміз қошемет көрсетіп, ортаға шақырайық.

Жүргізуші:
Елбасымыз 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауында : «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады».
Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ.
Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел жаста ғана жеттік!
Қазір де бүкіл адамзат баласының басында болып жатқан проблемаларды тек Ислам арқылы шешуге болады.
Ислам - адам өмірін сақтаушы, денсаулықтың қорғаны, адамның өзін-өзі құртып, бітіруіне тосқауыл болатын ғажайып нәтижелер жиынтығы.
Ислам мемлекеттерінде тұрмыс жағдайы төмен болса да, қылмыс деңгейі мен ажырасу саны ең аз, рухани бақыт көрсеткіші мен денсаулық деңгейі әжептәуір жоғары. Дамыған елдерден қанша төмен тұрса да жоғары деңгейдегі мораль мен тәртіп сақталған. Ислам - өмірдегі ең ұсақ құбылыс бөлшегін түсіндіретін жетілген қоғамдық құрылым жүйесі. Ислам - қайрымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады, қалай дұрыс өмір сүру, қалай дұрыс тамақтану, қалай бала тәрбиелеу, әйелді қалай қастерлеу, қалай киіну, қоғамдық өмірдегі қатынас сияқты т.б. маңызды сұрақтарға жауап бере алады. Исламда, мемлекетті басқару ұйымы үшін, қалай салық жинау, салық мөлшерін белгілеу, қаржыны реттеу, қоғамдық тәртіпті белгілеу және қадағалау, халық қажеттілігін қамтамасыз ету, ресурстарды адамдар арасында әділ бөлу сияқты т.б. нұсқаулар бар.
Яғни, Ислам - «басынан аяғына» дейін құрылымы жетілген нағыз керемет Дін.

Діни білім - тәрбие бастауы
Сабақтың тақырыбы: Діни білім - тәрбие бастауы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Негізгі діндер мен конфессиялардың пайда болу тарихынан және олардың қазіргі уақытта қоғамымыздағы таралуынан мағлұмат беру.
Дамытушылық: Діндердің қызметтерінің негіздерін ашып көрсете отырып оқушылардың дүниетанымын кеңейту, діннің құрылымы негізінде қоғамдағы діни ағымдарды ажыратып ой-өрістеріне, сана сезімдеріне т. б қабілеттерді жастардың бойына сіңіру.
Тәрбиелік: Сынып оқушыларын діннің қызметімен таныстыра отырып, діни салауаттылығын көтеру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерге баулу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен сәлемдесу, түгендеу)
2 Мұғалім сөзі: Діни экстремизмнің алдын алу - өзекті мәселе.
3 Дін не үшін адамзатқа керек болды? Ауыл имамы Байсарсенов Т
4. «Алла деген ар болмас» өлеңдер
5. Имани жыр «Құдірет»
6. Көрініс «Ақылды адам Алласын таниды»
7. Имани жыр « Жамағатқа насихат»
8. Аллаһ кімдерді сүйеді Аллаһ кімдерді сүймейді.
9. Әлем мұсылмандары «Кока-колаға» қарсы
10 Қорытынды

Бір Аллаһ болсын жүректе
Өзгеге кетпе сатылып
Жаратқанды білмеген,
Адамзат сипат мақұлық.
Соңғы жылдары лаңкестіктің бір түрі - діни экстремизм кеңінен таралуда. Діни ұйымдар басқа мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатына, адамдардың психологиясына әсер етуде, қауіпті сипат алып келеді. Оның қауіптілігі сол, діни экстремистік ұйымдар қандай да бір елдегі қалыптасқан тәртіпті бұзуға әрекет жасайды және бұл істе өзінің қатарына жастарды тартуы. Елбасымыз халыққа жолдауында айтылғандай:«Ұлттық қауіпсіздік» Тәуелсіз мемлекетіміздің өмір сүруінің басты кепілдігі болса, оны қорғау әрбір қазақстандықтардың қасиетті борышы болып табылады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Дініміз -Ислам, түбіміз -түрік, мәзһабымыз - имам Ағзам» - деген сөзін жаңғыртуымыз керек.

Ауыл имамы Т. Байсарсенов, «Дін не үшін адамзатқа керек?»
Дін тақырыбы адамдарды өте қатты қызықтырған. Әрбір адам дінді түсінуге және діни өмір сүруге тырысқан. Дініне байланысты өмір сүріп, балаларын сол бағытта тәрбиелеген. Ақылы мен білімін қолданып, өзі таңдаған дінді қорғап, оны жалғастыруға тырысқан. Дін адамдарға байланысты бір ұйым. Адамның рухтың және физикалық қажеттіліктерін толық қамтамасыз етіп, жетілуін жүзеге асыратын негізгі мақсат болып табылады. Дін рухтың азығы және дененің шипасы. Адамға адам болуды, ұлттарға бірлік пен тұтастыққа өмір сүруді үйреткен жауапкершілік түсінігін, құлшылық білімін және жақсы ахлаһты қалыптастырады. Жанұяны, мемлекет ұйымын және қоғам құрылымын мықты негіздермен қамтамасыз етеді. Міне, дін адамдарға осы үшін керек.

«Лә Иләһи илләллаһ,
Мұхаммәдур Расулулаһ»,
Имам Ағзам - мазһабым
Мұсылманыңмын асқақ үн.
Шайтанның еріп соңынан,
Бұлт шалмасын аспаным.
Бір Аллаға сыйынам,
Қолдай алар басқа кім?

Бір Алланың арқасы
Сандығын жырдың ашқаным.
Құдайдан тілеп медетті,
Қысылғанда саспадым.
Құлшылық қылсам күн-түні
Жалындап өтер жас шағым.
Алланы танып өтейін,
Өмірде мынау қас - қағым.

Мұсылман болып бір беті,
Кәпір болып бір беті.
Өзгеріп кетті бүгінде,
Қазағымның келбеті.
Қайда кетіп барасың,
Мұхаммедтің үмбеті.
Орындалмай жатыр ғой,
Пайғамбардың сүннеті.

Қайда кеткен халқымның,
Құранға деген құрметі.
Жұртыма менің жұқпасын,
Күпірліктің індеті.
Мойынсыну Аллаға -
Мұсылманның міндеті.
Мұсылманды түбінде,
Мойындайды жер беті
Имани жыр «Құдірет»
Көрініс «Ақылды адам Алласын таниды»
Анасы: Гүлшырын
Ұлы: Талғат
Мұғалім сөзі:
Әңгіме барысында айтылып отырған 5 атты дегеніміз - 5 уақыт намаз, 30 атты -30 күн оразамыз. Айналып келгенде, Ұлы Жаратушы Алла Тағаланы, оның күллі мұсылманға парыз қылған 5 уақыт намаз бен 30 күн оразасын берік ұстансақ, адамгершілік қалпымыздан айнымаймыз дегім келеді. Демек, Алланы естен шығармау ата-ананы құрметтеу - күллі мұсылманның міндеті.
Имани жыр «Жамағатқа насихат»

5. Аллаһ кімдерді сүймейді (оқушылар өз ойларын ортаға салып дұрыс пікірлерін қалыптастырады)
Аллаһ өзіне сенбейтіндерді, пайғамбарына мойынсұнбайтындарды сүймейді.
Аллаһ ата-анасына қарсы шығатындарды және оларды тыңдамайтындарды сүймейді.
Аллаһ ішімдік ішетіндерді сүймейді
Аллаһ қажетсіз ақша шашатындарды сүймейді.

Аллаһ кімдерді сүйеді
Аллаһ өзіне сенетіндерді сүйеді.
Аллаһ ата-анасына қайырым жасайтындар мен оларды тыңдайтындарды сүйеді.
Аллаһ сабырлыларды сүйеді.
Аллаһ намаз оқитындарды сүйеді.
Аллаһ ораза ұстайтындарды, зекет беретіндерді, қажыға баратындарды сүйеді.
6. Әлем мұсылмандары «Кока-колаға» қарсы. ( «Кока-кола» сусынның сиқырлы құпиясы)

Қорытынды.
«Діни білім - тәрбие бастауы» Дін -адамды туралық пен әдемілікке жетелейтін жол, адам өмірін тәртіпке келтіретін жүйе. Сондықтан да дін тәлім-тәрбиесі әрбір адам үшін пайдалы және қажеттілігін жоймайды.

Баяндама: Діни экстремизм және терроризм жөнінде түсінік

Жарық дүние деп аталатын жалған мен о дүние дейтін бақиды қатар нұрландырып тұрған исламның ізгілігі мен ұлы мұраттарын түсіну үшін адамзат ұрпағы нені мансұқтап, нені қастерлеуін біліп, адал жолдан адаспауы үшін ибалы адам, иманды қоғам құруымыз қажет. Қасиетті дініміз сонау пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с) заманынан бергі 14 ғасырға жуық ешбір өзгеріске түспей, әлем мұсылмандарына сара жол салып келе жатқаны мәлім. Қазіргі таңда әлемде Аллах Тағаланың рахымымен исламның қарқынды дамуы және мұсылмандар санының арта түсуі байқалады. Әрине, бұл бізді қуантады.
Алайда қазіргі кезде ислам мен қазақы салт - дәстүріміздің ара жігін ажырату, олардың арасындағы қарама қайшылықтар түсінбеушілікті тану қиындық тудыруда. Олай дейтінім - соңғы кездері түрлі топтар мен жұртты алдап, соңынан ертіп, әулие әмбиелердің басына барып зиярат жасап, сол жолда пайда тауып елді адастырып жүрген діндар сымақтардың көбейіп бара жатқаны жасырын емес.

«Абайлаңыз секта!… Дінімізге берік болайық!»(Діни экстремизм)
Қазіргі таңда исламға «изм», «террор» жағымсыз айдарлар тағылуда. Исламға бұлардың түкте қатысы жоқ. Мұның бәрі жала боп есептеледі. Сонымен экстремизм дегеніміз не? Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал.
Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде саналатындарды түрлі амал - айлалармен арандатуды ойластырады. Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып көрсетіп, халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетіп бағады. Мұсылмандық адал, таза тіршілікті лайлауға барынша тырысып баққан, бөгде, бөтен пасық пиғылды адамдардың өңмеңдеп арамызды арамдап жатқан жасырын емес. Сол ағымдардың алдауына, азғыруына көніп, солардың қарамағына ілінген, қарагөз бауырларымызды ойлағанда, өзегіме өрт түскендей өкінішті сезесің. Қаншама қандас бауырларымыз діни сауатсыздықтың, рухани дүниенің таяздығы салдарынан осы теріс ағымдардың қол - шоқпары бола, солардың жыртысын жыртып, сойылын соғып жүр.

Қазіргі кезде Қазақстан аумағында қызметтері арнайы сот шешімдерімен Заңсыз деп таңылған діни ұйымдардың тізімі жасалған.
Теріс ағымдағы діни ұйымдардың қай - қайсысын алсаңыз да, негізі мақсаты теракт ұйымдастыру, мемлекеттік төңкеріс жасау, террористтер дайындау, халифат құру. Керек десеңіз көпшілігі осы уақытқа дейін кейбір мемлекеттерде мыңдаған адамның өмірін қиюға себепкер болған.
Істері әшкере болған ағымдардың жұмысына ел аумағында тоқтам салған сот шешімдері қабылданды. Алайда, әліде болса да жасырын жолдармен өз тірліктерін жүргізіп жатқандарының бары жасырын емес.
соңғы жылдары елімізде жас жеткіншектердің өздеріне қол жұмсап, туыстарын да, бүкіл қоғамды да дүр сілкіндіруі белең ала бастағандай. Бұқаралық ақпарат құралдары әр аптада осы жайлы кемінде бірнеше хабар беріп қояды. Мұндай жайсыздық республиканың барлық облыстарында көрініс беруде. Сондықтан осындай дерттен ел болып, жұрт болып жұмыла күресудің өзектілігі артып отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Қазақстанда 100 мың тұрғынға шаққанда 53 кісі өзіне қол салып қаза болады екен. Бұл көрсеткіш Орта Азия елдері бойынша Қазақстан ең жоғары деңгейде екен.
Соңғы бірнеше жылда осындай қаза бойынша көш басында Оңтүстік Қазақстан облысы (72 оқиға), Ақтау (64 - 67 оқиға) және Солтүстік Қазақстан облысы (100 мың тұрғынға шаққанда 57 адам өз - өзіне қол жұмсаған). Бір атап өтерлігі - елде адам өлтіргендерге қарағанда, өз - өзін өлтіргендер саны әлдеқайда көп екен.
Жалпы әлемде жыл сайын шамамен миллионға жуық адам өз - өзіне қол салып көз жұмады. Олардың 8 мыңы - қазақстандықтар, яғни республикада әр сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қош айтысып жатады.
Өзіне - өзі қол жұмсау арқылы қайтыс болғандардың 45, 4 пайызы облыс орталығында тұратын балалар
Облыстың аудандары 54, 6%
Қызылорда қаласы 45, 6%

Ата-аналарға сауал
«Не істер едің?» оқушыларға тақырыпқа байланысты жағдаяттар беріліп, пікірлері тыңдалады.
1) ҰБТ - ДАН ЖОҒАРЫ ҰПАЙ ЖИНАП, ҚАЛАДАҒЫ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ БІРІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫҢ. САБАҚТАН ҚАЙТЫП КЕЛЕ ЖАТҚАНДА АЛДЫҢНАН ӨЗІҢ ҚАТАРЛЫ ЖІГІТТЕР НЕМЕСЕ ҚЫЗДАР ШЫҒЫП СЕНІҢ ДІНГЕ ДЕГЕН КӨЗҚАРАСЫҢДЫБІЛМЕК БОЛЫП СҰРАҚТАР ЖАУДЫРДЫ.
ОСЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ СЕНІҢ ІС ӘРЕКЕТІҢ ҚАНДАЙ? ОЛАРМЕН ПІКІР БӨЛІСЕСІҢ БЕ НЕМЕСЕ ҮНДЕМЕЙ КЕТЕ БЕРЕСІҢ БЕ? ШЕШІМІҢДІ ДӘЛЕЛДЕ?
2) СЫНЫПҚА ЖАҢАДАН ОҚУШЫ КЕЛДІ. ОНЫМЕН ЖАҚЫН ӘҢГІМЕЛЕСЕ БАСТАҒАННАН САҒАН БЕЙТАНЫС ДІНИ АҒЫМДАР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ОҚИҒАЛАР АЙТЫП, СОЛ ОРТАМЕН БАЙЛАНЫС ОРНАТУҒА ҮГІТТЕДІ. ТІПТІ СЕНІ МОЛ ҚАРЖЫ ТАБУДЫҢ КӨЗІ РЕТІНДЕ СОНДА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРДЫ.
ОСЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ СЕНІҢ ІС ӘРЕКЕТІҢ ҚАНДАЙ? ҰСЫНЫСҚА КӨЗҚАРАСЫҢ ТУРАЛЫ ОЙЫҢДЫ БӨЛІС.
Келген қонақтардың пікірлерін тыңдау.


Қорытынды.
Бүгінгі жиналысымызда дін, әдет - ғұрып, діни экстремизм тақырыбында біраз мәлімет алдық деген ойдамын. өзге діннің алдауына түсіп, жылан арбаған торғайдай аянышты хал кешкен қандастарымыздың күрделі тағдыры бәрімізді ойландыруы керек.
Жазушы болсын, жұмысшы, қайраткер болсын, рухтың кемелденуі - ең негізгі қасиеттердің бірі. Рух кемелденуі үшін адам ибалы, қоғам иманды болуы керек.
Бүгінгі сабақтың түйіні келешек қоғамның алтын тірегін сақтап қалу керек болса, ибалы адам, иманды сол тіршіліктің алтын тірегіне айналсын демекпін. Осындай тілекпен бүгінгі қоғамымызды дөп басар кезінде ұлт зиялысы, ел жанашыры Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты өлеңінің мына бір жолдарымен қорытындылағым келеді.
Оян, қазақ!
Оян, қазақ! Өз дініңді ұмытпа,
Дініңді сен ардақтағын, құнтта!
Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,
Қателесіп жаман жолмен былықпа!
Тыңдағандарыңызға рахмет!

Баяндама Развитие языковой личности

Спортивные ботинки

Доставка с примеркой

lamoda.kz

Баяндама Развитие языковой личности

Доставка с примеркой

Спортивные ботинки

lamoda.kz

Баяндама Развитие языковой личности

Точь-в-точь iPhone 6

Закажите лучшую копию в мире со скидкой!

tvoi-mag.org


Best free WordPress theme

Открыть доступ




© 2010-2022