Қазақ тілі мен әдебиет. Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі

Жалпы мақсаты;Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінің ерекшелігіне тоқталу,ел қорғаны – батырлар қандай болу керектігін ұғындыру. Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу.  Оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.     Оқыту нәтижесі;Махамбет пен Исатай өміріне қатысты негізгі оқиғаларды білу, оқиға ізімен туған өлеңдерге талдау жасай білуге дағдыландыру. Тапсырм...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы

Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар, орта мерзімдік жоспар, оқулық. Мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиясы, 8- сынып оқулығы

Жалпы мақсаты

Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінің ерекшелігіне тоқталу,ел қорғаны - батырлар қандай болу керектігін ұғындыру. Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

Махамбет пен Исатай өміріне қатысты негізгі оқиғаларды білу, оқиға ізімен туған өлеңдерге талдау жасай білуге дағдыланды-

ру. Тапсырмаларды түсініп тиянақты өз нәтижесінде орындай алады.

Оқыту формасы

Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу

Оқуда қолданылатын модульдер мен әдістер

Түсіндіру (ақпараттық -коммуникациялық технологияны қолдану), жұптық жұмыс, топпен жұмыс (сыни тұрғыдан ойлау), бақылау, (оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау)

Құрал - жабдықтар

Тірек сызба, оқулық, көрнекі құралдар, стиктер.

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1 кезең

Ұйымдастыру2 мин

Үй тапсырмасын тексеру 5мин

Қызығушылықты ояту

Берілген әріптерден басталатын сөздер айтуымыз қажет. Бұл бізге алдын-ала ой қозғау, шабыт берер сөз десек те болады.
1 2 3 4 5 6 7 8
С Ә Т Т І Л І К!
1.Сыйластық, сенімділік. 2.Әдептілік. 3.Тапқырлық. 4.Төзімділік,табандылық. 5.Ізеттілік. 6.Лайық. 7.Іскерлік. 8.Күштілік, көрегендік, кеңпейілдік, т.б.

1.Кластер бойынша жұмыс.

Ислам дәуіріндегі әдебиет

2. Сонымен балалар, біз өткен сабақта Сәйф Сараидың «Түркіше Гүлстан» шығармасынан бойымызға не алдық?

Сабақтың басын бір-біріне деген жылы лебізбен, бүгінгі сабақта бәріне күш-қуат беретін сөздермен бастау арқылы көңіл күйлерін көтеру.Үй жұмысын орындау. Қосымша сұрақтарға жауап береді

2 кезең

Қызығушылықты ояту

3 мин

Мағынаны тану 22мин (жаңа сабақ бойынша тапсырмалар)

1. «Ой қозғау» стратегиясы.

-Қазақ халқының бас бостанығы үшін күрескен кімдерді білесіңдер?

2. Махамбет өлеңін тыңдату.

Міне, балалар, ақын өлеңін тыңдап отырып, қандай әсер алдық? Махамбет поэзиясын оқығанда, көз алдымызға қандай тұлға елестеді? Қане, кім қалай суреттеп берер екен?

Блум таксаномиясы бойынша оқушыларға тапсырмалар беру.

Білу, түсіну

І топқа: Махамбет Өтемісұлы кім?

Ақын, мерген, добырашы, батыр, күйші, көтеріліс басшысы

ІІ топқа: Махамбет өмір сүрген тұстағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты жөнінде не айтасыңдар?

Махамбеттің асқар таудай аға тұтып, ерге тірек, халыққа көсем санаған, аруағын ардақтап өткен адамы - Исатай.
ІІІ топқа: Махамбет Өтемісұлының жырлары. Махамбеттің Исатайға арналған өлеңдерін атау
1. Тайманның ұлы Исатай
2. Исатай деген ағам бар
3. Тарланым
4. Мінкен ер
5. Мұнар күн
6. Ұлы арман
7. Біртіндеп садақ асынбай
8. Ереуіл атқа ер салмай, т.б.

Түртіп алу стратегиясы

Қолдану.

5 - 7- сыныптарда өткен ақын өлеңдерінен үзінділер айту.

Талдау

1.«Ереуіл атқа ер салмай» атты өлеңін мәнерлеп оқып беріңдер.

2. Ақын тілінің сөздігін құрастыру

Ереуіл ат- ұзақ жортуға арналған төзімді ат.

Тебінгі - тоқым қысқа болғанда, аяқкиім мен шалбар балағын қорғайтын, ер тұрман құрамына қатысатын әбзелдің бірі

Терлік - тоқымның астына салатын киіздің бір түрі .

Малта - сүзбеден сығып, домалатып дайындаған уақ құрт.

Өзегі талу -шаршау, ашығу

Темір қазық- жұлдыз

"Түйінді сөздер" стратегиясы


Өлеңнің шумақтарын мазмұнына қарай

қысқаша түйіндеп, қорытындылау.

Ереуіл атқа ер салмай,

Еңку-еңку жер шалмай,-

деген жолдарымен «еңку-еңку» барар жолдың айшылық алыстығының әрі ауырлығын жеткізетін болса, «еңкудің» қайталану күшейткіш мәнге ие болған. «Еңку-еңку» жер қалайда игерілуі керек. Егер де оның игерілу міндет болмаса, ол өлеңге осыншалық аса мән беріліп айтылмас та еді. Осы игеруге ұмытылдырып тұрған қажеттілік - азаттық үшін күрес.

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ірімей


Тебінгінің әбден тер сіңіп, шіріп тозатындай, ал терлігінің майдай іріп, яғни, үгітіліп таусылатындай шаққа жету үшін қанша жаз бен қыс өтетінін айтады. Төзімділіктің өзінің тоз-тозы шыққанын көрсету арқылы ақын ұзақ уақыттың суретін қашап шықты.

Өзіңнен туған жас бала,

Сақалы шығып жат болмай-

деген де уақыттың көрсеткіші Баланың өзі шал болуы азаттық үшін күрестің ұзақ , бір ұрпақты қартайтатындай, алайда сенің оған шыдауың керек екенін баса айтады. Бұл- бостандыққа кететін уақыт

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық, шөл көрмей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай

Көтерліске шығар болса, көретін азабын шынайы жыр арқылы айқын анық жырлап тұр.

І топ. Өлеңнің идясы мен тақырыбын анықтаңдар.

Негізгі тақырыбы- елі үшін еңіреген ер Исатайдың қаһармандық тұлғасы. Автордың бұл өлеңдегі негізгі тақырыбы - қазақ қамы үшін қан майданға тайсалмай қатысқан батырдың ерліктері мен жауынгерлік тұлғасы.

Идеясы- батырдың көзсіз ерлігін, көркем сымбатын, сабырлы, әрі ойлы, парасатты жан екенін және серілігін дәріптей отырып, оған деген сағынышын білдіру. Батырдың киген сауыты. Қару-жарағы да хас батырға тән екенін көрсете келіп, сом тұлғасын халыққа жеткізу.

3. Осы өлеңнің мазмұны өздеріңе қалай әсер етті?
4. Махамбеттің көздеген мақсаты не?

ІІ топ. Өлеңдегі көркемдегіш құралдарды табыңдар.

Өлеңде кездесетін әдеби-теориялық ұғымдар:

Теңеу - терлігі майдай ерімей

Аллитерация - Тебінгі терге шірімей,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай

Ассонанс - Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку, еңку жер шалмай,...

Эпитет - қу толағай, ереуіл ат, егеулі найза.

Ауыспалы мағыналы (эпитет, теңеу) сөздерді теріп жазу. (Көрде тыныш жату, жарық күнде сәуле қуған, алуға күнді барып белді буған, толған айдай балқып туған, ойында оты барлар, надандықты тебу)

ІІІ топ. Өлең құрылысына қарай талдау

Осы үзіндіде 19 жол бар. Бәрі бір-ақ шумақ. Соның ішінде ұйқассызы тек екі-ақ жол. Басқаларының ұйқастары бірдей болып келген. Міне, осылай келген ұйқастарды шұбыртпалы ұйқас дейді

Жинақтау.

Өлеңнің тәрбиелік мәні аса жоғары. Ел үшін ерлік істеуге шақырады. Исатайдай ер болуға, елін, жерін қорғауға, сүюге тәрбиелейді. Отаншылдық сезімді оятып, патриотизмге баулиды.

Оқушылар жұптасып, топқа бөлінеді. Бір- біріне сұрақтар қою арқылы және әр түрлі тапсырмалар арқылы жаңа тақырыпты меңгеріп отырады.

3 кезең

Сабақты бекіту 5 мин

Ой толғаныс Не білдік?

Видеоролик тамашалату, ақын арманы жайлы сұхбат жүргізу, бүгінгі күнмен байланыстыра отырып қорытынды жасату.

Синквейн

Белсенділік таныту. Жинаған білімдерін қолдану

Бағалау3 мин

Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Бақылаушылар формативтік баға қояды.

Үйге тапсырма 2 мин

«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жатқа айту

«Туады ерлер ел үшін» тақырыбында ой толғау жазу

Рефлексия 3 мин









© 2010-2022