Ашық сабақтың жоспары. Қазақ әдебиеті 7сынып. Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин

                                  «Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру бөлімінің А.М.Горький атындағы гимназиясы» ММ             ПӘН: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ   САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:  «СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН»     7 СЫНЫП               Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі:  Бекболатова Айгүл Адамбекқызы   Қостанай 2009 жыл       Бекболатова Айгүл Адамбекқызы «Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру бөлімінің А.М.Горький атындағы гимназиясы» Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі   Қазақ әдебиеті 7 сынып. С... Не білемін? Білгім келеді Не білдім?                  2.Оқулықпен жұмыс. Балалар, оқулығы 64-67 беттері бойынша жұмыс жасаймыз. (5 слайд)   Сәкен Сейфуллин.          ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғалардың бірі-Сәкен Сейфуллин. Сәкен Сейфуллин қазіргі Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында туған. Оның өмір сүрген 1894-1938 жылдары. Оның шын есімі-Садуақас. Сәкеннің әкесіСейфолла домбрашы,шешен әрі саятшы болған. Анасы Жамал ертелі-кеш Сәкенге аңыз-әңгіме,ертегілер айтып берген. Сәкен  жас бала күнінен ертегі,аңыздарды көп тыңдайды. Ха...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру бөлімінің

А.М.Горький атындағы гимназиясы» ММ







ПӘН: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ


САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

«СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН»



7 СЫНЫП








Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі:

Бекболатова Айгүл Адамбекқызы


Қостанай

2009 жыл


Бекболатова Айгүл Адамбекқызы

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру бөлімінің

А.М.Горький атындағы гимназиясы»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Қазақ әдебиеті

7 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Өткен тақырыбы бойынша оқушылардың білім, сөз қорларын пысықтау.Шәкіртерге Сәкен Сейфуллин туралы түсінік бере отырып, ақын өлеңінің тақырыбын, мазмұнын, көркемдігін, құрылысын меңгерту. «Ананың хаты» өлеңі жан-жақты талдау,оқу, оқушылардың пікірін, көзқарасын қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Шәкірттердің ой-өрісін, тіл байлығын дамыту және сөйлеу,жазу шеберліктерін арттыру.Сыни тұрғысынан ойлауға, өзінше ой түюге баулу, танымдық түсініктерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Өлеңді сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.Оқушыларды «Ананың хаты» өлеңі мазмұны арқылы ананы сүюге, ардақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сыни тұрғыдан ойлау, аралас, жаңа сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, оқыту,мәнерлеп оқу,сын тұрғысынан ойлау стратегиясы,әңгімелеу,баяндау,

Сабақтың құралдары: Қазақ әдебиеті оқулығы,ана бейнелейтін сурет,ақынның портреті,акро өлеңі, өлеңдер,тірек сызба,текшелер,презинтация,техникалық құрал,компьютер, электрондық тақта,Венн диаграмма.

Пәнаралық байланыс: география, тарих, қазақ тілі

Қосымша материалдар: Сәкен Сейфуллиннің өлеңдері,деректі мәліметтер, қазақ репресиясының құрбандары туралы мәліметтері.

Технологиялар: педагогика, сын тұрғысынан, компьютерлік, дамыта оқыту

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Амандасу:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?!

2.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындау.

3. Сабақтың мақсаттарын айту.

ІІ. Ой қозғау.

-Балалар, бүгінгі сабақты «Кім тапқыр?» деген ойынмен бастаймыз.

Ойынның шартты мынандай.Мен сендердің назарларыңа сұрақтарды қоямын, ал сендердің міндеті үш тілде тиіс сөзді табу.(қазақ, орыс. ағылшын)

Сұрақтар:

  1. Сөздің көркі не? (мақал, пословица,рrove)

  2. Ақ тілеудің белгісі не? (бата, благословение, wishes)

  3. Сөз өнері дегеніміз не?(Асыл сөз дегеніміз не?) (әдебиет, литература,

literature)

  1. Қазақ жазба әдебиетінің негізгі салушысы Абай Құнанбаев. Абай кім? (ақын,поэт,роеt)

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру,пысықтау.

Өткен сабақпен байланыс: (2 слайд)

  1. -Балалар, біз өткен сабақта қандай ақынның өмірі мен шығармашылы-

ғымен таныстық?

  1. - Бейімбет Майлин кім?

  2. - Бейімбет Майлин кімнің тәрбиесінде өседі?

  3. - Бейімбет Майлин туралы не білесіңдер?

  4. - Айт күндері деген әңгімесінде не суреттеледі?

  5. - Айтқа қандай дәстүрлер тән?

Үй тапсырмасын бекіту.

Айт күндеріне,мерекелерге арналған мақал-мәтелдерді тыңдап тексеру.

  • Көппен көрген -ұлы той.

  • Халықты қадірлеу-салтты қадірлеу

  • Жаңбырмен жер көгерер,Батамен ер көгерер

  • Байлық -байлық емес,бірлік -байлық

  • Құтты қонаққа қой егіз табады.

IV. Жаңа сабақ:

Кiрiспе сөз:

-Бүгін сабақта Сәкен Сейфуллиннің «Ананың хаты» өлеңімен танысамыз.Сабақтың мақсаты өлеңнің идеясын,тақырыбын ашып,жан-жақты талдау жүргізу. Қазір Сәкен Сейфуллиннің өмірінен қысқаша мәліметтермен танысамыз. Электрондық тақтаға қараңдар!(3 слайд)

-Ендеше, біздер бүгін тағы да қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург, қазақ поэзиясының тұлғасы ретінде үлкен үлес қосқан туралы әңгімелейміз.

-Балалар, берілген слайдқа көңіл аударыңдар (4 слайд)

-Балалар, суретте кім бейнеленген? Ол кім? Ол туралы нені білесіңдер?

(Оқушылардың жауаптарын қабылдағаннан кейін төменгідей тапсырмалар беріледі ).

1.Ең біріншіден, инсерт кестесін бергім келеді.Себебі сендер сабақтың үстінде берілген үш қатардағы сұрақтарға жауап,мәліметтерді жазып отырсыңдар.

Не білемін?

Білгім келеді

Не білдім?


2.Оқулықпен жұмыс.

Балалар, оқулығы 64-67 беттері бойынша жұмыс жасаймыз. (5 слайд)

Сәкен Сейфуллин.

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғалардың бірі-Сәкен Сейфуллин. Сәкен Сейфуллин қазіргі Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында туған. Оның өмір сүрген 1894-1938 жылдары. Оның шын есімі-Садуақас. Сәкеннің әкесіСейфолла домбрашы,шешен әрі саятшы болған. Анасы Жамал ертелі-кеш Сәкенге аңыз-әңгіме,ертегілер айтып берген. Сәкен жас бала күнінен ертегі,аңыздарды көп тыңдайды. Халық ауыз әдебиетін, ертегі хиссаларын жасында Сәкеннің зердесіне құйған екі адамның бірі-өз туған ана, екіншісі Болған әжесі.Ол алдымен ауыл молдасынан сауат ашқан, кейін Ақмоладағы орыс-қазақ мектебінен білім алады.Соңынан екі класты училищені, ал 1913-1916 жылдары Омбының мұғалімдер семинариясын бітіріп, оқытушы болады.Сұлу,білімді,

нұрлы кісі болған. Қазақ әдебиетінің барлық жанрында қалам тартты. Сәкен Сейфуллин өлеңдер,поэмалар, роман,очерктер,повестер, драмалық шығармалар

жазған. Ақынның «Өткен күндер» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1914 жылы Қазан қаласында жарық көрген.Осы өлең жинағында халық өмірі мен тұрмысын кең көлемде жырлады. «Тар жол,тайғақ кешу» алғашқы романы.

1916 жыл оқиғасы, революция шындықтары, өмір-тұрмыс сырлары «Тар жол,тайғақ кешу» романында суреттелген.Роман нақтылы дерек, тарихи дәлдік, көркемдік ізденістер арқылы берілген. Сонымен қатар, Сарыарқаның сайын даласы, Есіл , Нұра өзендері мен Оба, Ор тауларының әсем көріністері Сәкен шығармашылығының дамуына әсер етті. Ақынның «Асау тұлпар», «Домбыра», «Экспресс», «Дала» «Көкшетау» деген өлеңдер жинақтары және шығармалары халық жүрегінен үлкен орын алды.

3.Жаңа сабақтың тақырыбына қосымша мәліметтерді беру.

Қазақ халқы Сәкен Сейфуллинді,Ілияс Жансүгіровты, Бейімбет Майлинды«Үш бәйтерек» деп атап кеткен. Себебі олар қазақ әдебиетінің ақындары, қарымды қаламгер, дарынды драматургтар ретінде үлес қосқан.Үш бәйтерек ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне,беделімен де, жанрлық қырларымен, көркем әлемімен байытты.Олар бір жылда дүниеге келді және қазақ жерінде көз жұмды.Сәкеннің «Бандыны қуған Хамит» атты әңгімесі бойынша фильм түсірілген.(«Погоня в степи» фильмі)(6 слайд)

Балалар, Сәкен Сейфуллиннің қазақ жастарға арналған өлеңі сендердің назарларыңа оқығым келеді.Экранға назар аударыңдар (7 слайд)

Жас қазақ марсельезасы.

Азамат, жүнжіме, жүрме бос,

Қол ұстас,бірігіп тізе қос.

Ту ұстап дұшпанға барайық,

Теңдіктің ұранын салайық.

Тізесін батырған залымнан,

Күн туды-біз теңдік алайық.

4.Оқулықпен жұмыс.Ал, шығармалық жұмыстармен танысуға бастайық.Оқулықтарынды ашыңдар 65-66 беттегі берілген «Ананың хаты» өлеңі мазмұны арқылы идеясын түсінейік.(7 слайд)

5.Дәптермен жұмыс:

1.Балалар,«Ананың хаты» өлеңі мазмұны арқылы синоним сөздерін табайық.

  • Ана-

  • Қадірлі -

  • Жақын -

  • Ақыл-

  • Зор-

  • Қалқам -

2. Анам сөзінің мәнін қалай түсінесіңдер?Ол кім? Ананың қолы,жүрегі қандай?

Осы тақырыбына сай келесі тапсырманы орындауға беремін, Анам деген сөзбен пайдаланып өз бетінше акро өлеңі шығару.

А- ана деген асыл жан!

Н- нәзік сезім білдіреді

А- ақылды адам бол!-деп,

М- мені жақсы көреді.

Өткен сабақтың тақырыбымен байланысу: Венн диаграмманы толықтыру.

Ашық сабақтың жоспары. Қазақ әдебиеті 7сынып. Сабақтың тақырыбы: Сәкен СейфуллинАшық сабақтың жоспары. Қазақ әдебиеті 7сынып. Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин

Бейімбет Майлин Сәкен Сейфуллин


Сабақтың бекіту:

Келесi тапсырмалар арқылы сабақты бекiтемiн. (11 слайд)

1. Сәкен Сейфуллин тақырыбы бойынша арнайы сұрақтар қою.

  • Бүгінгі сабақта қай дарынды ақынның мәліметтермен таныстық?

  • Сәкен Сейфуллин қай жылдарда өмір сүрген?

  • Сәкен Сейфуллин қай жерде білім алған?

  • Оның қандай шығармалары бар?

  • Сәкен Сейфуллиннің «Ананың хаты» өлеңінде кім туралы айтылады?

  • Ананың хатында не деген ?

  • Ананың көңіл -күйі қандай?

  • Баласы ауылдан не үшін кеткен?

2. Инсерт кесте бойынша сабақты бекіту.

Балалардың жазған жауаптарың сұрау,тексеру

Не білемін?

Білгім келеді

Не білдім?


Үйге тапсырмасы: Сәкен Сейфуллин туралы білу,кітаптағы 67 бетте

дәптерге жазбаша берілген сұрақтарға жауап жазып әкелу.

Сабақтың қорытындысы:

1. Бағалау .

2. Мадақтау

3. Қорытын айту

4. Қоштасу.


© 2010-2022