Творческий отчет руководителя МО о районном семинаре Инновация на уроке

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаңа үдеріске-жаңаша бастама

29.04 .2015 жылы ОҚО Шардара ауданындағы Т Айбергенов мектеп-гимназиясында менің көшбасшылық әрекетіммен орыс тілі әдіс бірлестік мұғалімдері яғни менің оқыту тобымның тәлім алушыларым «Инновация на уроках русского языка» атты аудандық семинар өткіздік Бұл өткізген семинардың мақсаты: аудан орыс тілі мамандарының іс-әрекет тәжірибесін, желілік қоғамдастықта ынтымақтастық аясында жетілдіру және арттыру болып табылады. Семинар барысында мектеп оқушыларының топтық бірлескен іс-әрекет арқылы жаңа әдіс-тәсілмен білім сапасын және балалардың тілге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін сыни тұрғыдан ойлата отырып өмірге бейімделу Менің оқу тобымдағы тәлім алушыларым,бар жинаған ілім,шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете алды Атап айтқанда. Рустемова Р «Служебные части речи», ,Бошаева Г «Прилагательное «самый», Утебаева Г, «Имя числительное»,Мусалиева Ж «Главные члены предложения», ,Смаилова Р, «Употребление гл членов в речи», Тайшабай Г, «Эхо памяти», Жумадиллаева Ж «Виды СПП придаточно-обстоятельственные» және енді мектеп табалдырығын аттаған тәлім алушыларым Садыкова А «Мы в в дружбе едины»,и Курбан У «Главные члены предложения» аудан мұғалімдерін таң қалдыра білді. Барлық сабақтар жүйелі 7 модуль элементтерін ықпалдастырып өтілді. Ең қуанатыным барлық тәлім алушыларым сабақтарында психогиялық ахуалды қалыптастырып, топқа бөліп, әдіс-тәсілдерді қайталамай тоғыз сабақта жаңаша әдіс, стратегия, рефлексия көрсете алды. Семинарда кері байланыс барысында аудан әдістемелік кабинетінің басшысы Х Жаутикова апай өзінің ыстық лебізін көпшілікке білдірді. Семинар барысындағы сәтті жағы: Оқушылардың топтық жұмыс іс-әрекеттерге бейімделе бастағаны, сыни тұрғыдан барынша ойларын ашып жеткізе білгендері, балалардың еркіндікке үйреніп қалыптаса бастағаны қуантарлық жағдай болды Ал кедергілерге келер болсам бұл ауылдық жерде қалыптасып қалған «языковой барьер» өзге тілді қосымша қалыптастыратын орта жоқ. Екіншіден мектеп қабырғасында АКТ құралдарының жоқтығы, әр сабақ барысында уақыттың тапшылығы. Бұның бәрі уақытымен орнына келетін нәрсе. Қортындылай келе,мектебімізде болып жатқан үдеріске, жаңа форматтағы өзгерістерге менің көшбасшылық іс-әрекетерімнің арқасында окыту командамның үлесі зор. Алдағы уақытта толық сеніммен айта алатыным мол шығармашылық ізденіспен, жаңа әдіс-тәсілдерді кіріктіре отырып оқушыларды тек биік шындарға және еркін өз оіларын іске асыра алатын тұлға тәрбиелеуде еңбектенуге әрқашан дайынбыз.

Дайындаған ОҚО Шардара ауданы Т Айбергенов мектеп-гимназиясының орыс тілі әдіс бірлестігінің жетекшісі; Ерлибекова Б Ж



© 2010-2022