«Қайталау сабағы «Хайуанаттар әлемінде»»

Тақырыбы: Қайталау сабағы «Хайуанаттар әлемінде» Мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларға хайуанаттар бағы, ондағы аңдар туралы түсінік бере отырып, олармен осы тақырыпқа қатысты сөздерді қайталаймыз. 2. Дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысы мен қисынды ойлау, ойға сақтау, сауатты сөйлеу, жазу қабілеттерін дамыту 3. Тәрбиелік: оқушыларға аңдарды қорғау, табиғатты аялау туралы тәрбиелік мәндегі әңгімелер айту Сабақ типі: интерактивті тақтаны пайдалана отырып өткізілетін саяхат сабағы Сабақ тү...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Краснознаменное орта мектебі




Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ жоспары

Тақырыбы: «Қайталау сабағы «Хайуанаттар әлемінде»»



Мұғалімі: Махмутова Г.Е

Сыныбы: 4 «Б»



2014-2015 оқу жылы


Тақырыбы: Қайталау сабағы «Хайуанаттар әлемінде»
Мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға хайуанаттар бағы, ондағы аңдар туралы түсінік бере отырып, олармен осы тақырыпқа қатысты сөздерді қайталаймыз.
2. Дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысы мен қисынды ойлау, ойға сақтау, сауатты сөйлеу, жазу қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелік: оқушыларға аңдарды қорғау, табиғатты аялау туралы тәрбиелік мәндегі әңгімелер айту
Сабақ типі: интерактивті тақтаны пайдалана отырып өткізілетін саяхат сабағы
Сабақ түрі: қайталау сабағы
Сабақ әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, ойын, көрнекілікпен, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс, топтық жұмыс
Көрнекілігі: интерактивтік тақтадағы тақырыпқа байланысты суреттер, қосымша оқулық, саяхат картасы

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу:
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? Хәлдерің қалай?
- Сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?
1. 2. Оқушыларға сұрақтар қою:
- Бүгін қай жыл мезгілі?
- Қыстың қай айы?
- Ақпанның нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Ауа райы қандай?

1. 3. - Балалар, біз бүгін сабағымызда «Хайуанаттар әлеміне» саяхат жасаймыз. Ол үшін мына кедергілерден сәтті өтуіміз керек. Саяхат картасына сүйене отырып түсіндіру.(Біз бірінші хайуанаттар бағына бару үшін кассадан билет сатып алуымыз керек. Ол үшін мына тапсырманы орындасақ, бізге билет береді.)

2. Фонетикалық жаттығу:
Тығылып қалған..... - ты,
Жақсы оқушы қорғайды.
1. Суреттің атын атау, сөздерді шығару.
2. Ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
3. Қазақ дыбыстарын табу, айту, қайталау.
4. Мысалдар келтіру. Сұрақ: «Қ» мен «ғ» дыбыстарына қандай сөздер білесіңдер?
- Жақсы, балалар, енді аялдамаға барайық. Ол үшін мына тапсырманы орындап, жолдан өтуіміз керек.

3. Лексикалық жаттығу (көрнекілікпен жұмыс):
Ескерту: слайдта сиыр, қоян, піл, күшіктің суреттері болады.
1. Мынау не?
2. Ол қандай?
3. Ол қандай жануар?
4. Ол қайда мекендейді?
5. Оның төлі не?
6. Саған ол ұнай ма?

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
Аңдар мен үй жануарларын қайталау ретінде «Жануарлар» ойыны.
Тәртібі: көрсетілген аңдар мен жануарлардың мағынасын оқушылар ым -ишара, дыбыспен жеткізу керек.

ІІІ Сергіту сәті: «Шөп - шөп шөжелерім»
IV Жаңа сабақ:- Балалар енді 55 - автобусқа отырып, көпірден өтуіміз керек. Ол үшін бүгін сендермен өткен тақырыптың атауын мына суреттердің бірінші әріптерінен құраймыз.
4. 1. Сөздік жұмысы:
Керік - жираф
Кірпі - ежик
Маймыл - обезьяна
1. Мағынасын түсіндіру.
2. Ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
3. Сөз тіркестерін құрау.
4. Сөйлемдер құрау.
5. Оқушылар дәптерлеріне жазады.

4. 2. - Міне, балалар, біз сендермен хайуанаттар бағына сәтті жеттік. Олай болса, хайуанаттар бағын аралайық. Хайуанаттар бағын аралай отырып, аңдарды атап отырайық.

4. 3. Сөйлесу:
- Мынау не?
- Бұл - хайуанаттар бағы.
- Хайуанаттар бағында не бар?
- Хайуанаттар бағында жолбарыс, арыстан, маймыл, түлкі, аю, қасқыр, қоян, керік бар.
- Сен хайуанаттар бағына қашан бардың?
- Мен хайуанаттар бағына сенбі күні бардым.
Орындалатын жұмыс реті:
1. Өзім оқимын.
2. Оқушылар рөлдеп оқиды.
3. Мағынасы түсініксіз сөздерді түсіндіремін.
4. Аудару.

Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс:
3 - тапсырмадағы аңдарды ата. Сөздермен сөз тіркестерін құра.
3 - тапсырмадағы аңдар бойынша сөйлемдер құра.

3 - тапсырмадағы аңдар бойынша "Хайуанаттар бағында" атты диалог
құра.
4. 5. Сөзжұмбақты шеш!

V Бекіту:
1. Балалар, бүгін біз қайда саяхат жасадық?
2. Онда нелер бар?
3. Аңдар қандай?
4. Сендерге хайуанаттар бағы ұнады ма?

VI Үй тапсырмасын беру:
1. Жаңа сөздерді жатта.
2. 2-тар. 120 бет.
VII Бағалау
VIII Қорытындылау:
Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!






© 2010-2022