Жансүгіров Бөбек бөлеу, Ағынды менің Ақсуым бсабағы

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров «Бөбек бөлеу»,  «Ағынды менің Ақсуым» Сабақтыңмақсаты: Б/к: Ақынныңәдебиеткеән-күйдіңқұдіреттікүшініңтуынкөтерешыққанақындығын   таныту. Тәрбиелігі: Өнердісүюге, табиғаттыаялауға, туғанжерді  қастерлеугетәрбиелеу. Дамытушылық: Сөздікқорларын, естесақтауқабілеттерін, әдеби-  теориялықұғымдарынқалыптастыру. Сабақтыңәдіс-тәсілі: Сынтұрғысынанойлау, салыстыру, ойқорытқызу,  мәнерлепоқу, сұрақ – жауап. Пәнаралықбайланыс: Қазақтіліжәнеәнмен. Сабақтыңтүрі: Жаңасаба...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров «Бөбек бөлеу», «Ағынды менің Ақсуым»

Сабақтың мақсаты: Б/к: Ақынның әдебиетке ән-күйдің құдіретті күшінің туын көтере шыққан ақындығын таныту.

Тәрбиелігі: Өнерді сүюге, табиғатты аялауға, туған жерді қастерлеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін, әдеби- теориялық ұғымдарын қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау, салыстыру, ой қорытқызу, мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі және әнмен.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, буклет, ақынның

шығармалары, түрлі түсті жетондар.

Сабақтың жүрісі: 1) Ұйымдастыру

2) Үй тапсырмасын сұрау

Ақынның өмірі мен шығармашылығын сұрай отырып, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша 5 жолды өлең талдау.

Зат есім - Ілияс Жансүгіров

Сын есім - ұлы ақын, жазушы,

Етістік - Өлең жазады, жырлайды, етік тігеді

Төрт сөзден құралған сөз тіркесі - Қазақ халқының

танымал ақыны т.б.

Зат есімнің синонимі - жазушы - қаламгер т.б.

«Әнші » өлеңінің мазмұнын сұрау:

Бұл өлең біріншіден қазақ халқының әйгілі әншісі Әсет Найманбайұлына арналады. Өлеңде Әсет әншәнің ойға жүйрік, тілге бай ақын екенін айтады. Ол өзін дарыған ақынға , бұлбұлға, топтан озған тұлпарға, жұрттан озған жорғаға ұқсатады. Сонымен қатар ақынның үлкеннен бата алғанын , қазақ жерлерінің яғни, Ертіс, Сыр, Есіл, Іле өзендерін, тау өтпес Тарбағатай, Тянь - Шань тауларын кезіп өткенін, әнмен асқақтатып тамсандырғанын айтады.

Ілияс ақын Әсеттің әншілігіне сүйсініп:

Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп,

Қоздырып делебені дәсерлетіп.

Шырқатып, шүмектеніп, нөсерлетіп,

Талдырып, талықсытып,тамылжытып, - дейді.

«Әнші» өлеңінен тапқан көркемдегіш құралдарды тексеру:

Теңеу: 1. Бұлбұлмын даусым көкте дамылдаған.

2.Тұлпармын , топтан озған, тасырқаман.

3. Жорғамын, жұрттан озған, жортарманмын.

4. Майдамын, майда желіс мамырлаған.

5. Тауықпын, тары тердім Найман шалдан.

6. Үйректей, қаздай қалқып жүрмін жүзіп.

7. Аққудай аспандағы әнді өрлетіп.

8. Нөсердей нөпір төккен жауындатып,

Қазандай қарсы соққан дауылдатып

Қамыстай дауыл жыққан сауылдатып.

Метафора: Құм- қыстау, өлке -көктеу, өзен - күзеу .

Сөз - жаңбыр, даусым дауыл, әнім - ескек.

Эпитет: Соқтырып ай астынан - алтын күрек.

Ми - дала, меңіреу шөл күміс көлдер.

Әсет Найманбайұлы туралы өмірбаянын сұрау:

Жаңа тақырыпты меңгерту:

Ақынның «Бөбек бөлеу» өлеңінде сәбиін бесікке бөлеген ана баласының тәтті ұйқыда болуын, ер жетіп, бой түзеп, ерінбей еңбек етіп, еліне елулі, халқына қалаулы болып өсуін тілейді екен. «Тәрбие тал бесіктен басталады» демекші, баланың тәрбиесінен үлкен үміт күткен.

Өлеңін мәнерлеп жатқа оқи отырып, халық арасында көп жырланатын бесік жырларының қандай түрлерін білетінін сұрау (әнімен).

а) Жырды мәнерлеп оқыту:

б) «Бөбек бөлеу» өлеңі мен Жамбылдың «Атаның әлдиі» өлеңін салыстыру:

«Бөбек бөлеу» Ұқсастығы «Атаның әлди

Екі ақыннның ұқсастығын, айырмашылығын ауызша айтқызу.

«Ағынды менің Ақсуым » атты өлеңінде ақын Ақсу табиғатын суреттеген. Ақсудың әлі күнге дейін арқырап ағып жатқанын, бір күні жазғы кеште жағасына барып, сұлулығына таң қалса, бұған қоса тау - тас та тамсанып, жұлдыздар да жымиып, таймаңдаған тайпақ ай да қылшия қарайды екен. Оған қоса қайың тал да қалайша қарамасын, ол да қарап, суға түскен сәулесіне сүйсініп тұрғандай. Суға бір шыбық түсе қалса, су дірілдейді, сырылдайды, оған қонған бір шымшық шық-шық етіп шырылдайды, - дейді.

4) Тақырыпты бекіту:

Өлеңді мәнерлеп оқыту:

Сұрақ: Лирика дегеніміз не?

Өлеңді қандай лирикаға жатқызамыз? Табиғат лирикасы.

Табиғатқа жан бітіре суреттеген қандай ақындардың өлеңдерін білеміз?

Абайдың «Қыс», «Жазғытұрым», «Күз» Ыбырайдың «Өзен», Дулаттың «Аягөз қайда барасың»т.б.

Өлеңді мәнерлеп оқыта отырып, өлең құрылысына талдату:

Үйге тапсырма:

«Бөбек бөлеу» өлеңін жаттау. Өз өлкеңнің табиғаты туралы шағын шығарма - суреттеме жазу. Өлеңдерден көркемдегіш құралдарды табу.

Бағалау.



© 2010-2022