Урок по казахскому языку на тему Ескендір дастаны

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по казахскому языку на тему Ескендір дастаныУрок по казахскому языку на тему Ескендір дастаныУрок по казахскому языку на тему Ескендір дастаныУрок по казахскому языку на тему Ескендір дастаныУрок по казахскому языку на тему Ескендір дастаныУрок по казахскому языку на тему Ескендір дастаныКүні: 9 сынып. Қазақ әдебиеті.

Тақырыбы: А.Құнанбайұлы. "Ескендір"дастаны

Білімділік мақсаты: Оқушыларға Абай шығармаларының ішінде поэмаларының алатын орны және олардың тақырыптары жайлы білімдерін толықтыру. «Ескендір» поэмасын оқыта отырып, басты кейіпкердің тарихи тұлға екендігіне көз жеткізу. Поэмадағы Ескендір - Александр Македонский өз заманында қанішер қатыгездігімен аты шыққан тұлға болғанын тарихи деректер арқылы түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды өз ойын сауатты жеткізе білу дағдыларын жетілдіру. Кейіпкерлердің әрекеттері арқылы жақсылық пен жамандықты айыра білуге, олардың әрекеттеріне баға беріп, талдау дағдыларын дамыту. Білімділік танымдарын, жалпы дүниетанымдарын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды Абай поэзиясының идеясын түсіндіре отырып, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Өз халқының мәдени және тарихи мұрасын құрметтеуге, сақтауға және сол арқылы патриоттық сезімдерін жетілдіруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Слайдтар,сұрақ-жауап,іздену,салыстыру.

Пәнаралық байланыс: тарих,этнография,музыка.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру.

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытымыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болу тиіс»

Н.Ә. Назарбаев

II.Үй тапсырмасын тексеру.

1. Оқушылар өздері дайындаған слайдтар арқылы ұлы ақынның өміріне, шығармашылығына шолу.

2.Абайдың өлеңдерінен үзінділерді мәнерлеп жатқа оқу.

Слайдтар арқылы үй жұмысын қорытындылау

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

( Слайдтармен түсіндіру)

1-слайд

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. "Ескендір"дастаны туралы түсіндірмесі

Поэмадағы Ескендір тарихта болған атақты Александр Македонский патша екенін білеміз. Ол - өз заманында бүкіл әлемді жаулап алуды мақсат еткен қанішер патшалардың бірі. Абай Александр Македонский туралы шығыс әдебиетін оқу арқылы танысып, оны қазақшалап отырып, дастан жазады. Ұлы Абай поэмада Ескендірдің зұлымдығын, қатыгездігін айта келе, оны тоқтатын бір күш іздейді. Ол күш - ұлы ғұлама Аристотель.

2-слайд

  1. Поэманың мазмұнын 6 топқа бөліп мазмұнын баяндау.

А)Патшаның жорығы

Ә)Бұлаққа кездесу

Б)Ескендірдің бұйрығы

В)Қақпаға кездесу

Г)Күзетшінің сөзі мен сыйы

Ғ)Өсиет (ақыл сөз) Өсиет көпшілікке айтылатын уағыз, келелі кеңес түріндегі өлең

3-слайд. Ескендір Зұлқайнарын

4-слайд.Аристотель

5-слайд.Табиғат, жұмбақ бұлақ

6-слайд. Адамның көз сүйегі

7.Кітаппен жұмыс А).Поэманы талдау. Оқулықтан ақын оқырманды Ескендірмен таныстыруын оқып, талдау.

(Бір оқушы оқиды).

Ә).Поэмада Ескендірдің қандай әрекеттері суреттеледі? (Оқушылар Ескендірдің жағымсыз әрекеттері туралы айтады).

Б). Ескендір қандай қақпаға келді және ол неге ашылмайды?

В) Қақпаға кіре алмаған Ескендір не сұрайды?

Г). Ескендір сұраған сыйына не алды?

Д) Ескендірдің Аристотельмен кездесуі (оқулықтан іздеп, оқып, түсіндіру,

Аристотельдің ақылы).

8- слайд Мінездеме жасау

1) Ескендір қандай адам?

- Ескендір портретін жасау.

Мақтаншақ

тойымсызТоптастыру стратегиясы. қатыгез



Ескендір

Қызғаншақ

Патша



байлыққұмар

9-слайд.Кешенді талдау

10. слайд Қорытынды: Адам-Қоғам- табиғат - үндестік

Сабақты бекіту.

11.Оқушыларды бағалау

12. Үйге тапсырма: "Ескендір "дастанынан Аристотельдің сөзін жаттау.











© 2010-2022