Қазақ тілінен сабақ жоспары Сан есімнің түрленуі

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілінен сабақ жоспары Сан есімнің түрленуіСабақтың тақырыбы: Сан есімнің түрленуі

Сабақтың мақсаты: білімділік Сан есімнің түрленуін түсіндіру.

дамытушылық: әр түрлі жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың есте сақтау, логикалық ойлауын дамыту.

тәрбиелік: тілін сүюге, елжандылыққа баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,жаттығу., талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау.Үйге берілген жаттығудың орындалысын тексеру.

Ой қозғау

  • Сан есім дегеніміз не?

ІІ.Жаңа сабақ:Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып түсіндіріледі.

Сан есімдер-сандық ұғымды білдіретін сөздер. Олар екі түрлі қызметте жұмсалады.

  1. Белгілі бір заттың нақтылы сандық мөлшерін білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді.


  1. Санның атауы болып қызмет етеді де, не? деген сұраққа жауап береді.

Домбырада он перне, екі ішек бар.

Қырық беске төртті қосса, қырық тоғыз болады.

  • Есептік сан есімдер тек заттық ұғымда жұмсалғанда ғана түрленеді: көптелеі, септеледі, тәуелденед, жіктеледі.

  • Жинақтық сан есімдер көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларының бәрін қабылдайды.

  • Бөлшектік сан есімдер әр түрлі септік жалғауларын қабылдай береді,, бірақ көптелмейді, тәелдік жалғауларын қабылдамайды. Жіктік жалғауларын қабылдаса, заттық ұғымда жұмсалады.

88- жаттығу. Мәтіндердегі заттық ұғымда жұмсалып тұрған сан есімдерді тауып, қалай түрленіп тұрғанын түсіндіру.

89-жаттығу. Мәтіндерді оқып шығып, сан есімді мағыналық түріне қарай ажырату.

ІІІ бөлімдегі сан есімдерді цифрмен жазып, емлесін айту.

Сан есімдер сандық мөлшерін білдіпі тұр ма, әлде заттанып тұр ма ажырату.

10 шақты, 50-60-тай, 7-8, 1,3.,3,5., 7-еу, 100-100-ден, 5-5-тен, 23-ші, 1956, 2-топ, 1975 жыл, 10-15-тей, 12-де, 37-де, 100 шамалы, 60-қа таяу, 17-ден асты.

90-жаттығу. Цифрмен берілген сан есімдерді сөзбен жазу, құрамына қарай талдау.

Он екі, жеті, он сегіз, екі жүз отыз алты, алпыс-жетпіс, бір мың тоғыз жүз он екі, жүз жиырма үш мың үш жүз қырық алты, алпыс бір мың тоғыз жүз он, үш мың, бір мың алты жүз алпыс төрт.

дара

күрделі

жеті

Он екі, он сегіз, екі жүз отыз алты, алпыс-жетпіс, бір мың тоғыз жүз он екі, жүз жиырма үш мың үш жүз қырық алты, алпыс бір мың тоғыз жүз он, үш мың, бір мың алты жүз алпыс төрт.

Жаңа материалды бекіту.

Қорытынды.

  • Сан есімдер нені білдіреді және сұрақтары қандай?

  • Сан есім құрамына қарай қандай түрге бөлінеді?

  • Сан есімнің мағыналарына қарай қандай түрлері бар және олар қалай жасалады?

Үйге тапсырма.

  1. 91-жаттығу. Оқып шығып, сан есімдерді құрамына, мағынасына қарай талдап, емлесін түсініп, сөйлем құрау.

  2. 92-жаттығу. Мәтіндегі сан есімдерді тіркескен сөздерімен бірге жаттап келу.

Бағалау.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: сын есімді меңгерту.

1. БІЛІМДІЛІК: сын есімге тән маңызды белгілері жайында түсінік беру.

2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: ойлау, есте сақтау, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.

3. ТӘРБИЕЛІК: қазақ тілі сабағына деген қызығушылықтарының артуына жағдай тудыру.

САБАҚ ТҮРІ: жаңа сабақты меңгерту сабағы.

ӘДІС -ТӘСІЛДЕРІ: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, бекіту.

КӨРНЕКІЛІГІ: оқулық, грамматикалық кестелер.

САБАҚ БАРЫСЫ:

САБАҚ КЕЗЕҢДЕРІ:

ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ:

I . ҰЙЫМДАСТЫРУ

КЕЗЕҢІ:

II. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН

СҰРАУ:

III. ЖАҢА САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫН, МАҚСАТЫН ХАБАРЛАУ :

ІV. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:

V. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

БЕРУ:

VІ. ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ:

  1. Оқушылармен амандасу:

² Сәлеметсіңдер ме, балалар!

² Отырыңдар.

  1. Кезекшімен сөйлесу:

² Сыныпта кім кезекші?

² Бүгін сыныпта кім жоқ?

² Оқушылар сабаққа дайын ба?

² Үйге қандай тапсырма берілді?

Үйге: Өткенді қайталап келу берілді. Сұрақтарға дұрыс жауап беруге, өз ойларын толық түрде жеткізе білуге дағдыландыру.

Ой қозғау:

- Тіл адамға не үшін қажет?

- Тілдің қандай қызмет атқарады?

- Қазақ тілінің құдіреттілігі неде деп ойлайсыңдар? Т.б.

Қайталау сұрақтары:

1. Мәтін дегеніміз не?

2. Мәтін мен сәйлемнің айырмашылықтары қандай?

3. Мәтіндегі негізгі ойды қалай ажыратамыз?

4. Сөз таптарының реті қандай, ол нендей заңдылықтарға сүйенеді?

5. Зате сім дегеніміз не?

6. Зат есімнің қандай түрлері бар?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Сын есім туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты: сын есімді меңгеру.

Сын есім

Түрлері

Мысалдар

Мағынасына қарай: Сапалық

Қатыстық

Тұлғасына қарай: Негізгі

Туынды

Құрамына қарай: Дара

Күрделі

Сұрақтары: қандай? қай?

ақ, қара, әдемі

тұзды, майлы, өңді

жақсы, сұлу, алкен

таулы, шуақты, қысқы,

мол, нәзік, тар

ұзын бойлы, қызыл ала

Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі:

Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй (Абай). деген сөйлемдегі жақсы, тәтті сөздері қандай? деген сұраққа жауап беріп, жақсы әннің сипатын, тәтті күйдің сапасын білдіріп тұр.

Осындай, заттың сынын, сипатын, түрін, көлемін, сапасын, дәмін білдіретін сөздерді с ы н е с і м дейміз.

Сын есімдер қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: биік үй, кең бөлме, қара тақта, ақ бор, жылы киім деген тіркестердегі биік, кең, қара, жылы, сөздері - сын есімдер. Олар қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп тұр.

Сын есімдер заттың мынадай мағыналық белгілерін білдіреді:

² Заттың түрін, түсін білдіретін сын есімдер: ақ, қара, көк, жасыл, қызыл, сұр, қоңыр, сары, құла, күрең, құба.

² Заттың көлемін, аумағын, салмағын, білдіретін сын есімдер: ауыр, жеңіл, үлкен, кіші, кең, тар, ұзын, қысқа, шолақ, алыс, жақын.

² Заттың дәмін, иісін және басқа белгілерін білдіретін сын есімдер: ащы, тұщы, қышқыл, кермек, тәтті, дәмді, күлімсі, суық, жылы.

² Заттың сипаттары мен сапасын білдіретін сын есімдер: жақсы, жаман, тәуір, нашар, әдепті, сыпайы, тентек, қыңыр, сотқар, қорқақ.

² Затқа, қимыл, іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіретін сын есімдер: тасты (жер), балалы (үй), білімді (жігіт(, көтеріңкі (көңіл), сусыз (арна), қысқы (каникул), аспалы (шам).

Жаттығу жұмыстарын орындау:

128 - жаттығу. Төмендегі сын есімдерді мағыналық жағынан байланысатын зат есімдермен тіркестіріп жазыңдар.

Үлгі: салқын су, салқын ауа, салқын түн, салқын күз…

Салқын, терең, әдемі, жеңіл, ұзын, қатты, ақ, жасыл, күрең, әдепті, сабырлы.

129-жаттығу. Оқып шығып, өлең жолдарындағы сын есімдерді табыңдар, олардың мағыналық белгілерін ажыратыңдар.

Терең - қандай? сын есім, заттың көлемдік белгісін білдіріп тұр.

Қалың - қандай? сын есім, заттың салмақтық белгісін білдіріп тұр.

Сұр - қандай? сын есім, заттың түсін білдіріп тұр. т.б.

130 - жаттығу. Мәтінді оқып, сын есімдерді табыңдар да, сұрақ қою арқылы қай сөзбен тіркесіп тұрғанын анықтаңдар.

Төңірек қандай? Төңірек ылғи бір белес, ылди, ойпаң. Қандай шөп? Қалың көк шөп. Қандай шалғын? Көк шалғын. Қандай күн? Алтын күн. Қандай жерге? Сұлу жерге. т.б.

Сұрақ -жауап:

1. Біз бүгін қандай тақырып өтті?

2. Қандай сөз табы сан есім деп аталады екен?

3. Сұрақтары қандай?

4. Сын есімнің қандай мағыналық белгілері болады екен?

5. Мысалдар келтіріңдер.

Үйге: 63-64 беттердегі 127 - 131 - жаттығуларды орындау. Сын есім туралы түсінікті қайталап оқу.

Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.

Сабаққа ынтасы төмен оқушыларға жекелеме тапсырмалар беру.


© 2010-2022