Болымды және болымсыз етістіктер 6 сынып

Қазақ тілі 6 - сынып Болымды және болымсыз етістіктер   Ақпарат көздері арқылы болымды және болымсыз етістік, олардың жасалу жолдары туралы білімдерін тыйым сөздер арқылы толықтыру. Тақырып бойынша оқушылардың алған ақпараттарын ауызша және жазбаша тілде пайдалануларын қалыптастыру. Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар беру арқылы өз беттерімен ізденіп жұмыстануға дағдыландыру. Оқушылармен амандасып,сынып бөлмесінің тазалығын қадағалайды.  оқу құралдарының толықтығына көңіл бөледі, зейіндерін сабаққа аударады.         Мұғаліммен амандасып, кезекші қызметін атқарады. Құрал-жабдықтарын шығарады, зейіндерін сабаққа аударады. Амандасу арқылы мұғалім мен оқушы арасында сыйластық, ізеттілік қарым-қатынас орнайды.
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні:

Қазақ тілі

Класс:

7 «б» класс

Уақыты:

23.02.15ж

Сабақтың тақырыбы:

Етістіктің райлары туралы түсінік

Мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық құзыреттілік

Ә) коммуникативтік құзыреттілік

Б) проблеманы шешу құзыреттілігі

Оқушылардың етістік туралы бастауышта алған білімдерін пайдалана отырып рай категорияларының түрлері мен жасалу жолдарын меңгерту.

Тақырып бойынша алған білімдерін теориялық және практикалық түрде қолдана алуларын қалыптастыру.

Берілген жаттығулар мен тапсырмаларды өз бетімен орындай білуге дағдыландыру;

Сабақтың түрі:

Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдісі:

көрнекілік, практикалық, морфологиялық талдау әдісі

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Дамыта оқыту технологиясы, СТО, АКТ


Пәнаралық байланыс:

Әдебиет

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:

Оқулық, топшама, кесте

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже


І. Ұйымдастыру бөлімі


Оқушылармен амандасып,сынып бөлмесінің тазалығын қадағалайды. оқу құралдарының толықтығына көңіл бөледі, зейіндерін сабаққа аударады.



Мұғаліммен амандасып, кезекші қызметін атқарады. Құрал-жабдықтарын шығарады, зейіндерін сабаққа аударады.

Амандасу арқылы мұғалім мен оқушы арасында сыйластық, ізеттілік қарым-қатынас орнайды.

IІ.Жаңа материалды меңгерту


Етістіктің райлары туралы түсінік

Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістік түрі рай категориясы деп аталады. «Рай» деген сөз «беталыс, бағыт, жөн» дегенді білдіреді.




Етістіктің райлары


Ашық рай

Бұйрық рай

Шартты рай

Қалау рай

Үш шақта тұратын етістіктер.

-айын,-ейін, -ыңыз, -іңіз, -сын, -сін, -айық, -ейік, -ыңыздар, -іңіздер

-са,-се жұрнағы жалғанып, жіктеліп келеді

-қы,-кі, -ғы,-гі жұрнағы жалғанып, жіктеліп келеді

Етістіктің райларының түрлері мен жасалу жолдарын меңгереді.




III.Жаңа білімді бекіту тапсырмалары







161-жаттығу

Мәтінді көшіріп жазып, етістіктердің жасалуына, қай шақта тұрғанына көңіл бөліңдер.

Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары қымыз ішіп отыр.Әкем дастарқан шетінде қымыз құйып отыр.Ол мені ымдап шақырды да, құлағыма: «Аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда?»-деп сыбырлады.Мен үйден шыға жөнелдім.Сыртта біраз тұрдым да, нық басып үйге қайта кірдім.Көпшілікке қол қусырып тұрып: «Ассалаумағалайкүм, аталар!» -деп әр сөзді қадап-қадап айттым.Бұған, әрине, бәрі күлісіп жатыр.Әкем басымнан сипап: «Жарайсың, балам, әдепті бала сүйтеді», - деді.

1-тапсырма

Жақша ішіндегі етістіктерді шартты рай, қалау рай тұлғасында қойып, сөйлемдерді аяқтаңдар


1) Тоқтар Әубәкіров ағаңдай ғарышкер (бол) келе ме?

2) Абайдың өлеңдерін жатқа (айт) келеді.

3) (Оқы), балалар, шамнан шырақ жағылар.

4) Шолпан (кел), киноға барамыз.

5) Ертең күн ашық болса, тауға (бар) келеді.

6) Қазақстанның нағыз азаматы (бол) келеді.

7) Почтаға (бар), хатты саларсыз.

8) Қазақтанның қай аймағының таулы екенін (біл) келеді.

2-тапсырма

Көп нүктенің орнына керекті етістіктерді жаз.


1) Жаңбыр ..., біз ешқайда бармаймыз.

2) Мен ..., сен жоқсың.

3) Олар ертең өздері саяжайға ... .

4) Біз орманға серуендеуге ... келеді.

5) Оның музыка ... келеді.

6) Менің теледидар ... келеді.

7) Айгүлдің дәрігер ... келеді.

8) Кітапты ... , суретті көресің.

Керекті сөздер: ашсаң, жауса, барады, келсем, тыңдағысы, болғысы, барғымыз, көргім.



3-тапсырма

«Егер мен...» тақырыбында шағын ойтолғау жазыңыз.

161-жаттығу

Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары қымыз ішіп отыр.Әкем дастарқан шетінде қымыз құйып отыр.Ол мені ымдап шақырды да, құлағыма: «Аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда?»-деп сыбырлады.Мен үйден шыға жөнелдім.Сыртта біраз тұрдым да, нық басып үйге қайта кірдім.Көпшілікке қол қусырып тұрып: «Ассалаумағалайкүм, аталар!» -деп әр сөзді қадап-қадап айттым.Бұған, әрине, бәрі күлісіп жатыр.Әкем басымнан сипап: «Жарайсың, балам, әдепті бала сүйтеді», - деді.





1-тапсырма

1) Тоқтар Әубәкіров ағаңдай ғарышкер болғың келе ме?

2) Абайдың өлеңдерін жатқа айтқым келеді.

3) Оқысаңыз, балалар, шамнан шырақ жағылар.

4) Шолпан келсе, киноға барамыз.

5) Ертең күн ашық болса, тауға барғым келеді.

6) Қазақстанның нағыз азаматы болғым келеді.

7) Почтаға барсаңыз , хатты саларсыз.

8) Қазақтанның қай аймағының таулы екенін білгім келеді.

2-тапсырма

1) Жаңбыр жауса, біз ешқайда бармаймыз.

2) Мен келсем, сен жоқсың.

3) Олар ертең өздері саяжайға барады.

4) Біз орманға серуендеуге барғымыз келеді.

5) Оның музыка тындағысы келеді.

6) Менің теледидар көргім келеді.

7) Айгүлдің дәрігер болғысы келеді.

8) Кітапты ашсаң , суретті көресің.


3-тапсырма

Егер мен кәсіпкер болсам жұмыссыз жүрген адамдарды жұмыспен қамтамасыз етер едім.Халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында, қолымнан келер істі аянып қалмаймын.Өзге тіл өкілдеріне қазақ тілін дәріптеу мақсатында көптеген оқу орталықтарын ашпақ ниетім бар.Ол үшін жан-жақты білімді тұлға болуым керек.

Оқушылар мәтіннен етістіктерді тауып, қай шақта тұрғандығын ажыратады.



Оқушылар берілген сөйлемдердегі жақшаны ашып, шартты рай, қалау рай тұлғасына қойып жазады.



Оқушылар көп нүктенің орнына керекті етістіктерді жазады.



Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, сабақты қорытындылайды



IV. Үйге тапсырма

164-жаттығу.

Етістіктерді теріп жазып, морфологиялық талдау жасаңдар.

Бөкеннен сұлу анды көрмедім,

Басқаға жануарды теңгермедім.

Көздері мөлдір қара ақ бөкенді,

Адамның баласынан кем көрмедім.

Азайды соңғы кезде байғұс бөкен,

Мың-мыңдап баяғыда жүреді екен.

Бұл күнде келе жатқан жолаушыға,

Кездесіп анда-санда саяқ-некен.

164-жаттығу.


Көрмедім-түбірі көр, ме болымсыз етістіктің жұрнағы, ді жедел өткен шақ жұрнағы, м жіктік жалғауының бірінші жағы, жекеше.

Үй тапсырмасын жазып алады.

V.Қорытындылау

Оқушылар бағалау кестесі бойынша жинаған «+» таңбаларының санына орай бағаланады.

-Осымен сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Күнделіктеріне бағаларын қойғызады.

Оқушыларды кемшіліктері, жетістіктеріне қарай бағаланады.


© 2010-2022