Урок на тему Қатынас қағаздары

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:9

Сабақтың тақырыбы : Қатынас қағаздары

Сабақтың мақсаты : 1) қатынас қағаздары туралы түсінік беру,жазылу жолдарын ұғындыру,стиль түрлерінен ажырата білуді үйрету;

2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату; 3) оқушыларды патриоттыққа,жігерлікке,жаңашлдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, қосымша материалдар т.б

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Белгілі бір іс жөніндегі қатынас қағаздарында міндетті түрде жіберілген мерзім (күні, айы, жылы), қатынас қағаз жіберген мекеменің (фирманың) басшысының аты-жөні, қатынас қағазының мазмұны, қатынас қағазды жіберуші жөнінде мәлімет және оның қолы болуы керек. Аталған бөліктер реквизит деп аталады.

«Саяхат» туристік фирмасы

Алматы ң., Райымбек көшесі, 115

тел.: 250-50-50

факс: 250-51-51

Мектеп директоры Н.Әбілтаев мырзаға

Сіздің Жамбыл ақынның мұражайына баруды ұйымдастыру барысында көмек беруді сұраған хатыңызды алдық. Фирма өз тарапынан көлікпен қамтамасыз етіп, жолсапарда мәлімет беретін маманды қосып береді. Өздеріңіздің таңдауларыңызбен сенбі, жексенбі күндердің біріне сұраныс жасаңыздар. Қызмет көрсету бағасы - 350 теңге.

Ұйымдастыру бөлімі меңгерушісі ________ Ж.Арыстанқызы

(қолы)

20.02.2008 ж.

Жаттығумен жұмыс: 58-жаттығу. Төмендегі мәтіннің стилін анықтаңдар. Қарамен берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар

.

Шығармашылық жұмыс: «Ел рәміздері елдігіміздің басты нышандары» тақырыбына эссе жазыңдар.

Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Стильдер нешеге бөлінеді?

  2. Ауызекі сөйлеу стилі дегеніміз не?

  3. Ресми іс-қағаздары дегеніміз не?

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Сабаққа кешігіп келгендігі жөнінде түсініктеме жазып келу.


© 2010-2022