«Желілік қоғамдастық (ЖҚ) жұмысын ұйымдастыру барысындағы циклограмманың алатын орны»

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шеберлік сыныбының жоспары

«Желілік қоғамдастық (ЖҚ) жұмысын ұйымдастыру барысындағы циклограмманың алатын орны»


Өткізілу мерзімі: 24 қыркүйек 2014 жыл

Құрастырушы: «№1 ЖББОМ» КММ жаңа форматты мұғалімдермен жұмыс бойынша Координатор Айтбенбетов О.О.

Шеберлік сыныбының мақсаты:

Шеберлік сыныбының қатысушыларына «циклограмма» сөзінің мәнін терең түсінуге жағдай жасау, ЖҚ қызметін ұйымдастыру барысында аталған құралды пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру, өз бетінше циклограмма нұсқасын құрастыру.

Күтілетін нәтижелер:

Шеберлік сыныбының қатысушылары бірлесе жұмыс жасау барысында циклограмма құрастырудың әртүрлі тәсілдері туралы біледі, желілік өзара әрекеттестікті ұйымдастыру барысында аталған құралды пайдалану ерекшеліктерімен танысады, циклограмма құрастыру бойынша практикалық дағдылары қалыптасады.

Негізгі идеялар:

ЖҚ жұмысы барысында Циклограмманы - басқару құралын пайдалану бұл өзара әрекеттестік тәсілі және мұғалімдердің желілік қоғамдастығындағы бірлескен жұмыстарды ретке келтіру тәсілі болып табылады және мұғалімдердің кәсіби дамуына жағдай жасайды, осының нәтижесінде оқушының даму деңгейі артады.

Ақпарат көздері

Мұғалімдердің желілік қоғамдастығын басқару құралы ретінде циклограмманы практика барысында пайдалану бойынша іс-тәжірибе

Материалдар мен жабдықтар

компьютер, проектор, экран, маркерлер, А4 және А3 форматтары, дидактикалық үлестірме материалдар, бейнеролик


Шеберлік сыныбының барысы

Шеберлік сыныбын жүргізу кезеңдері

Уақыт

60 мин

Коуч пен шеберлік сыныбына қатысушылардың іс-әрекеттері

Кіріспе

3 мин

Коучтің шеберлік сыныбына қатысушыларды қарсы алуы .

Ынтымақтастық ортасын құру

3 мин

Ынтымақтастық ортасын құру, танысу. Әркім өз атын ақ параққа жазып, өзінің атының бастапқы әрпіне сәйкес келетін сын есім жазып, бір-бірімен танысады.

Тақырыпты анықтау

2 мин

1. И.А.Крыловтың «Аққу, шаян һәм шортан» мысалын тыңдау

2. Тақырыпты ашу, шеберлік сыныбының мақсатын анықтау.

Топпен жұмыс

17 мин

Қатысушыларды үш топқа бөліп отырғызу керек (теориялық семинар материалдарын еске түсіру). Топ мүшелері топ болып талқылайды және кластер түрінде жазып, топтың спикері қорғайды.

1-топ: Циклограмма деген не?

2-топ: Циклограмманың құрылымдық мазмұны қандай болу керек? (Кесте қандай бағандардан тұруы мүмкін?)

3-топ: Циклограммада жұмыстың қандай түрлері және оларды ұйымдастыру формалары болуы мүмкін?

Циклограмма құрастыру бойынша топпен жұмыс.

10 мин

Қатысушыларға № 1 таратпа материал таратылады. Ұстаздар танысып шығады. Онда циклограмма арқылы ЖҚ жұмысын жоспарлаудың үш нұсқасы көрсетілген. Қатысушылар үш топқа бөлінеді де, белгілі бір нұсқа бойынша циклограмма құрастырады, топ спикері қорғайды:

1-топ: Бір ай бойы іске асырылатын іс-шараларды аптаға бөліп жоспарлау.

2-топ: Бір апта бойы іске асырылатын іс-шараларды апта күндеріне бөліп жоспарлау

3-топ: Құрамдастырып жоспарлау

Топпен жұмыс

10 мин

Берілген сұрақтар төңірегінде ой қозғау: «Карусель» әдісі бойынша талқылау:

  1. Циклограмма құрастыру барысында қиындықтар кездесті ме? (қиындықтар қандай бағытта болды?

  2. Циклограмма құрастыру үшін ЖҚ қатысушыларынан ақпараттарды жинауды қалай іске асырамын деп ойлайсыз?

  3. Қызметтестікті іске асыру мен ақпараттар берудің қандай тәсілдерін пайдалануға болады? Сізге кім және қандай көмек көрсете алады деп ойлайсыз?

Практикалық жұмыс

10 мин

Желілік қоғамдастығын ұйымдастыру мен оның жұмысын циклограмманың негізінде жоспарлау бойынша жаднама (памятка) (ескертпе) құрастыру. № 2 мәтінмен жұмыс. Коуч топ мүшелерінің айтқан пікірлері бойынша кестені толтырады.

Қорытынды рефлексия

5 мин

Коуч шеберлік сыныбына қатысушылардан мына үш сөйлемді аяқтауды өтінеді:

* Біз бүгін …

*Берілген топтық жұмыстарды топ мүшелері…

* Сіздер ... туралы көп білгілеріңіз келеді.

* ... құрастыру барысында сіздерге ешқандай мәселелер қиындық туғызбайды.



© 2010-2022