Тақырыбы: Таба нан, тәтті томпақ нан

Білім беру саласы: ШығармашылықАшық ұйымдас тырылған оқу іс-әрекеті: МүсіндеуТақырыбы: Таба нан, тәтті томпақ нанМақсаты: Ас атасы нан туралы түсінік беру, нан адамның еңбегімен келетінін түсіндіру. Сөздік қорлар ын молайту, ой-өрісін дамыту.Балаларды нанды қастерлеуге, адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.Қамырды екі алақанның арасына салып жұмырлап дөңгелектеу, қыс әдісімен нан жасау. Әдіс-тәсіл: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауапКөрнекілігі: Нанның суреті. Бидай, ұн, піскен нан, бауырсақ, бө...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ашық ұйымдас тырылған оқу іс-әрекеті: Мүсіндеу

Тақырыбы: Таба нан, тәтті томпақ нан

Мақсаты: Ас атасы нан туралы түсінік беру, нан адамның еңбегімен келетінін түсіндіру. Сөздік қорлар ын молайту, ой-өрісін дамыту.

Балаларды нанды қастерлеуге, адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Қамырды екі алақанның арасына салып жұмырлап дөңгелектеу, қыс әдісімен нан жасау.

Әдіс-тәсіл: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Нанның суреті. Бидай, ұн, піскен нан, бауырсақ, бөлішке, қамыр, компьютер (DVD дискі)

Оқу іс-әрекеттері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Ынталандыру

Шаттық шеңбері

Сәлемдесу рәсімі

Біздер қазақ баласы

Сәлем сөздің баласы

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз

Балалар бір-біріне жүректен шыққан жылы лебіздерін білдіру.

Балалар, көңіл күйіміз қандай?

Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?

Көктем, жаз, күз, қыс

Ал қазір қай мезгіл?

Көктем мезгілінде неше ай бар?

Қазір қай ай?

Апта күндерін сұрап өту.





Ата-анамыз аман болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

Нанымыз көп болсын

Бейбітшілік заман болсын!

Балабақшамыз жайнай берсін!

Жақсы

4 мезгіл

Көктем

3 ай бар

Сәуір

Ұйымдастыру, ізденушілік





































Қорытындылау

Балалар, бүгін бізде шығармашылық саласы бойынша оқу іс-әрекетімізде мүсіндеу болады.

Балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз нан туралы болады. Балалар, енді теледидарға қарайықшы.

Балаларға нан түрлерін көрсету.

Балалар, нан бізге оңайлықпен келмейді. Ол ағаларымыздың, көкелеріміздің еңбегімен келеді. Ал, енді біздің Ағыбай Еркенұр,Үкілім О.Тұрманжанов ағамыздың «Қайдан келдің бауырсақ» өлеңін рольге бөліп, айтып береді.

Балалар, қараңдаршы біздің дастарханда нанның неше түрлерін атап жіберейік?

Әже кіреді.

Саламатсыңдар ма балалар!

Менің үйімде келіндерім жұмысқа кетіп нанымды жаба алмай қалдым, сендер маған көмектесіңдер ме?

Балалар, әжейге көмектесесіңдер ме? Онда әжейдің алып келген қамырынан біз нан пісіріп берейік.

Енді біз таба нан мен бөлішкені мүсіндейміз.

Балаларға қамырдан мүсіндету бақылап тұру.

Сергіту сәті:

Балалар апайларға енді біз өзіміздің нан туралы тақпақтарымызды айтып берейік.







Ал, енді балалар тиым сөздер білеміз бе?

Балаларға тиым сөздер айтқызу.





Жарайсыңдар балалар!

Балалар, біз не туралы білдік?

Жақсы жауап берген балаларды мадақтау.









Балалар, рольге бөліп сомдайды

Таба нан, тәтті тоқаш нан, бөлішке

Саламатсызба әжей!



Балалар, әжейге нанды мүсіндеп, пісіріп береді.

(пешке балалардың мүсіндеген нанын пісірдік)



Шыңғыс

Нан-анасы бидаймын,

Елге астық сыйлаймын

Дәнім толып, піскенде

Қауызыма сыймаймын

Нұрай

Нанда өмірдің исі мен дәмі бар,

Нанда адамның еңбегімен ары бар

Нан-өмірдің ана сүті арқауы

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар

Айсауле, Еркенұр, Нұрсұлтан

Ия

Нұрмұхамбет

Нанды шашуға, жерге тастауға болмайды.

Ерік

Нанды аяққа басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан - дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтанда дастарханға алдымен нан қойылады.

Ақкербез

Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.

нан




Күтілетін нәтиже:

Білуі: Нанның оңайлықпен келмейтінін, нанды қадірлей білу керектігін білді.

Түсінуі:Еңбекпен келетінін түсінді.

Қолдану: Қамырды қолдана біл ді.



© 2010-2022