Разработка урока Абай Кунанбаев

Қазақ әдебиеті   Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын                                                                                         қайталау. Мақсаты: І Білімділік: Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы алған                                           білімдерін тексере отырып, оқушылардың танымын кеңейту, сөздік қорын                                                                                                            молайту.                  ІІ .Дам...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын

қайталау.

Мақсаты: І Білімділік: Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдерін тексере отырып, оқушылардың танымын кеңейту, сөздік қорын

молайту.

ІІ .Дамытушылығы. Абайды жан-жақты тереңірек оқып, білімін

толықтыруға, ізденушілікке, зерттеушілікке ықпал жасау бағыт

беру.

ІІІ.Тәрбиелігі: Абай шығармашылығын оқи отырып,халықтық .

педагогика үлгісінде тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Абай портреті, электрондық оқулық, Абай өлеңдер жинағы,

«Аңыз адам» журналы, базпасөз материалдары, «Абай жолы» романы, слайдтар, фото суреттер, «Абай елі» энцеклопедиясы, интерактивтік тақта.

Пәнаралық байланыс: әдебиет теориясы, ән-күй, тарих.

Сабақ түрі: Қайталау сабақ.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, ойды топтасыту, іздендіру, зерттеу.

Сабақтың типі: Алған білімдерін қайталау, толықтыру, жинақтау.

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бағалау.

Мұғалім: -Біз өткен сабақтарымызда қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық жолын оқуды бастағанбыз. Үйге осы тақырыпқа байлынысты қосымша әдебиеттерден өз бетінше ізденіп дайындалып келу тапсырылған болатын. Оған қосымша Абай өлеңдерін оқып, кейбір шумақтарын жаттап, қара сөздерін, өмірі мен шығармашылығына байланысты хронологиялық таблицаны толытырып, оны жаттап келіңдер деген едім.

Ал бүгінгі қайталау сабағымызда ақынның өсіп-өнген ортасы, бай мұрасы, дүниеге көз қарасы, ой-пікірлері, тағылымын жан-жақты талдаймыз. Алған білімдері мен берілген тапсырма борйынша дайындықтарыңды, ойларыңды, пікірлеріңді жинақтап бағалаймын.

Тақтамен жұмыс: № 1,2,3,4 слайд суреттері.

Разработка урока Абай КунанбаевРазработка урока Абай Кунанбаев

Разработка урока Абай Кунанбаев

№5 слайд

Оқушылар, Абай Құнанбайұлының өмір тарихының тізбесін тақтада көрсетілген хронологиялық тәртіп бойынша ауызша толтырамыз:

/Хронологиялық таблицаның жауабын интерактивті тақтада ашып кетемін,оқушылар әзірлеп келген жауаптарын ауызша айтады,қажет болса толықтырамын/

1845- /10 тамызда/ Семей облысындағы Шыңғыс тауының баурайында дүниеге келген.Анасы Ұлжан мен кіші шешесі Айғыздың арасында «Телғара» атанып өсті.

1855-1857-ауыл молдасынан сауат ашты.9жасында «Кім екен деп келіп ем түйе қуған »деген ең алғашқы мысқыл өлеңін шығарды.

1857-1859-Семейде қаласында Ахмет Риза медресесінде білім алды.Үш ай «приходская школа» атты орыс мектебінде қосымша оқиды.Араб,парсы,түркі тілдеріндегі Шығыс ақындарының кітаптарын оқыды.Соларға еліктеп «Иузи - раушан,көзі-гауһар» деп басталатын өлеңін әжесінің құлағына үшкіріп оқитын жылы.

1870- Семей кітапханасында Лев Толстойдың кітабын сұрап тұрғанда Е.П Михаэлиспен танысты.

1876-1878 - Абай Қоңыр-Көкше еліне үш жыл болыс болды. Абай үш сайлауда інісі Ысқақты, екі сайлау Оспанды,бір сайлау Шәкәрімді болыстыққа сайлады.28 жастағы Абайдың үстінен күндес топтар жоғарыға өтірік арыз-шағымдар жазды.

1876- Үзікпай Бөрібаевтың жалған арызымен Абайдың үстінен Семейдің ұлықтары тергеу ісін қозғайды.

1877-1878- Абай 12 іспен тергеліп, Семейде 3-4 ай жатады.1884ж Абайды ақтап 700 кісі куәлік беріп, «қылмыстық ісі» жабылды.

1880- Михаэлис арқылы Н.И Долгополов,С.С Гросс, П.Д Лобанский,Н.Коншин секілді орыстың демократтарымен танысты.

1889- 25 жуық өлең шығарды. Осы жылы тұңғыш Абайдың «Күлембайға», «Жаз» деген өлеңдері Омбыдағы «Дала уалаяты» газетінде Көкбайдың атымен жарияланды.

1890-1898-қарасөздерін жазды.

1891- інісі Оспан қайтыс болған соң мұңды өлеңдер жаза бастады.

1895- баласы Әбдірахман 27 жасында қайтыс болады.Өлеңдері бұрынғыдан да қайғылы жырланады.

1898-өзінің бала кезгі досының ұйымдастыруымен түрлі ру басылары Абайды сабайды. 241 сомның дүниесін тонайды. Кейін осындай озбыр әділетсіз жасалған әрекеттері үшін ояздың өзі Абайдан кешірім сұрауға көшеді.

1899-Абайдың өлеңдері көбейеді. 1903ж кейін мүлдем жазылмай қалады.

1904- (14 мамырда) Мағауия қайтыс болады. Осы жылы 23 маусымда Мағауия өлімінің қайғысын көтере алмай 40-шы күні өзі де 59 жасында қайтыс болды. Абайдың сүйегі Жидебайға жерленді.40 күннен соң 3 тамызда ұлы Ақылбайда дүние салды.

№ 6-14 слайдтар /Абайдың ата -тегіне талдау, суреттері/

Разработка урока Абай Кунанбаев


№15 слайд топтастыру әдісі : Абайды кім деп танимыз? /ақын, сазгер,аудармашы,ғалым,дана, философ/


№16,17 слайд Абай өлеңдеріндегі тәрбиелік арналар

Абайдың қандай лирикалары бар?

Разработка урока Абай Кунанбаев

/саяси-әлеуметтік,табиғат,философиялық,көңіл-күй/

Табиғат лирикасына арналған өлеңдерін кім айтады?

Қыс.Жаз. Күз. Жазғытұрым

№18,19,20 слайд. Абайдың ақындығын кім дәлелдеп бергісі келеді? Оның неше өлеңі бар? / 30өлең, 8мың өлең жолы бар?/

А.Шайхиев «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» өлеңін

мәнерлеп оқып,мазмұнын ашты.

№21 слайд. Абайдың аудармашы екенін дәлелдеп беріңіз?

Разработка урока Абай Кунанбаев

/Лермонтов,Крылов, Пушкин, Байрон, Гете т.б./

№22 слайд. Сазгерлігін дәлелдеу үшін әндерін кімдер орындап бере алады?


«Желсіз түнде жарық ай» әнін Шаутенова мен Шерниязова

орындады.

№23 слайд. Абайдың неше қара сөзі бар ?

Тақырыптары бар ма ата? /Ел мінезі

2.3.5.8.11.14.16.18.21.23.26.30.33.39.40.42/

Тәлім-тәрбие жөнінде: /12.13.27.28.35.36.45./

Оқу-ғылым жөнінде /1.15.22.25.41.44/

Мақал афоризмі /5.24.29.37/

Адамның жан сыры /7.17.19.20.31.32.34.38.43/

Сұрақ: 1,15,22,25 қара сөздерінде не жөнінде айтылады ?

Нешінші қара сөздерінде тәрбие туралы жазылған?

№24 слайд / Қара сөздері тыңдалады./

Абайдың қандай еңбектері аталмай қалды?

/Дастандары: «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі»/

№25,26 слайд. Абай туралы ой -пікірлер.


№27 с. Абай туралы / кассета тыңдау/

№28,29 с. Абайдың бүгінгі ұрпақтары /суреттер/




Разработка урока Абай Кунанбаев

№30с. Қазақ әдебиетінен электрондық оқулық «Ұлы дананың ұлылары»

V. Дәптермен жұмыс :

әдеб. Теор. Роман туралы.

VІ. Сабақты қортындылау

VІІ. Үйге тапсырма. 1. «Абай жолы» романын қайталау.

2. шығарма жазу «Абай жолы - жарты ғасырлық

туынды».

VІІІ. Мадақтау. Бағалау.


© 2010-2022