«Ұлт тілі – ұлының үні». тәрбие сағаты

Мақсаты:    1).Ана  тілімізді  терең  меңгерту, құрметтеуге  баулу, халқымыздыың  әдет- ғұрпын, салт- санасын  үйрету.                     2).Инабаттылыққа, адамгершілікке, тәрбиелі  мінез- құлыққа  тәрбиелеу.                     3).Оқушылардың  туған  халқының  тілін  қасте,рлейтін  саналы  да  парасатты  азамат  етіп  тәрбиелеу. Көрнекілігі: « Ана  тілің – арың  бұл»  атты  газет, тақырыптың  үлкейтіліп  жазылған  формасы, « Ата  салтын  сақтаймыз, ел  үмітін  ақтаймыз»  атты  альбом.       1...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: « Ұлт тілі - ұлының үні».

Мақсаты: 1).Ана тілімізді терең меңгерту, құрметтеуге баулу, халқымыздыың әдет- ғұрпын, салт- санасын үйрету.

2).Инабаттылыққа, адамгершілікке, тәрбиелі мінез- құлыққа тәрбиелеу.

3).Оқушылардың туған халқының тілін қасте,рлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: « Ана тілің - арың бұл» атты газет, тақырыптың үлкейтіліп жазылған формасы, « Ата салтын сақтаймыз, ел үмітін ақтаймыз» атты альбом.

1-жүргізуші: Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп- өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.Ана тілі жүректің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпаөтан- ұрпаққа сақтап отыратын қазына.

2-жүргізуші: Қазақ тілі аса бай, икемді тіл.Қалай исең, солай иіле береді.Орамын, бұрамын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен суірет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады-ау.Бұл тілден май тамады десе де сыяр.Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң, небір алуа- шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың.Ғашықпын қазақ тіліне...

Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.

Ана тілім - тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Тілім өссе, мен де бірге өсемін,

Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.

Ана тілін білмеген - ақылы жоқ желікбас,

Ана тілін сүймеген - халқын сүйіп жарытпас.

Туған тілім - бабам тілі - өз тілім,

Туған тілім - анам тілі - өз тілім.

Туған тілім - далам тілі - өз тілім,

Туған тілім - адам тілі - өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!

1-оқушы: 1990 жылы шілденің 1-інде Қазақ ССР-інің « Тіл туралы Заңы» күшіне енді.

2-оқушы: Қуан далам!Қуанатын күн бүгін!

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін!

«Тіл туралы Заңым» енді күшіне,

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

3-оқушы: Қуан бабам!Қуанатын күн бүгін!

Деген едің: « Тіл бар жерде өмір бар».

« Халық жауы» атандың-ау сол ү

Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңда ар.шін,

4-оқушы: Қуан халқым!Күшіне енді « Тіл Заңы»,

« Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады.

Ел елдігі бағаланар тілімен,

Сол арқылы құлпырады гүл бағы!

5-оқушы: Туып өскен Торғайдың даласында,

Қайран елі - қазағы санасында.

Тілі үшін жазықсыз жапа шеккен,

Арысың кім ойланбай табасың ба?

Барлығы: Ахмет Байтұрсынов!

6-оқушы: Елім деп тек соққан алып жүрегі,

Ахметтей ағасына елі сенді.

Қазақ тілін терең зерттеп танытқан,

Ғұламаның есімін кім біледі?

Барлығы: Құдайберген Жұбанов.

7-оқушы: Сүйемін туған тілді, анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

1-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.

2-жүргізуші: Дүние ойдан шығады,

Өзімді- өзім ұмытып.

Көңілім әнді ұғады,

Жүрегім бойды жылытып.

« Анашым» әні.Орындайтын хор.

1-жүргізуші: Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы,ерінбе,

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге.

« Абай мен Әбіштің сырласуы» атты қысқаша көрініс тамашалаңыздар.


  • Қалқам, Әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма?

  • Ақ зат асыл ғой.

  • Неге қара зат асыл емес пе?

(Әбіш Абайдың бетне қарап күлімсіреп.)

  • Қараны қалай асыл дейсіз?

  • Біріншіден, адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көреді емес пе, бірақ көздің ағы көрмейді, ортасындағы қарашығы ғана көреді.Қараның асылдығына осы дәлел.Екіншіден,қағаз ақ,одан адам оқып білім ала алмайды,үстіне жазған қара сиядан өнер- білім алады.Үшіншіден,жас шақта адамның сақал- шашы қара болады.Осыған байланысты адамда ақыл, білім, қайрат көп болады.Қартайғанда сақал, шаш ағарады.Ол адамда қайрат та азаяды.Сондықтан қараны асыл ма деп ойлаймын.


  • Оның бәрін қалай білдіңіз?


  • Ақылмен білдім.


  • Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе?


  • Екіншіден, ақыл-нұр, жарық- зат.Ол да аққа ұқсамай ма?

8-оқушы: Ана тілің - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

9-оқушы: Айналайын халқымнан,

Айналайын даңқыңнан.

Ана тілдің бағасы,

Қымбат екен алтыннан.

10-оқушы: Құндағында бесіктің,

Ана тілін үйрендім.

Сол арқылы бой жазып,

Азамат боп өсіппін.

Ән: « Ақ мамам» (хормен).

2-жүргізуші: Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп- тегіс, жұмыр келсін айналасы.

Бір оқушы «Ана тілі» атты өлеңді оқиды.

Ана тілі.

Бұлт сейілді,төніп тұрған тіліме,

Шуақ шашсын, күн күлімдеп көгімде.

Қанат жайып қалықтағым келеді.

Баба тілін қастерлеген жерімде.

Тіл тұғырын ұмытуың керек пе?

Халық сөзі рух береді жүрекке.

Ана тілді бағаламай өтсеңіз,

Өзге тілің ұлтымызға керек пе?

Сан ғасырдың тарихы бар тілімде,

Белестерден өте берсін сүрінбей.

Қазақ тілін арнасына толтырып,

Шығарайық келер ғасыр төріне.

М.Шаханов. «Құдіретті төрт ана».

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала!

Әр адамда өз анасынан басқа да

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері - түп қазығы, айбыны,

Туған тілі - сарқылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, слт- санасы - тірегі,

Қадамыңа шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы, еске алуға қаншама,

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Төрт анаға әнін жалғай алмаған,

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасын қорғамаған халықтың,

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана - тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы.

1-жүргізуші: Үйде, түзде басқа тілде сөйлесек,

Қайтеміз біз тілімізді шөлдесек.

Өзімізді - өзіміз қорлағандай боламыз,

Қошеметпен басқаны біз жөн десек!

2-жүргізуші: Ана тілін сөйлетейік биіктен,

Бабам сөзін қайта әкем тірілткен.

Кейінгі жас естіп өскен үлгі алсын,

Ана тіліма бастау алған бірліктен, - дей отырып, сөз кезегін сынып жетекшісіне береміз.

Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды, сау болыңыздар.



© 2010-2022