11 сыныпқа арналған қазақ тілінен сабақ жоспары Үш би

Елбасымыз НӘ Назарбаев қазіргі мұіғалімнің қоғамдағы орынын бағалай отырып; «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір — қасиеттің  мән — маңызын  түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге  міндеттіміз»деген еді. Ұстаздық жолымның бастау алғанына он екі жылдай уақыт  болса да, үздіксіз ізденіп, аяусыз еңбектенудемін. Оның үстінен қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дәріс беру мен үшін  бақыт деп есептеймін.   Елбасымыз «Қазақ қазақпен қ...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

11 сынып

Тақырыбы: Қазақтың билері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Кең жазира қазақ даласының атақты билері туралы мағлұмат беру, ұлылардың өмірі және ерлік істерімен танысу, ел қамын ойлап, «туған жер» - деп өткен билер туралы сыр шерту, үш ұлы биі туралы білімдерін тереңдетіп, шығармашылыққа баулу.

Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін,оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білуге, жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту, шығармашыл ізденіске бағыттау, ізденімпаздық ой - өрісін кеңейту, сөйлеу мәдениетін дамыту.Оқушылардың ақпарат көздері, тапсырмалар арқылы білімдерін жетілдіру. Теориялық материалдарды жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: болашақ ұрпақты ізгілікке, адамгершілікке, елжандылыққа, ұлы билердің өмірін, еңбегін үлгі ете отырып, туған халқы үшін аянбай еңбек етуге, мейірімділікке, әділдікке, адалдыққа, ерлікке, елінің адал перзенті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ашық, жаңа сабақ,шығармашылық, ізденіс сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ауызша баяндау, көрнекілік, өзіндік жұмыс, диалогты оқыту, СТО, топтық жұмыс әдістері,жеке жұмыс, Блумтехнологиясы

Сабақтың көрнекілігі: билердің суреттері, интерактивті тақта, бағалау парақтары, карточкалар, маркер, постер, А4 қағаз.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, әдебиет

І.Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

а) Үй тапсырмасын «Шындық- жалған» әдісін пайдалану арқылы

сабақты бекіту.

ІІІ. Оқушыларға сабақтың мақсатын қойғызу.

ІҮ. Жаңа сабақ: слайд арқылы тақырыпқа шығу.

  • Бұлар кімдер?

  • Би деген кім? қалай түсінесіңдер? Жақсы

  • Жүз деген сөзді қалай түсінесіңдер? Жүз деген не?

  • Жүз - орда,қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы.

  • Қазақтың неше жүзі бар?

  • 3. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Ортажүз,

Кіші жүз.

  • Тарих пәнінен білесіңдер, осы үш жүздің билері кімдер болған?

  • Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.

  • Қазіргі кезде осы билердің орнын кімдермен салыстыруға болады?

  • Сотпен тергеуші.

  • Халық арасында «Би екеу болса, дау төртеу болады»

деген сөз бар. Бұны даулы мәселені екі би емес, үш би шешеді деп түсіну қажет. Олар бірі айыптаушы (прокурор), екіншісі ақтаушы (адвокат), үшіншісі төбе би (судья).

  • Билерге тән басты қасиеттерді атаңдар?

  • Әділдік, шыншылдық, батылдық, ақындық, шешендік, әдептілік,

көріпкелдік, болжай білу.

- Билердің батырлығы неде?

- Олардың қолдарына қару алып жау шабуда емес, дұшпан алдында именбей, өткір тілмен турап түсетін әділетті сөз айтуында.
- Билер кімдерге кеңесші болған?
- Билер хан - сұлтандарға кеңесші болған.

  • Ал енді бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

  • Қазақтың билері.

  • Жақсы, балалар, енді бүгінгі сабаққа кіріспес бұрын топқа бөлініп

алайық ( «Мозайка» әдісі арқылы). 1-топ - Төле би, 2-топ - Қазыбек би, 3-топ - Әйтеке би. Топтың ережесін шығарайық.

Мәтінмен жұмыс. Әр топқа мәтін беріледі. Мәтінмен жұмыс жасалады.

Білу. - Ал енді оқыған мәтіндерің бойынша түсінгендеріңді постерге түсіре

қойыңдар. Қорғайды. «Екі жұлдыз, бір тілек».

Түсіну. Ендіосы мәтінді түсінгендеріңді бақылау үшін карточкамен жұмыс жүргіземіз. Мәтіннен алған білімдерің бойынша сөйлемдерді толықтырыңдар.

  1. Төле би ............................................................................... . Қазақтың қоғам

қайраткері - .............................................................. . Төле би ......................... ..............................................................................болған. Төле би, Орта жүздің бас биі Қазыбек Келдібекұлы және Кіші жүздің бас биі Әйтеке Байбекұлы үшеуі .................................................. Төле би ................................................... көп оқыған.

  1. Қазыбек Келдібекұлы - ..................................................................................

....................................................... . Ол ................. Сыр бойында дүниеге келген.Түркістандағы ...................................................................................... жерленген. Өз заманында - .............................................................................................. . Қазыбек бидің беделі мен ықпалына ................................................................. ....................................................................................... .

  1. Әйтеке би Байбекұлы ........................................................................................

..................................... . Шын аты - ............................. . . Әйтеке би - ................... .............................................................................................. .Қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты .......................................................... .................................................. .Әйтеке би 25 жасынан бастап ............................. ............................................................................................. тұрақты қатысып тұрды.

Қолдану. Мәтіннің соңындағы тапсырманы орындау.

1-топ.Синтаксистік талдау.

Төле бидің әкесі Әлібек те билік айтып, әділдігімен аты шыққан адам болыпты.

2-топ. Синтаксистік талдау.

Ол 1764 жылы Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген.

3-топ. Берілген сөзге морфологиялық талдау.

Кеңесшісі

Талдау. -Балалар біз сендермен кешегі сабақта Сот тақырыбын өттік. Енді қазір осы билер мен соттарды Венн диаграммасына салып салыстыра қойыңдаршы. Соттар Билер

11 сыныпқа арналған қазақ тілінен сабақ жоспары Үш би11 сыныпқа арналған қазақ тілінен сабақ жоспары Үш би

Синтез. «Егер мен би болсам ..... » тақырыбына эссе жаза қойыңдар.

«Билер» тақырыбына сэнквейн жазу.
1. Зат есім. / Әйтеке би /
2. Сын есім / ақылды, әділ. /
3. Етістік / ойлайды, болжайды, шешеді./

4.Синоним Шешен
5.Сөйлем / Әйтеке би кіші жүздің көріпкел билерінің бірі. /
Бағалау. Тест шешу.

  1. Үш би кімнің бас кеңесшісі болғанын көрсетіңдер.

а) Абылайдыңв) Тәукенің

с) Жәңгірдіңд) Жоңғардың

е) Рим империясының

2. Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген қай би екенін көрсетіңдер.

а) Әйтеке бив) Төле би

с) Саққұлақ бид) Бапан би

е) Қазыбек би

3. «Жеті Жарғы» заңдар жинағының авторын табыңдар.

а) Абылай хан в) Барақ сұлтан

с) Тәуке ханд) Жәңгір хан

е) Әділқайыр хан

4. Парасатты елші, дипломат атағын алған би?

а) Төле би в) Сырым би

с) Әйтеке би д) Қазыбек би

е) Мөңке би

5. «Төбе би» сөзінің аудармасы?

а) советник в) оратор

с) главный бид) умный би

е) первый би

6. Қазбибі тауының етегінде туған кім?

а) Әйтеке би в) Сырым би

с) Қазыбек би д) Төле би

е) Мөңке би

Бағалау.Сөз әр жүздің билеріне беріледі, олар сабақтан алған әсер, білімдерін айтып ортаға салады, қорытынды жасайды. Сондай - ақ, өз жүздеріндегі жақсы, белсенді жұмыс жасаған хан, сұлтандарды атап өтіп, олардың жұмысына баға береді.

Қорытынды:

Ел аузында:
Төле тауып айтады,
Қазыбек қазып айтады,
Әйтеке жарып айтады, - деген сөз бар. Оның мәнісі Төле би - ақылды, әділ адам болған. Қазыбек би - шешен, тапқыр, батыл кісі болған. Әйтеке би шешендігі-мен қоса ел билеген кісі болған. Үшеуі де - халық қамын ойлаған кісі болған. Төле би Ұлы жүзді, Қазыбек би Орта жүзді, Әйтеке би Кіші жүзді басқарған.
V. Үй тапсырмасын беру. «Егерде мен би болсам....» тақырыбына эссе жазу.или Қазақтың шешен билерінің 5 нақыл сөздерін жаттау. Нақыл

сөздердің мағынасын ашу.



© 2010-2022