Махамбет Өтемісұлы Қызғыш құс 5-сынып

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Айыртау селосы Айыртау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Утемуратова Мария Мусахановна 5-сыныптағы әдебиет сабағы Сабақтың тақырыбы: Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңі Мақсаты: білімділік – ақын өмірі, шығармашылығы туралы толық түсінік беру, өлеңнің туу себебін түсіндіру; дамытушылық – М. Өтемісұлы шығармаларының әдебиеттен алатын орнын ұғындыру; тәрбиелік – патриотизмге баулу, ерлікті бағалай білуге үйрету. Сабақтың түрі: жаңа... Ой шақыру Ф. Оңғарсынованың «Махамбетке» өлеңі оқылады. Махамбет кім? Мағынаны тану. Топтастыру     Ержүрек Ел ағасы   басшы       Бүгін Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңін оқимыз. Ақын «Қызғыш құс» өлеңі арқылы өз басындығы мұң-шерді сыртқа шығарып, сол арқылы кең тыныстап тұрғаны анық. Өлең табиғаты мен мазмұнынан ел-жер тағдыры, хан мен халық қатынасы, азамат басындағы ауыр хал, соны жеңу мен жеңілтудің сырлы сипаты да терең танылады. Ел қорғау мен көл қорудың һәм батыр мен құстың үн қосуы – тарих таңбасын, тағдыр салмағын, соған уақыттың да қатынасын кең көлемде көрсетеді. Бұл ө... Өлеңнен үзінді Үзінді жайлы пікір Ой-тұжырым, мазмұнға сәйкес мақал-мәтел Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, Қанатың қатты, мойның бос. Исатайдан айырылып, Жалғыздықпен болдым дос.     3. Ой толғаныс. Еркін жауап. Ақын туралы тағы не айтуға болады? /оқушы ізденісі/ Үйге: Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңін жаттау.  
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Махамбет Өтемісұлы Қызғыш құс 5-сынып

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Айыртау селосы

Айыртау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Утемуратова Мария Мусахановна


5-сыныптағы әдебиет сабағы

Сабақтың тақырыбы: Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңі

Мақсаты: білімділік - ақын өмірі, шығармашылығы туралы толық түсінік беру, өлеңнің туу себебін түсіндіру;

дамытушылық - М. Өтемісұлы шығармаларының әдебиеттен алатын орнын ұғындыру;

тәрбиелік - патриотизмге баулу, ерлікті бағалай білуге үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгеру сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Махамбет суреті, плакат.

Пәнаралық байланыс: тарих.

Сабақтың барысы.

Өздерің бұдан бұрын Махамбеттің қандай өлеңін жаттадыңдар?

(«Соғыс», «Махамбетің Жәңгір ханға айтқаны»)

  1. Ой шақыру

Ф. Оңғарсынованың «Махамбетке» өлеңі оқылады.

Махамбет кім?

  1. Мағынаны тану.

Топтастыру

Ержүрек

Ел ағасы

басшы

Бүгін Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңін оқимыз.

Ақын «Қызғыш құс» өлеңі арқылы өз басындығы мұң-шерді сыртқа шығарып, сол арқылы кең тыныстап тұрғаны анық. Өлең табиғаты мен мазмұнынан ел-жер тағдыры, хан мен халық қатынасы, азамат басындағы ауыр хал, соны жеңу мен жеңілтудің сырлы сипаты да терең танылады. Ел қорғау мен көл қорудың һәм батыр мен құстың үн қосуы - тарих таңбасын, тағдыр салмағын, соған уақыттың да қатынасын кең көлемде көрсетеді.

Бұл өлеңдегі қайсар рухтың мұң-шері, көл қорыған құстың тағдыр-талайы адамзат тарихынан бесенеден белгілі: хан мен халық арасын, күшті мен әлсіздің екпін-текпісін, салмақ-сырларын бүкпесіз, боямасыз алдыіңа жайып салады. Аспан мен жер үстіндегі аламғайып кезең-көріністер, өмір мен өлім арпалысы - мәнгілік күрестін шежіре сырын алға тартады. Өлең табиғаты ерлік-елдікті үлгі етеді, түр-мазмұны жатық, жинақы қалып түзеген. Әрбір сөз, бунақ-тармақтардағы айқындық, өткірлік, шешендік сипаттар көңіл төрінен шығады., жүректі тербейді. Демек, «Қызғыш құс» - Исатай мен Махамбет өмір сүрген кезеңнің сырлы рәмізі, жыр-жебенің жампозы Махамбеттің болмысы мен мінезін, тағдыр-талайын терең танытатын тағылымды туынды.

Ақын «Қызғыш құс» өлеңін Исатай өлген соң жазды. Көлінен айырылған құспен өзін салыстыра отырып, екеуінің басындағы жайға кінәліні іздейді. Ақынның артықшылығы сол - сары уайымға салынбай алдағы күнге сенеді. Оптимизм басым.

Өлеңді мәнерлеп оқимын. 4-5 оқушыға мәнерлеп оқытамын.

Суретте: Ақынның көңіл-күйі қалай суреттелген?

Салыстыр: Махамбет пен қызғыш құсты салыстыр.

Зертте: Махамбет ақын туралы не білесің

Қолдан: Өлеңде лашын құстың, Махамбеттің бейнесі қалай суреттелген, тауып оқы./оқулықпен жұмыс/

Бұл туралы ойлағанда көз алдыңа не елесетейді? /ойтолғау, сурет/Ақынға хат жазып көр.

Талда, қолдан, қарсы шық: Махамбетті көтеріліске алып шыққан қандай күш? Өзінің көтеріліс жеңілгеннен кейінгі көңіл-күйін қалай суреттейді? Махамбеттің орнында сен болсаң, қайтер едің?

Екі жақты түсініктеме күнделігі

Өлеңнен үзінді

Үзінді жайлы пікір

Ой-тұжырым, мазмұнға сәйкес мақал-мәтел

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,

Қанатың қатты, мойның бос.

Исатайдан айырылып,

Жалғыздықпен болдым дос.

3. Ой толғаныс.

Еркін жауап. Ақын туралы тағы не айтуға болады? /оқушы ізденісі/

Үйге: Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңін жаттау.



© 2010-2022