Тіл тірегі Бауыржан Момышұлы

ӘОЖ 82-051(574) И 38   ТІЛ ТІРЕГІ БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ   Тұрмаханова Гүлсім Оспанқызы №34 орта мектебі, Тараз қаласы       Бауыржан Момышұлының ана тілін ардақтап, қазақ тілін құрметтегенін, оны дамыту мен өркендету, қолдану аясын кеңейту мақсатын көздегені қан майдан ортасында жүріп Мұқамеджан Әбдіқалықовқа «Қазақ тілі туралы пікір» атты жазған хатынан (1944) айқын көрінеді. Хат авторы қазақ халқы, оның тарихы мен тағдыры, келелі келешегі турасындағы көзқарас эволюциясын ұлттың ұлы байлығы – тіл арқылы көрсетеді: «... айтпай кетсем, өмір бойы көңілім тынар емес»,- деп ар алдында ант бергенін жасырмай жазады. Ха... -         «Тілдің көмегімен өнер-білімге, мәдениет-ғылымға жетіп, өткен кеткенмен әлемді танып, өзімізді жұртқа-әлемге танытамыз, сөйлейміз, оқимыз, жазамыз, өз басымызды, үй-ішімізді, қоғам-халықты, ел-жұртты, мемлекетті меңгеруіміз, сондықтан «Өнер алды қызыл тіл» дегендей адам баласының байлығы тілден артық не бар ?»     Бұл – Бауыржан Момышұлының Кеңес үкіметі дәуірлеп, Сталиннің қылышынан қан тамып тұрған кезде, жасқанбай айтып, жазып кеткен жанайқайы. Автор халықтың басты байлығы – тіл екендігіне көз жеткізеді. Тілсізді айуанға, тілі кедейді-наданға теңеу арқылы да ұлт рухын көтереді, үлкен-кішінің халық алдындағы қарызы мен парызын еске түсіреді. Ар алдындағы адалдықты асқақтатып, дәстүр-салтты өнеге етеді. -         «Қазақ тілі еш уақытта, өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жегізбегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған емес пе еді?» -         «Ана тілінен бірнеше жағдайлар себеп болып ажыраған ел – «азғын» ел атанып, кейіннен аты өшіп, ұрпақтары бұршақша бытырап, қардай еріп, құмға сіңген судай дерексіз жоғалып кеткенін тарихтан кездестіруге болады. Ондай сормаңдай ел бұрынғы кезде аз болмағандығына тарихтан дәлелдер көп»; -«Осы таңда қазақ тілі «дөрекі, икемсіз, топас, кедей тіл. Онымен айтайын деген ойыңды, пікіріңді еркін айта алмайсың ...» - деп дұрыс бағаламай, жала жауып, теріс, зиянды жағдайлардың құлдығында жүрген, ұғымсыз жалқау «дүмше молда дін бұзардың» кебін киіп, сәлдесін орап, тіл бұзушы азамат, азаматшалар да, жүгенсіз, арсыз топтар да қазақ арасында молайып келе жатқанға ұқсайды (дәлелді Алматының әр көшесінен табуға болады);» Тіл байлығы, тіл тазалығы-ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнеге, ... -         «Осы кезде аздап орысша білгеніне мәз болып, төбесі көкке жеткен, ана тіліне көңіл бөлмей, оны әліне қарамай менсінбей, не орысшаны, не қазақшаны дұрыс сөйлей алмай шалдыр-шатпаққа бөленіп жүрген, келбетсіз тіл азғыны масқараларды Алматының  жауапты деген қазақ қызметкерлерінің арасынан да кездестіруге болады ...» - деп жазғаны ана тілінің ардақтай алмайтын өркөкіректерге (Ш.Айтматовша айтқанда «мәңгүрттерге») бүгінгі тіршілігімізде де халқымыз бен тілімізді қорғап жүргендерге де ой са...     Бауыржан Момышұлының хатын қорытындылай отырып, тоғыз түрлі ұсынысына қысқаша тоқталсақ: «Қазақстанда қазақ тілі заңының әділдігі бойынша мемлекет тілі болып саналып, өз орнына, төрге шығарып  отырғызылып ,бұрынғы қалпына кешікпей келтіру шаралары тездеп қолға алынып,тіл бұрмалау ежелден келе жатқан ескі ауруға айналып бара жатқанын ескере отырып, іс жүзіне қатал төңкеріс түрінде арылуы жөн»,-деп, ата-баба зердесін келешек ұрпаққа жалғастыратын жалғыз ғана кілт -әр халықтың ана тілі екеніне ...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ӘОЖ 82-051(574)

И 38


ТІЛ ТІРЕГІ БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ


Тұрмаханова Гүлсім О.спанқызы

№34 орта мектебі, Тараз қаласы


Бауыржан Момышұлының ана тілін ардақтап, қазақ тілін құрметтегенін, оны дамыту мен өркендету, қолдану аясын кеңейту мақсатын көздегені қан майдан ортасында жүріп Мұқамеджан Әбдіқалықовқа «Қазақ тілі туралы пікір» атты жазған хатынан (1944) айқын көрінеді. Хат авторы қазақ халқы, оның тарихы мен тағдыры, келелі келешегі турасындағы көзқарас эволюциясын ұлттың ұлы байлығы - тіл арқылы көрсетеді: «... айтпай кетсем, өмір бойы көңілім тынар емес»,- деп ар алдында ант бергенін жасырмай жазады. Хаттың алғашқы тұстарынан - ақ автордың ана тілі туралы таным-біліктері айқын көрінеді:» ... ежелден, атам заманнан тіл-елдің мәдениеті, әдебиеті өсіп-өніп, от басындағы үй тіршілігінен бастап, қоғам, халық, ел құралы - ғылымның атаулы саласы екендігі даусыз..». Сол хаттан үзінді келтірейік. «Тілсізді айуан дейді. Тілі кедей елді - мәдениетсіз, анайы, надан халық деп санайды. Тіл - адам баласының негізгі қасиеті болғандықтан, тіл байлығы, елдің елдігін, жұртшылығын, ғылым әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасын, жауынгерлік дәстүрінің - мұрасының қай дәрежеде екендігін көрсететін сөзсіз дәлелді мол жері» (Мерило).

  • «Тілдің көмегімен өнер-білімге, мәдениет-ғылымға жетіп, өткен

кеткенмен әлемді танып, өзімізді жұртқа-әлемге танытамыз, сөйлейміз, оқимыз, жазамыз, өз басымызды, үй-ішімізді, қоғам-халықты, ел-жұртты, мемлекетті меңгеруіміз, сондықтан «Өнер алды қызыл тіл» дегендей адам баласының байлығы тілден артық не бар ?»

Бұл - Бауыржан Момышұлының Кеңес үкіметі дәуірлеп, Сталиннің қылышынан қан тамып тұрған кезде, жасқанбай айтып, жазып кеткен жанайқайы. Автор халықтың басты байлығы - тіл екендігіне көз жеткізеді. Тілсізді айуанға, тілі кедейді-наданға теңеу арқылы да ұлт рухын көтереді, үлкен-кішінің халық алдындағы қарызы мен парызын еске түсіреді. Ар алдындағы адалдықты асқақтатып, дәстүр-салтты өнеге етеді.

  • «Қазақ тілі еш уақытта, өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы

болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жегізбегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған емес пе еді?»

  • «Ана тілінен бірнеше жағдайлар себеп болып ажыраған ел - «азғын» ел

атанып, кейіннен аты өшіп, ұрпақтары бұршақша бытырап, қардай еріп, құмға сіңген судай дерексіз жоғалып кеткенін тарихтан кездестіруге болады. Ондай сормаңдай ел бұрынғы кезде аз болмағандығына тарихтан дәлелдер көп»;

-«Осы таңда қазақ тілі «дөрекі, икемсіз, топас, кедей тіл. Онымен айтайын деген ойыңды, пікіріңді еркін айта алмайсың ...» - деп дұрыс бағаламай, жала жауып, теріс, зиянды жағдайлардың құлдығында жүрген, ұғымсыз жалқау «дүмше молда дін бұзардың» кебін киіп, сәлдесін орап, тіл бұзушы азамат, азаматшалар да, жүгенсіз, арсыз топтар да қазақ арасында молайып келе жатқанға ұқсайды (дәлелді Алматының әр көшесінен табуға болады);» Тіл байлығы, тіл тазалығы-ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнеге, нағыз белгісі емес пе? Хатта ана тілінің қадірін түсінбейтіндерге тіл мәселесіне немқұрайлы қарамау керектігін ескертеді.

  • «Осы кезде аздап орысша білгеніне мәз болып, төбесі көкке жеткен, ана тіліне көңіл бөлмей, оны әліне қарамай менсінбей, не орысшаны, не қазақшаны дұрыс сөйлей алмай шалдыр-шатпаққа бөленіп жүрген, келбетсіз тіл азғыны масқараларды Алматының жауапты деген қазақ қызметкерлерінің арасынан да кездестіруге болады ...» - деп жазғаны ана тілінің ардақтай алмайтын өркөкіректерге (Ш.Айтматовша айтқанда «мәңгүрттерге») бүгінгі тіршілігімізде де халқымыз бен тілімізді қорғап жүргендерге де ой салар деп ойлаймыз.

Бауыржан Момышұлының хатын қорытындылай отырып, тоғыз түрлі ұсынысына қысқаша тоқталсақ: «Қазақстанда қазақ тілі заңының әділдігі бойынша мемлекет тілі болып саналып, өз орнына, төрге шығарып отырғызылып ,бұрынғы қалпына кешікпей келтіру шаралары тездеп қолға алынып,тіл бұрмалау ежелден келе жатқан ескі ауруға айналып бара жатқанын ескере отырып, іс жүзіне қатал төңкеріс түрінде арылуы жөн»,-деп, ата-баба зердесін келешек ұрпаққа жалғастыратын жалғыз ғана кілт -әр халықтың ана тілі екеніне қарапайым жұрттың біле бермейтініне, Коммунистік идеологифның бет қаратпай тұрған кезінде халықтың арман-мүддесін, қазақ тілінің тағдыры мен әдебиеті жөніндегі олқылықтар мен кемшіліктерге қатты сын, батыл да тура баға берді.

Хат соңында автор: «Қазақ тілі туралы үкімет, партия қаулысы шығып, қала қазақтарын, қазақ оқымыстыларын тәртіпке шақырып, қазақ тілін республикамызда мемлекет тілі ету заңды қажет екені даусыз керекті болғандықтан,осы күнге дейінгібұрмалап,бұзып келген мінезге,бет алысқа бұдан былай жол беру қазақ тілін архивке тапсыру болып шықпай ма ?.Мен әскеи адаммын,тіл мәселесі туралы араласарлық жөнім жоқ сияқты, бірақ та айтылған мәселелер халқымыздың жауынгерлік мінез-құлқын тәрбиелеу,салт-сана,ел-намысы, ер-намысына адамгершілік арына,жауынгерлік мұра -дәстүріне ерекше байланысты болғандықтан,көріп,біліп сезіп тура айтпағанымды өзіме үлкен ар,кешпес күнә деп түсінгендігімнен жаздым»,-депқорытынды жасаған. Бауыржан Момышұлының хатында айтқан әрбір сөзі терең ойы, бәріміз үшін баға жетпес құнды дүние. Ата тағлымын тыңдап өскен кейінгі жас ұрпақ ,көніліне тоқығаны мол әрбір қазақтың атқа мінер азаматтары Бауыржан Момышұлы зиялылардың жаңа ұрпағы бас көтермесе, қазақ халқының діні де ,тілі де салт-дәстүрі де түгелдей жоғалатынын білді.

Қазақстанның халық жазушысы Әзілқан Нұршайықов: «Баукеңнің көрегендігі: қан майданда жүріп Қазақ Компартиясы Орталық Комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі Мұқамеджан Әбдіқалықовқа хат жазды. Қазақтың салт-сана, әдет-ғұрып, ұлттық ойындарын өшірмей сақтауға жетекші болуды аманат етті. Барлығы он алты пункттен тұратын мұндай жазу Баукеңнен басқа қай полковник, подполковник,майордың қолынан келіпті», -деп ризашылық сезімін білдірді.

Тіл тірегі болған Бауыржан Момышұлы хаттарының мазмұнынан Бауыржан Момышұлының еліне -жеріне адалдығы, халық өміріне, оның өткен тарихы мен тағдырына, тіл мен дініне жанашыр-қамқор көзқарастары жан-жақты танылады.

-«Барлық өткен заманның , халық тәжіррибе-қасиеттерін, ғылыми-мәдениетін, өнеркәсібін бойымызға тарата сіңіріп, ұғындыра, ел қатарына қосып, бізді бұл дәрежеге жеткізіп отырған тіл емес пе? Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсігүнгі де тағдыры» , -деп Бауыржан Момышұлының хаттарының мазмұны терең, көзқарасы айқын, өткір ой-пікірін батыл айта білген. «Халықтың асыл қасиеттерін ана сүтімен бойына сіңірген Баукең өзіне дейінгі қазақ зиялыларының үлгісімен Кңес кезеңіндегі орыс оқуын соншама қомағайлана оқып, зейінін берсе де, дінін берген жоқ. Сондықтан да олардан дүбаралықтың құттай да белгісін таба алмайсың. Олардан ұлттық рух қалай есіп тұрса, интернационалистігі де ұлтжандылығымен әдемі үйлесіп тұратын»,-деп жазушы-драматург Елен Әлімжанов жазғандай, Бауыржан Момышұлы-орысша, қазақша, екі тілде бірдей жазатын санаулы қаламгерлердің бірі.

Бауыржан Момышұлы атақ та байлық та іздеген адам емес.Ол халықтың еркіндігінің, тілінің тазалығын, ұлттың мықтылығын көксеп өтті. Батыр деген атақты да халық берді. «Қазақ халқының Қаһарман ұлы Кеңес дәуіріндегі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты , Қызыл Ту,Еңбек Қызыл Ту,Халықтар достығы, 1-ші дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, Құрмет белгісі» сияқты орден-медальдармен марапатталса,1990 жылы Бауыржан Момышұлының 80 жыл толуына орай Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысы бойынша гвардия полковнигіне кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сол сәтте Елбасымыз нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бауыржан жұлдызды болған күн-Қазақтың жұлдызы жанған күн», -деп толғана айтқан еді.Бауыржан Момышұлының «Әділет қашанда жеңеді,ол кешіксе де келмей қоймайды»,- деген сөзі шындыққа ұласты.

Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде.

Деп жылап сорлы қазақ мен өлгенде

Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,

Тарихтың түкпірінен сөз келгенде,-деп жазған (6.12.1947) Баукеңнің рухы мәңгілік ел есінде болары даусыз. «Мен өмірден кетемін ол- заңдылық. Кетпейтін ешкім жоқ. Бірақ мен өлілердің ішінде кетпеймін тірілердің бірі боламын.Менің рухым халқымның есінде қалады»,-деп көрегендікпен болашаққа сенім артқан.

Бауыржан Момышұлының халқымыздың тарихы мен әдебиеті, әлеуметтік жағдайы, адамгершілік мінез-құлық т.б. алуан түрлі мәселелер туралы жазғандары ұшан-теңіз. «Өмірімнің өзі дастан»,-деп айтқан Бауыржан Момышұлының өмірі,қызметі, ақыл-парасаты бір дастанға сыймайды. Оған Баукеңнің Ілияс Омаровқа жазған хатында: «Тарих қадірлейді. Мен бұған сенімдімін.» Мен өлгеннен кейін менің материалдарымнан 50 кандидаттық, 10 докторлық диссертациялар қорғалады. Бұған мен сенемін. (ҚРОММ 2066 қор 1тізімдеме.306 іс №79 п)-дегені дәлел.

Бауыржантанушы Мекемтас Мырзахметұлының: «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақ қаламгерлерінің ішінде өз ұлтын Бауыржан Момышұлындай сүйетін жазушы жоқ, -деуі тегін емес. Заманынан озып, дәуірінен асып туған бауыржан Момышұлының еңбектерінен ғылым кандидаттары мен докторлары шығып, бауыржанның айтқаны шындыққа айналды. XXI ғасырдың хас батыры Бауыржантану ілімінің көкжиегін кеңейтумен бірге өрен тұлғаның турашылдығы, бүкіл ерлігі ұрпаққа үлгі бола бермек», -деген ойымен түйіндейік.

Бауыржан Момышұлының есіміне қатысты деректер, артына қалдырған бай мұрасы-бүгінгі, ертеңгі ұрпақ үшін үлкен қазына. Оның ұлттың патриоттық рухын көтеретін еңбектері мен асыл қасиеттері бүгінгі ғана емес ,ертеңгі ұрпақтың санасында мәңгілік сқтала бермек.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.М.Мырзахметұлы. Батыстан жеткен жат мінез бас көтертпей барады: «Егемен қазақстан»газеті, 17.07.2010 ж

2.Әлімжанов. Бауыржан Момышұлы -көп қырлы қоғам қайраткері: «Ақ жол »газеті, 05.01.2010 ж.











© 2010-2022