Сын есім туралы түсінік

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ПӘН: қазақ тілі СЫНЫП: 6 « »

ӨТІЛЕТІН КҮНІ:

САБАҚ РЕТІ: №

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. Сын есім туралы түсінік.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: сын есімді меңгерту.

1. БІЛІМДІЛІК: сын есімге тән маңызды белгілері жайында түсінік беру.

2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: ойлау, есте сақтау, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.

3. ТӘРБИЕЛІК: қазақ тілі сабағына деген қызығушылықтарының артуына жағдай тудыру.

САБАҚ ТҮРІ: жаңа сабақты меңгерту сабағы.

ӘДІС -ТӘСІЛДЕРІ: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, бекіту.

КӨРНЕКІЛІГІ: оқулық, грамматикалық кестелер.

САБАҚ БАРЫСЫ:

САБАҚ КЕЗЕҢДЕРІ:

ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ:

I . ҰЙЫМДАСТЫРУ

КЕЗЕҢІ:


II. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН

СҰРАУ:



III. ЖАҢА САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫН, МАҚСАТЫН ХАБАРЛАУ :













ІV. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:


V. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

БЕРУ:

VІ. ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ:


  1. Оқушылармен амандасу:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

  • Отырыңдар.

  1. Кезекшімен сөйлесу:

    • Сыныпта кім кезекші?

    • Бүгін сыныпта кім жоқ?

    • Оқушылар сабаққа дайын ба?

    • Үйге қандай тапсырма берілді?

Үйге: Өткенді қайталап келу берілді. Сұрақтарға дұрыс жауап беруге, өз ойларын толық түрде жеткізе білуге дағдыландыру.

Ой қозғау:

  • Тіл адамға не үшін қажет?

  • Тілдің қандай қызмет атқарады?

  • Қазақ тілінің құдіреттілігі неде деп ойлайсыңдар? Т.б.

Қайталау сұрақтары:

  1. Мәтін дегеніміз не?

  2. Мәтін мен сәйлемнің айырмашылықтары қандай?

  3. Мәтіндегі негізгі ойды қалай ажыратамыз?

  4. Сөз таптарының реті қандай, ол нендей заңдылықтарға сүйенеді?

  5. Зате сім дегеніміз не?

  6. Зат есімнің қандай түрлері бар?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Сын есім туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты: сын есімді меңгеру.


Сын есім

Сын есім туралы түсінік


Түрлері

Мысалдар

Мағынасына қарай: Сапалық

Қатыстық

Тұлғасына қарай: Негізгі

Туынды

Құрамына қарай: Дара

Күрделі

Сұрақтары: қандай? қай?

ақ, қара, әдемі

тұзды, майлы, өңді

жақсы, сұлу, алкен

таулы, шуақты, қысқы,

мол, нәзік, тар

ұзын бойлы, қызыл ала

Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі:

Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй (Абай). деген сөйлемдегі жақсы, тәтті сөздері қандай? деген сұраққа жауап беріп, жақсы әннің сипатын, тәтті күйдің сапасын білдіріп тұр.

Осындай, заттың сынын, сипатын, түрін, көлемін, сапасын, дәмін білдіретін сөздерді с ы н е с і м дейміз.

Сын есімдер қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: биік үй, кең бөлме, қара тақта, ақ бор, жылы киім деген тіркестердегі биік, кең, қара, жылы, сөздері - сын есімдер. Олар қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп тұр.

Сын есімдер заттың мынадай мағыналық белгілерін білдіреді:

  • Заттың түрін, түсін білдіретін сын есімдер: ақ, қара, көк, жасыл, қызыл, сұр, қоңыр, сары, құла, күрең, құба.

  • Заттың көлемін, аумағын, салмағын, білдіретін сын есімдер: ауыр, жеңіл, үлкен, кіші, кең, тар, ұзын, қысқа, шолақ, алыс, жақын.

  • Заттың дәмін, иісін және басқа белгілерін білдіретін сын есімдер: ащы, тұщы, қышқыл, кермек, тәтті, дәмді, күлімсі, суық, жылы.

  • Заттың сипаттары мен сапасын білдіретін сын есімдер: жақсы, жаман, тәуір, нашар, әдепті, сыпайы, тентек, қыңыр, сотқар, қорқақ.

  • Затқа, қимыл, іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіретін сын есімдер: тасты (жер), балалы (үй), білімді (жігіт(, көтеріңкі (көңіл), сусыз (арна), қысқы (каникул), аспалы (шам).

Жаттығу жұмыстарын орындау:

128 - жаттығу. Төмендегі сын есімдерді мағыналық жағынан байланысатын зат есімдермен тіркестіріп жазыңдар.

Үлгі: салқын су, салқын ауа, салқын түн, салқын күз…

Салқын, терең, әдемі, жеңіл, ұзын, қатты, ақ, жасыл, күрең, әдепті, сабырлы.

129-жаттығу. Оқып шығып, өлең жолдарындағы сын есімдерді табыңдар, олардың мағыналық белгілерін ажыратыңдар.

Терең - қандай? сын есім, заттың көлемдік белгісін білдіріп тұр.

Қалың - қандай? сын есім, заттың салмақтық белгісін білдіріп тұр.

Сұр - қандай? сын есім, заттың түсін білдіріп тұр. т.б.

130 - жаттығу. Мәтінді оқып, сын есімдерді табыңдар да, сұрақ қою арқылы қай сөзбен тіркесіп тұрғанын анықтаңдар.

Төңірек қандай? Төңірек ылғи бір белес, ылди, ойпаң. Қандай шөп? Қалың көк шөп. Қандай шалғын? Көк шалғын. Қандай күн? Алтын күн. Қандай жерге? Сұлу жерге. т.б.

Сұрақ -жауап:

  1. Біз бүгін қандай тақырып өтті?

  2. Қандай сөз табы сан есім деп аталады екен?

  3. Сұрақтары қандай?

  4. Сын есімнің қандай мағыналық белгілері болады екен?

  5. Мысалдар келтіріңдер.

Үйге: 63-64 беттердегі 127 - 131 - жаттығуларды орындау. Сын есім туралы түсінікті қайталап оқу.

Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.

Сабаққа ынтасы төмен оқушыларға жекелеме тапсырмалар беру.


© 2010-2022