Сын есім туралы түсінік

Сын есім заттың сынын,сапасын,түр-түсін білдіреді.   Қандай?Қай? деген сұрақтарға жауап береді.   Сын есімнің сөйлемде атқаратын қызметі:            1.анықтауыш қызметін             2.бастауыш қызметін. Бастауыш зат есім орынына жүріп зат есім қызметін атқаратын заттанған сын есім атау септікте тұрып кім? Не? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш болады?Жақсы- ісімен жақсы.             3.Толықтауыш сын есім табыс,барыс,жатыс,шығыс,көмектес септіктерінде келіп заттанып толықтауышта болады:білімдіде...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сөз таптары

Сын есім

Сын есім заттың сынын,сапасын,түр-түсін білдіреді.

Қандай?Қай? деген сұрақтарға жауап береді.

Сын есімнің сөйлемде атқаратын қызметі:

1.анықтауыш қызметін

2.бастауыш қызметін. Бастауыш зат есім орынына жүріп зат есім қызметін атқаратын заттанған сын есім атау септікте тұрып кім? Не? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш болады?Жақсы- ісімен жақсы.

3.Толықтауыш сын есім табыс,барыс,жатыс,шығыс,көмектес септіктерінде келіп заттанып толықтауышта болады:білімдіден үйрен.

4.Пысықтауыш сын есім сөйлемде етістіктің алдында тұрып қимыл,іс-әрекеттің сынын білдіріп қалай? Сұраққа жауап береді:Аяулым бұл сөзді жақсы түсінді

5.Баяндауыш сын есім жіктік тұлғада тұрып,сөйлемнің соңында баяндауышта болады:Ол мұны көрмегені жақсы.

Сын есім тұлғасына қарай:

1.Негізгі-түбір сын есім

2.Туынды-жұрнақ арқылы жасалған сын есім

3.Дара-бір ғана сын есімнен сындық белгіні білдіреді

4.Күрделі-тіркескен және қосарланған сын есімнің сындық белгіні білдіруі

Мағынасына қарай:

1.Сапалық-сындық белгіні анықтайтын сын есім.

2.Қатыстық-басқа сөз таптарынан жасалған туынды сын есім

Сын есімнің түрлері:

1.Салыстырмалы шырай:үлкен-үлкендеу

2.Күшейтпелі шырай:қып-қызыл

Синактистік талдау:

Өнерлі бала болашағына сенеді.

Сенеді-не істеді? Баяндауыш

Бала-кім? Бастауыш

Өнерлі -Қандай?Анықтауыш

Болашағына-неге?Толықтауыш

Морфологиялық талдау:

Өнерлі бала болашағына сенеді.

Өнерлі-өнер түбірі,зат есім,негізгі,дара дерексіз,+лі зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақ

Бала-зат есім,негізгі,дара,деректі

Болашағына-болашақ түбірі,зат есім,негізгі,дара,дерексіз,+ы тәуелдік жалғауы,+на барыс септігінің жалғауы

Сенеді-түбірі сен,етістік,дара,негізгі,+е көсемше,+ді жіктік жалғауының III жағы



© 2010-2022