6 сыныпқа арналған қазақ тілінен сабақ жоспары Көлік түрлері

Ұлы Абай “Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады”, деп айтқаны белгілі.Адамзат баласының алтын тәжі, асылы Пайғамбарымыз Мұхаммед с.г.с хадис шарифінде былай дейді: «Адам баласының бойында бір кесек ет бар,егер сол ет дұрыс болса, сол адам дұрыс болғаны,ал егер сол ет дұрыс болмаса онда барлық дене бүлінеді». Ал ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны — мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, о...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Көлікте жүру тәртібі».

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің

белгілерімен таныстыру

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол

ережесіне арналған кітаптар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі :

Кіріспе Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.

Тақтадағы жұмбақтарды шешу:

1. Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен, (Автобус)

2.Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялайды.

Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,

Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

4. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

5. Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)

6. Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»

Мұғалім : Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын біліп , тіліп алу баршамызға керек.

1. Неге? Қалаларда, сол сияқты біздің еліміздің қала , ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни барлық жүргізушілер , көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

2. сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.

3. Жиек жол деген не ? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол .

4. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды ? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

Тақтада

Қызыл - Тоқта !

Сары - Сақтан !

Жасыл - Жол ашық!

Қызыл көзін ашқанда ,

Сынық сүйем баспа алға !

Сары көзін ашқанда ,

Қарап қалма аспанға !

Жасыл көзін ашқанда ,

Өте бергін , жасқанба !

Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп тұрады

Мұғалім : - Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?

Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса , өтіп кеткенше , сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.\

Оқушы қалай өтетінін көр сетеді.

1 Жер үсті көлігі
2. Су көлігі
3. Әуе көлігі
4. Жер асты көлігі

Қорытындылау :

Мұғалім : бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық.

Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман - есен жүрелік. Қорыта келе: Ирек - ирек көшелер, Көше деген мың ирек.


© 2010-2022