Есімдіктердің емлесі. 7 «а» - сынып

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Есімдіктердің емлесі.7 «а» - сынып

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:Тубекбаева Баян Мырзатаевна

Білімі - жоғары

Санаты - I санат

Еңбек өтілі - 17 жыл

Шығармашылық тақырыбы: «Жаңа технология әдіс-тәсілдерін

пайдалана отырып,сыни тұрғыдан ойлай оқыту тәсілі

бойынша оқушылардың білім сапасын арттыру»



Сыныбы

7 «а» - сынып

Сабақтың тақырыбы :

Есімдіктердің емлесі.

Са Сабақтың

мақсаты :

а) а) Білімділік: Оқушылардың есімдік бойынша алған білім дағдыларын деңгейлік т т тапсырмалар арқылы тексеру;

ә) Дамытушылқ: Ауызша, жазбаша сөйлеу дағдыларын, ойлау, өздігінен жұмыс

әрекеттерін, шығармашылық белсенділіктерін дамыту арқылы жан-жақты

тұлға қалыптастыру;

б) Тәрбиелік:Басқаның жауабын тыңдай білуге,бірін-бірі бағалауға өз ойын еркін

жеткізе білуге,тіл мен әдебиетке деген қызығушылығын тудыра

білуге, қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың әдісі.

деңгейлік тапсырма

Сабақтың көрнекілігі:

И нтербелсенді тақта

Сабақтың

барысы:

Эпиграф

Негізгі бөлім





Постер құрау

7 минут

Постер қорғау

3 минут

Деңгейлік

тапсырма.

а) а) Ұйымдастыру кезеңі :

ә) Негізгі бөлім:

Білімді,сауатты адамдар - бұл XXIғасырда

адамзат дамуының негізгі қорғаушы күші.

Н.Ә.Назарбаев

Есімдіктің емлесі

  1. 1.Жіктеу,сілтеу,сұрау,өздік,жалпылау есімдіктері негізгі түбір сөздер

  2. болғандықтан,дара есімдіктер болып саналады.

  3. Мысалы:мен,сен,сіз,ол,бұл,ана,сол,қанша?қалай?бәрі,түгел,өзім т.б.

  4. 2.Еш,әлде,әр,кей,қайсы,бір сөздері мен басқа есімдіктердің бірігуі арқылы

  5. жасалған болымсыздық,белгісіздік есімдіктері күрделі есімдіктер болып

  6. есептеледі,олар бірге жазылады.

  7. Мысалы:ешкім,ешқашан,ешбір,әлдекім,әрбір,кейбір,әрқалай,әрқашан т.б. 3 3 .Еш,әлде,әр,кей,бір,қай сөздері басқа сөз таптарымен (зат есім,кейде

  8. қатыстық сын есімдермен) тіркесіп қолданылады да, бөлек жазылады.

  9. Мысалы:еш уақытта,әр адам,кей шақта,бір мезгілде т.б.

Жыр шумақтарынан есімдікті тауып,емлесін түсіндір.

Х Халқым айтқан: «Жер көтерер ел даңқын»,

Е Елім айтқан: «Ел көтерер жер даңқын».

Аман болғай Президентіміз әрқашан,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Тауларың бар таңырқатқан шыңымен,

Ұл-қызындай даламыз бар- ұлы кең.

Алдарыңызда басымды иіп, қазағым,

Құттықтаймыз Бірінші Президент күнімен!

1 1 - топ - Моя страна

2 - топ - Мой Президент

3 - топ - Еліміздің рәміздері

4 - топ - Менің тілім

« Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан » тақырыбындағы слайд көрсету.

1 1 - деңгей. « Жүйрік болсаң,шауып көр » - " Блиц-турнир "

1 1. Болымсыздық есімдігін атаңыз.

А. бірнеше

Ә. сізге

Б. ешкім

2 2. Сөйлемде есімдіктің қай түрі бар?

Өзіңді зор тұтпа,

Өзгені қор тұтпа.

3. Жалпылау есімдігі бар сөйлемді табыңыз.

А. Ешкімге тіл тигізуші болма.

Ә.Мен Отанымды қастерлеймін

4 4. Жалпылау есімдігі бар сөйлемді табыңыз.

А. Ешкімге тіл тигізуші болма.

Ә.Мен Отанымды қастерлеймін.

5. Семантикалық картамен жұмыс.

2 - деңгей. « Мықты болсаң,тауып көр » - " Іздену "

№ 1 Берілген есімдіктерді қатыстырып сөйлем құраңыз. Еш уақытта,әр адам,кей

шақта

№ 2 Еш, әр, кей сөздері қай кезде бірге, ал қай кезде бөлек жазылатынына

мысал келтіре отырып, дәлелде.

№ 3 Тұлғалық жағынан біріккен сөздер болып келетін есімдіктер қайсы?

№ 4 Көп нүктенің орнына қай есімдік лайықты?

... елің - алтын бесік .

... өлсең де достарыңды жауға берме.

3 - деңгей. « Ойлы болсаң,озып көр » - " Шығармашылық "

Есімдіктерді қатыстырып "Менің елім" тақырыбына мәтін құра

Қорытынды:

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры

ұстаздардың қолында» Н. Ә. Назарбаев

Ге Үйге тапсырма:

"Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан" тақырыбында шығарма жазу.

Бағалау:

Әр топтағы бағалаушы оқушылар білімдерін бағалайды.



© 2010-2022