Сабақ жоспары «Табу» 5 сынып

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. - Балалар бүгін біз сендермен Табу сөзінің мағынасы жайлы түсінік аламыз,  сөйлемнің жасалу жолын қайталаймыз,     «Амандасу тәсілі» Қызыл қол, сары қол, жасыл қол. Қызыл қол - қол алысу, Сары қол - төс қағысу, Жасыл қол - арқа түйістіру. Машина суреті бар суреттерді қиықшаға бөліп, жинастыру арқылы екі топқа бөлу. Топ ережесін құру. Қағ...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алакөл ауданы Үшарал №2 орта мектеп

12.11.2013 жыл

5 «а» сынып № 28 сабақ 2- тоқсан

Сабақтың тақырыбы:

Табу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға табу туралы және оның мағыналық, құрамдық түрлері жайында лингвистикалық білім беру, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту,

оқушылардың тыңдау, сөйлеу мәдениеті дамиды, жаңа сөздерді қолдана отырып, сөйлем құру дағдылары қалыптасады.

ТәрбиелікТоптық жұмыста бірігіп жұмыс істеу барысында оқушылар ұйымшыл болуға, бір-бірінің ойын тыңдауға, өз ойын еркін айтуға дағдыланады.

Сабақтың міндеттері:

Білу. Оқушылар айтуға тыйым сөздердің қолданылуын біледі.

Түсіну. Табу сөзінің мағынасын, және тууын түсінеді.

Қолдану. Күнделікті өмірде тыйым сөздерді алмастырып қолдану жолдарын , немесе өзгеше айтуды үйренеді

Талдау. Тыйым салынған сөздердің мағынасын түсіп, қолданыстарды тауып, тыйым сөзге жататынын, жатпайтынын түсіну

Жинақтау.Қазақ халқының келіндері неге қайын жұртының атын атамайды? Немесе жаман аурудың атын атауға тыйым салынған?

Бағалау. Дәстүрдің озығы мен тозығын қалай бағалайсың?

Сілтеме:

Александер (2008) диалог түрінде оқыту,

Выготский (1934) Жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА) Мерсер (2000) әңгіме-дебат

Қолданылған модуль түрлері:

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтері, диалогтық оқыту, оқудағы жаңа тәсілдер, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Күтілетін нәтиже:

1. Оқушылар табу арқылы тыйым сөздердің мағынасын түсінеді.

2. Табу сөзінің мағынасы жайлы өз ойларын айтады.

Сабақ түрі:

Жаңа білімді меңгерту

Көрнекілігі:

Суреттер, кеспе қағаздар, флип-чарт, маркерлер, стикерлер, дискриптор.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

- Балалар бүгін біз сендермен Табу сөзінің мағынасы жайлы түсінік аламыз, сөйлемнің жасалу жолын қайталаймыз,

Оқушылар мұғаліммен сәлемдееді. Назарларын мұғалімге аударады.





ІІ. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

«Амандасу тәсілі»

Қызыл қол, сары қол, жасыл қол.

Қызыл қол - қол алысу,

Сары қол - төс қағысу,

Жасыл қол - арқа түйістіру.

Оқушылар үш тәсіл арқылы бір-бірімен амандасады.

ІІІ. Топтастыру.

Машина суреті бар суреттерді қиықшаға бөліп, жинастыру арқылы екі топқа бөлу.

Топ ережесін құру.

Қағазға жазып, тақтаға іліп қою.

Қиықшаларды жинау арқылы 4 топқа бөлініп отырады.

Топ ережесін құру үшін топпен ақылдасады, ортаға салады, сынып болып топ ережесін құрады.

IV. Қызығушылықты ояту.



Слайд 3, 4.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Табу негізінен этнографиялық ұғыммен байланысты.

Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде табу деп аталады.

Мұндай тыйым салынған сөздер дүние жүзіндегі халықтардың көшілігінде кездеседі. Бұл әдет әсіресе, түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының тұрмысында көп тараған.

Қазақтың ескі әдет- ғұрпы бойынша еклін болып түскен қыз күйеуінің туған - туыстарының атын өз атауымен атамайтын болған.

Солардың әрқасысының жақындық долына, жасының үлкен - кішілігіне қарай лайықты ат қоюға тиіс болған. Мысалы: қызға шырайлым, еркежан, бикеш деген.

Қазақ тіліндегі табудың ендігі бір түрі қатал табиғи құбылыстарға, жыртқыш аңдар мен қауіпті жәндіктерге, түрлі ауруларға байланысты қалыптасқан. Мысалы: шешек ауруының атын атаудан қорқып, оны «қорасан» деген

Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

І топ

1.Төмендегі сөйлемдерден табу сөздерді тап.

Ауыл сонда күзекте шығар деймін. Бақа шешей бар, Көзейқараның үйіндегі келін бар - бәріміз Қосөтердегі ағаштан шөпшек тереміз деп шықтық...

ІІ топ

1.Табуға мысалдар жаз.

2. Табуға байланысты пайда болған синонимдерді жаз.

Үлгі

Жоғалған мал - қолды болды.

Жылан - түйме, ала жіп - ұзын құрт.

ІІІ топ

1.Табудан синоним сөздердің айырмашылығын айт және оларды мысалмен дәлелде.

2.Қазақтың салт - дәстүріне байланысты ойтолғау жаз.



It is a transport. It is comfortable and convenient. If you want to go travelling in a car, you can stop where you want and have a rest. It is very cheap way of travelling.



A pessimist is a person who always expects bad things to happen.

An optimist is sure that the future will be happy, and expects good things to happen.

V. Мағынаны тану.

Оқушылар тапсырмалар беріледі.

І топ

1.Төмендегі сөйлемдерден табу сөздерді тап.

Ауыл сонда күзекте шығар деймін. Бақа шешей бар, Көзейқараның үйіндегі келін бар - бәріміз Қосөтердегі ағаштан шөпшек тереміз деп шықтық...

ІІ топ

1.Табуға мысалдар жаз.

2. Табуға байланысты пайда болған синонимдерді жаз.

Үлгі

Жоғалған мал - қолды болды.

Жылан - түйме, ала жіп - ұзын құрт.

ІІІ топ

1.Табудан синоним сөздердің айырмашылығын айт және оларды мысалмен дәлелде.

2.Қазақтың салт - дәстүріне байланысты ойтолғау жаз.


Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, өз флип-чарттарын қорғап қабырғаға іліп қояды.

VI. Ой қозғау.

Ескі дәстүрге байланысты тыйым сөздерді қолданып, мысалдар жазу.



VII

101 -жаттығу

Мәтінді оқып, табу сөзін тауып, түсіндіру

Оқушылар сөйлемдер құрастырып, тақтаға іліп, аударып, мағынасын айтады.

VIII.Топпен жұмыс.

Топ басшыларын шақырып тыйым сөздерден жарыс ұйымдастыру.

IХ.Таныстырылымды қорғау.

Ескі наным бойынша табиғаттағы адамға зиян келтіретін сөздерді жазу

Оқушылар өз таныстыры- лымдарын қорғайды.

Х.Сабақты қорыту.

ХІ. Бағалау.

Мұғалім оқушылардың білімдерін критериалды бағалау арқылы бағалайды. Критериалды бағалауды мұғалім өзі құрып келеді. Бағалау парағын оқушыларға ұсынады.

Оқушылар өз білімдерін өздері бағалайды.

ХІІ. Рефлексия.

Кері байланыс.

Бағдаршам

Қызыл көз - сабақ ұнамады,

Сары көз - менде сұрақ бар,

Жасыл көз - сабақ ұнады.

Оқушылар сабақтан алған өз әсерлерін бағдаршам түстеріне іледі.



© 2010-2022