Ақша тарихы атты тақырыпта сабақ жоспары (6-сынып)

Айы, күні, жылы.Сыныбы. Сабақтың тақырыбы. Ақша тарихы.Сабақтың мақсаты: І Білімділік Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне тән дыбыстарының айтылуы мен жазылуын қадағалау. Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру. Ақшаның шығу тарихымен таныстыру. ІІ Дамытушылық Оқушыларды сөйлету арқылы тілдік қорларын молайту, ой- өрістерін дамыту. ІІІ Тәрбиелік Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.Сабақтың түрі: Жаңа сабақСабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу. Сабақ...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Айы, күні, жылы.

Сыныбы.

Сабақтың тақырыбы. Ақша тарихы.

Сабақтың мақсаты:

І Білімділік Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне тән

дыбыстарының айтылуы мен жазылуын

қадағалау. Оқушылардың білім-білік дағдыларын

қалыптастыру. Ақшаның шығу тарихымен таныстыру.

ІІ Дамытушылық Оқушыларды сөйлету арқылы тілдік қорларын

молайту, ой- өрістерін дамыту.

ІІІ Тәрбиелік Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап, түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды түгендеу. Оларды сабаққа бейімдеу.

ІІ Үй тапсырмасы

Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау.

ІІІ Жаңа сабақ

Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, мақсатын қою.


ІV Жаңа сөздер.

Сөздік

дамуына байланысты -развития

қажеттілік - необходимость

кеңінен тарады - широко распространенный

кейінірек - позже

тұрақтылықпен- устойчивость

V Дәптермен жұмыс

3- тапсырма. Берілген жұрнақтарды пайдаланып, туынды етістік жасаңдар.

Үлгі: майла, күлімде, әндет.

-ла, ле,да, де, та,те.

-лан,лен,дан,ден,тан,тен.

-а,е.

-ар, ер,р.

-ық,ік.

4- тапсырма. Берілген сөздерді септеңдер.

Ақша,еңбек,кредит.

VІ Тақтамен жұмыс

Берілген сөздерді септеу, фонетикалық талдау жасау. Шаруашылық,сауда, ақшалай, қажет, ұлтым.

VІІ Оқулықпен жұмыс

  1. тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңдар.

Ақша тарихынан

Ақша адамдар натуральды шаруашылық жүргізген кезден белгілі. Еңбектің бөлуіне және өндіргіш күштің дамуына байланысты қоғамда еңбек өнімдерін айырбастау орын алды. Ол қазір «бартер» деп аталады.

Айырбастау операциясының дамуымен қатар алғашқы ақша деген қажеттілік те өсе бастады. Осы кезде «тауар» ақшасы кеңінен тарады. Кейінірек алтын,мыс, қола, күміс ақшалары соғылды. Алғашқы қағаз ретінде «вексель» пайдаланылды. Францияда кредит ақша банк билеті түрінде 1776жылы шыға бастады. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы «теңге» 1993 жылы пайда болды. Содан бері ол өзінің қызметін айтарлықтай тұрақтылықпен орындай келді.

2- тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Ақша қай кезде пайда болды?

2. «Бартер» деген ұғымды қалай түсінесің?

3. Бұрынғы заманда ақшаның орнына не пайдаланған?

4. 1776 жылы Францияда ең бірінші не басылып шықты?

5. ҚР-ның ұлттық валютасы қашан енгізілді?

VIII Шығармашылық жұмыс


IX Қорытынды

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеремін.

X Бағалау

Оқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау.

XI Үй тапсырмасы

1, 2 тапсырма.


© 2010-2022