Проект «» Қыстайтын құстар

Түсінік хат   Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым . Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам  табиғатты қасиет тұтады. Табиғат -  тіршіліктің құт-берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Экологияны қорғау, табиғатты сақтау қазіргі жастардың қолында. Табиғат – баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен әстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді. Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құ... «Ғажайып құбылысқа қарай тұрып және ол туралы тыңдай жүріп  адам дами түсінеді. Сұлу бейнелерден біз сұлу, яғни жақсы ойларға   берілеміз. Ал сұлу өмірден – абсолюттік сұлулыққа көшеміз» деді Абай  38-қара сөзінде. Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер  мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне шығуы - білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. Бізді қоршаған табиғаттың... Құстар – табиғаттың көркі! Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Бейне біздің аспан Әлеміндегі қорғаушымыз сияқты. Сияқты емес солай да. Себебі көк аспан олардың туған мекені. Көкті құссыз, құсты көксіз елестету қиын. Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады. Біз көкке қарағанда көзіміз ең әуелі ұшқан құсқа түседі. Көп жағдайда күйкі тірлікпен олардың тыныс - тіршілігіне мән беріп, тіпті көкке көз тастап, бір де қарамаймыз. Ал, олардың көкте ... Құстарға қызығып қарамау мүмкін емес. Өйткені құстар әуезді сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы бейнесімен орманның, саябақтардың, шалғындардың сәнін келтіреді. Құс атаулының бәрі пайдалы. Құстардың қайсысын болса да қорғау керек. Құстардың саябаққа, бау-бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға жем шашу, жазда ұялайтын үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау — табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білудің негізгі шарты. Құстардың ұясын бұзып, жұ...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әулиекол ауланының әкімдігінің «Айгөлек»

Әулиекөл балабақшасы МКҚК


ЭКОЛОГИЛЫҚ ЖОБА


«ҚЫСТАЙТЫН ҚҰСТАР»

(2 - кіші топ)



Дайындаған: тәрбиеші

Жумабекова Сағыныш Бағытжановна







2013 жыл


Проект «»Қыстайтын құстарПроект «»Қыстайтын құстарПроект «»Қыстайтын құстар

Жоба құжаты



Жоба түрі: еліктеу-атқарушы (подражательско-исполнительский)

Түрі: топпен

Өткізілуі түрі: іс-әрекеттер, әңгімелер, бақылаулар, серуендер, дидактиқалық және театралдық ойындар, ойын-сауықтар, тәжірибе және еңбек қызметі, көркем шығармалармен таныстыру, видеофильм және бағдарламалар қарау.

Жобаның орындалу уақыты: (3 ай)

Өткізілетін орны: балабақша, музыка залы, топ бөлмесі, топ аланы, отбасы.

Баланың жасы: 3 - 4 жас.

Өзектілігі: Табиғат - баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен әстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді. Бұл жоба экологиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныстыруға, сонымен қатар балаларға экологиялық тәрбие беруге өте тиімді. Жыл мезгіліне қарай құстарды бақылауға жол ашады.

Жобаның қатысушылары: балалар, тәрбиеші, ата - аналар.

Жобаның мақсаты: Табиғат туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.

Құстардың қысқы тіршілігі туралы ұғымын кеңейту. Құстарға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу, еңбекке баулу.

Жобаның міндетері:

1. Табиғаттағы құстарды табиғат бұрышын мекендеушілердің өмірімен салыстырып, бақылауға үйрету.

2. Тәжірибе нәтижесі арқылы балалар мен ата-аналарды табиғатпен таныстыру.

3. Құстарды күтудегі туралы түсініктерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

  • балаларда қыстайтын құстар туралы білімдерін қалыптастыру;

  • бірлескен жұмыс арқылы қыстайтын құстарға не керектігін түсіндіру;

  • табиғаттқа деген өз көзқарасын қалыптастыру;

  • экологиялық тәрбие арқылы балалардың өз еліне, жеріне деген махаббатын, қызығушылығын суреттер, мүсіндер, жапсыру жұмыстарында көрсету.

Түсініктеме

«Ғажайып құбылысқа қарай тұрып және ол туралы тыңдай жүріп

адам дами түсінеді. Сұлу бейнелерден біз сұлу, яғни жақсы ойларға

берілеміз. Ал сұлу өмірден - абсолюттік сұлулыққа көшеміз» деді Абай

38-қара сөзінде.

Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер

мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне шығуы - білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.

Бізді қоршаған табиғаттың өзі адамзат баласының алдына айнала қоршаған әлемді жаңаша қабылдауға қабілетті, жаңаша ойлайтын, жан-жақты білімді «Жаңа адамды» тәрбиелеп шығару міндетін жүктеп отыр.

Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Жаңа заман баласы - бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ. Осыған орай, жаңа бағдарламалар әзірленуде.

«Зерек бала» бағдарламасының

Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың экология саласы бойынша қарапайым ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

- қоршаған әлемдегі заттарға танымдық қызығушылықтарын арттыру;

- өсімдіктер мен жануарлар әлемі, табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін кеңейту;

- қоршаған әлемді түсінуге, қабылдауға оң көзқарастарын тәрбиелеу.

Мазмұны:

Балалардың өсімдіктер, жануарлар, адамдар (олардың жаны бар, тамақты, су мен ауаны сонымен қатар қамқорлықты да қажет ететіндігі) және өлі табиғат нысандары (су, ауа, жер - олардың да қамқорлықты қажет ететіні) туралы түсініктерін кеңейту.

Табиғат нысандары мен құбылыстарын (жануарлар мен өсімдіктер, жапырақтың түсуі, қардың жаууы, жауын-шашын, жел) бақылауға және осы нысандар мен құбылыстардың (күзде құстар жылы жаққа ұшып, жануарлар қысқа дайындала бастайды, көктемде қар ериді) арасындағы байланыстарды көре білуге үйрету.

Балаларды табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен мекендеушілерге (құстар мен балықтар) қолдарынан келгенше қамқорлық жасауға үйрету.

Балаларды қоршаған әлемге қамқорлықпен қараудың үлгілерін (гүлдер мен жапырақтарды жұлмау, бұтақтарды сындырмау, қыста құстарға жем беру) көрсету.

Жобаның орындалу қызметі: суреттер, балалардың жұмыстары; ата-аналармен балалардың бірлесіп жемсалғыш жасау; құстарды тамақтандырып тұрған балалардың суреттері; жоба уақытында жиналған жем.


ЖОБАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

Білім саласы

Жұмыстың түрлері мен әдістері

Таным

Іс әрекеттер: «Қысқы қонақтар»,

«Құстар біздің досымыз» «Қыстайтын құстар».

Серуендер.

Дидактикалық ойындар: «Құстардың мәзірі»,

«Қандай құстарды қыста жемсалғыштың жанында көрмейсін?», «Төртіншісі артық».

Тамақтану уақытында құстарды бақылау.

Қысқы және жазғы уақытта құстардың тамақтануының ұқсастығы мен айырмашылығы.

Әлеуметтік

Сюжетті-ролді ойындар:

«Балабақша».

Қатынас

«Салыстырмалы бақылау: суық торғай және қарға».

Дидактикалық ойындар:

«Не қандай дыбыс береді?», «Керісінше ойлап тап»

«Бір-көп», «Сипаттап бер»,


Көркем әдебиет

Оқу: «Торғай ағаш қорғайды» Ж. Смақов, «Торғай неліктен шоқақатап жүретін болған»,

жұмбақтар мен тақпақтар, нақыл сөздер.

Шығармашы

лық

Занятия: «Жемсалғыштарды қағаздан жасау»,

«Құс» (суретеу), «Бұтақтағы шымшықтар», «Құс ауласы» (ермексаздан)


Дене шынықтыру

Қимылды ойындар: «Шымшық торғайлардың балапандары мен мысық», «Қараторғай ұялары» «Торғайлар мен автомобильдар»

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР

«Не қандай дыбыс береді?»

Мақсаты: Қыстайтың құстарды танып, атауға үйрету. Балалардың сөздік қорын дамыту.

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге құстар болып, қалай дыбыстайтындарыңды айтуға ұсынамын.

Балалар:

Мен қарға: қар-қар-қар. Мен қарқылдаймын.

Мен сауысқан: саңқ-саңқ-саңқ. Мен саңқылдаймын.

Мен торғаймын: шық-шық-шық. Мен шыңқылдаймын.

«Бір-көп»

Цель: Зат есімін көпше тұрде айтуға үйрету..

Бір қарға - көп қарға,

Бір торғай - көп торғай т.б.

«Сипаттап бер»

Мақсаты: Сипаттама беруге үйрету.

«Керісінше ойлап тап»

Мақсаты: Қарма-қарсы сөздерді айтуға үйрету.

Жалпақ түмсығы - жіңішке түмсығы,

Ұзын құйрық - қысқа құйрық т.б.

Саусақты жаттығулар

Торғай

Саусақтар - басы

Алақан - қанаты

(Алақандар өзіңе қарайды, үлкен бармақтар өрілген. Саусақтарды

қозғалту)

Ұядағы балапандар

Құс қанатын қағады

Ұясына ұшады

Бидайды қайдан алғанын

Балапандарға айтады

(Оң қолдың саусақтарын сол қолдың алақанымен қозғалдырмай

ұстау)

Қимылды ойындар

Қараторғай ұялары.


Алаңда дөңгелек шеңберлер сызылады: ойнаушылардың санынан кем болады. Бұл - торғай ұялары.Барлық балалар - қараторғай. Олар алаңда емін-еркін жүгіріп - ұшып жүреді. «Үйге қайтыңдар» деген сигнал бойынша барлығы ұяларға жүгіреді. Ал балалардың ішінен біреуі ұясыз қалады. Осылайша ойын бірнеше рет қайталанады.Тәрбиеші ойынның аяқ кезінде (балалар әлі жүгіріп жүрген кезде) тағы бір дөңгелек сызып қояды. Балалар қайтып оралған кезде, бәрінің де ұясы бар болып шығады.

Шымшық торғайлардың балапандары мен мысық.


Балалар бөлменің қабырғасына жағалай қойылған кішкентай скамейкада, үлкен текшелердің (биіктігі 15-20 см) үстінде тұрады. Бұл - үй төбесінде немесе ұяларда отырған шымшық торғайлардың балапандары. Шеткеректе мысық отырады, оның ролін балалардың біреуі орындайды. Тәрбиеші: «Шымшық торғайлар балапандары ұшты», - дейді. Шымшық торғайлар балапандары төбеден немесе ұялардан секіріп-секіріп түсіп, қанаттарын қағып, яғни қолдарын екі жағына созып, бөлменің ішінде жүгіріп жүреді. Бұл уақытта мысық ұйықтап отырады. Бірақ мысық тез ояна қалады, «мияу-мияу» деп керіліп алады да шымшық торғайдың балапандарын қуа жөнеледі. Олар үйдің төбесіне немесе ұяларына, өз орындарына бару керек. Ұстаған шымшық торғайлар балапандары мысық өз үйіне әкетеді.

Торғайлар мен автомобильдер


Алаңда үлкен шеңбер сызылған, шеңбердің сыртында торғайлардың үйлері үшбұрыш, төртбұрыштар орналасқан. Торғайлар алаңға шығып секіріп, ұшып жүреді. «Автомобильдер» деген кезде ұшып үйлеріне ұшады. Ойын ережесі бойынша автомобильдің астына түсуге, уақытында белгі бойынша қайту керек. Автомобильдер белгі берілген уақытында шығу керек.

Сергіту сәттер

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды жайайық.

Құс боп қанат қағайық,

Иілейік оңға бір,

Иілейік солға бір,

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары,төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Қарлығаш боп ұшайық

Торғай болып қонайық

Сауысқан болып секіріп

Тоқылдақ боп шұқыйық.

Торғай торғай тоқылдақ

Жерден тары шоқып ал

Бөтегесін томпайтып

Шиқ-шиқ етіп отырмақ.

Қыста қалған құстарды бақылау

(қарашаның 1-2 аптасы)


Мақсаты: Қыста қалған құстарды тани білу. Оларды атау.

Тақпақ: Жылы жаққа ұшпайтын,

Біздің жақта қыстайтын.

Құстар жүрсе жуықта,

Балалар жүр мақтанып.

Сұрақтар:

  • Қыста үйдің жанында қандай құстарды көресіңдер?

  • Адамдардың үйлеріне құстар неге келеді?

- Адамдар неге қыста құстарға жемсалғыштар жасайды?

  • Сендердің үйлеріңде жемсалғыштар бар ма?

  • Қандай тамақты құстар жақсы көреді?

Қыстайтын құстар жылы жаққа кетпейді, олар қыста да тамақтарын табады. Құстар ағаштардың бүршіктері және тұқымдармен, тығылып қалған жәндіктермен, адамдардың үйлерінің жанындағы тамақтармен қоректенеді. Құстардың жартысы суықтан өліп қалады. Адамдар қыстайтын құстарға көмек бере алады - торғайлар, суықторғайлар және шымшықтар сөкті, нанның қиқымын, шемішкені жақсы көреді,

Торғайларды бақылау (қарашаның 3-4 аптасы)


Мақсаты:

  • Қыстап қалатын құстар жайлы білімдерін толықтыру;

  • Қыс мезгіліндегі құстардың мінез-құлықтарындағы өзгешеліктер туралы түсініктерін қалыптастыру;

- құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Көркем сөз

Торғайларды қорға. Ө. Ақыпбекұлы

Шыр-шыр еткен торғайды

Қорғамасаң болмайды.

Кіп-кішкене торғайлар

Ағаштарды қорғайды.

Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Бақшамызға қонбайды.

Тәрбиеші балармен әңгімелесу өткізеді.

  • Біздерде жылы жаққа ұшпай қалған құстарды қалай атаймыз?(қыстап қалатын құстар)

  • Қыстап қалатын құстар мен ұшып кететін құстардың қандай айырмашылығы бар? (қыстап қалатын құстардың мамықтары қалың және тұмсықтары мықты болады.)

  • Қыстап қалатын қандай құстарды білесіңдер? (торғай, қарға, көгершін, шымшық, суықторғай)

  • Торғайлар қыста немен қоректенеді? (дәндермен, қалдықтармен.)

  • Қыстап қалған құстарды неге тамақтандыру керек? (қыста құстарға азық жетіспейді, ал, егер олар тоқ болса аязға тоңбайды.)

  • Құстарды бақылаған кезде олардың мінез-құлықтарынан нені байқадыңдар? (өздерінің азықтарын нан ұсақтары мен қалдықтарды, дәндерді тез табады. Тұмсықтарын қанаттарының астына тығып суықтан қорғанады)

  • Торғайлар неге адамдарға жақын маңға қоныстанады? (себебі адамдар жанында азық көп болады)

Торғай, торғай, торғайсың,

Жақын келіп қонғайсың.

Жем шашайын тере ғой

Сонда суыққа тоңбайсың.

Қара қарғаны бақылау (желтоқсанның 1-2 аптасы)

  • Қарғалардың қысқы тіршілігін бақылау;

  • Басқа құстардан айырмашылығын табу. (сыртқы түрі, дауысы, жүрісі).


Көркем сөз

Құстар қыста тоңады Ө. Ақыпбеков

Мақсаты:

Құстар қыста тоңады,

Жоқ киетін ішігі.

Желде қатты соғады,

Қарды көзге ұшырып.

Қалатындай қайта ұшпай,

Ұя тапса шаттанып.

Жем іздейді байғұстар,

Қардың астын ақтарып.

Балаларға сұрақтар:

* Балалар, сендер қарғаның қалай дыбыстайтынын білесіңдер ме? (қар...қар).

* Қарғаның түсі қандай?

* Оның басқа құстардан қандай айырмашылығы бар?

* Иә, қарға қыстап қалатын құс. Ол көбіне ағаштың басына шығып, айналаны бақылап отырады. Қарғаның мамығы қалың, тұмсығы мықты болады. Қарғалар ешқандай тамақ талғамайды, көзіне түскендердің бәрін: дәндерді, тұқымдарды, жәндіктер мен құрттарды, тіпті ұсақ жәндіктер мен құстарды да жейді.

Ырымдар

Қарға тұмсығын қанатынын астына тықса - аяз болады

Суықторғайды бақылау (желтоқсанның 3-4 аптасы)

Мақсаты:

  • Балалардың құстар туралы білімдерін толықтыру;

  • Салыстыру, талдау, қортынды жасай білу туралы білімдерін толықтыру.

Көркем сөз А. Меңдібай

Қарағай мен шыршаның

Суықтан дені тоңып тұр.

Бұл не ғажап қарасаң,

Қайыңда алма өсіп тұр!

Жақын келіп қарасам,

Көзіме өзім сенбедім-

Алқызыл болып көрінген,

Әнші құсы орманның

Суық торғай сен бе едің?

Жұмбақ

Айналаны қар басса да,

Суықтан еш тоңбайды.

Құс екенін бұл қандай,

Қане, кім болжайды?

Кеудесі қызыл әсем-ақ,

  • Суықторғайдың кеудесінің түсі қандай? (ашық қызыл)

  • Суықторғайлар жазда, көктемде, күзде қайда өмір сүреді? (қалың орман көлеңкесінде)

  • Суықторғайлар бізге қай уақытта ұшып келеді? (алғашқы аяз түскенде)

  • Суықторғайлардың балапандары қай уақытта көрінеді? (мамыр айында)

  • Суықторғайдың ысқырығы (дыбысы) ненің дыбысына ұқсайды? (флейта аспабының дыбысына-ұяң, мұңды)

  • Қандай құстар қыстан қорықпайды? (суықторғай, сарышымшық, торғай)

  • Суықторғайлар немен қоректенеді? (өсімдіктердің дәндерімен)

Зерттеу жұмысы

Құстар ізін қарау. Оларды қарға мен жануарлар (мысық, ит) іздерімен салыстыру. Қандай айырмашылығы бар?

Көгершіндерді бақылау (қантардың 3-4 аптасы).

Мақсаты:

- Балалардың құстар туралы түсініктерін бекіту (немен қоректенеді, қайда өмір сұреді, адамдар қандай көмек береді).

Сұрақтар:

- Қандай құстар біздің топ аланына ұшып келді?

- Олар қайдан келді?

- Қай жерде өмір сұреді?

- Оларды кімдер тамақтандырады??

- Құстар қандай тамақты жақсы көреді?

- Көгершін қайда мекендейді ?

- Көгершін жыл құсы ма, қыстайтын құс па?

Проект «»Қыстайтын құстар


«Балалар! Құстарды қорғаңдар - олар біздің көмекшіміз және достарымыз! Қыс уақытында, оларға тамақ аз және табуы қиын болғанда көмек беріңдер. Құстарға жемсалғыштарды жасаңдар, өсімдіктердің тұқымдарын, жидектерді, нанның қиқымын беріңдер!»


Проект «»Қыстайтын құстар

Қыста құстарды тамақтандыру уақытында келесі ережелерді сақтау керек:

  • Тамақтану уақытында жан-жақты шашпай, пакеттерді, қораптарды жерге тастамау керек. Оданда жемсалғыш жасаңдар;

  • Бір уақытта және бір жерде тамақтандыру керек. Құстар сол уақытқа үйреніп өздері ұшып келеді;

  • Құстарды күнделікті тамақтандыру керек;

  • Тамақты аз салу керек, қиын уақытта тамақтануға.




© 2010-2022