Урок по казакскому языку на тему Ыбырай – шағын әңгіме шебері

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай - шағын әңгіме шебері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Ыбырай Алтынсариннің «Шағын әңгіме шебері» екенін өз шығармалары арқылы дәлелдеп, соған оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы көз жеткізу.

  2. Оқушылардың тақырып бойынша ой тұжырымдарын, өздігінен ізденту, шығармашылық қабілеттерін, ой - өрісін дамыту.

  3. Жас ұрпақты ақын әңгімелері арқылы еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, тазалыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыларын жетілдіру сабағы.

Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы.

Сабақтың әдісі: логикалық әдіс, топтастыру, талдау, ой толғау, пікір алмасу, ізденіс.

Көрнекілігі: Ыбырай әңгімелері, итербелсенді тақта, қосымша дидактикалық материалдар.

Ұйымдастыру формасы: жаппай, топпен, жеке - дара.

Пәнаралық байланыс: тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Амандасу

Қадірменді ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Ыбырай - шағын әңгіме шебері» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер!

Білім еш арымайды, жұтқа ұшырамайды, ол мәңгі бақыт кілді

(Ы. Алтынсарин)


шебері - Ыбырайға арналған сабағымызды бастайық (1 слайд).

б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Топқа бөлу. Топ басшысын сайлау. Әр топқа бағалау парағын тарату.

Сабақтың мақсатымен таныстыру (2 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (10 мин.) (2 слайд)

І. Ой қозғау.

«Оқығанның көңілі тетік, сөзі майда»

Мұғалім: Балалар, өткен сабақта сіздер «Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығы» жайлы танысқан болатынсыздар. Бәріміз тақтаға назар аударайық.Осы тақырыптар аясында өз ойымызды ортаға салсақ.

1. Ыбырай Алтынсарин - оқулық авторы.

2. Ыбырай өлеңдерінің тақырыбы, көркемдік әлемі.

3.Марофонмен тест сұрақтары., (Үй жұмысын пысықтау)

ІІІ. Жаңа сабақ (20 мин.)

Ұлы ағартушының көрнекті прозашы ретінде әдебиетіміздің тарихынан ерекше орын алатынын таныту мақсатында жаңа тақырыпты Ыбырайдың әңгімелеріне арнаймыз. Бәріміз тақтаға назар аударайық.

ІІ. «Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда»



Тапсырмалар:

1. "Ыбырай - шағын әңгіме шебері" моделін құрастырыңдар.

2."Ыбырай - қазақ балалар әдебиетінің атасы" моделін құрастырыңдар. 3.Электронды оқулықпен жұмыс.

ІІІ. «Зерделі сұрақ, ұтымды жауап»


Тапсырмалар:

1. «Ыбырай - көрнекті прозашы» деген пікірмен келісесің бе?

2. Қалай ойлайсыңдар, Ыбырай әңгімелерінің бүгінгі күн өміршеңдігі бар ма?


ІV. «Іздеген жетер мұратқа...»

Сабақты пысықтау. Топтастыру стратегиясы

1. «Ыбырай Алтынсарин -қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты»

«Оренбурский листок» газетінен


V. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.»

Сабақты бекіту:

"Мен үшін..." әр жеке тұлғаның бүгінгі сабақ бойынша

өз ой - пікірлерін тыңдау.

1. Мен үшін Ыбырай атаның әңгімелерінің тәрбиелік мәні зор…

2. Қазағымның тұңғыш кемеңгер- ұстазы ,ойшылы - Ыбырай атаның арманына біздер жетіп отырмыз…

3. «Ғылым- жанып тұрған шырақ»,-дегендей…

Бағалау: Бағалау парақшасы бойынша бағалау.

Үйге тапсырма:

  1. "Қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер" тақырыбына эссе жазу.

  2. "Ыбырай және болашақтағы қазақ мектебі" тақырыбына пікір таласын жүргізуге сұрақтар әзірлеу.


























© 2010-2022