Өзін-өзі тану пәні бойынша Адал достық тақырыбы ( 4-сынып)

Қазақстан Республикасының  жалпы  білім  беру мектептеріне жеке пән ретінде енгізілген рухани адамгершілік негіздерінің бастауы  болып саналатын  өзін-өзі тану пәнінің  жас  буынға  берері мол, ауқымы кең.Соның  бір тарауы достық  ұғымы  ешқашан ескірмек емес. Осыны  бала  санасына  құя  білу  әр  ұстаздың міндеті деп  білемін. Баланың  жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақты  қызықты,  тартымды, интербелсенді  тұрғыдан  өткізу  үлкен шеберлік пен  білімділікті талап етеді. Жоспар   еркіндікке...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

ГСБ №20 М.Әуезов атындағы ЖББОМ

Мерзімі: 15.09.14

Тақырыбы: «Адал достық»

Құндылық: дұрыс іс-әрекет

Қасиеттер: жауапкершілік, шындықты мойындау, таңдау жасау

Мұғалім: Косжанова Т, Муратбаева Қ, Ибраева Т

Сынып: 4-сынып

Оқушылар саны: 25

Сабақтың мақсаты:

Күнделікті өмірде туындайтын жағдаяттарға байланысты дұрыс іс-әрекет жасауына бағдар беру

Міндеттері:

Қандай жағдайда да болсын шындық бәрінен қымбат тұратынын ұғыну. «Достықты өтірік сөз бұзады, сенім нығайтады» деген қағиданы ұстану

Ресурстар: интербелсенді тақта, ватман, түрлі-түсті қарындаштар, үнтаспа.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті

Сабақ барысын талдау:

Әуен ойналады.

«Когда мои друзья со мной» әнінің бейнеклипін тамашалау, сұрақтарға жауап беру

Дәйексөз.

Айнымас досы бар адам-ең бақытты адам

Халық даналығы

Әңгімелеу.

-Достықтың неше түрі бар?

«Жаман жолдас» әңгімесін оқу

-56-беттегі адал достыққа тән қасиеттерді тауып айту

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сыныпты2 топқа бөліп, келесі тақырыптарда жағдаяттарды талдау, салдыру:

1-жағдаят: Ақылбек пен Жандос бір сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Ақылбек сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң, далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Жандос та ойнап жүр екен. Олар ұзақ ойнап, үйге кеш қайтты. Жандос:

-Мен ертең сабаққа бармаймын. Үй тапсырмасын орындаған жоқпын. Мені апайға ауырып жатыр дей салшы,-деді.

*Ақылбек егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?

2-жағдаят: 4-сынып оқушылары арасында «Жігіт сұлтаны» сайысы өтетін болды. Достары Әлиханды ұсынып, сенім артты. Жарыс болатын күні Әлихан сабаққа келмей қалды. Олардың сыныптарынан жарысқа ешкім шықпады.

*Әлиханның бұл ісіне көзқарастарың қандай? Сендер оның орнында болғанда не істер едіңдер?

Достық туралы мақал-мәтелдерді аяқтау.

Топпен ән айту

«Достық» әнін шырқау

Үй тапсырмасы

«Менің досым қандай?» тақырыбына эссе жазу



«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ











«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІНІҢ ҒЫЛЫМИ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ»

КУРСЫНДАҒЫ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ





«АДАЛ ДОСТЫҚ» (4-СЫНЫП)

ҚҰНДЫЛЫҚ: ДҰРЫС ІС-ӘРЕКЕТ







Курс жетекшісі: А.Т. Сисенова



ДАЙЫНДАҒАНДАР: Косжанова Т, Ибраева Т, Муратбаева К

ГСБ №20 М. Әуезов атындағы ЖББОМ-нің бастауыш сынып мұғалімдері












15 қыркүйек 2014 жыл

Ақтау қаласы

© 2010-2022