Разработка урока по казахскому языку

Урок изучения и закрепления нового материала по теме продукты питания.  На уроке использованы различные методы и приемы: словарная работа, мотивационный момент, работа по картинкам, используется интерактивная доска, аудиозаписи. Учащиеся знакомятся с новыми словами, на уроке прорабатывается умение вести разговор в продуктовом магазине, умение задавать вопросы на казахском языке. Также было проведено повторение раздела фонетики, умение делать фонетический разбор слов, знание и умение классификаци...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:











Сабақ тақырыбы: Азық-түлік. Ілік септік





















Сабақтың тақырыбы: Азық-түлік. Ілік септік

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға азық-түлік туралы білімдерін кеңейту, ілік септігі жайлы түсінік беру. 2) Азық-түліктердің қазақша атауларын беру арқылы оқушылардың тілдік қорларын байыту. 3) Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсінік беру, сұрақ-жауап, көрсету

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, аудиожазбалар

Сабақтың барысы:

Сәлемдесу

  • Армысыз, қайырымды Аспан ата!

  • Армысыз, мейірімді Жер ана!

  • Армысыз, шұғылалы Алтын күн!

  • Қайырлы күн! Қайырлы күн!

  • Сәлеметсіз бе?

  • Есенсіз бе?

  • Амансыз ба?

Өткен сабақты қайталап кетеміз.



  1. - тапсырма Дыбыстарды қайталаңыз.Қандай сөздерді білесіз. Мысал келтіріңіз.

Ә,ы,і,о,ө,ұ,ү,ң,һ,қ,ғ



  1. тапсырма Жаңа сөздермен танысыңыз.

Жеміс-фрукты

Алма-яблоко

Алмұрт-груша

Өрік- абрикос

Шие-вишня

Көкөніс-овощи

Қырыққабат-капуста

Пияз-лук

Қияр-огурец

Сәбіз-морковь

Қызанақ-помдор

Түс-цвет

Қоңыр-корчневый

Сарғыш-оранжевый

Қышқыл-кислый

Піскен-спелый

Келі-киллограм

Келіп тұрыңыз!-приходите еще!

Саудаңызға рақмет!-Спосибо за покупку!

СІЗГЕ РАҚМЕТ!-Вам спасибо!

  1. тапсырма жаңа сөздермен фонетикалық талдау жасау

4-тапсырма. Жаңа сөздерді қолдана отырып сөз тіркестерін құрастырамыз.

Мысалы: алма-қызыл

Өрік-піскен







5 - тапсырма Әр суреттің астына атауларын жазыңыздар.

Разработка урока по казахскому языку

6 - тапсырма Сурет бойынша мәтін құрастырыңдар

Разработка урока по казахскому языку

Тыңдалым

Сөздерді тыңдаңыз және қайталаңыз.

Алма. Алмұрт. Ащы. Баға. Беріңізші. Жеміс.Кел. Көкөніс. Қырыққабат. Өрік. Пияз. Піспеген. Қышқыл. Сарғыш. Сәбіз. Түс. Шие.

Грамматикалық тақырып

Ілік септік жалғауы меншіктік мағнаны білдіреді. Әдетте ілік септікті сөз тәуелдік жалғаулы сөзбен тіркесіп қолданылады. Ілік септік жалғауы үндестік заңына бағынады.

Ілік септік



  • Жалғаулары:

-дың/- дің; - тың/ - тің; - ның/ - нің

  • Жалғаулардың жалғануы:

Жасалу жолдары

Соңғы дыбыс конечный звук

Буын

Слог

Дауысты үнді

М, н, ң

Гласные, сонорные

Ұяң з,ж,

Үнді р,л,й, у

Звонкие з,ж,

Сонорные р,л,й,у

Барлық дауысыздардан кейін және ұяң б,в.г,д


Жуан

Твердый

  • ның

Бала- ның

  • дың

Қағаз- дың

  • тың

Ат - тың

Жіңішке

Мягкий

  • нің

әке - нің

  • дің

ел - дің

  • тің

студент - тің

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойыңыз.

  1. Астанадағы «Бәйтерек...» биіктіг...- 97 метр

  2. Алма.. түс... қызыл.

  3. Санжар... дос... бар ма?

  4. Кітап... атау... қандай?

  5. Компания.. президент... кім?

  6. Сабақ .. тақырыб... қандай?

  7. Оспанов... сөз.. қысқа болды

  8. Әлібек... ата-ана... Жезқазғанда тұрады.

  9. Троллейбус ... жүргізуші... аялдаманы хабарлады.

  10. Мектеп директоры мұғалімдер... тәжірибе... туралы баяндады.

Ілік септіктегі сөздерді тауып, сөйлемдерді аударыңыз

Сен бұл әннің сөзін білесің бе?

Көйлектің түсі қызыл.

Бүгін мамырдың жетісі.

Мен жұмысқа барамын.

Францияның астанасы-Париж.

Менің анам банкіде жұмыс істейді.

Абайдың өлеңдері орыс тіліне аударылды.

Конференция тура тоғызда басталады.

Мәтінмен жұмыс

Ас-адамның арқауы

Дені сау болу үшін адамдар уақтылы тамақтануы және құнарлылығы жоғары тағамдарды пайдаланғаны жөн. Өйткені ас-адамның арқауы. Дәрігерлердің айтуынша, құнарлылығы жоғары тағамдармен қатар, жеміс-жидектерді де жиі пайдаланып отыру керек. Себебі жеміс-жидектердің құрамында адам ағзасына пайдалы көптеген дәрумендер бар. Түрлі аурудың алдын алу үшін сүт және сүттен өндірілген тағам түрлерін, етті, көкөністі, балықты, сонымен қатар теңіз өнімдерінен даярланған тағамдарды жеткілікті мөлшерде пайдалану қажет.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер

1. Сөйлемді толықтырыңыз.

Денінің саулығын ойлайтын адамдар ... пайдаланады.

А) етсіз, көкөніс пен жеміс-жидектерді

В) тек сүт пен сүттен өндірілген тағамдарды

С) көп мөлшерде балық пен теңіз өнімдерін ғана

Д) тамағын уақытымен ішіп, құнарлы тағамдарды

2. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.

А) Дәрігерлер ет адамға зиянды екенін айтады

В) Жеміс-жидек құрамында дәрумендер өте көп.

С) Аурудан сақтану үшін дұрыс тамақтану керек.

Д) Дәрігерлер жеміс-жидектің пайдалы екенін айтады.

3.Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.

А) ас, теңіз, балық В) сүт, денсаулық, дәрімен

С) тамақтану, дәрігер, теңіз Д) денсаулық, ас, тамақтану

4. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз

А) Көкөністе қандай дәрумендер бар?

В) Жеміс-жидектер денсаулыққа пайдалы ма?

С) Теңіз өнімдерінен қандай тағамдар дайындалады?

Д) Сүттен өндірілген тағамдарды жиі тұтынасыз ба?

Сергіту сәті

Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Ойын шарты: Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау.

«Адасқан әріптер» ойыны.

Т а м л ұ қ - алмұрт

Е ү к н д - ....

М і с е ж - .....

Н ө к і к і с - .....

І з б ә з - ...

Я и қ р - ....

Е и ш - ....

К ө і к - ....

з я и п - ...

Үй тапсырмасы

  1. Жаңа сөздерді жаттап келу.

  2. Жаңа сөздерді пайдалана отырып 3 сөйлем құрастырып келу.

  3. Төменде берілген класстерді толтырыңыздар.



© 2010-2022