Қос сөздер. 5 - сынып

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Сөйлем ішінен қос сөздер табуға, түрлерін ажырата білуге үйрету.Сабақтың дамытушылығы: Ауызша, жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін арттыру.Сабақтың тәрбиелігі: ізденімпаздылыққа , ұқыптылыққа , сауаттылыққа тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, ойын түрлерін пайдалану, талдау, жинақтау әдісі. Сабақтың түрі: аралас сабақ.  (Ана тілімен байланыстыру) Сабақтың көрнекілігі: Сынау жұмысы, сызба, карточкалар, кестелер. Сабақты...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер.

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Сөйлем ішінен қос сөздер табуға, түрлерін ажырата білуге үйрету.

Сабақтың дамытушылығы: Ауызша, жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін арттыру.

Сабақтың тәрбиелігі: ізденімпаздылыққа , ұқыптылыққа , сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, ойын түрлерін пайдалану, талдау, жинақтау әдісі.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. (Ана тілімен байланыстыру)

Сабақтың көрнекілігі: Сынау жұмысы, сызба, карточкалар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушының сабаққа дайындығын оқу құралдармен тексеру. Назарын сабаққа аудару.

Күрделі сөз дегеніміз не?

Олар қалай жасалады?

Біріккен сөз деп қандай сөздерді айтамыз?

Мысал келтіру.

Ойын. «Тез құра». Біріккен сөздерді туратып қандай жер - су аттарын білеміз.

Ақжайық, Жетісу, Қаратөбе Ақтөбе, т.б.

Өсімдіктер: бозжусан, қойқарақат, т.б. Құстар: суықторғай, ақшағала. Аңдар: Қарақұйрық, саршұнақ, т.б.

ІІ. Тақтаға жазылған сөздермен жұмыс.

Қора - қора қой жатыр, ішіндегі Осы өлең жолдарының

Қарын - қарын май жатыр.

Түйе - түйе жүк жатыр, Күрделі сөздерді табу.

Ауыл - аймақ ел жатыр.

ІІІ. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтың 78 бетін ашыңдар. 241 жаттығудағы бағандардағы сөйлемдерді оқи отырып, қарамен жазылған сөздерді салыстыру, мағыналарына назар аударту.

Екі бағанда да қарамен жазылған сөздердің солай мағынасын өзгертпей айтуға болатынына көз жеткізуге, мәтіннің мағынасы сақталып тұрғанына назар аударту.

ІҮ. Бүгін біздер күрделі сөздің бір түрі Қос сөздермен танысамыз.

Сызбамен жұмыс. Плакаттағы сөздердің жасалу жолдарын түсіндіру. Назарларын аударып, есте сақтауларын талап ету.

Ү. Оқулықпен жұмыс. 242 жаттығудағы қос сөздерді теріп жазу.

Мысалға: буып - түйіп, ыдыс - аяқ, шығар - шықпас, айқұш - ұйқыш, әлсін - әлсін, бес - алты, ойдым - ойдым, саз - батпақ, ара - арасы, тура - тура.

Айқұш - ұйқыш қос сөзіне назар аударту.

Алдыңғы (айқыш) сыңарының мағынасы түсінікті, бірақ соңғы сыңары жеке түрде қолданылмайтын, әрі мағынасы түсініксіз қос сөздер болатындығын, олар мағынасы көнерген, немесе басқа тілден енген синонимдес сөздер екенін айтып ашу.

Осы жерде сызбаның екінші бетін пайдаланып, түсіндіріп өту.

ҮІ. Сергіту сәті ретінде халық өлеңін дауыстап оқытып шығу.

Оқып болған соң осы өлеңнің ішіндегі қос сөздердің есте қалғандарын дәптерлеріне жаздырту.

Жымың - жымың күлдірген,

Жып - жылмағай малта ғой.

Малта - малта малтақой,

Қайдан шықтың айта ғой.

Тентек піспек түскені - ай,

Күлдір - күлдір піскені - ай!

Пісіп - пісіп толқыды,

Бетіне май көлкіді.

ҮІІ. Бәріне тапсырма.

- санда күте - тіп -

- шыға сылдыр - сүп -

- шашын рет - қып -

- терсек кезек - дүп -

ҮІІІ. Терме диктанты. (Қос сөздерді теріп жазу).

Мөлдір аспанда шөкімдей бұлт жоқ. Жол шетінен анда - санда шоқ - шоққайың кездеседі. Тасболат пен Темірбек жан - жағына ерінбей қарауда. Теңіз толқынындай Көктөбе бейнесі өркеш өркеш болып көрінеді. Одан әрі Көксу көз тартып тұр. Таулар кезек - кезек қалпымен бізге қол созғандай болады.

ІХ. Тест. (Тексеру.) Қорытындылау.

Х. Сонымен, балалар, біз бүгін қандай немен таныстық?

(Уақыт қалып жатса «Қуаласпақ» ойынын ойнату)

І қатар - қосарлану арқылы Бәрі күшейткіш буындар арқылы

ІІ қатар - қайталану арқылы болатынына мысалдар келтіру

ХІ. Бағалау.

Үйге: 244 жаттығу. Ережені жаттау.

Қос сөзді орнымен қолданған сөз әсерлі, суретті бола түседі, сөйлеушінің (жазушының) көңіл - күйін, сезімін айтып, жеткізуде де қос сөздердің орны бөлекше



© 2010-2022