Урок Сұрау есімдігінің түрленуі

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Сұрау есімдіктерінің түрленуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Сұрау есімдіктерінің түрленуі, ерекшеліктерін ұғындыру және

оқушыларға сұрау есімдіктерінің тәуелденуін, септелуін ұғындыру,

ерекшеліктерін байқату.

Дамытушылық - оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сабаққа деген

ынтасын, қызығушылығын арттыру, өз бетімен және топпен жұмыс істеуге баулу.

Тәрбиелік - оқушыларды сауаттылықа, ұқыптылыққа, адамгершілік қасиеттерге

тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: түсіндіру, баяндау

Сабақтың барысы:

Ι. Ұйымдастыру кезеңі:

ΙΙ. Үй тапсырмасын сұрау.

ΙΙΙ. Жаңа сабақ түсіндіру.

Сабағымыздың мақсаты сұрау есімдіктерінің тәуелденуі мен септелуін ажыратып, түсініп, оның ерекшеліктерін байқау және осыған байланысты жаттығу жұмыстарын орындау.

Сұрау есімдіктері зат есімнің орнына жүріп, зат есімше тәуелденеді және септеледі,жіктеледі.


Сұрау есімдігінің тәуелдену үлгісі


Тәуелдену

Жақ

Кім?

Не?

Қайсы?


Оңаша

І менің

ІІ сенің сіздің ІІІ оның

кімім? кімің?

кіміңіз?

кімі?

нем?

нең?

неңіз?

несі?

қайсым?

қайсың ? қайсыңыз ?

қайсысы



Ортақ

І біздің

ІІ сендердің

сіздердің

ІІІ олардың

кіміміз?

кімдерің?

кімдеріңіз?

кімдері?

неміз ? нелерің?

нелеріңіз?

нелері?

қайсымыз ?

қайсыларың ?

қайсыларыңыз ? қайсылары ?


Септелу үлгісі


Атау септік

Ілік септік

Барыс септік

Табыс септік

Жатыс септік

Шығыс септік

Көмектес

не?

ненің ?

неге?

нені?

неде?

неден?

немен?

кім?

кімнің?

кімге?

кімді?

кімде?

кімнен?

кіммен?

нешеу?

нешеудің?

нешеуге?

нешеуді?

нешеуде?

нешеуден?

нешеумен?

Сұрау есімдіктерінің жіктелуі

Мен кіммін?

Сен кімсің?

Сіз кімсіз

Ол кім?


  1. 83- жаттығу (ауызша талдау)

Мәтінді оқып, жіктеу, сілтеу есімдіктерін табу және олар қандай тұлғада тұрғанын көрсету.

  1. 101 - жаттығу жазбаша.

ΙV. Бекіту.

Үлестірмелі парақшалар.

  1. Сол, бұл, ана сілтеу есімдіктеріне сөйлем құра.

  2. Мен мұнда бұрын болмаппын. Бұл ғажап екен. Менің жүрегімде бір үлкен сезім қалды.

Мына сөйлемдердің ішінен сілтеу және жіктеу есімдіктерін тап.

  1. Мен сіздерді көргенім қандай тамаша. Бұған өзім де сенер - сенбестей болып аң - таң қарап қалыппын.

  2. Мына сөйлемдердің ішінен жіктеу есімдігін тап.

V. Үй тапсырмасы: 86,85 - жаттығу.

VΙ. Бағалау.


© 2010-2022