Визуал бейсик план конспект

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Практикалық сабақ №1

Сабақтың тақырыбы: Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер.

Сілтеуіш (Проводник) программасы.

Мақсаты: Операциялық жүйе. Windows операциялық жүйесі және оның негізгі

Объектілері (бума, файл) ұғымдарымен танысу, бумамен, файлдармен, «Сілтеуіш»

программасымен жұмыс жасап үйрену .

Негізгі ұғымдар:

Операциялық жүйе қолданушылармен сұхбат ұйымдастыруды,

компьютердің аппараттық және олардың өзара үйлесімді жұмыс жасауын

қамтамасыз ететін программалар жиынтығы.

Windows - IBM PC платформалы компьютерлерге арналған алғашқы

графикалық операциялық жүйелердің бірі. Мұндағы ең қарапайым және негізгі

басқару құрылғылары болып тышқан және пернелік тақта есептеледі. Windows

жүйесінің көмегімен компьютерді басқара отырып, шағын локальдық желінің

қызметін ұйымдастыруға болады және мұнда Интернет желісімен кіріктелу

мүмкіндігі де қарастырылған.

Файл деп логикалық байланысқа не сыртқы жадының мәліметтер немесе

программалар жиынтығы орналасқан, өз алдына дербес аты бар атаулы бөлігін

айтады. Құрылған файлға ат беріледі және ол файлдық жүйеге тіркеледі.

Файлдың аты екі бөліктен тұрады: файлдың атауы және файлдың кеңеймесі

(типі), олар бір-бірінен нүкте арқылы ажыратылады.

Бума (папка, каталог) - бір дискіде орналасқан, белгілі бір қажеттілік

бойынша бір топқа біріктірілген файлдар жиынтығын атау үшін қолданылатын

Windows жүйесінің негізгі объектілерінің бірі. Мұндай қызмет атқаратын

объектіні MS DOS жүйесінде каталог деп атаса, қазіргі Windows жүйесінде

бума деп атайды. Бумада тағы да басқа бумалар, файлдар орналасуы мүмкін.

Бумалардың қызметі - есте сақтау құрылғыларында сақталатын өте көп

файлдардың арасынан қажет файлды тез іздеп тауып алу үшін, олардың белгілі

бір ретпен бағынышты немесе сатылы иерархиялық құрылымда орналастыру.

Жарлық (Ярлык) - нақты бір объектіге апаратын жол (маршрут, путь)

саталатын, бір килобайт көлеміндегі шағын файл. Жарлықтар да қажет

объектілерді жылдам тауып алу үшін қолданылады.

Windows операциялық жүйесі графикалық жүйе болғандықтан мұнда

негізгі объектілерді, яғни бума мен файлды белгілеу үшін арнаулы белгі-

таңбалар (значки) қолданылады. Файлдардың әрбір типіне сәйкес белгілері

болады, сондай-ақ жарлықтардың да өзіне тән бағыттауышы (стрелкасы) бар

белгісі болады.

Windows операциялық жүйесіндегі графикалық интерфейстің негізі - бұл

жақсы ойлап табылған және өте тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік беретін

терезелер жүйесі. Терезені опреациялық жүйедегі жұмысты басқару элементі

деп те, объектілердің жұмыс аумағы деп те қарастыруға болады. Windows

операциялық жүйесінде терезенің: қосымша терезесі, құжат терезесі, сұхбат

терезесі, белгі (значок) - терезе және т.б. түрлері кездеседі.

Жұмыс үстелі (Рабочий стол) - Windows операциялық жүйесінің

бумалары мен файлдары, жарлықтары және тағы да басқа жүйені басқару

элементтері орналасатын жоғары деңгейдегі объектісі (немесе бума). Windows

операциялық жүйесі іске қосылғанда бірден жұмыс үстелінің терезесі ашылады.

Тапсырмалар панелі (Панель задач) - жұмыс үстелінде орналасқан

және қолданушының жасап жатырған тапсырмаларын уақытша қоя тұруына

арналған Windows операциялық жүйесінің негізгі басқару элементтерінің бірі.

Файлдық жүйе - дискідегі файлдардың орналасуына және олармен

жұмыс жасауды басқаруға арналған операциялық жүйенің құрамды бір бөлігі:

Файлдық жүйеде жасалатын әрекеттер:

 Файлдық жүйе бойынша іздеу

 Қосымшаларды іске қосу және құжаттарды ашу

 бумалар құру

 Бумалар мен файлдардың орнын ауыстыру

 Бумалар мен файлдарды өшіру

 Бумалар мен файлдардың атын өзгерту

 Жарлықтар құру

 бумалар мен файлдарды көшіру

Сілтеуіш (Проводник) файлдық жүйеден ке-келген объектіні іздеуге

және олармен басқа да әрекеттерді орындауға арналған операциялық жүйенің

қызметші программасы.

Алмасу буфері - операциялық жүйе жұмысы кезінде қосымшалар мен

құжаттар арасындағы мәлімет алмастыруды қаматамасыз етуге прналған жедел

жадының арнаулы бөлігі.

Стандарт қосымшаларға Windows операциялық жүйесінің құрамындағы,

қолданушыға ең қажет, қарапайым қызмет түрлерін (қарапайым мәтіндік құжат

даярлау, суреттер салу, сақтау, баспаға шығару математикалық қарапайым

есептеулер жүргізу және т.б.) көрсететін келесі қосымшалар немесе

программалар жатады:

1. Мәтіндік редактор WordPad 3. Графиктік редактор Paint

2.Блокнот 4.Калькулятор

Тышқан құрылғысымен жасалатын әрекеттер:

 Шерту

 Екі рет шерту

 Оң жақ батырмасын шерту

 жылжыту немесе тасымалдау

 созу немесе ұзарту

Жаттығу жұмыстары:

1 - жаттығу. Жұмыс үстелін баптау.

1. Жұмыс үстелінің параметрлерін өзгертіңіз. (фон, заставка, безендіру)

2. ПускПрограммы Стандартные әрекеттерін пайдаланып кез-келген

екі стандарт қосымшаны іске қосыңыз. Екі қосымшаның да терезесін

экранның көлеміндей қылып ұлғайтып көріңіз, бастапқы қалпына келтіріңіз,

каскад түрінде, солға, оңға, жоғары, төмен орналастырыңыз.

3. Бір терезені жабыңыз, ал екінші терезенің өлшемдерін тышқанның

көмегімен өзгертіңіз.

4. Қосымша терезені жабыңыз.

5. Дискіде орналасқан қосымшалардың бірін іске қосыңыз. Осы қосымша

үшін жарлық құрыңыз және оны жұмыс үстеліне орналастырыңыз. Құрған

жарлығыңызды пайдаланып қосымшаны іске қосыңыз.

6. Қосымшаны немесе программаны Программы мәзіріне орналастырыңыз

Осы мәзірді пайдаланып қосымшаны іске қосыңыз. Қосымшаны жабыңыз.

7. Windows-тың анықтамалық жүйесінен мына үш терминді: мультимедиа,

настройка Главного меню, ярлык тауып алыңыз да, олардың анықтамаларын

ретімен Блокнот стандарт қосымшасын пайдалана отырып Справка.txt

файлына көшіріңіз.

2-жаттығу. Сілтеуіш программасымен жұмыс.

1. Сілтеуіш қосымшасын немесе программасын іске қосыңыз.

2. Сілтеуіш қосымшасының терезесіндегі мәзірдің командаларымен

танысыңыз.

3. Сілтеуіш қосымшасының терезесіндегі панельдердің көмегімен

дискілердің мазмұнын қараңыз, қасиеттерімен танысыңыз.

4. Ағымдағы жұмысшы дискінің түпкі каталогында бума құрыңыз, оған ат

ретінде өз фамилияңызды беріңіз.

5. Құрған бумаңыздың көшірмесін Жұмыс үстеліне бірнеше тәсілді

пайдаланып орналастырып көріңіз.

6. Справка.txt құжатыңызды түпкі каталогтағы өз бумаңызға көшіріңіз.

7. Жұмыс үстеліндегі бумаңыздың атын өзгертіңіз.

8. Жұмыс үстеліндегі аты өзгертілген буманы диск түпкі каталогына апарып

орналастырыңыз.

9. Справка.txt құжатты аты өзгерген бумаға көшіріңіз.

10. Аты өзгерген буманы жойыңыз.

11. Дискі түпкі каталогындағы doc(*.doc) кеңеймелі файлдарды іздеңіз.

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

I-тапсырма. Справка.txt файлын мына түрде орналастырыңыз.

1.C:\Работа2\Р2\Справка.txt

2. C:\Работа1\Р2\Справка.txt

3. C:\Работа2\Р11\Справка.txt

4. C:\Работа1\Справка.txt

Бақылау сұрақтары:

1) ДЭЕМ үшін операциялық жүйе қандай қызмет атқарады?

2) Windows операциялық жүйесіндегі негізгі объектілер қалай аталады?

3) Объектілермен жұмыс істеудің негігі ережелерін көрсетіңіз.

4) Терезелердің түрлерін атаңыз. Тереземен жұмыс істеу ережелері

қандай?

5) Сілтеуіш (Проводник) қосымшасы не үшін қолданылады?

6) Қолданбалы стандарт қосымшаларды (программаларды) атаңыз.

Практикалық сабақ №2

Сабақтың тақырыбы: MS DOS операциялық жүйесі

Мақсаты: MS DOS операциялық жүйесіндегі командалармен танысу.

1. MS DOS операциялық жүйесін жүктеу әдістерінің бірін таңда:

 Пуск - Программы - Стандартные - Командная строка

 Пуск - Программы - Сеанс MS DOS

2. С:\ дискісіне көшу үшін мына команданы орында:

 cd \

 Enter пернесін басыңыз

3. Каталог құру. Ол үшін алдымен орындалуға тиісті команда жазылады,

содан кейін каталогтың аты жазылады. Ескерту: каталогтың аты 8

символдан аспау керек. Каталог құру үшін md командасы қолданылады.

Сонда, С:\ дискісінде KURS атты каталог құру үшін келесі командалар

жазылады (С:\> жазуынан кейін):

С:\>md KURS 

4. Каталогты ауыстыру (көшу) үшін сd командасы пайдаланылады. KURS

каталогына ауысу үшін төмендегідей жазылады:

С:\>сd KURS 

Сонда мына түрге енеді: С:\KURS>

5. Мәтіндік файл құру үшін copy con командасы қолданылады. KURS

каталогының ішінен gruppa.txt мәтіндік файлын құру үшін:

 С:\KURS>copy con gruppa.txt 

 Келесі жолда курсор пайда болады, пернетақтадан топтағы

студенттердің тізімін тереміз.

 Сtrl+Z пернелерін және содан соң  клавишасын басу арқылы мәтінді

сақтаймыз.

6. Каталог мазмұнын қарау үшін dir командасы арналған. Мысалы, KURS

каталогының мазмұнын қарау үшін:

С:\KURS> dir 

Экранға KURS каталогының мазмұны шығады, онда gruppa.txt мәтіндік

файлы бар екендігін көреміз.

7. Мәтіндік файл мазмұнын қарау үшін type командасы қолданылады.

Мысалы, gruppa.txt файлының мазмұнын қарау үшін келесі команданы

орындаймыз:

С:\KURS> type gruppa.txt

8. Каталогтың және файлдың атын өзгерту үшін ren командасы

падаланылады. Мысалы, gruppa.txt файлының атын еko.txt деп өзгерту

үшін ren командасынан кейін өзгертілетін файл аты, содан кейін жаңа аты

жазылады, яғни:

С:\KURS> ren gruppa.txt еko.txt

Файл атының өзгергендігін файл орналасқан каталогтың (KURS)

мазмұнын қарау арқылы байқауға болады.

9. Каталогтың және файлдың көшірмесін алу үшін copy командасы

қолданылады.

еko.txt текстік файлының көшірмесін жаңа атаумен, мысалы gmk.txt

атауымен алу үшін:

С:\KURS> copy еko.txt gmk.txt

KURS каталогының мазмұнын қарап, онда екі файл бар екендігіне көз

жеткізіңіз.

10.Файлдарды жою үшін del командасын пайдаланамыз.

 Біртіндеп жою үшін del командасынан кейін өшірілетін текстік файлдың

атын жазу керек, мысалы:

С:\KURS> del gmk.txt 

 Кеңеймелері txt болатын барлық файлдарды жою үшін *.txt шаблонын

пайдаланамыз, яғни

С:\KURS> del *.txt 

11.Бос каталогты жою үшін rd командасы қолданылды. KURS каталогын

жою үшін осы каталог орналасқан каталогқа (С:\) көшу керек, яғни

келесілерді орындаймыз:

 С:\KURS> сd.. 

 С:\> rd KURS 

12.MS DOS операциялық жүйесінен шығу үшін exit командасын

пайдаланамыз.

ТАПСЫРМАЛАР:

1. АNAR атты каталог құру.

2. АNAR каталогына көшу.

3. АNAR каталогының ішінен ASAR каталогын құру.

4. АNAR каталогының ішінен zhanna.txt мәтіндік файлын құру.

5. АNAR каталогының мазмұнын қарау.

6. zhanna.txt мәтіндік файлының көшірмесін осы каталогта алу.

7. zhanna.txt мәтіндік файлының мазмұнын қарау.

8. ASAR каталогының атын өзгерту.

9. Құрылған файлдар мен каталогтарды жою.

10.MS DOS операциялық жүйесінен шығу

Практикалық сабақ №3

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты архивтеу әдістерімен

программалары.

Компьютерлік вирусқа тексеру.

Мақсаты: Дискілермен жұмыс жасай білуге үйрету, дискіні форматтау,

диск бетіндегі физикалық ақауларды тексеру, дискіні, бумалар мен

файлдарды вирусқа тексеру, архивтеу программаларын пайдалана білу

дағдыларын қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар:

Дискетаны форматтау - операциялық жүйе және оның қосымшалары

дикіге мәліметтер мен программаларды жазатындай, оқитындай және т.б.

әрекеттерді орындайтындай жағдайға келтіру үшін оның бетін саны шектеулі

секторларға, жолдарға бөлу, яғни дискінің бетін жұмысқа даярлау.

Дискіні тексеру стандарт қызметші программа (Проверка диска)

көмегімен дискінің файлдық жүйесіндегі қателерді, секторлардағы ақауларды

табуды және оларды жөндеуді білдіреді.

Дискіні дефрагментациялау стандарт қызметші программа

(Дефрагментация диска) арқылы, компьютер жұмысының өнімділігін

арттыру үшін, бір дискі көлемінде шашырай орналасқан файлдың бөліктерін

бір - біріне жақын облыстарға жылжытып, дискідегі үзік-үзік орналасқан бос

облыстарды жоюды қамтиды.

Архивтеу программалары - көлемі үлкен файлдарды сығып, көлемін

кішірейтіп архивке орналастыруды білдіреді. Бұл тәсілдің файлдарды

сақтаушы құрылғыларға көшіруде, желі арқылы тасымалдауда өте маңызды

практикалық мәні бар. Файлдарды архивтеу үшін және архивтелген файлды

қайтадан қалпына келтіру үшін арнай архивтеу программалары

қолданылады. Кең тараған архивтеу программаларына WINZIP, ARJ,

WINRAR және т.б. программалары жатады. Файлды архивтеуде қандай

программа қолданылса, оны қалпына келтіруде дәл сол программа

қолданылуы қажет.

Компьютерлік вирустар - бұл дискідегі мәліметтердің бұзылуына,

соның нәтижесінде компьютер жұмысында түрлі ақаулардың болуына

себебін тигізетін, шағын көлемдегі файл түрінде болатын, арнайы жазылған

компьютерлік программалар. Қазіргі ақпараттық технологиялар

индустриясында вирустық программалардан қорғану маңызды міселелердің

бірі. Компьютерді вирустық программалардан қорғау үшін арнайы

антивирустық программалар деп аталатын программалар қолданылады.

Олардың қызметі - компьютерлік вирустарды ұстап алу, іздеп тауып алу,

жою, т.б. және олардың қызметі үнемі жетілдіріліп отырады. Кең тараған

антивирустық программаларға Doctor Web, AVP, Norton Antivirus жатады.

1-жаттығу. Дискетаны форматтау.

1. Дискетаны салыңыз, әрі қарай

 Проводник программасын немесе Мой компьютер бумасын

пайдаланып Диск 3,5(А) белгісін тауып, белгілеп алыңыз.

 Жоғары мәзірдегі Файл

 Форматировать командасын немесе

контекстік мәзірдегі (тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы

шақырылатын мәзір)

 Форматировать командасын орындаңыз.

 Пайда болған терезеде өзіңізге қажет шарттарды (мысалы,

форматтаудың түрі Полное немесе Быстрое) қабылдаңыз да,

орындауға жіберіңіз.

Ескерту!!! Форматтау сол дискідегі барлық мәліметтерді жояды.

2.Дискіге бірнеше объектілерді (бумалар, файлдар) көшіріңіз.

3. Дискідегі бос орынды қараңыз., ол үшін

 Тышқанның көрсеткішін Диск 3,5 (А) белгісіне апарыңыз. Сол кезде

экранда дискінің көлемі және ондағы бос орынның көлемі туралы

мәлімет шығады немесе

 Диск 3,5 (А) дискісінің контекстік мәзіріндегі Свойства командасын

орындау керек.

2-жаттығу. WinZip архивтеу программасын пайдалану

1. Өз бумаңызда Архив1 деп аталатын бума құрыңыз.

2. Құрылған Архив1 бумасына архивтеуге қажет файлдарыңызды,

бумаларыңызды орналастырыңыз. Архив1 бумасының көлемін тексеріңіз,

жазып алыңыз.

3. Құрылған Архив1 бумасының белгісінде тышқанның оң жақ

батырмасына шертіңіз және пайда болған контекстік мәзірден Добавить в

архив командасын орындаңыз.

4. Архивтеу параметрлерін көрсетіңіз (архивтің аты Doc.zip)

5. Архивтелген буманың көлемін жазып алған бастапқы бума көлемі мен

салыстырыңыз.

6. Өз бумаңызда Архив2 деп аталатын жаңа бума құрыңыз.

7. Doc.zip архивінен *.doc кеңеймелі файлдарды алып Архив2 бумасына

орналастырыңыз, ол үшін

 Архивтелген бума белгісіне екі рет шертіңіз де, пайда болған

терезедегі (архиватор терезесі) саймандар панелінен Найти

командасын орындаңыз.

 Искать командасының терезесіне ізделінді файлдың аты немесе

шаблоны (кеңеймесімен қоса) жазылады да орындауға жіберіледі.

 Результаты поиска терезесіндегі шыққан файлдардың бәрін

белгілеңіз және Извлечь в командасын орындаңыз.

 Пайда олған терезеде қалпына келтірілген файлдар барып

орналасатын Архив2 бумасының маршруты көрсетіледі және ОК

орындалады.

1. Архив2 бумасын дискетаға көшіріңіз.

3-жаттығу. Дискіге қызмет көрсету.

1. Дискетаның (Диск 3,5(А)) жұмыстық бетін тексеру. Ол үшін:

 Мой компьютер терезесінен Диск 3,5(А) белгілеп алынады.

 Осы терезенің Файл мәзірінен немесе контекстік мәзірден Свойства

командасы орындалады.

 Пайда болған терезедегі Сервис жапсырмасының тобындағы

Проверка диска бөліміндегі Выполнить проверку командасы

орындалады.

 Параметры проверки диска тобындағы Проверить и восстоновить

поврежденные сектора тұсына тышқанмен шертіп белгі қойыңыз,

орындауға жіберіңіз.

4-жаттығу. Дискетаны вирусқа тексеру.

1. Дискетаны салыңыз.

2. Диск 3,5 (А) үшін ашылған контекстік мәзірден антивирустық

программаны (Kaspersky AntiVir) іске қосыңыз.

3. Келесі дискетаны вирусқа тексеріп көріңіз.

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде

берілген

1 - кестеден алынады.)

1. Жұмыс үстелінде ... бума құрыңыз (көп нүкте орнына сәйкес бума атын

кестеден аласыз, 1-тапсырма)

2. Құрылған бумаға архивтелетін ... кеңеймелі файлдарды орналастырыңыз

(2-тапсырма)

3. ... ZIP архивін құрыңыз. (3-тапсырма)

4. Архивтік буманы дискетаға көшіріңіз.

5. Зертханалық жұмыс тақырыбын, дискілермен, бумалармен, файлдармен

жасалған жұмыстардың алгоритмін, жиі қолданылатын амалдарға сәйкес

Windows жүйесіндегі жедел пернелер комбинацияларын дәптерге жазыңыз.

1-кесте

Нұсқа

1-тапсырма 2-тапсырма 3-тапсырма

1 Текст *.txt Архив1

2 Документы *.doc Архив2

3 Рисунки *.bmp Архив3

4 Таблицы *.xls Архив4

5 Сайт *.html Архив5

Бақылау сұрақтары:

1.Дискіні форматтау не үшін қажет?

2.Дискіні дефрагментациялау не үшін қолданылады?

3.Компьютерлік вирус деген не?

4.Архивтеу не үшін қажет?

5.Жиі қолданылатын архивтеу программалары қандай?

Практикалық сабақ №4

Сабақтың тақырыбы: MS EXCEL - кестелік процессор.

Мақсаты: MS EXCEL кестелік процессорының негізгі элементтерімен

жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар

Мәліметтерді компьютерде кестелер түрінде ұйымдастыруға және

өңдеуге арналған программалар кестелік процессор немесе электронды

кестелер деп аталады. Бұл электрондық кестелердің артықшылығы -

мәліметтерді өңдеуді, сұрыптауды, есептеуді автоматты түрде жүзеге асыра

алады, әртүрлі ұяшықтарды орналасқан мәліметтерді түрліше формулалар

көмегімен байланыстыра алады және т.б.

EXCEL программасында құжат болып, .xls кеңеймесі бар файл

есептеледі.Бұл файлды EXCEL-де жұмыс кітабы деп атайды. Жұмыс кітабы

жұмыстық беттерден тұрады. Әрбір жұмыстық бет электрондық кесте

түрінде қарастрылады да, онда 65536 жол және 256 баған болады. Жолдар

мен бағандардың қиылысуынан кестенің негізгі құрылымдық элементі

ұяшық пайда болады. Кестедегі әрбір ұяшықтың адресі болады және ол

ұяшық орналасқан баған мен жолдың атауларының бірігуінен тұрады

(мысалы, А5, В6, С7, т.б.).

Кестедегі қатар орналасқан бірнеше ұяшықтың бірігуінен пайда

болатын тіктөртбұрышты облысты диапазон деп атау келісілген.

Диапозонның адресі тіктөртбұрышты облыстың сол жақ жоғарғы жағында

орналасқан шеткі ұяшық пен оң жақ төменгі шеткі ұяшықтың адрестері

арқылы анықталады, ұяшықтар адрестерінің арасына қос нүкте белгісі

қойылады (мысалы, А1:С6). EXCEL программасында ұяшықтарға

мәліметтерді теру арқылы немесе бірнеше әдістерді пайдаланып,

автоматты түрде жазуға болады. Оны мына түрде жүргізуге болады:

1.Қатар орналасқан екі ұяшыққа прогрессияның алғашқы екі мүшесі

жазылады.

2. Мәлімет жазылған диапозон немесе екі ұяшық белгіленеді.

3.Тышқан көрсеткішін белгіленген диапазон облыстың оң жақ төменгі

бұрышына апарсаңыз көрсеткіш қара түсті «қосу белгісіне» (+) өзгереді, бұл

белгіні толтыру маркері деп атайды. Әрі қарай толтыру маркерін

тышқанның батырмасын басып отырып, қажет ұяшыққа дейін соза бересіз.

Жұмыстық беттермен жасалатын әрекеттер.

1. Жұмыстық беттің атын өзгерту: жұмыстық бетке сәйкес жарлықтың

атына екі рет шертіледі немесе сол жарлықтың контекстік мәзіріндегі

Переименовать командасы орындалады да жаңа ат жазылады;

жұмыстық бетті жою: ПравкаУдалить листь немесе бетке сәйкес жарлық

контекстік мәзіріндегі Удалить командалары арқылы жүзеге асырылады.

2.Беттің орнын ауыстыру немесе көшіру:

ПравкаПереместить/Скопировать лист немесе бетке сәйкес жарлық

контекстік мәзіріндегі Переместить/Скопировать листь командаларының

бірі арқылы жүзеге асырылады; көшіруді орындау үшін

Переместить/скопировать листь терезесіндегі Создавать копию бөлімі іске

қосулы болу керек;

3.Бет қосу: алдына жаңадан қосылатын бет орналасатын, жұмыстық бет

жарлығына шертілгенде шығатын контекстік мәзірден Добавить командасы

орындалады да, пайда болған Вставка диалогтық терезесінен Листь белгісі

таңдалынып, ОК басылады.

Ұяшыққа формула жазу. Excel программасында ұяшыққа формула

енгізу міндетті түрде "=" белгісінен басталады, ал енгізуді аяқтау Enter

пернесін басумен бітеді. Формула жазудың мысалы: =2*5^3+4 немесе

=A1+cos(5.2)

Ұзақ формулаларды жазуда программа терезесіндегі формулалар жолы

деп аталатын жол ұяшықпен салыстырғанда қолайлырақ болады.

Жаттығу жұмыстары: Салық түрлерін, сыйақыны және т.б. ескере отырып,

айлық жалақыны есептеу. MS EXCEL программасын іске қосыңыз. Жаңа

құжат немесе жұмыс кітабын ашыңыз, құжатыңызды Практика2.xls деген

атпен сақтаңыз.

1. Жұмыстық беттің атын (Лист1) Тапсырма1 деп өзгертіңіз.

2. Төменде берілген мәліметтерді кестеге енгізіңіз.

3. Кестені суреттегідей түрге келтіріңіз.

4. Бірнеше ұяшықтарды біріктіру үшін оларды белгілеп алып,

батырмасы шертіледі, немесе ФорматЯчейки командасы

орындалады.

5. Тұрақты окладтың 5% есептеу үшін D3 ұяшығы белгіленеді де, оған

=C3*5% жазылады;

6. Қалғандары да осы тәрізді есептеледі.

7. H3 ұяшығына қолға берілетін жалақы көлемін есептеңіз.

8. Барлық қызметкерлердің окладтарының жалпы сомасы мен қолға

алатын жалақыларының жалпы сомасын табу үшін:

 H3:H8 диапазоны белгіленеді;

 Стандартная саймандар панелінен Автосумма  батырмасы

шертіледі.

2-жаттығу. Excel программасын пайдаланып сатудан түскен пайданы

теңгемен және доллармен есептеңіз.

1.Өз құжатыңыздағы келесі бетті (Лист2) Тапсырма2 деп өзгертіңіз;

 Кестені мәліметтермен толтырыңыз.

 Сатудан түскен пайданы доллармен және теңгемен есептеңіз;

1.E6 ұяшыққа келесі =C6*D6 формуланы енгізіңіз;

2.F6 ұяшыққа келесі =E6*B3 формуланы енгізіңіз. B3 ұяшығының адресін

абсолют адрес қылыңыз ол үшін оны белгілеп F4 пернесін басыңыз, сонда

адрес $B$3 болып өзгереді.

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

№ Тапсырмалар

1-нұсқа

Қаладағы сүт өнімдері заводы сүт, айран және қаймақ шығарады.

Сүттің, айранның және қаймақтың әрбір тоннасы үшін сәйкесінше

1010, 1020 және 9450 кг сүт қажет болады. Сүт өнімдерінің (сүт,

айран, қаймақ) әрбір тоннасынан түсетін кіріс пайда сәйкесінше

30000, 22000 және 13600 теңгенң құрайды. Завод тәулігіне барлығы

123 тонна сүт, 342 тонна айран, 256 тонна қаймақ дайындады.

Электрондық кестені пайдаланып, әрбір өнім түрінен түскен кіріс

пайданың жалпы кіріс пайдаға шаққандағы үлесін (процентпен) және

сүттің жалпы шығынын есептеңіз.

2-нұсқа

Цехта үш түрлі өнім шығарылады: П1, П2 және П3. Әрбір П1,П2 және

П3 өнім бірлігіне кететін шығын сәйкесінше 70, 150 және 100 теңгені

құрайды. Бір ғана өнім бірлігінен түсетін кіріс, өнім түрлеріне сәйкес

200, 160 және 250 теңге болды. Жоспар бойынша ай сайын, П1 өнім -

112480 дана, П20- 46392 дана,, П3 -35325 дана өнім шығарылды.

Электрондық кестені пайдаланып (теңгемен және доллармен), өнім

өндіруге кететін жоспарлы шығынды, әрбір өнім түрінен түсетін

кірісті, мекеменің қаңтар айындағы кірісін, әрбір өнім түріне сәйкес

жоспардың орындалу үлесін есептеңіз.

Бақылау сұрақтар:

1. Кестелік процессордың негізгі қызметі қандай?

2. Ұяшықтарға мәліметтер жазудың әдістерін түсіндіріңіз.

3.MS Excel программасындағы құжат қалай аталады?

4. Ұяшық адрестерінің түрлері қандай?

5.Ұяшықтарды қалай біріктіреді?

Практикалық сабақ №5

Функцияның мәнін есептеу. Функция шебері.

Мақсаты: MS EXCEL кестелік процессорының мүмкіндіктерін графиктер

мен диаграммалар тұрғызуда пайдалана білуге үйрету.

Негізгі түсініктер:

Microsoft Excel программасының функциясы ретінде белгілі бір

алгоримт бойынша немесе формулалар бойынша жүргізілетін есептеу

операциялары қарастырылады. Әрбір функцияның өзіне тән аты болады.

Excel программасында функциялардың аттары пернелік тақтадан теріліп

жазылады немесе Функция шебері (Вставка-Функция) деп аталатын

команда немесе саймандар панеліндегі. x f батырмасы көмегімен

енгізіледі. Функция шебері функцияларға сәйкес формулалардың дайын

шаблондарын береді, қолданушы бар болғаны функцияның аргументтерін

ғана жазады.

Excel программасында күрделі және қарапайым есептеулерге арналған

200 ден аса функцияларды қолдану мүмкіндігі қарастырылған.

Функция шеберін пайдаланып функцияларды іздеуді жылдамдату

мақсатында оларды келесі: 10 недавно использовавшихся, Полный

алфавитный перечень, Финансовые, Дата и время, Математические,

Статические, Ссылки и массивы, Работа с базой данных, Текстовые,

Логические и Проверка свойств категориялары бойынша топтастырған.

Функциялардың аргументтері ретінде сандар, сан мәнді өрнектер

немесе сәйкесінше сандар мен сан мәнді өрнектер жазылған ұяшықтар

адрестері, диапазон адрестері пайдаланылады. Мысалы:

= СУММ(А5:А9) - мұндағы СУММ функциясы, А5, А6, А7, А8, А9,

ұяшықтардағы сандар қосындысын есептейді.

=СРЗНАЧ(G4:G6) - мұндағы СРЗНАЧ функциясы G4, G5, G6

ұяшықтардағы сандардың орташа мәнін табады.

Функцияның аргументтерін Функция шеберін пайдаланып енгізу.

Функцияны Функция шеберін пайдаланып жазғанда, егер оның аргументі

бар болса, онда мынадай терезеде пайда болады:

Функция аргументтерін енгізуде келесі тәсілдер қолданылады:

а) қажет адрестерді (ұяшықтың немесе диапазонның) пернелік тақтадан

теруге болады;

б) қажет ұяшықтар мен диапозондарды жұмыстық беттегі кестеден

белгілеу арқылы жазуға болады.

Функциялардың негізгі категориялары:

«Математические» категориясы функцияларының сипаттамасы:

ABS (сан) - санның модулі;

COS (сан) - косинусты табу;

EXP (сан) - x  функциясының мәнін есептеу;

LN (сан)- логарифмді есептеу;

SIN (сан) - синусты есептеу;

TAN (сан) - тангенсті есептеу;

СТЕПЕНЬ (негіз сан; дәреже көрсеткіші) - дәрежелеу амалын береді;

СУММ(сан1; сан2; ...) - аргумент тізіміне кіретін барлық сандардың

қосындысын есептейді.

«Статические» категориясы функцияларының сипаттамасы:

МАКС(аргумент1;аргумент2;...) - аргументтің үлкенін анықтайды;

МИН(аргумент1; аргумент2;...) - аргументтің кішісін анықтайды;

СРЗНАЧ(аргумент1; аргумент2;...) - аргументтердің кішісін анықтайды;

СЧЕТЕСЛИ(диапазон; шарт;...) - диапозондағы берілген шартты

қанағаттандыратын аргументтер санын анықтайды;

1-жаттығу.

Ведомость работы сети компьютерных клубов

Торговый

дом

Январь Февраль Март Суммарная

выручка

Место Средняя

выручка

Про-

цент

Нурдаулет 345 543,9 423,9 1312,8 10 437,6 6%

Тоғжан 657,7 234 982,4 1874,1 7 624,7 9%

Ақтөбе 765,2 1007,5 873,1 2645,8 3 881,9333 13%

Салтанат 123,5 734 487,7 1345,2 9 448,4 6%

Аяжан 879 985,9 980,3 2845,2 1 948,4 14%

Сауран 348 591,2 678 1617,2 8 539,0667 8%

Мәдениет 987 634 1009,4 2630,4 4 876,8 13%

Сирус К 1009,5 793,,2 987,9 1997,4 5 998,7 10%

Жанар 434 934 567 1935 6 645 9%

Астана 835,8 879 934 2648,8 2 882,9333 13%

Итого: 6384,7 6543,5 7923,7 20851,9 7283,533 100%

 А1 ұяшығына кестенің тақырыбын жазыңыз;

 Excel- де А3:Н3 кестенің өріс аттары жазылады;

 В4:D13 ұяшықтарына кестедегі сандар енгізіледі. Е4 ұяшығына

1 кварталда түсірген табысын есептеу керек болсын.

Ұяшық Формула

E4 =СУММ(B4:D4)

B14 =СУММ(В4:В13)

F4 =РАНГ(E4;$E$4:$E$13)

G4 =СРЗНАЧ(B4:D4)

G14 = СРЗНАЧ(G4:G13)

H4 =E4/$E$14

Қалғандары әрі қарай маркер көмегімен толтырылады.

1-жаттығу. y  cos2 (2x) sin(x)  x x функциясының графигін, x 0.5;0.5

аралығында 0,2 қадаммен тұрғызу. В3 ұяшыққа

 cos2 * A3^2 *sinA3 EXP 3* ABSA3 формуласын енгізіп, бұл формуланы

қалған ұяшықтарға Толтыру маркерін пайдаланып көшіріңіз; Функция

мәндерін белгілеп алып, Диаграмма шеберінің көмегімен график

тұрғызыңыз. Беттің атын График функции деп өзгертіңіз.

2-жаттығу. Диаграмма тұрғызу.

1. Кестедегі Итого бағанында СУММ функциясын пайдаланып, оның

аргументінде ұяшықтар диапазонын көрсетіп, формуланы қалған

ұяшықтарға көшіру арқылы қажет мәліметтерді толтырып алыңыз;

2. Осы кесте үшін екі диаграмма салыңыз;

 Алиевтың ай сайынғы алған сыйақысын көрсететін дөңгелек

диаграмма (Круговая диаграмма), ол үшін:

1)Қажет мәліметтер тұрған диапозонды белгілеп алыңыз;

2) Саймандар панеліндегі Диаграммы батырмасына шертіп, пайда болған

терезеден Круговая типін таңдаңыз;

3) Диаграмма параметрлерін өзгертіңіз де сол бетке орналастырыңыз.

 Баған түріндегі диаграмманы (гистограмма) өзіңіз қалаған мәліметтер

үшін өз бетіңізше орындап көріңіз.

4) Беттің (Лист2) атын Диаграммы деп өзгертіңіз.

Өз бетіндік тапсырма:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде

берілген 1-кестеден алынады)

1. Кестеден функция ... графигін, берілген аралықта 0,2 қадаммен

тұрғызыңыз /1-кесте, 1-тапсырма/

2. Төмендегі қосымша кестеде /1-кесте/ берілген өндіріс көрсеткіштерін

пайдаланып диаграмма құрыңыз. Диаграммада ... көрсету керек

болғандықтан, соған сәйкес /1-кесте, 2-тапсырма/ типті таңдаңыз.

1-кесте

Шикізат өндіретін өндіріс салаларының жылдық көрсеткіштері

Шикізат түрі 2002ж. 2003ж. 2004ж.

Электр

энергиясы,млрд.кВт/сағ

167 173 177

Мұнай, млн.тонна 516 399 307

Табиғи газ, млрд 641 640 595

Көмір, млн.тонна 395 337 262

Темір рудасы, млн.тонна 107 82 78

Ағаш, млн 242 183 93

Балық және т.б. теңіз өнімдері 8 6 4

Кестеге шикізат өндірудің орташа көрсеткішін және ең жоғарғы, ең төменгі

көрсеткіштерді анықтайтын бағандар қосыңыз.

Нұсқа

1-тапсырма 2 - тапсырма

1 x1.8;1.8 y  1 3*x Уақыт бойынша өзгерісті және

шикізат түрлері бойынша

көрсеткіштер арасындағы

қатынасты

2    1,5;1,5

1

1 cos

2  

 x

x

y x 

Шикізаттың әрбір түрі жалпы

өнімнің қанша бөлігін алатынын

(2005ж.)

3     sin ; 1.4;1.9

2

1 2

2  

x x

x

x

y

x  Әрбір жылғы мұнай өндіру

көрсеткішін

4

 

;  1.4;1.4

1 sin

1  

 

x

x x

x

y

x 

Әрбір жылғы көмір өндіру

көрсеткішін

Бақылау сұрақтары:

1.Excel кестелік процессорында функцияларды қандай тәсілдермен енгізуге

болады?

2.Функциялардың қандай категорияларын білесіз?

3. Статистикалық функциялардың қызметі қандай?

4. Диаграмманы қалай тұрғызуға болады?

5. Диаграмманы редакциялауға не жатады?

Практикалық сабақ №6

Сабақтың тақырыбы: Қорытынды кестелер. (Сводная таблица).

Мәліметтер консолидациясы.

Мақсаты: Қорытынды кестелерді құра білуге және мәліметтер

консолидациясын қолдана білуге үйрету.

Негізгі ұғымдар:

Қорытынды кестелер үлкен тізімдердегі, мәліметтер қорындағы, жұмыс

кітаптарындағы және т.б. кестелердегі мәліметтерді талдау, жалпылау және

де басқа мақсаттарға пайдалану үшін қолданылады. Қорытынды кестелердегі

мәліметтер бастапқы мәліметтермен байланысты болады, бірақ қорытынды

кестелердегі мәліметтер үшін, мүмкін болған жағдайларда есептеулер

жүргізуге болады. Жалпы қорытынды кестелердегі мәліметтер өте үлкен

мәліметтерге талдау жасауда өте ыңғайлы құрал. Excel программасында

қорытынды кестелерді мәліметтер қоры ретінде пайдаланылатын бір немесе

бірнеше үшін кестелердңғ негізінде құрады. Мысалы, бір өнім түрінің

(товардың) түрлі аймақтардағы сатылу көрсеткішін сипаттау үшін

қорытынды кесте құруға болады.

Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу. Үш түрлі компьютерлік техника сату орталықтарында сатылған

компьютерлердің ай сайынғы сатылу сомасын есептейтін қорытынды кесте

құрыңыз.

1. Жұмыс кітабының бірінші бетін (Лист1) Свод_табл деп өзгертіңіз

және 1-суреттегідей кесте құрыңыз.

2.Мастер Сводных таблиц терезесін шақыру үшін ДанныеСводная

таблица командасын орындаңыз;

3. Пайда болған терезедегі в списке или базе данных Microsoft Excel, тұсына

белгі қойыңыз да, Далее батырмасына шертіңіз;

4. Бастапқы мәліметтер орналасқан диапазонды (мәліметтер орналасқан

кестені) белгілеңіз де, Далее батырмасына шертіңіз, келесі шыққан бетке

новый лист тұсына белгі қойыңыз және Макет батырмасына шертіңіз;

5. Пайда болған терезеде, «жасалатын» қорытынды кестенің құрылымы

анықталады: қоытынды кестедегі нәтиже жазылатын өрістің аты тұрған

батырма белгіленіп, Данные облысына (Стоймость батырмасы Данные

облысына) апарылады; Данные облысындағы Стоймость батырмасына екі

рет шерту нәтижесінде Вычисление поля сводной таблицы диалогтық терезесі

пайда болады, бұл терезеде нәтижені есептеуге қажет амал - операция

таңдалынады (Сумма операциясын таңдаңыз.)

6. Әрі қарай, қорытынды кестенің жолдарының қызметін атқаратын өрістер

таңдалынады да, оларға сәйкес батырмалар Строка облысына (Магазин

батырмасы Строка облысына) апарылады;

7. Келесі қадамда, қорытынды кестенің бағандарының қызметін атқаратын

өрістер таңдалынады да, оларға сәйкес батырмалар Столбец облысына

(Месяц батырмасы Столбец облысына) апарылады;

8. Мастер Сводных таблиц көмегімен жасалаған қорытынды кестенің

өрістері аттарының тұсында арнайы батырмалар болады, бұл батырмаларды

пайдаланып, кестедегі көрсетілген мәліметтерді өзгертіп қалауыңызша

таңдауға болады;

9. Егер қорытынды кесте құруда пайдаланылған бастапқы мәліметтер

өзгерген болса Данные Обновить данные командасын пайдаланып

қорытынды кестедегі мәліметтерді де жаңалауға болады.

10. Қорытынды кестедегі мәліметтерді пайдаланып график салыңыз.

2-жаттығу. Орналасу реті бойынша және категориясы бойынша

мәліметтердің консолидациясын құру.

1. Жұмыс кітабының екінші бетін (Лист2) Консол_располож деп өзгертіңіз

де, 2- суреттегідей кесте құрыңыз.

2.Табыс салығы мен қолға берілетін соманы есептеңіз;

3. Орналасу реті бойынша консолидация жасаңыз, ол үшін: курсорды

консолидацияланған мәліметтер кестесі бастап орналасатын бірінші ұяшыққа

апарыңыз (мысалы, А10 ұяшыққа);

ДанныеКонсолидация командасын орындаңыз;

 Пайда болған Консолидация диалогтық терезесіндегі тізімнен Сумма

функциясын таңдап, подписи верхней строки, значения левого столбца

тұсына белгі қойыңыз;

 Курсорды Ссылка жолына орналастырып, бастапқы кесте берілген

терезеден A2:D7 диапозонды белгілеңіз;

 Добавить батырмасына шертіңіз, сол кезде Список диапазонов

жолында белгіленген диапазон адресі пайда болады;

 Курсорды қайтадан Ссылка жолына апарып, енді екінші кесте

орналасқан, F2:I7 диапазонды белгілеңіз;

 Тағы да, Добавить батырмасына шертіңіз, сол кезде Список диапазонов

жолында белгіленген екінші диапазонның да адресі шығады; ОК

батырмасын шертіңіз.

4. Консол_располож бетіндегі екі кестені жаңа Консол_категор бетіне

көшіріңіз және екінші кестені өзгертіңіз: Премия деп аталатын баған қосып,

оны толтырыңыз, Алиев фамилиясын жол түрінде қосып, толтырыңыз.

5. Категория бойынша мәліметтер консолидациясын құрыңыз, ол үшін:

 Курсорды консолидацияланған мәліметтер кестесі бастап орналасатын

бірінші ұяшыққа апарыңыз, ДанныеКонсолидация командасын

орындаңыз;

 Пайда болған Консолидация диалогтық терезесіндегі тізімнен Сумма

функциясын таңдап, подписи верхней строки, значения левого столбца

тұсына белгі қойыңыз;

 Курсорды Ссылка жолына орналастырып, бастапқы кесте берілген

терезеден A2:D7 диапазонды белгілеңіз;

 Добавить батырмасына шертіңіз, сол кезде, Список диапазонов

жолында белгіленген диапазон адресі пайда болады;

 Курсорды Ссылка жолына орналастырып, бастапқы кесте берілген

терезеден F2:J8 диапазонды белгілеңіз;

 Добавить батырмасына шерткенде, Список диапазонов жолында

белгіленген диапазон адресі пайда болады, ОК батырмасына шертіңіз.

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде

берілген

2-кестеден алынады)

1. ... есептейтін қорытынды кесте құрыңыз /2-кесте, 1-тапсырма/

2. ... сәйкес орналасу реті бойынша мәліметтердің консолидациясын

құрыңыз. /2-кесте, 2-тапсырма/.

№ 1-нұсқа 2-нұсқа 3-нұсқа 4-нұсқа 5-нұсқа

1 Сату

орталықтарын-

дағы

компьютерлер-

дің санын

Әрбір

айдағы

сатылған

компьютер-

лер санын

Сату орталық-

тарындағы

ком-

пьютерлердің

бағаларын

Әрбір айдағы

компьютерлер

дің

Бағаларын

Компьютер-

лердің

түріне

сәйкес

бағаларын

2 Орташа

жалақыға

Жалақының

ең үлкен

мөлшеріне

Жалақының

ең аз

мөлшеріне

Орташа

жалақыға

Жалақының

ең үлкен

мөлшеріне

Бақылау сұрақтары:

1. Қорытынды кестелер не үшін қажет?

2. Қорытынды кестелер қандай команда көмегімен жасалады?

3. Мәліметтер консолидациясы не үшін қолданылады?

4. Мәліметтер консолидациясы қандай команда көмегімен орындалады?

5. Мәліметтер консолидациясының қандай түрлері бар?

Практикалық сабақ №7

Microsoft Access деректер базасын басқару жүйесі. Бірнеше

кестелерден деректер базасын жасау.

Мақсаты: Microsoft Access деректер базасын басқару жүйесімен, оның

негізгі компоненттерінің қызметімен, деректер, жазба, өріс, кілттік өріс

объектілерді жасау әдістерімен, өрістердің типтерімен танысу.

Негізгі ұғымдар:

Кез келген деректер базасын басқару жүйесінің (ДББЖ) жұмысы - деректер

базасын жасау, енгізу және өңдеу.

Microsoft Access ақпаратты сақтау және көрсету үшін қолданылатын

жеке компоненттерден тұрады.Бұл компоненттерге кестелер, пішімдер

(формы), есеп беру (отчет), сұрату (запрос), макростар, модулдер жатады.

Microsoft Access-тің әрбір объектісін жасаудың кем дегенде 2 әдіспен:

Конструктор көмегімен немесе Мастер көмегімен жасалады. Конструктор

режимінде объект құрылымы жасалынады немесе өзгертіледі, ал Мастер

режимінде объектілердің дайын нұсқалары таңдалынып, қолданылады.

Деректер дегеніміз - мерзімді түрде жұмыс істеуге мүмкіндік болу

үшін сақталуы қажетті кез келген ақпарат. Көптеген деректер базасының

құрылымы кестелік болады. Кестелік құрылымда деректер адресі жолдар мен

бағандардың қылысуы арқылы анықталады. Деректер базасындағы бағандар

өрістер деп, ал жолдар жазбалар деп аталады. Өрістер деректер базасының

құрылымын жасайды, ал жазбалар онда сақталатын ақпараттардан тұрады.

Өріс - бұл деректер базасы құрылымының негізгі элементтері.

Олардың өзіндік қасиеттері бар. Өріске қандай типті деректерді енгізуге

болатыны, қандай деректерді енгізуге болмайтыны, сонымен қатар өрістегі

деректермен не істеуге болатыны өрістің қасиетіне байланысты.

Мысалы, «Құны (Стоймость)» өрісіндегі деректерге жалпы нәтижені

алу үшін қосу операциясын қолдануға болады. Ал «Телефон нөмірі»

өрісіндегі деректерді телефон нөмірлері санмен жазылса да қосуға болмайды.

Бұл өрістердің қасиеттері әртүрлі және әртүрлі типке жатады.

Өрістердің әртүрлі типтері әртүрлі қасиеттерге ие.

1.Мәтіндік өрістің негізгі қасиеті - өлшемі.

2.Сандық өріс сандық деректерді енгізу үшін қажет. Мұның да өлшемі

бар, бірақ сандық өрістер әртүрлі болады, мысалы, бүтін сандарды

енгізу үшін және нақты сандарды енгізу үшін.

3.Күн мен уақытты енгізу өрісі күн/уақыт (Дата/время) типті болады.

«Иә немесе жоқ», «1 немесе 0», «Ақиқат немесе Жалған» және тағы осы

сияқты тек екі мәні бар логикалық деректерді енгізу үшін арнайы логикалық

өріс қолданылады.

4.Өрістің ерекше өрісі - Ақшалы (Денежный) өріс. Мұнда қандай

деректер сақталатыны атауынан -ақ белгілі. Ақшаның сомаларының

көрсеткіштерін сандық өрісте де сақтауға болады, бірақ ақшалық типтегі

түрде олармен жұмыс жасау жеңіл. Бұл жағдайда компьютер санды ақша

бірліктерімен бірге көрсетеді.

5. Қазіргі кезде деректер базаларында тек сандар мен әріптерді ғана

емес, сонымен бірге бейнежазбаларды сақтауға болады. Мұндай объектілерге

арналған өріс OLE объектісінің өрісі деп аталады.

6.Мәтіндік өрістегі бір кемшілік оның өлшемінің шектеулігіне (256

символдан аспайды) байланысты. Егер өріске ұзын мәтін қою керек болса,

бұл үшін MEMO типті өріс қолданылады, онда 65 535 символға дейін

сақтауға болады.

7. Санауыш (Счетчик) өрісі. Бір қарағанда бұл қарапайым сандық өріс

сияқты, бірақ оның автоматты түрде мәні артатын қасиеті бар. Егер деректер

қорында мұндай өріс болса, онда жаңа жазбаны енгізу кезінде, оған алдыңғы

жазбадағы сол өрңстңғ мәнінен бірге артық сан автоматты түрде енгізіледі.

Бұл өріс жазбаларды нөмірлеуде ыңғайлы.

Практика жүзінде бір-бірімен өзара байланысты көптеген кестелерден

тұратын күрделі құрылымдармен жұмыс жасауға тура келеді. Бір - бірімен

өзара байланысты кестелерден тұратын деректер қоры реляциялық

деректер қоры деп те аталады.

Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу. «Деканат» деректер қорын жасау.

1. Жаңа «Деканат» деректер қорын жасаңыз. Жаңа деректер қорын жасау

үшін:

Access программасын жүктеп, ашылған терезенің сол жағындағы

«Жаңа деректер қоры» пунктін басыңыз;

«Жаңа деректер қоры файлы» терезесінде Файл атауы өрісіне

деректер қорының атауы ретінде Деканат атын беріңіз.

Создать батырмасын басыңыз.

2.Деректер қорының кестесін жасау. Деректер қорының кестесінің

алдымен құрылымын (жобасын) жасайды. Оны жасау үшін:

Ашылған терезеде «Деректер қоры» терезесінің сол жақ панелінде

Access объектілерінің (таблицы, формы, запросы, отчеты, макросы,

модули) барлық типтерін шақыру үшін басқару элементтері

орналасқан. Терезеден жасалатын құжаттың типін таңдау керек, сіз

кесте жасайтын болғандықтан Таблицы бөлімін таңдап, Создать

батырмасын басыңыз.

«Жаңа кесте (Новая таблица)» терезесі ашылады. Оң жағында келесі

жұмыс үшін нұсқалардың тізімі берілген:

Мұнда бірнеше нұсқалар бар, соның ішінен сіз Конструкторды

таңдап, ОК батырмасын басыңыз. Ашылған Конструктор терезесінде

жасалынатын кестенің өрістерін 1-кестеге сәйкес анықтаңыз. Кестенің

өрістерін анықтау үшін:

«Өрістің аты» бағанындағы жолға бірінші өрістің атын Оқытушы_коды

деп енгізіңіз;

«Деректер типі» бағанындағы жолда тізім батырмасына басып,

деректердің Сандық (Числовые) типін таңдаңыз, ал «Өрістің өлшемін»

Общие - Целое деп анықтаңыз.

Оқытушы_коды өрісін кілттік өріс етіңіз. Ол үшін саймандар

панеліндегі кілттің суретіне басыңыз немесе жанама менюді

шақырыңыз.

«Код» өрісіндегі деректерге шектеу енгізіңіз. Бұл деректер

қайталанбауы қажет, өйткені оқытушылардың кодтары қайталанбауы

тиіс, әрі оларды өзгерту мүмкіндігі қамтамсыз етілуі тиіс.

Общие бөліміндегі Индексированное поле параметрінің жолын

шертіңіз. Тізімнен «ДА» пунктін таңдаңыз (бірдей болмау үшін)

«Оқытушылар» деректер қоры кестесіндегі қалған барлық өрістерді

анықтау үшін 1- кестеге сәйкес жоғарыдағыдай әрекеттерді орындаңыз.

1-кесте

Өрістің аты Деректер

типі

Өрістің өлшемі

Фамилиясы Мәтіндік 20

Аты Мәтіндік 15

Әкесінің_аты Мәтіндік 25

Туған_күні Күн/уақыт Өрістің форматы:Қысқа

Қызметі Мәтіндік 9

Пән_коды Сандық Бүтін

Пән Мәтіндік 11

Телефон Мәтіндік 9

Жалақы Ақшалық Өрістің форматы:Негізгі

Жасалған кестені Оқытушылар деген атпен сақтаңыз. Ол үшін

«Жабу» белгісін басыңыз. Ашылған терезеде кестенің атын

сұрайды, сіз Оқытушылар деп теріп, ОК батырмасын басыңыз.

2-жаттығу. Деректер қорын өңдеу (редакторлау).

Ол үшін жобасын жасаған кестенің Конструктор режиміне өтіңіз. Егер сіз

деректер қоры терезесінде болсаңыз, онда Оқытушылар кестесін таңдап,

батырмасына басыңыз.

«Қызметі» өрісіне енгізілетін деректерге шектеу қойыңыз; тек қана

Профессор, Доцент немесе Ассистент сөздері енгізілуі керек.

Енгізілетін деректердің мәніне шарт қою үшін үшін:

«Қызметі» өрісін шертіп, Общие бөлімінің терезесінің төменгі

жағындағы Условие на значение дегенге өтіңіз.

Өрнекті құрастырушы арқылы мәндерге шарт қою үшін мынадай

батырманы шертіңіз.

Пайда болған терезеде Профессор сөзін жазып, одан соң батырмасын

шертіңіз (бұл батырма НЕМЕСЕ деген қызметті атқарады), одан соң Доцент

сөзін жазып тағы да осы батырманы шертіңіз, Ассистент сөзін жазып <ОК>

батырмасын шертіңіз. Осылайша «Қызметі» өрісіне тек Профессор, Доцент,

Ассистент мәндері ғана енгізіледі.

«Қызметі» өрісіне дұрыс емес деректер енгізілген жағдайда экранға

шығатын қате туралы хабарламаның мәтінін анықтау. Қате туралы

хабарлама (Сообщение об ошибке) жолына «Ондай қызмет жоқ,

деректерді дұрыс енгізіңіз» деген сөйлем енгізіңіз.

«Қызметі» өрісіне үнсіз келісім бойынша шығатын мән етіп Доцент

сөзін анықтаңыз.

Конструктор режимінен шығыңыз.

3-жаттығу. Кесте режимінде жұмыс.

1. Кесте режимінде деректерді енгізу мен редакторлау жүреді. Жобаланған

кестеңіздің Кесте (Таблица) режиміне өтіңіз. Ол үшін:

 Саймандар панеліндегі батырманы шертіңіз;

 Немесе Вид - Режим таблицы командаларын орындаңыз. Кестені

сақтауға байланысты шыққан сұраққа <Да> деген батырманы шертіңіз.

2.Кестені толтыру. Кестеңізді төмендегі 2-ші кесте сияқты етіп толтырыңыз.

«Қызметі» өрісіне дұрыс емес деректер енгізілген жағдайда (мысалы,

Лаборант сөзін) не болатынын байқаңыз. Экранда «Ондай қызмет жоқ,

деректерді дұрыс енгізіңіз» деген хабарлама шығады. Дұрыс сөзді енгізіңіз.

2-кесте

Код Фамилия Аты Әкесінің

Аты

Туған жылы Қызметі Пән

ко

ды

Пән Жала-

қысы

1 Жарасов Саят Байболович 23.10.1954 Профес-

Сор

Статистика 8900

2 Айтов Орал Айтович 25.07.1940 Доцент Экономика 12000

3 Омаров Назар Маратович 05.12.1967 Доцент Математика 17600

4 Сергеева Ольга Ивановна 12.02.1972 Ассистент Математика 14500

5 Иванов Павел Петрович 16.02.1951 Доцент Экономика 18900

6 Салимова Раушан Ахановна 30.05.1966 Доцент информатика 17900

7 Омаров Оспан Маратович 30.071948 Доцент Физика 18900

3.Кестедегі әр өрістің енін деректердің ұзындығына сәйкес өзгерту.

4. Ол үшін:

 «Код» өрісіндегі ке келген жолды шертіңіз;

 Формат - Ширина столбца командасын орындаңыз;

 Пайда болған терезеде <По ширине данных> батырмасын шертіңіз, сонда

өріс ені өзгереді

 Осы әрекеттерді қалған өрістерге де орындап, ендерін өзгертіңіз.

5.Кестеде іздеу жасау.

Мысалы, Оқытушы Омаровқа іздеу жасау үшін:

 «Фамилия» өрісінің бірінші жолына курсорды орналастырыңыз;

 Правка - Найти командасын орындаңыз;

 Пайда болған терезенің Образец параметрінің жолында Омаров деп

теріңіз;

 <Найти> батырмасын шертіңіз. Омаров сөзі белгіленіп, курсор сол сөз

орналасқан 3 -жолға ауысады;

 <Найти далее> батырмасын шертіңіз. Курсор соңғы жазбаға, 7-жолға

ауысып, келесі Омаровты айрықшалайды;

 <Закрыть> батырмасын шертіп, іздеу режимінен шығыңыз.

6.Деректерді алмастыру. Ассистент Сергееваның жалақысын 18900-дан

20000-ға алмастыру керек. Ол үшін:

 «Жалақысы» өрісінің бірінші жолына курсорды қойыңыз;

 Правка - Заменить командасын орындаңыз.

 Пайда болған терезенің Образец жолында 18900 санын теріңіз;

 Заменит на жолына 20000 санын теріңіз.

 <Заменить все> батырмасын шертіңіз. Нәтижесінде деректер

алмастырылады.

7.Деректерді сұрыптау. "Жалақы" өрісінің деректерінің өсуі реті боынша

кесте деректерін сұрыптау (сорттау) керек . Ол үшін

 "Жалақы" өрісінің кез келген жазбасын (жолын) шертіңіз;

Басқару панеліндегі батырмасын шертіп немесе Записи-

Сортировка-Сортировка по возрастанию командаларын орындаңыз.

3-жаттығу. Үш кесте жасаңыз: Студенттер, Бағалар және Пәндер.

1. Студенттер кестесін жасау үшін төменде берілген 3-кестеге сәйкес

кестенің өрістерін анықтап алып, Студенттер кестесінің құрылымын

Конструктор арқылы жасаңыз.

3-кесте.

Өрістің аты Деректер типі Өрістің өлшемі

Студенттің коды Сандық Бүтін

Фамилия Мәтіндік 15

Аты Мәтіндік 12

Әкесінің аты Мәтіндік 15

Топ номері Мәтіндік 10

Телефон Мәтіндік

Стипендия Логикалық

Кілттік өріс ретінде «Студенттің кодын белгілеңіз» беріңіз. Ол үшін

«Студенттің кодын» өрісін шертіп, одан соң саймандар панеліндегі

батырмасын шертіңіз немесе Правка-Ключевое поле командаларын

орындаңыз. Кестені Студенттер деген атпен сақтап, кестені жабыңыз.

1. Пәндер кестесін төмендегі 4-ші кестеге сәйкес жасаңыз.

4-кесте

Өрістің аты Деректер типі Өрістің өлшемі

Пән коды Сандық Бүтін

Пән аты Мәтіндік 30

Кілттік өріс ретінде «Пән кодын беріңіз» Кестелер кейін форма режимінде

толтырылады. Кестені Пәндер деген атпен сақтап, кестені жабыңыз.

2. Бағалар кестесінің құрылымын төмендегі 5-ші кестеге сәйкес жасаңыз.

5-кесте

Өрістің аты Деректер типі Өрістің өлшемі

Студент коды Сандық Бүтін

Пән коды Сандық Бүтін

Бағалар

Ескерту: Бұл кестеде кілттік өрісті жазудың керегі жоқ, өйткені деректер

қайталануы мүмкін. Кестені Бағалар деген атпен сақтап, кестені жабыңыз.

Құрылымы анықталған бұл кестелер кейін форма режимінде толтырылады.

4.Деректер схемасын құру, яғни кестелер арасындағы байланыстарды

орнату. Оқытушылар, Студенттер, Бағалар, Пәндер кестелерін өзара

байланыстыру керек. Ол үшін:

Саймандар панеліндегі батырманы шертіп немесе Сервис - Схема

данных командаларын таңдаңыз, сонда экран «Схема данных» терезесі

шығады;

Саймандар панеліндегі батырманы шертіп немесе Связи - Добавить

таблицу командаларын орындаңыз;

Пайда болған терезе де тек бір кестенің аты ғана тұрады. Кестенің атын

белгілеп, <Добавить> батырмасын басып, келесі кестенің атын белгілеп

қайтадан <Добавить> батырмасын басыңыз. Осылайша қалған

кестелердің барлығын экранға шығарып, схемаға қосыңыз.

<Закрыть> батырмасын басып терезені жабыңыз.

Енді Пәндер мен Бағалар кестелерінің арасындағы байланысты орнату

керек. Ол үшін курсорды Пәндер кестесіндегі Пән коды өрісінің атына

апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шертіп, жібермей басқан күйі

Бағалар кестесінің Пән коды өрісінің атына апарыңыз, тышқан

батырмасын босатыңыз. Экранда «Связи» терезесі ашылады;

Обеспечение целостности данных қасиетінің тұсына тышқанның сол жақ

батырмасын шертіп жалауша () орнатыңыз.Егер екі өрістіңтиптері

бірдей болмаса, бұл жалаушаны орната алмайсыз. Сондықтан олардың

типтері бірдей болуы керек.

Каскадное обнавление связанных полей және Каскадное удаление

связанных записей қасиеттеріне де жалауша орнатыңыз.

<Создать> батырмасын шертсеңіз байланыс орнатылады.

Осындай ретпен Пәндер кестесіндегі және Оқытушылар кестесіндегі

«Пәндер коды» өрістерін өзара байланыстырыңыз.

Студенттер кестесі мен Бағалар кестесіндегі Студент коды өрістерін

өзара байланыстырыңыз.

Макетті сақтап терезені жабыңыз.

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

1.Үш кестеден «Композитор», «Әншілер», «Әндер» тұратын «Музыкалық

альбом» деректер қорын жасаңыз. Бұл кестелерге өздерің өрісті ойлап,

кілттік өрісті белгілеңіз, кестелер арасында байланысты орнатыңыз.

2. Үш кестеден «Мамандық», «Оқытушы», «Пәндер» тұратын «Факультет»

деректер қорын жасаңыз. Бұл кестелерге өздерің өрісті ойлап, кілттік өрісті

белгілеңіз, кестелер арасында байланысты орнатыңыз.

3. Екі кестеден: «Тауарлар ассортименті», «Сатып алушы» тұратын

«Компьютерлік салон» деректер қорын жасаңыз. Бұл кестелерге өрісті

өздерің ойлап, кілттік өрісті белгілеңіз, кестелер арсында байланысты

орнатыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1.Деректер базасы, ДББЖ деген не?

2. Microsoft Access ДББЖ қандай объектілерден тұрады?

3. Объектілерді жасаудың қандай тәсілдері бар?

4. Деректердің қандай типтері, қандай байланыс типтері бар?

5. Кестелер арасындағы байланысты орнату үшін қандай талаптар қойылады?

Практикалық сабақ №8

Тақырыбы: «Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі.

Формаларды жасау»

Мақсаты: Пішін (форма) ұғымымен, Microsoft Access -те пішін жасау

әдістерімен, пішін көмегімен кестені деректермен толтыру.

Негізгі ұғымдар:

Деректер базасын жасаушы кестелер мен сұратулардың (запросы)

құрылымдарын жасайды, нақты деректерді кестеге енгізумен

шұғылданбайды. Деректерді кестелерге арнайы мамандар енгізіледі.

Олардың жұмысын жеңілдету үшін деректер базасын жасаушы арнайы

объектілерді - пішіндерді (формаларды) дайындайды.

Пішін деректерді енгізуге арналған өрістері бар электрондық бланк

іспеттес. Деректерді енгізуші адам осы өрістерге деректерді енгізгенде

деректер автоматты түрде деректер базасының кестелеріне толтырылады.

Пішін түрлі мақсатта қолданылатын (көбінесе кестеге деректерді

енгізу, жазбаның біреуін көрк үшін) экранның арнаулы пішімі (формат)

болып табылады. Пішін деректерді енгізуге, түзетуге, жаңадан деректер

қосуға және жазбаларды жоюға мүмкіндік береді.

Access-тің басқа да объектілері сияқты пішіндерді қолмен (вручную)

немесе автоматты түрде бірнеше тәсілмен жасауға болады. Автоматты

пішіндердің ең қарапайымы - автопішіндер (автоформалар).

Деректер базасының кестелеріне деректерді толтырудың 2 жолы бар:

кесте режимінде немесе форма режимінде.

Пішінді жасаудың бірнеше жолы бар:

1)Конструктор - пішінді өз қалауыңызбен жасауға мүмкіндік береді.

2) Пішін шебері (Мастер форм) - өзіңіз таңдаған өрістер негізінде пішінді

автоматты түрде жасауға мүмкіндік береді. Access диалог режимінде

қолданушыдан қандай пішін керектігін анықтап, пішінді автоматты түрде

жасайды. Егер жасалынған пішіндегі бірнәрселер ұнамаса, конструктор

режимінде түзетуге болады.

3) Автопішіндер (Автоформы) - пішін шеберінің жеке жағдайы болып

табылады, яғни ол қолданушының қатысуынсыз пішіннің берілген түрін

автоматты түрде жасайды.

4) Диаграмма - диаграммасы бар пішінді жасайды.

5) Қорытынды кестесі (сводная таблица) - Excel-дің қорытынды кестесі

бар форманы жасайды.

Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу. Кестеге деректерді енгізу.

1. Пішін шебері көмегімен Пәндер пішінін жасау.

А) Пәндер пішінін жасау үшін:

Деректер қоры терезесінде Формы бөлімін таңдап, Создать

батырмасын басыңыз.

Ашылған Новая форма атты сұхбат терезесінде Мастер форм

пунктін таңдаңыз.

Терезенің төменгі жағындағы тізімдегі тілше батырмасын басып

пайда болған тізімнен Пәндер кестесін таңдап, ОК батырмасын

басыңыз;

Ашылған терезеден пішінге орналастыратын өрістерді таңдаңыз.

Бұл жаттығуда барлық өрістер қажет, сондықтан алдымен ,

одан соң Далее батырмаларын басыңыз

Енді пішіннің сыртқы түрін - кестелік (табличный) етіп беріңіз.

Далее батырмасын басыңыз.

Өзіңіз қалаған стиль түрін таңдап, тағы да Далее батырмасын

басыңыз.

Пішінге Пәндер деп ат беріп, Готово батырмасын басыңыз.

В) Жасалынған пішінді 1- кестедегідей етіп толтырыңыз. Сақтап, пішінді

жабыңыз.

1-кесте

Пән коды Пән аты

1 Информатика

2 Математика

3 Физика

4 Экономика

2.Кесте режимінде Оқытушылар кестесін толтыру керек. Ол үшін:

Деректер базасының терезесінде Таблицы бөліміндегі өздеріңіз

алдыңғы практикалық жұмыста құрылымын жасаған Оқытушылар

кестесін тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертіп басыңыз.

Пән коды өрісін 1- кестедегідей етіп толтырыңыз. Кестені сақтап

жабыңыз.

3.Автопішін көмегімен пішін режимінде Студенттер кестесін толтыру

керек.

А) Студенттер пішінін __________жасау үшін:

Деректер базасының терезесіндегі Формы бөлімін таңдап Создать

батырмасын басыңыз;

Ашылған терезенің төменгі жағынан Студенттер кестесін

таңдаңыз;

Автопішін (Автоформа) пунктінен: ленталық түрін белгілеп, <ОК>

батырмасын басыңыз. Нәтижесінде деректер енгізілетін пішін

жасалынды.

Б) Студенттер кестесін 2 - кестеге сәйкес пішін көмегімен .

2-кесте

Студент

коды

Фамилиясы Аты Әкесінің

аты

Топ Телефон Стипендия

1 Арбузов Николай Николаевич ФК-1 21-27-24 Иә

2 Киршин Петр Иванович ФК-2 22-03-05 Иә

3 Аманов Самат Сагинович ФК-3 21-29-30 Жоқ

4 Алиев Қанат Жанатович ФК-4 24-25-21 Иә

5 Асанов Аман Алиевич ФК-5 52-23-21 Иә

6 Жолдасов Жұмабек Бакытович МК-1 25-21-52 Жоқ

В) Пішінге Студенттер деген ат беріп сақтап, пішінді жабыңыз.

3. Конструктор арқылы пішін жасау.

Осы тәсілмен Бағалар пішінін жасап үйренейік. Ол үшін:

Деректер базасының терезесіндегі Формы бөлімін таңдап Создать

батырмасын шертіңіз;

Ашылған Новая форма сұхбат терезесінен Конструктор режимін

таңдаңыз. Пайда болған терезеден Бағалар кестесін таңдап, ОК

батырмасын басыңыз. Осы кестенің негізінде пішін жасалады.

Экранға Конструктор режиміндегі пішіннің терезесі шығады.

Саймандар панеліндегі Список полей (өрістер тізімі) батырмасын

басыңыз. Ctrl клавишасын сол қолыңызбен жібермей басып

отырып, барлық өрістерді белгілеңіз. Бұл өрістерді тышқанның сол

жағын басқан күйі деректер облысына жылжытып алып барыңыз.

өрістер тізімі терезесін жабыңыз. Енді элементтерді пішіннің

алаңына қалауыңызша ыңғайлы орналастырыңыз.

Студент коды өрісіндегі текстің өлшемін 18 деп беріңіз. Жазбаның

өлшеміне сәйкес элементтің өлшемін ұлғайту үшін Формат -

размер - по размеру данных командасын орындаңыз. Пішінде

Бағалар деген атпен сақтап, жабыңыз.

А) Деректер базасының терезесінде Бағалар деген пішін пайда болды. Осы

пішіннің атына тышқан курсорын курсорын апарып екі рет шертіңіз.

Ашылған пішін терезесінде Бағалар кестесін төмендегі 3-кестеге сәйкес

толтырыңыз.

3-кесте

Студент коды Пән коды Бағалар

1 1 4

1 2 5

1 3 4

1 4 4

2 1 5

2 2 5

2 3 4

2 4 4

3 1 3

3 2 5

3 3 4

3 4 3

4 1 4

4 2 4

4 3 5

4 4 4

5 1 5

5 2 5

5 3 5

5 4 5

6 1 5

6 2 4

6 3 5

6 4 4

5. Конструктор режимінде элементтер панелінің көмегімен заставка

түріндегі пішінді өз бетіңізбен жасап көріңіз. Бұл пішінде өздеріңіз жасаған

бар жасалынған пішіндерді ашатын батырмалар орналасады.

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

1. Үш кестеден «Композитор», «Әншілер», «Әндер» тұратын «Музыкалық

альбом» алдыңғы практика жұмысында өзіңіз жасаған деректер қорын түрлі

жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.

2. Үш кестеден «Мамандық», «Оқытушы», «Пәндер» тұратын «Факультет»

алдыңғы практика жұмысында өзіңіз жасаған деректер қорын түрлі

жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.

3. Екі кестеден: «Тауарлар ассортименті», «Сатып алушы» тұратын

«Компьютерлік салон» өзіңіз жасаған деректер қорын түрлі жолдармен

жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Пішін (форма) дегеніміз не?

2. Пішінді жасаудың қандай тәсілдері бар?

3. Автоформа дегеніміз не?

4. Батырмалық пішінді (Кнопочная форма) қалай жасауға болады?

5. Кестені толтырудың қандай тәсілдері бар?

Практикалық жұмыс №9

Сабақтың тақырыбы: «Сұраныстарды жасау»

Мақсаты: Misrosoft Access деректер базасын басқару жүйесінің

объектілерінің бірі сұраныспен, оның түрлерімен және сұранысты құру

жолдарымен таныстыру.

Негізгі ұғымдар:

Сұраныс. Сұраныс бұл деректерді талдау, таңдау, іріктеу және өзгерту

құралы. Сұраныс көмегімен бірнеше кестелердегі деректерді көруге, талдауға

және өзгертуге болады. Сонымен қатар сұраныстарды пішіндер мен есеп

берулерге (отчеты) арналған деректер көзі ретінде қолданылады.

Сұраныстарды жасатудың бірнеше тәсілі бар:

- Конструктор сұратудың кез келген типін өз қалауыңыз бойынша

жасауға мүмкіндік береді

- Қарапайым сұрату. Сұраныс шебері (Мастер запросов) белгілі бір

кестелердің өрістерінен немесе басқа сұраныстардан таңдама (выборка)

жасауға мүмкіндік береді.

- Айқастырылған сұраныс (Перекрестные запросы) құрылымдағы

деректерді есептеу және талдауды жеңілдететін түрде беру үшін

қолданылады. Айқастырылған сұраныс статистикалық есептеулер

жасап, оның нәтижелерін деректердің екі жинағы (бірі бағандардың,

екіншісі жолдардың тақырыптарын анықтайды) бойынша құрылған

кесте түрінде анықтайды.

- Қайталанатын жазбалар қарапайым кестедегі немесе сұранысдағы

қайталанатын жазбаларды іздетуге сұраныс жасайды. Ал Записи без

подчиненных пунктін таңдағанда бағыныңқы кестеде ешқандай жазба

сәйкес келмейтін жазбаларды іздеуге сұраныс жасалынады. Мұндай

сұраныс көп кестелік деректер базасында қолданылады.

Сұраныс типтері

Таңдама

(выборка)

Бір немесе бірнеше кестедегі әртүрлі деректерді біріктіру

қажет болған жағдайда әртүрлі кестелерден деректерге

таңдама жасау үшін қолданылады

Жаңарту

(Обновление)

Бір сұраныстың көмегімен бірден көп жазбаларға

өзгерістер енгізу үшін қолданылады.

Қосу

(Добавление)

Бұрыннан бар кестеге басқа кестеден белгілі бір

өлшемдіктер (критерий) бойынша жазбаларды қосу

(қосып жазу) үшін қолданылады

Жою

(Удаление)

Қажетті жазбаларды бір мезетте іріктеп алып, жоюға

мүмкіндік береді. Мұндай сұранысты жасаудың қағидасы

жаңарту сұранысына ұқсас, алайда байланыстырылған

кестелерден жазбаларды жойғанда деректердің

тұтастығына нұқсан келмеуі керек.

Айқастырылған

(Перекрестный)

Айқастырылған сұраныстар - бұл деректерге

статистикалық өңдеулер орындайтын, оның нәтижесі

Excel-дің қорытынды (сводная) кестесіне ұқсас кесте

түрінде болатын сұраныстар.

Кесте жасау

(Создание

таблицы)

Сұраныстың бұл типі арқылы бұрыннан бар кестеден

керекті деректерді таңдамаға қарапайым сұраныс жасап,

іріктеуге мүмкіндік береді. Таңдама нәтижесі жаңа кестеге

орналасады. Жаңа кестенің құрылымы сұраныс

нәтижесінде алынған жазбалардың құрылымымен

анықталады.

Сұранысдағы есептер

Мәндері басқа өрістердің мәндерін есептеудің нәтижесі болатын өрісті

есептелетін өріс деп атайды. Есептелетін өріс тек нәтижелік кестеде ғана

болады. Бастапқы кестелерде мұндай өріс жасалынбайды және кестенің

қарапайым сұранысында өзгертілмейді. Сұраныс арқылы деректер базасына

қатынаушы кез келген адам деректерге қалауынша манипуляция жасап,

нәтижелер ала алады, бірақ та бастапқы кестелер барлық қатынаушылар үшін

бірдей өзгеріссіз түрде қалады.

Формулада тік жақшаға алынған есептеуге қатысатын өріс аттары мен

математикалық операциялардың таңбалары жазылады. Мысалы:

Нәтиже: [Гол]/[Ойын]

Жаттығу жұмыстары:

1- жаттығу. «Сұраныстарды жасау және қолдану»

1. Оқытушылар кестесінің негізінде Фамилия, Аты, Әкесінің аты және

Қызметі өрістері көрсетілген таңдамаға қарапайым сұраныс жасау.

А) қарапайым сұраныс жасау үшін:

 Деректер базасының терезесінде Запрсы бөліміне өтіңіз.

 Ашылған терезеде <Создать> батырмасын басыңыз.

 Пайда болған «Новый запрос» терезесінен Простой запрос пунктін

белгілеп <ОК> басыңыз;

 Пайда болған терезедегі Таблицы/запросы жолынан Оқытушылар

кестесін таңдаңыз (егер басқа кестелер мен сұратулар жасалынбаса,

ашылған тізімде тек осы кестенің аты ғана тұрады);

 «Доступные поля» терезесінде Фамилия жолын белгілеп, >

батырмасын шертсеңіз Фамилия сөзі «Выбранные поля» терезесіне

ауысады;

 осылайша «Выбранные поля» терезесіне «Аты», «Әкесінің аты»,

«Қызметі» өрістерін ауыстырыңыз. (Мұнда ауыстыру реті маңызды,

соған сәйкес деректер көрсетіледі);

 <Далее> батырмасын басыңыз;

 Задайте имя запроса параметрінің жолында жаңадан Оқытушылар

қызметі деп ат беріңіз;

 Готово батырмасын басыңыз. Нәтижесінде экранға сұраныс

нәтижелерінің кестесі шығады.

Б) Сұранысты сақтаңыз. Ол үшін саймандар панеліндегі -Сохранить

батырмасын шертіп немесе Файл-Сохранить командасын орындаңыз. Енді

сұраныс терезесін жабыңыз.

2. Параметрлі таңдамаға сұраныс жасау.

Оқытушылардың фамилиясы, әкесінің аты және сабақ беретін пәндерін

көрсететін параметрлі таңдамаға сұраныс жасау керек. Параметр ретінде

оқытушының фамилиясын беріңіз және осы сұранысты Жарасов деген

оқытушыға орындаңыз. Осы параметрлі таңдамаға сұраныс жасау үшін:

 Жоғарыдағы 1-ші пунктте жасағандай Оқытушылар кестесінің мына

өрістеріне таңдамаға сұраныс жасаңыз: «Фамилия», «Аты», «Әкесінің

аты», «Оқитын пәндер».

 Бұл сұранысқа Оқитын пәндер деп ат беріп, <Готово> батырмасын

басыңыз.

 <На экране> батырмасын басыңыз. Сонда экранға сұраныс нәтижелері

бар кесте шығады.

 Конструктор режиміне өтіңіз. Ол үшін мына батырманы басып,

немесе Вид, Конструктор командасын таңдаңыз.

 Условия отбора параметрінің жолында «Фамилия» өрісіне мына

тіркесті енгізіңіз. (жақшаларды да жазу керек) [оқытушы фамилиясын

енгіз];

 Сұранысты орындаңыз: саймандар панеліндегі немесе Запрос-

Запуск командасын орындау арқылы;

Ескерту. Осы айтылған тәсілмен жасалынған сұраныс конструктор

режимінде бір рет қана орындалады.

Жасалынған сұранысты басқа режимде орындау үшін:

 Запросы бөлімін ашып, керекті сұранысты белгілеп, <Открыть>

батырмасын басыңыз.

 Ашылған терезеде Жарасов деген фамилияны теріп <ОК> батырмасын

басыңыз. Нәтижесінде экранда Жарасов деген оқытушы туралы (оның

аты, әкесінің аты, оқитын пәні) деректері бар кесте пайда болады.

 Сұранысты сақтап, сұраныс терезесін жабыңыз.

3.Конструктор көмегімен сұраныс жасау. Фамилиясы, аты, әкесінің аты,

топ номері, пән және пәндер бойынша бағалары көрсетілетін сұранысты

Конструктор арқылы жасаңыз. Ол үшін:

 Сұраныс жасау тізімінен Конструкторды таңдаңыз.

 Қажет кестелерді (Студенттер, Бағалар, Пәндер) бір-бірден белгілеп,

Добавить батырмасын басу арқылы таңдаңыз.

 Таңдап болған соң Закрыть батырмасын басыңыз.

 Студенттер, Бағалар кестесінен Фамилия, Аты, Әкесінің аты, топ

номері өрістерін, ал Пәндер кестесінен Бағалар, Пән аты өрістерін

таңдаңыз. Ол үшін өрістің атын тышқан курсоры арқылы екі рет

шертсеңіз болды немесе тышқан курсорының көмегімен өрістің атын

сұраныс ұяшығына сүйреп алып барасыз.

 Бағалар өрісінің астындағы Условие отбора атты жолға 4 Or 5 деп

жазыңыз. Саймандар панелінен Леп белгісі! Батырмасын басыңыз.

 Сұранысты Успеваемость 1 деген атпен сақтаңыз.

4. «Жалақы» (Зарплата) өрісін 20% арттыру арқылы жасалынатын

«Қосымша» (Надбавка) есптелетін өрісті өз бетіңізбен жасаңыз.

5. Өз беттеріңізбен айқастырылған сұраныс жасауды үйреніңіз. Ол үшін

Access-Справка менюінің қызметін пайдаланыңыз.

Өзіндік жұмыс үшін тапсырмалар:

1. «Сабақ кестесі» деректер қорына 3 түрлі сұраныс жасаңыз.

2. «Конференция қатысушылары» деректер қорына 3 түрлі сұраныс

жасаңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Сұраныс деген не?

2. Сұраныс жасаудың қандай тәсілдері бар?

3. Сұраныстың қандай типтері бар?

4. Есептелетін өріс қалай жасалады?

5. Шарты бар сұранысты жасағанда қандай операциялар қолданылады?

Практикалық жұмыс №10

Сабақтың тақырыбы: «Есеп беруді жасау»

Мақсаты: Microsoft Access деректер базасының объектілерінің бірі

есеп берумен, оның қолданылу аясы және жасалу тәсілдерімен танысу.

Негізгі ұғымдар:

Есеп беру - бұл деректерді баспаға шығаруды ұйымдастырудың,

тиімді әрі икемді құралы. Сонымен қатар бұл деректер базасынан деректерді

қолданушыға қажет түрінде баспаға жіберудің тәсілі. Мысалы, оқитыны

жайлы анықтама, емтихан ведомосі, қандай да бір шартпен біріктірілген

кестелер және т.с.с.

Есеп беруді өз қалауымыз бойынша Конструктор көмегімен жасауға,

көркемдеудің дайын нұсқауларын қолдануға (автоотчеты) немесе Шебер

көмегімен жасауға болады.

Есеп беруді жасаудың алты тәсілі бар:

1) Конструктор өз қалауың бойынша есеп беруді жасауға мүмкіндік береді,

алайда бұл тәжірибелі қолданушыға да оңай емес.

2) Есеп беру шебері (Мастер отчетов) кестеден немесе сұратудан өзіңіз

таңдаған өрістер негізінде есеп беруді және есеп берудің макетін жасауға

мүмкіндік береді. Есеп беруді жасаудың бұл тәсілі ең ыңғайлысы.

3) Баған түріндегі және лента түріндегі Автоматты есеп берулер

(Автоотчет в столбец, Автоочет ленточный) - есеп берулерді жасаудың ең

қарапайым оңай тәсілі, мұнда есеп беру негізге алатын кестенің немесе

сұратудың атын көрсетсеңіз болғаны. Қалғанын есеп беру шебері өзі

атқарады.

4) Диаграмма шебері. (Мастер диаграммы) есеп беруді диаграмма түрінде

жасауға көмектеседі.

5) Пошталық жапсырмалар. (Почтовые наклейки) пошталық

жапсырмаларды баспаға шығаруға пішімделген есеп беруді жасайды.

Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу. «Есеп берумен жұмыс»

1. Оқытушылар кестесі негізінде деректерді қызметі бойынша

топтайтын есеп беру жасаңыз. Есеп беруді жасау үшін:

 Отчеты бөліміне өтіп, ашқан терезеден <Создать> батырмасын

басыңыз;

 Ашылған терезеден Есеп беру шебері (Мастер отчетов) пунктін

таңдаңыз;

 Терезенің төменгі бөлігіндегі ашылмалы тізімнің тілшесін басып,

пайда болған тізімнен Оқытушылар кестесін таңдаңыз.

 <ОК> батырмасын басыңыз;

 Ашылған терезеден пішінде болуы керек барлық өрістерді таңдаңыз.

Бұл жаттығуда барлық өріс керек болғандықтан батырмасын

басыңыз;

 <Далее> батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде барлық өрістердің

тізімі тұрады;

 «Қызметі» деген өрісті белгілеп > батырмасын басыңыз. Осы арқылы

сіз деректердің қызмет бойынша топталуын анықтап бересіз.

 Тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;

 Пайда болған терезенің параметрлерін өзгертпейтін болғандықтан,

тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;

 Пайда болған терезеден есеп беруді көркемдеудің стильдерін таңдаңыз

да тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;

 Келесі пайда болған терезеде Оқытушылар деген есеп беруге ат

беріңіз.

 <Готово> батырмасын басыңыз. Экранда дайын есеп беру тұрады.

Көріп болған соң, оны жабыңыз.

2. Өз беттеріңмен Конструктор режимінің элементтер панелін қолдана

отырып, Студенттер кестесінің негізінде студенттің экономикалық

факультеттің сол тобында оқитындығы туралы Анықтама (Справка)

түрінде есеп беру жасаңыз.

Өзіндік жұмыстар үшін тапсырмалар:

Мына деректер қорына әртүрлі әдістермен үш есеп беру жасаңыз.

Нұсқа № Тапсырма

1 «Музыкалық альбом»

2 «Емхана»

3 «Сабақ кестесі»

4 «Компьютерлік ойын»

5 «Конференцияға қатысушылар»

Бақылау сұрақтары:

1. Есеп беру дегеніміз не?

2. Есеп беруді құрудың қандай тәсілдері бар?

3. Автоесепберу (автооотчет) деген не?

4. Элементтер панелі не үшін қолданылады?

5. Автоесеп берудің Есеп беру шеберінен айырмашылығы неде?

Практикалық сабақ №11 (2-сағат)

Сабақтың тақырыбы: Turbo Pascal программалау жүйесі.

Сабақтың мақсаты: TURBO PASCAL программалау ортасының негізгі

түсініктерімен танысу; Паскаль тілінде қарапайым

программалар құруға дағдылану.

Turbo Pascal-ды шақыру жолдары әртүрлі:

Мысалы: С:/ТР/ TURBO немесе С:/ТР7/ TURBO.ЕХЕ (экзейт)

Шығу: Alt+X (латынша)

Turbo Pascal экраны төрт бөліктен тұрады: басты меню, редакциялау терезесі,

шығару терезесі, анықтама жолағы.

Экранды бірнеше бөлікке бөліп қарауға болады.

1. Меню - (главное меню) - бас меню.

File, Edit, Search, RUN, Compile Девид Fools, Options

4. Редактор терезесі - ортаңғы бөлік.

Ол қос қабат сызықтармен қоршалған және программа тексін енгізіп, оны

түзетулерге арналған. Жоғарғы жолда программа, тексті оқылған файл атауы

келтіріледі. Жаңа файлға NONAMEX.PAS - атауы меншіктеледі. Тышқан

сілтегішпен жұмыс жасағанда пайдаланылатын екі алаңқайлар квадрат

жақшаларымен ерекшелінген.

[■]и [ ] 1- терезенің нөмірі

Turbo Pascal - да бір уақытта бірнеше терезелермен жұмыс жасауға

болады. Біруақытта тоғыз терезеге дейін қатар пайдаланылады.

Редактор терезесінен басқа Turbo Pascal-да:

1.Ақпарат терезесі (информационные окна)

2.Сұхбат орнату терезесі (Окна диалога)

3.Менюлер терезесі (Окна меню) жұмыс жасайды.

Қажет жағдайларда, оларды бірінен соң бірін шақыруға болады, немесе

бір уақытта да экранға шығарыла алады.

Функциональдық батырмалардың атқаратын қызметтері

Функционалдық батырмалар Turbo Pascal - ортасында басқару

жұмыстары үшін пайдаланылады.

Alt (от Alt Ternative - дополнительный) - қосымша

Ctrl (Control - управление) - басқару

Shift (SHIFT - сдвиг) - ығысу пернелері қоса пайдаланылады.

F1- анықтама алу

F2 - редакцияланған текстіні дискілік файлға жазу үшін

F3 - дискілік файлдан редактор терезесіне тексті шақырып, оқу үшін

Ғ4 - түзету режимінде пайдаланылады: программаны орындауды бастау

немесе жалғастыру немесе курсор тұрған жолды орындау алдында тоқтату

Ғ5 - белсенді (активное окно) терезені толық экранға айналдыруға

Ғ6 - келесі терезені белсенді терезеге айналдырады

Ғ7 - түзету режимінде пайдаланылады:

- программаның келесі жолын орындауға;

Ғ8 - түзету режимінде пайдаланылады:

- программаны келесі жолын орында (егер процедура немесе функцияға

сілтеме болса);оны орындап, оның жұмыс режиміне көңіл аудармау

Ғ9 - программаны компиляция жасау

Ғ10 - бас менюге шығу арқылы таңдаудың сұхбат режиміне көшу;

Ctrl + Ғ9 - программаны толық орындап өту үшін (прогон): редактордегі

программаны компиляциялау, оны жедел жадыға (ОП) жүктеу, орындау және

Turbo Pascal - ортасына қайта оралу қажет

Alt+X - Turbo Pascal - дан шығу

Alt+F5 - арқылы кезкелген уақытта нәтижені қарап, тексеріп отыруларыңа

болады

Exit - вернуться - қайта оралу

Курсорды ығыстыру (смещение) командылары:

Pg Up - бір бетке жоғары Pg Dn - бір бетке төмен

Home - жол басына End - жол соңына

Ctrl+PgUp - текстінің басына Ctrl+PgDn - текстінің соңына

Стандартты функциялардың берілу түрлері

Математикалық Паскал тілінде

x Sqrt(x)

x Abs(x)

x2 Sqr(x)

Sinx Sin(x)

Cosx Cos(x)

x  Exp(x)

a x Exp(x+ln(a))

Tgx tan(x)

Lnx Ln(x)

X -тақ болса Odd(x)

А-ны В-ға бөлгендегі

қалдық

A mod B

Программаны компьютерде теріп, есептің нәтижесін алыңыз.

Мысал 1. y  3x3  3x

Program prim1;

Var y,x:real;

Begin

Read(x);

Y:=sqrt(3*(exp(3+Ln(x))+sqrt(abs(3*x))));

Write('y=',y);

End.

Мысал2. b  x  3 4x2  5x x  2

Program prim2;

Const x=2;

Var b:real;

Begin

B:=sqrt(x+3)+sqrt(4*sqr(x))+5*x;

Write('b=',b);

End.

Таңдау операторы.

Берілген өрнектің мәніне тәуелді бір немесе бірнеше оператор орындалатын

жағдайда таңдау операторы пайдаланылады. Таңдау операторы алгоритмдік

тілдегі таңдау командасына ұқсас болғанымен аздаған өзгешелігі

бар.Алгоритмдік тілде таңдау шарт бойынша орындалса, Паскаль тілінде

тұрақтылар бойынша жүзеге асырылады.

Жазылу түрі: CASE өрнек OF

1 - тұрақты;

2-тұрақты;

- - - - - - -

N - тұрақты;

End.

3-Мысал. Апта күндерінің нөмірі бойынша аттарын анықтауға программа

құрыңдар:

Program Apta;

Var n:integer;

Begin

Writeln('күн нөмірін енгіз');

Read(n);

Case n of

1: writeln('дүйсенбі');

2: writeln('сейсенбі');

3: writeln('сәрсенбі');

4: writeln('бейсенбі');

5: writeln('жұма');

6: writeln('сенбі');

7: writeln('жексенбі');

End;

End.

Экранда:

күн нөмірін енгіз

5

Жұма.

Өз бетіндік тапсырмалар:

1. 2 3

3

cos3 5

3 sin

x tg x x

x

y

 

2. b  x  2x2  7x  2 x  3

3. z  b6 sin x2  cos3x  3x

4. Ай аттарын нөмірі бойынша анықтайтын программа құрыңдар.

5. Жанұяның бір күнде азық - түлікке жұмсайтын ақшасын есептеуге

программа құру.

Бақылау сұрақтары:

1. Меншіктеу, енгізу, шығару операторларының атқаратын қызметі?

2.Паскаль программалау тілінде есептің нәтижесін алу қандай команда

көмегімен жүзеге асады?

3. Паскальда келесі терезені белсенді ету қандай функциональды терезенің

көмегімен жүзеге асады?

4. Санның абсолюттік шамасын Паскаль тілінде қалай белгілейміз?

5. Write мен Writeln-нің айырмашылығы неде?

Практикалық сабақ№12

Сабақтың тақырыбы: Шартты оператор.

Мақсаты: шартты операторды пайдалана отырып, экономикалық есептерді

шығару.

Әдістемелік нұсқау:

Жазылу түрі мынадай:

IF шарт THEN 1-оператор ELSE 2-оператор

Егер шарт онда 1-серия әйтпесе 2-серия

Мұндағы 1,2-ші операторлардың өзі қарапайым немесе құрама оператор

болуы мүмкін.

Егер IF сөзінен кейінгі жазылған шарт сақталса (ақиқат болса), онда

THEN (онда) сөзінен кейін жазылған операторлар сериясы орындалады, онда

2-серия операторлары орындалмайды.

IF сөзінен соң жазылатын шартты жазу үшін Паскаль тіліндегі

өрнектерді салыстыру:=, >,>=, <, <=,<> белгілерін пайдаланады.

Мысал1. Нан алу керек, қалған ақша жетсе алма алу есебі.

NS- айранның саны,

NK-айранның құны,

AS- алма саны,

AK-алма құны.

D - барлық ақша.

X -?

Program prim1;

Var ns, nk, as, ak,d,x:real;

Begin

Write('нан саны='); read(ns);

Write('нан құны='); read(nk);

Write('алма саны='); read(as);

Write('алма құны='); read(ak);

Write('барлық ақша='); read(d);

X:=D-NK*NS;

IF x>=AS*AK then x:=x-AS*AK else writeln ('алмаға ақша жетпейді');

Write ('x=қалған ақша',x);

End.

Мысал2. Алманың килограмы 250 теңге, алдымен алма алу керек, ақша

жетсе сүт алу қажет.

Программа құрып нәтижесін алу.

Практикалық сабақ №13-14 (2-сағ.)

Сабақтың тақырыбы: Циклдік программа құру.

Мақсаты: Цикл операторын пайдаланып программа құра білуге үйрету.

Негізгі ұғымдар:

Көп жағдайларда аргументтердің әртүрлі мәндері бойынша

(алгоритмнің белгілі бөліктерін немесе) программаның бірнеше операторлар

тобын бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процесстерді

ұйымдастыру үшін цикл операторлары пайдаланылады. Қайталанушы

бөліктер әртүрлі заңдылықтар ережелер бойынша құрастырылады.

Паскаль тілінде қайталау процесін 3 түрлі жолмен ұйымдастыруға

болады:

1. Жалғасу шартымен берілген циклдер

2. Аяқталу шартымен берілген циклдер

3. Параметрлі цикл мәні бойынша қайталауды ұйымдастыру

Бұл қайталаудың қай-қайсысын алсақ та, олар қайталау операторларының

көмегімен жүзеге асырылады.

Жалғасу шартымен берілген шарт бойынша қайталау.

Бұл қайталау көп жағдайда қайталаудың саны белгісіз болған жағдайда

пайдаланылады. Құрылымы:

WHILE шарт DО

BEGIN cерия

END;

Аталған операторды жалпы түрде былай да жазуға болады:

WHILE В DО Р;

Мұндағы В- шарт (логикалық өрнек), Р-операторлар.

Келтірілген оператор былай орындалады. Алдымен, шарт

тексеріледі. Егер шарт орындалса, онда циклдың денесі орындалады.

Содан соң қайтадан шарт тексеріледі және тағы сол сияқты, бұл процесс

қашан шарт сақталудан қалғанша қайталанады. Егер шарт сақталмаса,

басқару операторлық жақшаның соңында тұрған операторға көшіріледі.

Басқаша айтқанда, логикалық өрнектің мәні қашан жалған болғанша циклдің

денесі қайталанып орындала береді. Егер қайталаудың денесі бірнеше

оператордан құралса, онда олар BEGIN-END қызметші сөздерінің арасына

алынып жазылады. Ал, егер циклдің денесі бір ғана оператордан тұратын

болса, онда оны операторлық жақшасыз да жазуға болады.

Егер шарт жалған болса, онда цикл денесі бірде-бір рет орындалмайды.

Мысал1. 2-ден 10-ға дейінгі жұп сандардың қосындысын анықта.

Program prim1;

Var i,S:integer;

Begin

S:=0; i:=2;

While i<=10 do

Begin

S:=s+i; i:=i+2;

Writeln ('S=',S); End;

End.

Аяқталу шарты бойынша қайталау операторы.

Бұл оператор да көптеген жағдайларда қайталаудың саны белгісіз болған

кезде пайдаланылады. Құрылымы:

REPEAT Цикл денесі UNTIL шарт;

Бұл оператор да көптеген жағдайларда қайталаудың саны белгісіз болған

кезде пайдаланылады.

Мұндағы REPEAT -қайтала, UNTIL - соған дейін қызметші сөздері.

Оператордың орындалуы: қашан логикалық өрнектің мәні ақиқат болғанша

циклдің денесі қайталана береді. Бұл оператордың WHILE …DO циклынан

айырмашылығы циклдың денесі кемінде бір рет орындалады. Демек,

операторда алдымен циклдың денесі орындалады да, одан соң шарт

тексеріледі. Оператордың соңы UNTIL қызметші сөзімен аяқталатын

болғандықтан, мұнда BEGIN және END қызметші сөздері жазылмайды. Егер

циклдың денесінде шартсыз көшіру операторы болып, ол циклдың

сыртындағы оператордың белгісіне басқаруды берсе, онда циклдың

орындалуы ары қарай жалғаспайды.

Program prim2;

Var i,S: integer;

Begin

S:=0; i:=2;

Repeat

S:=s+i; i:=i+2;

Writeln('S=',S);

Until i>10;

End.

Параметрлі қайталау операторы.

Қайталау саны белгілілі болғанда, шартты параметрлі қайталау

операторын пайдалануға қолайлы:

for i:= m1 to m2 do

begin

oператорлар

end;

Мұндағы for - үшін, to - дейін, do - орындау, i - циклдің параметрі,

типі бүтін тип болуы керек; m1, m2 - параметрдің бастапқы және соңғы

мәндері. Параметрдің қадамы тек екі мән: 1 немесе -1 ғана болады. Егер

қадам 1-ге тең болса, онда to, ал қадам -1-ге тең болса, downto қолданылады.

Оператордың орындалу тәртібі:

а) параметрдің мәні m2 -мен салыстырылады, егер ол m2-ден кіші болса,

онда циклдың денесі бір рет қайталанады. Ал, ол m2-ден үлкен болса, онда

басқару цикл денесінің соңындағы операцияға беріледі де, қайталану

аяқталады.

ә) әр қайталанғанда, параметрдің алғашқы мәніне бір қосыла отырып, қашан

параметрдің мәні m2-ден артық болғанша циклдің денесі қайталана береді.

Мысалдар:

1. for i: =1 to 6 do 2. for i: = 6 down to 1 do

write (i: 6); write (i: 6);

1 2 3 4 5 6 6 5 4 3 2 1

Келтірілген программа бөліктерінде қадам h=1-ге тең болып, өсіп

отыратын және h=-1-ге тең болып, кеміп отыратын жағдайлар келтірілген.

Бірінші жағдайда to қызметші сөзі, ал екінші жағдайда downto қызметші

сөздері қолданылып тұр.

Program prim3;

Var i, S:integer;

Begin

For i:=2 to 10 do begin

If i mod 2=0 then S:=S+i; (if I mod<>0 then S:=s+i тақ сандар)

Writeln ('S=',S);

End;

End.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Цикл дегеніміз не?

2. Цикл денесі деген не?

3. Цикл операторларының түрлері, олардың қолданылу ерекшеліктері.

4. Цикл операторларының программада жазылуы.

5. Іштестірілген циклдар деген не?

Әдебиеттер: Алдыңғы тақырыпта ұсынылған әдебиеттер.

Өз бетіндік тапсырмалар:

1. 3-ке еселі 30 ға дейінгі сандардың қосындысын 3-тәсілмен есептеу.

2. 4-ке еселі 20-ға дейінгі сандардың көбейтіндісін 3-тәсілмен шығару.

3. 10-ға дейінгі тақ (жұп) сандардың көбейтіндісін 3-тәсілмен есептеу.

Практикалық сабақ №15

Сабақтың тақырыбы: Массив түсінігі, массивтерді өңдеу

Сабақтың мақсаты: Массив элементтері туралы түсінік беру.

Массив дегеніміз - бір типті берілгендер жиыны. Басқаша айтқанда,

массив - бір атауға біріктірілген айнымалылардың реттелген тізбегі. Массив

бір ғана атпен белгіленеді. Мысалы: 2,4, 8,5,6-ны бір өлшемді массив деп,

оған А деп атау беруге болады. Масивтің әр элементі массивтің атымен

белгіленеді де, оның индексі қойылады, яғни массив элементтері индекстері

бойынша реттеліп жазылады. A(N)-N A[1]=2, A[2]=4, …, A[5] =6

Егер программада массив пайдаланылатын болса, ол айнымалы VAR

бөлігінде немесе тип TYPE бөлігінде сипатталуы қажет. Массив айнымалы

бөлігінде былай сипатталады:

VAR массив атауы: array[t1] of t2;

Мұндағы: array-(массив), of - одан қызметші сөздер. 1 t -индекстің типі, t2-

базалық тип.

VAR f: array[1..5]of real;

Индекстің типі ретінде шектелген, саналатын, логикалық литерлік

типтерді қолдануға болады.

Егер бірнеше массив бірдей базалық және индекстік типтес болса, онда

оларды сипаттағанда бір массив ретінде үтір арқылы жазуға болады.

Мысалы,

VAR a,b,c:array[1..10] of real;

Массив элементтерін енгізк немесе шығару үшін программаның мына

үзінділерін пайдаланады:

а) енгізу б) шығару

for i:=1 to N do for i:=1 to N do

write(A[i], ''); read(A[i]);

Массивтің тип бөлігінде жазылуы: type тип атауы =array[t1] of t2

Var массив атауы: тип атауы;

Массивтің элементтері кез-келген тип болуы мүмкін. Ал, индекс

ретінде шектеулі тип пайдаланылады. Оның ішінде шектеулі бүтін тип

көбірек қолданылады. Шынында шектеулі типтің мәндерінің жиыны ақырлы,

тәртіптелген және нөмірленген.

Массив элементтер тізбегін экранға шығару:

Program esep1;

Const n=5;

Var a:array[1..n] of integer;

I:byte;

Begin

For i:=1 to n do begin

Write ('a[',I,']=');

Read(a[i]);

End;

Writeln;

For i:=1 to n do write(a[i],'');

End.

Массив элементтерінің қосындысын алу.

Program esep2;

Const n=5;

Var x:array[1..n] of integer;

I:byte; S:real;

Begin

For i:=1 to 5 do begin

Read(x[i]);

S:=S+x[i];

End;

Write('S=',S:6:2);

End.

Массивтің 5 элементі берілген, соның ішінде жұп индексті элементтерді

шығару

Program esep1;

Const n=5;

Var a:array[1..n] of integer;

I:byte;

Begin

For i:=1 to n do begin

Write ('A[',I,']=');

Read(A[i]);

End;

I:=2;

Repeat

Writeln(a[i]);

I:=i+2;

Until i>n;

End.

Program esep2;

Const n=5;

Var a:array[1..n] of integer;

I:byte;

Begin

For i:=1 to n do begin

Write('A[',I,']=');

Read(A[i]);

End;

I:=2;

While i<=5 do begin

Writeln (a[i]);

I:=i+2;

End;

End.

Массивтің тақ элементінің қосындысын алу

Program esep3;

Var x:array[1..5] of integer;

I:byte;

S:real; begin

For i:=1 to 5 do begin

Read(x[i]);

If odd(x[i]) then S:=S+x[i]; (Жұп элементтерінің қосындысы not(odd(x[i])))

End;

Write('тақ элементтерінің қосындысы=', S:6:2);

End.

Тақ орында тұрған массив элементтерінің көбейтіндісін есептеңіздер.

Program prim1;

Const n=5;

Var s:real; i:byte; x:array[1..n] of integer;

Begin

S:=1;

For i:=1 to n do begin

Read(x[i]);

If I mod 2<>0 then S:=s*x[i]; (жұп орында тұрған санның көбейтіндісі,

End; if I mod 2=0)

Write ('S=',S:6:2);

End.

Бақылау сұрақтары:

1. Массив дегеніміз не?

2. Массив элементі, индекісі, өлшемі дегеніміз не?

3. Массив не үшін қажет?

4. Массив элементтерінің, индекстерінің типі қандай?

5. Массив элементтерін енгізуді қалай жүзеге асыруға болады?__

© 2010-2022