Сабақтың тақырыбы: Ең үздік оқырман

«Бұлақ жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Үздік оқырман сайысы Өткізген Юсупова Ғ.Т. 2014 – 2015 оқу жылы Сабақтың мақсаты: келешек ұрпақтың сана-сезіммін, рухани ойлау қабілеті...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Ең үздік оқырман

«Бұлақ жалпы орта білім беретін мектебі» КММ



Үздік оқырман сайысы

Өткізген Юсупова Ғ.Т.



2014 - 2015 оқу жылы

Сабақтың мақсаты: келешек ұрпақтың сана-сезіммін, рухани ойлау қабілетін дамыту.Кітапты оқуға баулу білім көзі кітапта екнін түсіндіру.

Көрнекілі: «Менің сүйікті кітаптарым» атты көрме.

I-кезең. «Білім көзі кітапта», бұл кезенде койылған сұрақтарға жауап беру керек.

1-топқа: 1.Кітап күні қашан атап өтіледі? /2 сәуір/

2.Мамыр айында қандай мереке күндер бар? / 1 мамыр-Бейбітшілік күні, 5 мамыр-Радио күні, 7 мамыр-Сарбаздар күні, 9 мамыр-Ұлы Женіс күні/

3. «Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көнілге

Ыкыласпен тоқылық» өлеңінің авторы кім? /Ы.Алтынсарин/

4. Абай Құнанбаевтың туғанына неше жыл? /170 жыл/

5. Қазақтың үш биін ата /Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би/

6. Қазақтың аңызға айналған батыры кім? / Бауыржан Момышұлы/

7. Темір жол қай елде жоқ? /Ауғанстан/

8. Пирамидалар елі /Мысыр/

2-топқа: 1.Білім күні қашан? / 1 қыркүйек/

2.1 маусым қандай күні? /Балаларды қорғау күні/

3.Қазақ даласында алғашкы мектеп ашқан кім? /Ы.Алтынсарин/

4. Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге. Өлеңнің авторы кім? /А.Құнанбаев/

5.Ұлы Отан соғысында ерлік қөрсеткен батыр қыздарды ата. /Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова/

6.Қазақтың әліппесін алғаш жазған кім? /Ахмет Байтұрсынов/

7.Ең үлкен қала, қай елде? /Мексикада-Мехико/

8.Шай мен пілі бар ел /Үндістан/

II-кезеңде тақтадағы гүлдің артына жасырылған мақал-мәтелдің жалғасын табу тапсырылады.

1. Оқусыз білім жоқ

Білімсіз .................../күнін жоқ/

2. Тіліңмен жүгірме,

Біліммен ................/жүгір/

3. Ғылым - теңіз,

Білім ............../қайық/

4. Күш- білімде,

Білім ............../кітапта/

5. Білек бірді,

Білім ................./мыңды жығады/

6. Оқу - білім бұлағы,

Білім - өнер ............./шырағы/

7. Оқу - білім азығы,

Білім- ырыс .........../қазығы/

8. Кітап - ғылым,

Тілсіз ............./мұғалім/

III-кезең «Сен білесің бе?» Карточкаларды ашу 5.10,15, қайсысына жауап берсең сонша ұпай есептеледі.

5 ұпай. Фамилиясы бірдей қандай қазақ ақын, жазушыларын, қоғам қайраткерлерін білесің?

/Тұманбай Молдағалиев, Жубан Молдағалиев, Асқар Сүлейменов, Олжас Сүлейменов/

5 ұпай. Аттары бірдей қандай жазушыларды білесің? /Мұхтар Әуезов, Мұхтар Мағауин, Мұхтар Шаханов, Мұхтар Құрманалин, Сәбит Мұқанов, Сәбит Босанов, Сәбит Дөнентаев/

5 ұпай. Жайықта - қазақ, Донда -қазақ, ол кім? /М.Шолохов/

10 ұпай. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қай жылы ашылды? /1931 ж./

10 ұпай. Қазақстан территориясында қандай ежелгі кітапхана болған? Отырар кітапханасы/

15 ұпай. Ең көп шығарма жазып қалдырған қандай жазушыларды білесің? /М.Әуезов -50 томдық, Әбіш Кекілбаев, Қабдеш Жұмаділов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов - 12 томдық/

15 ұпай. Қандай балалар ақын, жазушыларын білесің? / Бердібек Соқпақбаев, Марат Қабанбаев, Өтебай Тұрманжанов, Машқар Гумерев, Тынымбай Нұрмағамбетов/

15 ұпай. Ыбырай Алтынсариннің қандай әңгімелерін білесің? / «Мақта қыз бен мысық»,

«Әке мен бала», «Таза бұлақ», «Асыл шөп»/.

IY-кезең. Тіл ұстартып, жаңылтпаштар айту.

1-топқа. Шеше, неше Ара, ара, аралар

Кесе сынды кеше. Ара, ара бал аралар

Бал араға кім бара алар.

2-топқа: Ақша қардай, ақ пүліш, Есет атам ет асатар

Ақ пүліштей ақ күріш. Ет асатса бес асатар.

Y-кезең. «Кітап - білім бұлағы».

Сайыскерлер оқыған, өзіне ұнаған қызықты кітабынан түсінік айтады.

Кітапханашы: Кітапхана -білімпаздар мекені, оқушылар кітапханаға келіп, кітап алып оқып, кітаптан керекті тапсырмаларына дайындалады, білімдерін жетілдіреді. Кітапханашылар, кімнің неше кітап оқығанын, өлең шығарма жазып, сурет салғанын және кімдердің кітапханаға келіп жүргенін есептеп отырамыз.

Сөзімді қорыта келе:

Білім сүйсен, кел күн сайын осында,

Кітап сенің айналады досына.

Талаптансаң үйренуге құмартып,

Келгін, жас дос, ізденейік қосыла,- деп отырып, кітапханаға жиі келіңіздер, бірге ізденіп, бірге оқиық, бірге жұмыс жасайық демекпін.



© 2010-2022