Қазақ тілі мен әдебиеті Сатылай кешенді талдау технологиясын сабақта қолдану тәжірибемнен

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Егер сіз өзіңізге лайықты мамандықты сәтімен сайлап алсаңыз , оған жан -тәніңізді салсаңыз , она бақыт - сізді өзі іздеп табады . К Ушинский . Жаңа заман талабына сай білім беруді реформалаудың міндеті - оқыту үрдісінің нақты практикалық мақсаттарға бағытталуына қол жеткізу . Бұл мәселені теориялық тұрғыдан негіздеу бағытында еліміздің педагогика ғылымында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді .

Білім беру қызметінің мазмұны мен құрылымының теориялық негіздерін құрауда елеулі жаңалықтар жүзеге асырылып , олар пән бағдарламалары мен оқулықтарда тәжірибелік қолданысқа енгізіліп жүр.

Оқушылардың берілген материалды теориялық жағынан жете меңгеріп , танымдық және машықтық дағдыларын қалыптастыру үшін талдау жүргізудің маңызы зор. Талдау тапсырмаларын бере отырып , оқушылардың білімінде тиянақсыздық байқалып жүрген күрделі , меңгеруде қиындық келтіретін тақырыптарға баса көңіл бөлуге мүмкіндік зор . Осы тұрғыдан алғанда соңғы жылдары мектептерде , жоғарғы оқу орындарында қолданылып жүрген Нұрша Алжанбайқызы Оразахынова енгізген «Сатылай кешенді талдау» төл технологиясының маңызы ерекше .

Мен де қазақ тілі, әдебиеті, тарих сабақтарында осы жүйені басшылыққа ала отырып сабақ жүргізіп келемін . Қазақ тілі , әдебиеті ,

тарих сабақтарында сатылай кешенді талдауды қолданудың маңызы зор.

Сатылай кешенді талдау - материалды оқушыларға ғылыми негізде меңгертудің бір жолы .Басқа технологиялардан ерекшелігі - түсіндірілген материалды толық түсініп, жүйелі меңгереді, шығармашылық жұмыстарды өздігінен орындауға бейімделеді .

Мысалы , 5-сынып . Қазақ тілі . Дауысты дыбыстарды өткен кезде сөзге математикалық тәсілмен мінездеме бергіземін .

Қазақ тілі мен әдебиеті Сатылай кешенді талдау технологиясын сабақта қолдану тәжірибемнен





Қазақ тілі мен әдебиеті Сатылай кешенді талдау технологиясын сабақта қолдану тәжірибемнен







1.Ауызша толық түрде былай баяндаймын: Тілдің қатысына қарай 2 дауысты дыбыстың екеуі де тіл алды немесе жіңішке дауыстылар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда тілдің ұшы сәл артқа қарай тартылып, үсті сәл дөңестенеді. Сөзде тіл арты немесе жуан дауысты дыбыс жоқ.

2. Ауызша толық түрде былай баяндаймын : Жақтың ашылу дәрежесіне қарай 2 дауысты дыбыстың біреуі (Ә) ашық дауысты . Бұл дыбысты айтқанда жақ кең ашылып, ауа еркін шығады . Біреуі (Е) жартылай ашық, себебі бұл дыбыстарды айтқанда , жақ жартылай ашылып, ауа еркін шығады . Сөзде қысаң дауысты дыбыс жоқ .

3. Ерін мен езудің қатысына қарай екеуі де езулік , себебі бұл дыбыстарды айтқанда, ерін жиырылып, езу артқа қарай тартыдады . Ерііндік дауысты жоқ.

Бұл талдаудың үлгілерін оқушыларға үнемі жүргізіп отырса тиімді . Оқушылардың ойлау қабілетін арттырумен қатар көп нәрсені білуіне ықпал етеді .

Өзім сабақ беретін сыныптарымда әдебиет сабақтарында да осы талдауды жүргізіп келемін .

Мыс : 5- сыныпта Ж Жабаев «Өтеген батыр « дастанын өткеннен кейін пысықтау , бекіту мақсатында мынадай сатылай кешенді талдау жасаттым . Сол арқылы оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты түсінгендігін білдім .

Қазақ тілі мен әдебиеті Сатылай кешенді талдау технологиясын сабақта қолдану тәжірибемнен

Бұл сатылай кешенді талдауды 7- сыныпта тарих пәнінен өткен ашық сабағымдада қолдандым .

« Түріктердің рухани мәдениеті « тақырыбында өткізген ашық сабағымда жаңа сабақты қаншалықты түсінгенін білу мақсатында оқушыларға тақтамен жұмыс жүргіздім . Ол үшін тақтаға сатылай кешенді талдауды былай белгілеттірдім.

Қазақ тілі мен әдебиеті Сатылай кешенді талдау технологиясын сабақта қолдану тәжірибемнен

Сол сияқты басқа сыныптарда да қазақ тілінен сөзге лексика -грамматикалық мағынасына қарай талдау жасатып отырамын .

Биылғы оқу жылында да 7- сыныпқа «Архитектура және өнер» тақырыбында да ашық сабақ өткіздім.

Қазақ тілі мен әдебиеті Сатылай кешенді талдау технологиясын сабақта қолдану тәжірибемнен

Бұл талдау түрі арқылы белгілі бір жүйе бойынша берілген теориялық материалды сабақ жүйесі бойынша талдап үйренуге, тапсырманың мазмұнын жете меңгеруге болатынын білеміз.

Оқулықта берілетін материалдар оңайдан қиынға, жеңілден ауырға деген оқыту принципине негізделсе сатылай кешенді талдауда да осы принципті басшылыққа алады.

Әрбір тақырыпты өту барысына қарай сатылай кешенді талдауды да сәйкестендіріп алуға болады.

Қазақ тілі, әдебиеті, тарих сабақтарын сатылай кешенді талдау арқылы меңгерген бала тез ойлап, жылдам әрі сауатты жазу дағдысын арттырады, әр сөздің ішкі сырына терең бойлап ене алады.

Сатылай кешенді талдаумен жаттыққан бала кез келген сөзді, сөйлемді, тақырыпты өз бетінше талдап, дәлелдей алады, көп нәрсеге машықтанады. Бұл талдаудың маңызын автодың өзі де былай көрсетеді: «Талдауды жете меңгерген оқушы тестілік тапсырманы сауатты орындайды».

Осы талдауды басшылыққа ала отырып, жан-жақты талдау жүргізу бізге көп нәтиже беріп, жетістіктерге жеткізеді деп ойлаймын.

Сөзімді аяқтай келе ақын О.Шораяқов ағамыздың

Білгенге: білім, байлық, бағасы артық,

Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.

Үйренсең өнер-білім - өшпес мұра,

Таусылмас тау кенінің қордасындай.

Дегендей бағасы артық, салмағы сан жетпейтін өшпес мұрамыз өнер -білімімізді жас ұрпақтың бойына одан әрі дарытып, еңбек ете берейік дегім келеді.

© 2010-2022