Конспект урока по казахскому языку на тему Ырықсыз етіс (6 класс)

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ырықсыз етіс

Сабақтың мақсаты:

Диалогты оқып, талдау жасай отырып, жаттығу жұмыстарымен оқушылардың оқу, жазу арқылы сөйлеу тілдерін дамыту.

Сабақтың міндеттері:

Ырықсыз етістерді ажырата білуге дағдыландыру. Сөздік, тілдік қорын молайтуға бейімдеу. Қазақстан Республикасының атақты әншілерімен танысып, құрметтеуге баулу;

Көрнекіліктер: Суреттер, ілмелі таблица.

Сабақтың әдіс -тәсілдері: Сұрақ -жауап, түсіңдіру, қолдану, салыстыру

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

-оқушылармен амандасу

-сабаққа даярлығын тексеру.

Психологиялық дайындық

Түстері сәйкес келген адамдар бір- бірімен амандасады.

Көк түстілер - Сәлем! Деп екі қолдарын жоғары көтеріп амандасады

Сары түстілер - Нai- деп оң қолдарын көтеріп амандасады

Жасыл түстілер - бір -бірімен қол алысып амандасады

Қызыл түстілер - қолдарын кеуделеріне қойып бастарын иеді.

ІІ. Үй тапсымарсы.

1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.

  1. 191-жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

  3. Өткен тақырыпты қайталау

  4. 1-тапсырма: Сурет бойынша ырықсыз етістерді қолданып бірнеше сөйлем құра.

Конспект урока по казахскому языку на тему Ырықсыз етіс (6 класс)Конспект урока по казахскому языку на тему Ырықсыз етіс (6 класс)Конспект урока по казахскому языку на тему Ырықсыз етіс (6 класс)

Конспект урока по казахскому языку на тему Ырықсыз етіс (6 класс) Конспект урока по казахскому языку на тему Ырықсыз етіс (6 класс) Конспект урока по казахскому языку на тему Ырықсыз етіс (6 класс)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Конспект урока по казахскому языку на тему Ырықсыз етіс (6 класс)Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Ырықсыз етіс» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Іс-әрекеттің арқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, өздігінен істелетіндігі көрініп, -ыл, -іл, -л, түбірдің ішінде л дыбысы болса, -ын,-ін, -н жұрнақтары арқылы жасалатын етіс түрі ырықсыз етіс деп аталады. Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктен жасалады және өзі жалғанған сабақты етістікті салт етістікке айналдырады: сөз айт-ыл-ды, уәде бер-іл-ді, шарт жаса-л-ды, т.б.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын.

ІҮ. Терме диктант жазу. Берілген сөйлемдерден етістіктерді теріп жазып, ырықсыз етіс жасаңдар.

Мен Қостанайдағы әнші Дәмерді білемін. Дәмер әншілікті мектеп жасынан бастаған. Ол домбырамен ән салады. Ол, жалпы, алты ән жазған. Оның «Қостанайым», «Обағаным» әндері тыңдармандарының жүрегінен орын алған.

Ү. Оқулықпен жұмыс:

192-жаттығу. Берілген сөздерді ырық етіс құраңдар

193-жаттығу. Ырықсыз етістер жасаңдар.

ҮІ. Жұптастырыңдар.

1. Бұлбұл үнді, күміс көмей әнші Гүлбану Абдулина .... .....

2. Жерлестері Гүлбанудың әнін .... ..... ....

3. Гүлбану Абдулина халық әртісі Роза Жаманованың ... ... .... ....

4. Гүлбану негізінен классикалық әндерді ..................

5. Сонымен қатар, Гүлбану Абдулина қазақтың .... ........ ......

6...... халық әндерін тамаша орындайды.

2. ..... орындайды.

3. ..... вокалында дәріс алған.

4. ..... өте жақсы көреді.

5. ..... Қостанайда тұрады.

5. «Шапшаң орында!» Мына берілген сөздерді үлгідегідей етіп, түрлендіріп жазыңдар.

Үлгі: сүрту; сүрт- ті, сүрт-кіз, сүрт-інді, сүрт-тіру.

Сөйле, көр, айт, жазу, салу, биле.

ҮІІ. Қорытынды бөлім.

Тест тапсырмасын орындаңдар.

1. Мына сөйлемдегі ырықсыз етісті тап. Қарағанды қаласында жаңа үй салынды.

а) Қарағанды қаласында; ә) жаңа үй; б) салынды;

2. Мына сөздерден еріндік дыбысы бар сөзді белгіле.

а) бұйымдыр; ә) алақай; б) алғашқы;

3. Термин сөзді сөз тіркесін белгіле.

а) таулы жер; ә) ауылдық аймақ; б) экологиялық мәселе;

4. Мына сөйлемге қажетті сөзді қой. .... түсіру - өнердің бір түрі.

а) сөйлемге; ә) фотоға; б) үйге;

5. Дұрыс жалғауын жалға. Сіздің әуес іс.... .

а) - ім; ә) - ің; б) - іңіз;

ҮІІ. Үйге тапсырма:

194-жаттығу, Ережелерді жаттау. 1 етістікке сатылай кешенді талдау жаса.

Бағалау. Оқушылар өздігінен бір-бірін бағалайды.



© 2010-2022