Открытый урок по физической культуре геогр сыныптан тыс

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

География хандығындағы бір күн

Мақсаты: Жер планетасы, материктер туралы сабақта алған білімін жинақтап, одан әрі таным деңгейін арттыру, әр метерикті жете тануға қызығушылығын ояту, актерлік шеберлікке, табиғатты аялап, сүйе білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Рөлдік-ойын сабағы, географиялық кеш.

Көрнекіліктер: Карта, Нақыл сөздер жазылған плакаттар, суреттер, тақ, хан сарайына керекті жабдықтар, домбыра, суреттер, суретті плакаттар т.б.

Жаршы.

Саламатсыздар ма ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «География патшалығындағы бір күн атты» кешімізге хош келдіңіздер! География патшалығына қонаққа барған оқушының басынан өткізген қызықтарын бірге тамашалайық.

Сабақ барысы:

Қоңырау соғылды. Сахнаға үсті-басы олпы-солпы 2 алған оқушы сабақтан шыққан қалпында жабырқау кейіп білдіріп:

  • Уһ, географиядан да құтылдым-ау! Тағы да 2 алдым. Апырым-ай осы жұрт географияны қалай оқиды екен?! Бәрінен де апайды айтсайшы - ?! Соншама жер атауларын, бүкіл Жер шарында болып жатқан оқиғаларды қалай ғана кіп-кішкене басына сыйғызып жүргеніне таңмын. «Гидрасфера, атмосфера, биосфера, литосфера ... не бір қиын тапсырмаларды тақта бетіне толтыратынын қайтесің?» Айтыңдаршы балалар, географиядан екі алмағандарың бар ма? Ә, мен білемін, бәрің де 2 алғансыңдар. Озаттарың да, екпінділерің де шамалы бағамен оқитындарың да географиядан екі алмадым деңдерші? Оқығым келмейді географияны ...

Осы кезде сахнаға сиқыршы - География патшасы шығады. Сиқыршыны көргенде оқушыда үрей қалмады, сасқалақтап:

  • Сіз кімсіз, кім боласыз ? - деді.

  • Мен бағанадан бері өзің даттап жер-жебіріме жеткен География патшасымын.

Жер бетінің әр бір құмын, әр тасын,

Мен зерттеймін, ей, балақай, байқашы.

Мені білгің, оқығын, сен, азамат,

Сиқыршымын - мен География патшасы

Ал, балақай, жүр, мен сені География патшалығына апарайын, географияның қызығына қандырайын (оқушы жасқанады) Қорықпа, жүр!

Ән «Ертегілер»

Екеуі География патшалығына келеді. Сахна төріндегі таққа География патшасы отырады да, оқушыны қасына шақырады.

Осы кезде Жаршы жарлық оқиды.

«Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! География патшасының сарайында той болады. Бәріңізді де тойға шақырамыз Келіңіздер, көріңіздер бағаларыңызды беріңіздер.»

География патшасы өз тұрғындарының өнерімен қасиетін таныту мақсатында физикалық география мен экономикалық географияны айтысқа ортаға шақырады.

  1. Экономикалық география

Армысыздар бүгінгі кешті көретіндер.

География десе жанын беретіндер.

География кереметін жыр ғып айтам,

Сөзіме сенетіндер, көнетіндер.

Есімім - экономикалық таныстырсам,

Жеңілер деп ойлама жарыстырсаң,

Географияның тірегі мына менмін

Не қыласың күшіңе қарсы тұрсам?!

  1. Физикалық география

Көруге география кешін жиылғандар

Эротосфенге құдайындай сыйынғандар

Қош келдіңдер бүгінгі ғажайыпты

Тамашалау бақыты бұйырғандар.

Физикалықпын несіне жасырайын,

Сенен достым күшімді асырайын.

Физикалықтың күшіне географияда

Тұра алар дәті шыдап қасымда кім ?

  1. Экономикалық:

Экономика - өмір, тұрмыс тірегі,

Құрамына саясатта кіреді

Халықтар мен елді мекен, нәсілдір

Мен арқылы байланыстар жүреді.

Менен болар халықтардың санағы

Машинаға мен керекпін қараңыз

Талшық, көмір, мұнай мен газ сатамын

Мені оқыңыз жеткенінше санаңыз.

  1. Физикалық

Күн жүйесін Жер шарын зерттеймін мен

Зерттеймін мен жазықтар мен тауларды

Көрікті табиғат, пайдалы қазба беремін

Тұзсыз дәмі кіруші ме еді тағамның?

Мақтанасың сен бекерге бас ұрып

Уланудан дерті кетті асқынып

Мұнай сатып, темір, көмір өндіріп,

Табиғатты ластадың сен қатырып.

  1. Экономикалық

Құдайға шүкір жақсарып жатыр жағдайың

«Ластадың» деп балағаттап қызбағын.

Пайдасы қайсы, мақтағанда тигізген

Аралыңды басып жатыр тұздарың.

Мен арқылы өндірістер басталды

Басталды да ел жағдайы жақсарды.

Пайдам бар менің тағы басқа көптеген

Өз бойыма көп қасиет жиыппын.

  1. Физикалық

Байлығымды адамзат қолданады.

Жұтсаң - ауа, ішсең - су қолда бары

Топырақ пен өсімдік күн сәулесі

Түнып тұрған байлыққа көз болады

Әрқашанда ашық ғылым картасы

Көп мақтанып кеудеңді сен қақпашы

Төрелігін берсін География патшасы

География патшасы:

Физикалық және Экономикалық!

Дауласудың қажеті жоқ, екеің де өмір тірегісіңдер.

Жаршы:

География патшалығының үштен екі бөлігіне билігі жүретін премьер-министр -

Гидросфера:

Гидросферамын, судың нағыз өзімін

Мұхит, өзен, көл, бұлақпын, жаңбырмын.

Түссіз, иіссіз, дәмсізбін мен ежелден

Жер астында да, тау басында да боламын

Толқындарым электр тогын береді

Менімен болар қандай істің есебі

Кемелерің меніменен еседі

Адам суды өмір нәрі деседі.

Каспий бұл көлдерімнің төресі

4 мұхитым жер бетіне таралған

Тіршіліктің тынысы су мен боламын

Ішіп жүрген уақытында қалаған

Гидросфера сұрағы Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен (НІЛ)

Гидросфера жұмбағы Аяғы жоқ, қолы жоқ, бірақ тыныш тұрмайды.

Сақтамасақ егерде, барша тірлік қурайды (СУ)

Жаршы: Биосфера ханзада сөз алады:

Мен биосферамын - баға жетпес тіршілікпін

Басты қасиетім - өте тез көбейгішпін.

Аңдар менен өсімдікті түзуші

Тіршіліктің көзі болып кете алдым

Жануарда да, адамда да бармын мен

Тіршілікті өмір сүруге икемді қылып

Өсімдік пен жануар түрін жасадым

Сөйтіп мәңгі тарихта қалдым мен

Қайткенде де болашағым мол менің

Адамзат та артты маған зор сенім

Тіршіліктің тірегімін, көзімін

Дұрыс болар есте сақтап сенгенің

Биосфера сұрағы Қазақстанда неше қорық және неше ұлттық парк бар? (9 қорық, 5- ұ. парк)

Биосфера жұмбағы Он екі айдың біреуі, мына менің атымда-деп, жар салып жүреді. (көкек)

Литосфера ханшайым

Мантия, ядро, жер қыртысынан құралдым

Өмір бойы керегіңе жете алдым

Литосфералық тақталардың картасы

Венегердің көргенімен ашылдым

Бөлініп тұрған үш түрге тау жынысын

Қыртысымда сен олармен кездесесің

Артық болмас қойным толы байлық десем

Ғарыштағы ракетада, ұшақтан

Қолтаңбамды табасың сен іздесең.

Литосферамын - жердің қатты қабаты

жер бетінің минералды әр тасы

Сан құрылыстың мен сәулеті, негізі

Қаланады менен ғана ойланшы.

Литосфера сұрағы Ең үлкен түбек (АРАБИЯ)

Литосфера жұмбағы Бір түкті кілем, бір түксіз кілем (аспан мен жер)

Жаршы ортаға Атмосфера ханшайымды шақырамыз:

Бүкіл әлем тыныс алар ауамын

Менсіз ешкім шыдай алмас, дауамын.

«Ауадай қажет» деген сөз осы емес пе?

Пайдасы көп адамзатқа ауаның.

Тропосфера, стротосфера қабаттар,

Ауасыз еш өтпейді әр бір сағаттар.

Болмаса ауа минутта шыдамай

Сондықтан да ластануда ағат бар.

Қорғаңыздар ауа атты қабатын,

Боласың сен осыдан пайда табатын.

Жануар да, өсімдік те, адам да

Тыныс алар ауа деген затымен.

Атмосфера сұрағы Температураны немен өлшейді? (ТЕРМОМЕТР)

Атмосфера жұмбағы Жүйрік өзі тұлпардан, ұшқыр өзі сұңқардан.

Күні-түні жүйткиді, кең далада бір тарлан (ЖЕЛ)

Жаршы: ән «Саржайлау»

Жаршы:

Мың сан халқы ізіне ерген

Келешекке берік сенген,

Қасиетті туған өлкем,

Кереметсің қандай көркем!

О, Жер-Ана қадіріңе жетейін,

Көрерменді сырға қанық етейін

Жер-Ананы шақырып ап ортаға,

Сіздерге толық таныстырып өтейін - деп ортаға Жер-Ананы шақырайық.

О, Жер-Ана бізге жылдам келіңіз

Сізге әр кез дайын біздің төріміз. (Жер-Ана келеді)

Міне, Жер-Анамыз да көрінді. - Саламатсыз ба Жер-Ана!

Жер-Ана:

Амансың ба қарағым! Амансың ба оқушым! Құрметті қонақтар! Мені бәрің де география пәнінен жақсы танисыңдар деп ойлаймын. Солай ма?.... Дей тұрғанмен де, мен сіздерге қонаққа келген соң, өзім жайлы айта кетейін.

Күн жүйесін 3-ші боп мекендедім,

Көлемім кең, үлкен жүк көтергенім.

Ізімнен ерген менің 6 ұлым бар.

Емессіңдер сендер де бөтендерім.

Және бар менің 240 немерем,

Немерелерім шетінен білгір, көреген.

Жан-жағымдағы Плутон, Шолпан, Марстар,

Дейді маған «бақыттысың не деген!».

Өйткені менің басамдау еді пәрменім

Артықтығым 6 бала көргенім.

Солардан өрген өздерің аман тұрғанда

Әрқашан да тіршілігім бар менің.

Жаршы: Оқушылар Жер Ана ның дайындап келген сұрақтарына назар аударайық

Викториналық сұрақтар

1. Ең ыстық материк ? (Африка)

2. Ең кішкентай құс ? (колибри)

3. Жер бетінде қанша материк бар? (6)

4. Ең биік материк ? (Еуразия)

5. Ең биік сарқырама? (Анхель)

6. Ең үлкен арал? (Гренландия)

7. Қазақстандағы ең биік тау? (Тянь-Шань)

8. Қазақстандағы ең үлкен көл? (Каспий)

9. Қазақстан көлемі жағынан дүние жүзінде нешінші орында? (9)

10. Ең терең мұхит? (Тынық)

Жаршы: Қымбатты Жер-Ана, жаңа бір сөзіңізде 6 балам бар деп едіңіз, Сіз рұқсат етсеңіз, соларды ортаға шақырсақ деп тұрмыз.

Жер-Ана: Шақырыңыздар, айналайындар! Мен қарсы емеспін.

Жаршы: Ендеше, алдымен анамыздың үлкен баласы «Еуразияны» шақырамыз. (ортаға Еуразия келеді) Еуразия

Орасан зор материкпін,

Төрт мұхит, төрт қабырғам.

Алуан түрлі тірлігімен

Көп халық менен табылған

Исландия - аралым бар,

Фенноскандия - орманым.

Балқан таумен таралынған

Гималай, Альпі қорғаным.

Арбия - үлкен түбек,

Месопотамия - жазық ойпат.

Орта Азия шөлді өлкені

Жылқы, түйе жүрер жайлап.

Тынық мұхит жағасында

Вулканым бар отты алып.

Ұлы Қытай жазығында

Ырзығын терген көп халық.

Архипелаг Малайзия

Тұрады бес мың аралдан.

Күріш пенен шәй бұта

Бұл жерге тән таралған

Жаршы Келесі кезекте Африканы шақырайық.

Африка

Мен Африка! Қос мұхит арасында

Еуропадан 3 есе үлкен құрлықпын.

Түп атым «Еуразия» тайпасында,

Белімді экватор кескен құрлықпын.

Маймыл, піл, жираф, зебра мекен еткен,

Какаодан жетістікке жеткен құрлықпын.

Жаршы Келесі кезекте Жер-Анамыздың 3-ші баласы Солтүстік Американы шақырамыз.

Солтүстік Америка

Өзім жайлы менде айтып берейін,

Құнды-құнды мәліметтер терейін

Ағаларым өзін айтып мақтанды

Байлығымды мен де мақтап көрейін

Қалың тонды қойбұқам бар,

Қылқанды шырша орманым бар.

Бұлғын, құндыз ондатра -

Ең бағалы аңдарым бар.

Ниагара алып құламадан

Энергия аламын.

Үлкен Антиль, Кіші Антиль

Бағамдай бар аралым.

Гольфстрим ұлы ағысым,

Кордильер таулы тізбегім

Иеллоустон - ұлттық паркке

Барудың жолын іздегін.

Гейзер суы көкке өрлеген,

Секвоялы жасыл орман.

Міне, осы барым менің

Маған мәңгі мақтан болған.

Жаршы Енді Оңтүстік Американы шақырамыз

Шығысым менің кең жазық,

Анд тауы батыс жағында.

Амозонка ең сұлу өзен,

Биік таудан соғылған.

Өсімдігім мимоза,

Кебрачо, кактустар.

Мекен еткен жерімді,

Пума, ягуар жыртқыштар.

Жиырмадан астам елім бар,

Титикака көлім бар

Келесі кезекте Антрактиданы ортаға шақырамыз. (Антрактида келеді)

Хош келдіңіз мұзды мекен

Дейді көп жұрт сізді бекем.

Шыныменен сізді ойласам

Менің өзім дір-дір етем

Антрактида

Шынымене мінезім сәл қаттылау

Жақтарым да бар ғой бірақ жақсылау

Мысалы менде ғалымдардың ғылыми

Станциялары жұмыс жасайды бақылау.

Жануарларым тюлень, теңіз мысығы,

Пингвиндердің көрдіңіз талай қызығын

Жаршы: Көп рахмет. Келесі кезекте Жер-Анамыздың ең кенже баласы «Аустралияны» шақырамыз. (оратаға Аустралия келеді)

Хош келдіңіз, кенжесі ананың

Сіз жайында білгіміз келіп барады.

Біздің кеште қонақ болып қайтыңыз,

Бірақ сізде өзіңіз жайлы айтыңыз

Аустралия

Айтар болсам өзімді

Тыңдаңыздар сөзімді

Ағалардан шалғайдамын

Құрғақшылық бар аймағым.

Қос мұхитпен қоршаулымын,

Қалталы келеді жануарым

Әлем бойынша қой өсіріп,

Ең бірінші орын алдым

Жаршы: Тамаша. Жер Анамыздың алты ұлы болған алты материкпен де таныстық. Осы материктерде тұратын елдердің өкілдері өздерінің сән үлгілерімен келіпті. Қазір оны тамашалайық. (әр елдің ұлттық киімдері көрсетіледі)

  1. Қазақ елі

  2. Өзбек елі

  3. Араб елі

  4. Испан елі

  5. Түрік елі

  6. Үнді елі

Жаршы: Оқушылар енді мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақ тегін емес: дыбысты. Шарты: жұмбақтың шешуін тауып соны қимылмен және дыбыспен көрсету керек.

1. Қанаты жоқ - ұшады, аяғы жоқ - қашады (ЖЕЛ)

2. Аң патшасы десек те, Піл, керіктен жасқанған, Мысық текті хайуан (АРЫСТАН)

3. Мұрты бар, сақалы жоқ, Тоны бар, шапаны жоқ (МЫСЫҚ)

4. Ат басты, арқар мүйізді,

Бөрі кеуделі, бөкен санды,

Құс қанатты, құмырсқа ізді

Бота тірсекті (ШЕГІРТКЕ)

5. Әуеден күбі түсті, Күбінің түбі түсті (Күннің күркіреуі)

Жаршы:

Қасиетті Жер-Ана! Сіздің 240 немереңіздің ішінен 9-шы немереңіз біздің Отанымыз. Енді «Қазақстанды» шақырғымыз келіп отыр.

Қазақстан - туған өлкем бағыстан,

Бақытымды іздеймін алыстан,

Бүгін бізге қонақ болып кетіңіз,

Балалардың әнін тыңдап жарысқан.

Сіз біз үшін ең киелі мекенсіз.

Бізбен бірге мәңгі жасап өтерсіз.

Қасиетті Жер секілді ананың

9-шы немересі екенсіз.

Отан-Ана ортамызға келіңіз

Өзіңіз жайлы бізге айтып беріңіз -

- деп ортаға Отан Ана Қазақстанды шақырамыз.

Қазақстан

Белестерден белестерге ұласқан,

Орман, шөлім, өзен-көлім қыр асқан.

Тау мен тасын жауып құмның етегін,

Баурайында сылдыр қаққан бұлақтар

Менің жерім дәнге, малға, кенге бай,

Менің елім жаны жайсаң , көңілі жай!

Жаршы: Сізге шексіз біздің алғысымыз.

Әрдайым алға бассын жақсы ісіңіз - деп «Қазақ елі» әнін жолдаймыз.

Жаршы:

Табиғаты қойған сынап кенелте,

Қазақстан - байтақ, өлке, кең өлке

Қазақстан - ғажапстан бұл күнде,

Ағыл-тегіл ақтарылған кең өлке.

Отан-Ана қадіріңе жетемін

Сенен басқа Отанды мен не етемін!

Сен мұңайсаң, мен де бірге мұңаям,

Сен қуансаң мәңгі күліп өтемін.

«Туған өлкем - қандай көркем» - еді деп,

Табынамыз саған, атамекенім!

География патшасы:

Ал балақай патшалығымның тұрғындары қалай өнерлі ме екен?

Оқушы:

Керемет екен. Шетінен өнерлі. Адамзатқа барлығының тигізетін пайдасы зор екен. Патшалықтарыңызда өмір сүру де өте қызықты.

География патшасы

Біздің патшалығымыз да өмір сүру қызықты-ау Бірақ экологиялық проблемалар туындап, жағдайымыз нашарлап барады. Сен адамзат баласына айта бар табиғатты аяласын, қорғасын! Себебі табиғат оның үйі ғой. Ал барлық тіршілік иесі үйлерін күтіп, қорғйды емес пе?

Оқушы:

Ия мен енді бәрін түсндім. «Табиғатты сүю парыз, сүю үшін білу парыз» дегендей география сабағын оқуға, табиғатты аялауға уәде беремін!

Жаршы Құрметті география патшалығының тұрғындары бүгінгі кешімізді «Атамекен» әнімен аяқтаймыз. Қатынасқандарыңызға рақмет. Хош сау болыңыздар!


© 2010-2022