Конспект урока по казахскому языку на тему Етістіктен өткенді қайталау

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5-сынып

Тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау

Мақсаты 1.Білімділік: Етістіктен алған білімдерін бекіту, тиянақтау.

2. Жаттығу жұмыстарын жүргізе отырып, оқушылардың практикалық дағдысын қалыптастыру, теориялық білімін арттыру, тіл байлығын , ойлау қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тілге қызығушылығын арттыру

3.Оқушыларды өз елін, жерін сүюге, құрметтеуге, ана тілін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: топтық,талдау, топтастыру, сұрақ-жауап

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Сабақтың түрі: сайыс сабағы

Көрнекілігі: карточкалар, слайдтар

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Ұлт тірегі - білімді ұрпақ қолында, Ізденейік білім алу жолында. Еліңді сүй, жеріңді сүй құрметте, Жас қырандар алау оттай жалында - деп сөз құдіретінің мәнін түсініп, сұлу да ойлы сөйлеп, осы сабаққа белсене қатысайық!

а) Сіздер алдын-ала 2 топқа бөлінгесіздер. Топ басшылары ------- ,----- таныстыру, 2 топ білімдерімізді сынасамыз. Бір-бірлеріңізгеқандай жақсы тілектер айтар едіңіздер!?

ә) Слайд1 Құрметті ұстаздар, бүгінгі сабағамаздың эпиграфы және менің тілегім «Сәтті болып ісіміз, жетістікке жетейік».

2. Слайд2 Қай сөз артық? Мұғалімдерге (мәселелі жағдай арқылы, через проблемные ситуации) сөздер беріледі. Мектеп, қалам, оқушы, сөйле, терезе, әнші.

- Мына сөздерден не байқадыңыздар, қай сөз артық?

- Артық сөз: сөйле - етістік, қалған сөздер зат есімдер.

- Қалай дәлелдедіңіздер?

- Сұрақ қойдық. Зат есімдер- кім? Не? Етістік- не істе?

- Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы екен?

- Етістік туралы

Иә, олай болса,

Қояйық мақсат сабаққа

Бәрімізге тиімді

Етістікті қайталап,

Көрсетейік білімді.

Мұғалімдер(Оқушылар) өздері сабаққа мақсат қояды.

-Етістікті қайталаймыз, Слайд3

-Негізгі, туынды етістіктер,

-жұрнақтарын еске түсіреміз т.б.

3)Слайд4 -Етістіктен алған білімімізді көрсетеміз, тиянақтаймыз. «Қай топ жылдам?» ойыны арқылы сұрақтар қою. Ойынның шарты қай топтың мүшелері жылдам өз алдарындағы жатқан шеңберлерін көтереді, сол жауап береді, егер бірнеше кісі көтерсе, сол топтың басшысы кім жауап беретінін айтады. Топтастыру стратегиясы бойынша(Кластер). Кім жауап берді, сол тақтаға шығып, топтастырып жазып отырады.

-Етістік дегеніміз не? Сұрақтары қандай?

-Сөз табы дегеніміз не?

-Осы сөз таптарын тексеретін саланы тіл білімінде не дейміз?

-Тұлғасына қарай етістік нешеге бөлінеді? (негізгі, туынды)

-Құрамына қарай етістік нешеге бөлінеді?(дара, күрделі)

-Іс-әрекеттің орындалуына қарай етістік нешеге бөлінеді?(болымды, болымсыз)

4)Слайд5 Топпен жұмыс. «Талдау- табыс кілті»- демекші осы еске түсірген білімдеріңізді 2 топ іс жүзінде зерттеу жұмысын орындап көрсетесіздер.

Өзіміздің жерлес ақынымыз Әпузә Әміреқызының 2 шумақ өлеңіне талдау жұмысын жасаймыз. Әпузә Әміреқызы туралы не білесіздер?

-Әпузә Әміреқызы 1937 жылы Ақталда туған, 77 жаста

-әнші, «Әжелер» ансамблінің мүшесі

-30 жыл кітапханада жұмыс істеген, депутат болған.

Бүгінгі сабаққа сол кісінің өмірбаянын, шығармашылық жолын зерттеп, іздеп келген Гүлмира Әрінқызына сөз береміз.

Талдаудың мақсаты 1.Өлеңді мәнерлеп оқып шығып, не туралы екенін айтамыз. 2.Етістіктерді тауып, тұлғасына(құрамына) қарай талдаймыз.

Алтайдың биік-биік таулары бар,

Жайылған тау беткейлеп малдары бар.

Қазақтың қанға біткен қасиеті,

Ірімшік, құрт пенен май дәндері бар.

Береке-бірлік болды аулымызда, Слайд6

Біреуді біреу тартып баурымызға.

Аман болып жау-жардан аспан асты,

Болмасын еш жамандық халқымызда.

5) Сергіту сәті «Хан талапай» ойыны Слайд7

Асықпен ойналатын ойынның бір түрі- Хан талапай. Ойынды үлкендердің басшылығымен жас балалар ойнайды. Ойынға қатысушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты Хан талапй деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты - жылдамдыққа тәрбиелеу, нерв жүйелерін шыңдау, қабілеттерін жетілдіру.

6) Слайд8 -22. Жеке жұмыс, өз беттерімен орындайды. Шығармашылық тапсырма Туған жерге деген махаббатымызды көрсету үшін, ойлау қабілетімізді, шығармашылық қабілетімізді дамыту мақсаттарымен «Болмасаң да ұқсап бақ»! -деп Абай атамыз айтпақшы «Туған жер» туралы өлең жолдарын құрап көрейік.

7) Слайд 23. «Кім білімді»? Мақалдан етістіктерге сатылай кешенді талдау жасау, мақалдың мағынасын түсіну мақсатымен сіздерге жұппен орындауға тапсырма беріледі. ·

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Туған 1. Сөз табы- етістік болмас

2. Тұлғасына қарай- туынды туынды

Жұрнағы -ған - ма, -с

2. Құрамына қарай- дара дара

3.Сөз табы- етістік етістік

4.Сұрағы-қандай? Не етпес?

5.Сөйлемде-анықтауыш баяндауыш

8.Сабақты қорытындылау. Слайд24

Сабағымыздың эпиграфына қайта оралайық Сәтті болып ісіміз, жетістікке жеттік деп ойлаймын.

Етістіктің қандай қажеті бар?

Әр топ басшылары өз тобының жұмысын бағалайды.





МБОУ «Ташантинская основная общеобразовательная школа»



Мастер-класс по казахскому языку в 5 классе

Тема: «Етістіктен өткенді қайталау»



Учитель: Октаубаева А.Ж.

с.Ташанта,2014г.



© 2010-2022