Cабақ жоспар Сөз мәдениеті (10-сынып)

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ атауы

Кіріспе. Тіл - рухани қазына. Сөз мәдениеті.

Жалпы мақсаттар

Тіл - рухани қазына. Сөз мәдениеті. Адам өміріндегі сөз мәдениетінің рөлін түсіндіру,сөз мәдениетіне қатысты ұғымдарды білгізу.Тапсырмаларға грамматикалық талдаулар жасату, теориялық білімдерін практикада пайдалана алуға үйрету.

Оқыту нәтижелері

Сөз мәдениетінің адам өміріндегі рөлін біледі. Сөз - адам болмысының айнасы, өмірлік әрекетінің негізгі құралы екендігін білгізу. Сөз мәдениеті пәніне қатысты ұғымдарды меңгерту.

Негізгі идеялар

Тіл - рухани қазына.

Адам өмірінде сөз мәдениеті маңызды орын алады.

Сөз - адам болмысының айнасы, өмірлік әрекетінің негізгі құралы.

Дереккөздер, сілтемелер

1.МАН

2.10-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы.

Авторлары:А.А.Қасымбек Алматы «Арман ПВ», 2010 ж.

Қызығушылығын ояту

Ынтымақтастық атмосфера тудыру.

Қазақ тілі салалары бойынша топқа бөлу.

Қазақ тілінің қоғамдағы ролі.

Мағынаны тану

Дүниежүзінде 2500-5000 тіл бар.Шамамен алты жүздейі ғана жазбаша және ауызша қызмет етеді.Мемлекеттік тіл немесе қарым-қатынас тілі қызметін 200 атқарады.Тілді жасау, дамыту-тым ұзаққа созылатын құбылыс.

Постер қорғау (топтық жұмыс)

I - Өлі тілдер.

II- Көне тілдер жазба ескерткіштер тілі.

III- Халықаралық тілдер.

IV- Жасанды тілдер. Мәртебелі тілдер.

V- Жасанды тілдер, сырқат тілдер.

Оқулық бойынша тапсырмалар

1-жаттығу (ауызша)

2-жаттығу (жазбаша) Сөз құрамына талдау,синтаксистік талдау.

3-жаттығу Лексика тарауы бойынша ережелер мен талдаулар.

12-бет (жаттау,қайталау) Лексикадан кейбір ережелер.

4-жаттығу жазбаша орындау

Қосымша тапсырмалар:

ҰБТ тапсырмалары

Морфологиялық, синтаксистік талдаулар

Ой толғаныс

Біз өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы тілдер жөнінде ой қозғай қалсақ, ең алдымен қоғамдағы тілдің мәні мен маңызы, оның адам өміріндегі орны, шығу тегі мен қалыптасуы, дамуы жөнінде не айтар едік? «МЕН-ТІЛ-ҚОҒАМ» тақырыбында өз пікіріміз.

Бағалау

Формативті бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек»

Үй тапсырмасы:Сөз мәдениеті.12-бет жаттау.Тест




© 2010-2022