Одағайдың түрлері тақырыбында сабақ жоспары (6 сынып)

Сабақтың тақырыбы:Одағайдың түрлері.Сабақтың мақсаты:Білімділік –Сөйлем ішіндегі одағайды дұрыс танып, олардың түрлерін ажыратуға үйрету, әр түрлі жаттығулар арқылы түсіндіре отырып, теориялық білімдерін жетілдіру. Одағайдың түрлерін меңгерту; Дамытушылық -. Одағайдың Түрлерін мысалдармен бекіту,өздік жұмысжасаудағдылары мен икемдерін дамыту. Тіл байлықтары мен сөздік қорын молайту, сауаттыжазу мен каллиграфиясын дамыту. Тәрбиелік-Тіліміздегі одағай сөздердіорынды қолдана білугетәрбиелеу; Сабақ...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Одағайдың түрлері тақырыбында сабақ жоспары (6 сынып)Одағайдың түрлері тақырыбында сабақ жоспары (6 сынып)Одағайдың түрлері тақырыбында сабақ жоспары (6 сынып)Одағайдың түрлері тақырыбында сабақ жоспары (6 сынып)Одағайдың түрлері тақырыбында сабақ жоспары (6 сынып)Одағайдың түрлері тақырыбында сабақ жоспары (6 сынып)Одағайдың түрлері тақырыбында сабақ жоспары (6 сынып)Одағайдың түрлері тақырыбында сабақ жоспары (6 сынып)Одағайдың түрлері тақырыбында сабақ жоспары (6 сынып)Одағайдың түрлері тақырыбында сабақ жоспары (6 сынып)Одағайдың түрлері тақырыбында сабақ жоспары (6 сынып)Одағайдың түрлері тақырыбында сабақ жоспары (6 сынып)Одағайдың түрлері тақырыбында сабақ жоспары (6 сынып)Одағайдың түрлері тақырыбында сабақ жоспары (6 сынып)Сабақтың тақырыбы:Одағайдың түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Сөйлем ішіндегі одағайды дұрыс танып, олардың түрлерін ажыратуға үйрету, әр түрлі жаттығулар арқылы түсіндіре отырып, теориялық білімдерін жетілдіру. Одағайдың түрлерін меңгерту;

Дамытушылық -. Одағайдың

Түрлерін мысалдармен бекіту,өздік жұмыс жасау дағдылары мен икемдерін дамыту. Тіл байлықтары мен сөздік қорын молайту, сауатты жазу мен каллиграфиясын дамыту.

Тәрбиелік-Тіліміздегі одағай сөздерді орынды қолдана білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: білімді жинақтау, қорытындылау.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, кубизм, блум ағашы, кесінді сыз

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика

Сабақтың көрнекілігі:, кубик,кесте, бағалау парақтары, қима қағаздар, интер.тақта.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Білген сайын келеді біле бергім

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім, -деп А.Тоқмағанбетов ақын жырлағандай, сендер де ақынның ойымен келіседі деген үміттемін. Сондықтан да бүгінгі сабақта білім алып, тағы да бір сатыға жоғарылайық

Топқа бөлу

ІІ.Үй тапсырмасы:

а) Одағай сөз туралы түсінік.

ә) 315 -жаттығуды талдау

-Қазақ тілінің қандай салалары бар?

-Сөз таптарын қай сала зерттейді?

-Сөз таптары дегеніміз не? Қанша түрі бар?

- Шылау сөздер дегеніміз не?

- Одағай дегеніміз не?

- Одағай сөздер не үшін қолданылады?

-Одағайға тән негізгі белгілерді ата

- Олар сөйлем мүшесі бола ала ма?

-Одағайлардың тыныс белгілерінің қойылу ережесін түсіндір.

Мұғалімнің үй тапсырмасын қорытуы.

Паһ, мықты екен - ау мынау палуан! Қап, барлық еңбектері далаға кетеді -ау! Аухау - аухау деп кешкі тымық даланы басына көтерді. Осы сөйлемдердегі одағайларды таптырып,тыныс белгісін,дауыс мәнерін пысытады.

«Блум ағашын» тарату

ІІІ.Жаңа сабақ

Мұғалімнің түсіндіруі.

* Одағайда - лексикалық (негізгі) мағына болмайды.

- сөйлемде одағайлар басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, оқшау айтылады,

сондықтан да одағай сөйлем мүшесі бола алмайды.Олар тек қосымшалар қабылдап барып, белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқара алады. Мысалы:

Майланбаған арбалардың шиқылдай шығарған ойбайы (бастауыш)өгіздердің бақайының сыртылын естіртер емес.Досжанның астапралласын (толықтауыш)естігенЫрысбек, Болысбектер күлісіп жатты.Досының қиналып, уһілегенін (толықтауыш) сезіп отыр. Оның кім екенін Алдияр ә дегенде (пысықтауыш)білген жоқ.
* Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінеді.

Қазақ халқы ежелден мал иесіне сыйынып, одан малдың амандығын тілеген. Біраз бір-бірімен көріспей қалса «мал-жан мана ба?» деуі қазақ халқының малды аса қадірлеуінен болса керек. Олай болса атадан мұра болып келе жатқан төрт түлікті өсіріп баптау, асырап сақтау,жас ұрпақ бізге аманат.Төрт түлік жайында не білетінімзді ортаға салайық.

Сөйлем құру.

Қөңіл - күй одағайы. Сөйлем құрап жаз.

1-топ: алақай, уһ, пай - пай

2-топ: әттең, берекелді, түуу

3-топ: яйпыр - ай,қап, О- о - о

Шақыру одағайы «Сәйкесін тап» ойыны.

1 - топ Төрт түлікті шақыру сөздерін жазады

Қой шөре-шөре

Жылқы әукім-әукім

Түйе құрау-құрау

Ешкі көс-көс

Сиыр пұшайт-пұшайт

Мұғалім:Ниет етіп қана қою аз,сол ниетке жете білу керек.

Біліп қана қою аз,білгеніңді қолдана білуің керек,алған білімді жаттығулармен тиянақтаймыз.

2 топ Төрт түліктің пірлерін ата

Қой Шопаната

Ешкі Шекшеката

Жылқы Қамбарата

Түйе Ойсылқара

Сиыр Зеңгібаба

3 топ Төрт түліктің төлдерін жаз

Қой - қозы

Жылқы - құлын

Ешкі - лақ

Түйе - бота

Сиыр - бұзау

Жекіру одағайы.

Образға кіріп бейнелеу.

ҮІ. Оқулықпен жұмыс. Дәптермен жұмыс

1-қатар 316 - жаттығу. Одағайларды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңдар. Үлгі: туу - көңіл-күй одағайы.

ІХ.«Кесінді сыз» ойыны.

Координат системасынан Х осінде орналасқан сөздер арқылы У осіндегі одағай сөздермен қиылысын нүкте арқылы белгілеп алып, әр нүкте арасын кесіндімен қосыңдар

Х

Көңіл-күй

Шақыру

Жекіру

У

Пәлі қос-қос жә алақай тәйт түу моһ-моһ тек пай-пай бәрекелді

- Бүгін біз қандай жаңа сөздер үйрендік

-Одағай нені білдіреді? -Одағайдың негізгі белгілерін ата.

-Әдетте одағайлы сөйлемнің соңында -Мән-мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

қандай тыныс белгі қойылады? -Көңіл-күйді одағайларын айтыңдар?

-Қайталанып келетін одағайлар қалай жазылады? -Көп мағыналы одағай сөздер бола ма?

-Одағай сөздер бізге қажет пе? Себебі? -Шақыру одағайларын атаңдар.

-Одағайдан басқа сөз табы жасала ма? -Жекіру одағайын қай кезде қолданамыз?

Қорытындылау

«Кубизм» әдісі бойынша жұмыс.

1) Баяндаңыз (Одағай туралы айту)

2) Қолданыңыз (Одағайға сөйлем құрау)

3) Салыстырыңыз (Шылаумен салыстыру)

4) Топтастырыңыз (Одағайдың негізгі белгілерін айту)

5) Зерттеңіз (Одағайлар қандай жағдайда сөйлем мүшесінің қызметін атқаратынын түсіндіру)

6) Қорытынды жасаңыз (Одағайдың түрлерін айтып, мысалдармен дәлелдеу)

ХІ. Үйге тапсырма.

317 - жаттығу. Әдеби кітаптан одағайдың түрлеріне мысал жазады.

ХІ.Бағалау. «Блум ағашын» жинау.

Қайрат Рысқұлбеков атындағы № 33 жалпы білім беретін орта мектеп






Тақырыбы: «Одағайдың түрлері»

Пәні: қазақ тілі

Сынып: 6 «Ә»

Мұғалімі: Рузьева Райхан Аблахатовна




2014 - 2015 оқу жылы


Одағайдың түрлері тақырыбында сабақ жоспары (6 сынып)

Одағайдың түрлері тақырыбында сабақ жоспары (6 сынып)

Одағайдың түрлері тақырыбында сабақ жоспары (6 сынып)



© 2010-2022