Баяндама ОРЫС СЫНЫПТАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІН ОҚЫТУДА ПРОФЕССОР Ж. А. ҚАРАЕВТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

  Тәуелсіз мемлекетіміздің тұрақты да қарқынды дамуына бірінші үлес қосатын ұстаздар. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында», - деген болатын.  Қазір 50 елмен бәсекелестікке жарайтын қабілетті, білімі терең, іскер, шығармашылық белсенділігі жоғары, жан-жақты дамыған болашағы зор ұрпақ дайындап беретін де ұстаздар қауымы.    Мұғалімдерге қойылып отырған талаптар мен міндеттер өте жоғары. Олар оқыту технологиясын шебер мең...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Баяндама

ОРЫС СЫНЫПТАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІН ОҚЫТУДА ПРОФЕССОР Ж.А. ҚАРАЕВТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ


Темірбаева Бақыт Жүнүсбекқызы

Инновациялық үлгідегі гимназиялық

сыныптары бар №39 жалпы орта білім беру мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Тәуелсіз мемлекетіміздің тұрақты да қарқынды дамуына бірінші үлес қосатын ұстаздар.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында», - деген болатын.

Қазір 50 елмен бәсекелестікке жарайтын қабілетті, білімі терең, іскер, шығармашылық белсенділігі жоғары, жан-жақты дамыған болашағы зор ұрпақ дайындап беретін де ұстаздар қауымы.

Мұғалімдерге қойылып отырған талаптар мен міндеттер өте жоғары. Олар оқыту технологиясын шебер меңгеру үшін, оқыту әдістерінің барлық саласындағы (кешегісі мен бүгінгісін) өзгерісті жетік білулері қажет.

Ұстаздық шеберлікті игеру оңай емес, жоғарыда айтқандай, қазақ тілін оқыту әдістемесін жақсы игерумен бірге барлық білім салаларының жетістіктеріне сүйене отырып, ең тиімді деген әдіс-тәсілдер жүйесін шығармашылықпен қолдана отырып жұмыс істегенде ұстаздар мақсатына жетеді.

Білім-сала ретінде тұрғындардың білімдегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қоғамның кадрлық әлеуметін жаңғырту мен дамытуға бағытталған білім қызметін жүзеге асыратын мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындардың жиынтығы болып табылады. Білімнің педагогикалық үрдіс ретіндегі басты мақсаты, оның миссиясы азаматтың тұлға, қызметкер, азамат ретіндегі құндылықтарын арттыру болып табылады.

Педагогикалық қызмет - ересек адамдардың өскелең ұрпақты өздік жұмысқа өз уақытының экономикалық, саяси, адамгершілік және эстетикалық мақсаттарына сәйкес дайындауға саналы бағытталған қоғамдық-пайдалы қызметінің ерекше түрі.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті-білім беру арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру. Осы бағытта мұғалімдер алдында оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай туғызу қажеттілігі туды.

Уақыт талабы мұғалімнен әр түрлі әдісті, ізденісті талап етеді. Мұғалімнің бала оқытудың әдіс-тәсілдерін шебер меңгеруі және жаңа технологияларды қолдануы саналы білім берудің бірден-бір жолы.

Мен өзімнің ұстаздық іс-тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж.А.Қараевтың «Әр түрлі деңгейде оқыту технологиясын» қолданамын.

Жалпы педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты- жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болса, жаңа технология бойынша да оқытудың мақсаты-өздігімен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Оқытудың бұл түріндегі ең бастысы оқушыға деген сенім. Әр оқушы оқу материалдарын әр түрлі деңгейде қабылдайды.

Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әр оқушының мемлекетік стандарт деңгейінде білім алуына, өзінің қабілетіне сәйкес жоғарғы деңгей жағдай жасалады.

Барлық оқушы ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды. Оларды толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейдің тапсырмасын орындауға көшеді.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы оқушының өзіндік темпі, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы қалыптастырылады.

Күнделікті сабақта беретін деңгейлік тапсырмаларды қызықты етіп құрап, оқушылардың орындауларын қадағалау керек.

Осындай жұмыстарды жүргізу әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сабақты қызықты етіп өткізу үшін мұғалім өзі жақсы дайындалу керек, яғни қосымша әдебиеттер оқу, түрлі ойын элементтерін келтеру, сөзжұмбақ, диалог, ситуациялық жағдаяттар қолдану.

Деңгейлік тапсырмалар мемлекеттік стандарт талапына сай жасалады.

І - деңгейдің тапсыпмасы күрделіне түседі. Оқушының бойында ойлау дағдысы қалыптасады. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, тәрбиелік маңызы болуы қажет. Бұлар мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, өлең, салт-дәстүрлер т.б.

ІІ - деңгейдің тапсырмалары оқушының логикалық ойлау дәрежесінің жоғары көтерілуіне сәйкес болып келеді, яғни тақырыпқа байланысты әңгіме құрастыру, шағын шығарма, сөз жұмбақ құрастыру т.б.

Әр оқушыда деңгейлік тапсырмаларды жазатын жеке арнайы дәптерлері бар және №1, №2 кестелері бар.

№ 1 кестеде оқушының аты-жөні, сыныбы және өтілген тақырыптары, деңгейлік тапсырмалардың тұсында орындаған белгі қойылады.

Орындаса «+», орындалмаса «-»

Осындай таблица дәптер өзімде де бар, онда мен оқушылардың тізімін, тақырып және тақырыптың деңгейлік тапсырмасын белгілеп отырамын.

Оқушының қай тақырыптың қандай тапсырмасын орындағаны не орындамағаны белгілі болады. Бұл маған үлгерімі төмен оқушымен қосымша жұмыс жасауыма мүмкіндік туғызады, себебі оның қандай тапсырмадан үлгермегенін түсінуге болады.

Осындай тәртіппен мұғалім оқушының білім деңгейінің көрсеткішін жиналған ұпайларын оқушы өзінің №2 кестесіне түсіріп, сол нүктелерді қосса, оқушының даму мониторингі пайда болады.

Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының ақыл- ойы, сабаққа деген ынтасы және жауапкершілігі артады, оқушының білімінің өсуіне, дамуына бақылау жасалады, соған сәйкес әділ бағаланады. Оқушының даму мониторингі әрбір келесі тақырып бойынша басқалармен емес, өзімен өзін салыстыру арқылы оқытылады.

Әр деңгей бірнеше белгілі тапсырмалардан тұрғандықтан қандай тасырмаға көп көңіл бөлу керектігі оқушыға да, ұстазға да айқын көрінеді.

Оқушы бір деңгейден бір деңгейге өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, қабілетін де жетілдіреді. Оқушының табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына жағдай туады, көтеріңкі баға алуына мүмкіндік беріледі және дамыта оқуты принципі орындалады. Профессор Ж.А.Караев технологиясының жемісі сол. Ол оқушыны күштеп оқытудан аулақ, өздігімен оқып, дамуына ойлануына дағдыландырады.

Осы технологияны қолдану нәтижесінде мынадай қорытынды жасауға болады:

- оқушы өздігімен білім алуға үйренеді

- оқушы әр тақырып бойынша бағаланады

- үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жасауға мұғалімге мүмкіндік туады

- жақсы оқитын оқушыға әрі қарай дамуына жол ашылады

- әр оқушы мұғалімнің назарынан қалмайды

- оқушылар арасында үлгермеушілік жойылады

- оқушының пәнге деген қызығушылығы туады.

Тақырыптық бақылау жұмысы да деңгейлік тапсырмалармен бірнеше нұсқада беріледі. Бұл жағдайда оқушы тапсырманы басқа біреудің көмегісіз орындайды және мұғалім тарапынан қатаң бағаланып, өздерінің нақты алған білімдеріне сәкес бағаланады.

Бағадарламаға сәйкес тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды құрастырып, оқушыларға мақсаты түсіндіріледі. Сабақ тақырыптың күрделігіне байланысты екі немесе одан көп сағатқа арналады. Тапсырманы оқушылар арнаулы деңгейлік дәптерлеріне жазып алады да, содан соң жұмыс дәптерлеріне орындай бастайды.

Технология дегеніміз өзі өнер, шеберлік және ғылым деген ұғымнан тұратын грек сөзі. Яғни, шеберлікпен белгілі бір жобада, мөлшерде жұмыс істеу деген ұғымға сай келеді. Демек оқушының алдына мақсат қойғызып, оны міндетті оындату. Ол оқыту технологиясының мақсаты алдын ала құрылған жоба бойынша жақсы нәтижеге жету. Бұл технологияның тәрбиелік мүмкіндігі де мол. Ол қазақ халқының ұлттық тәрбиеге бейімделген құндылықтары арқылы яғни мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегі, аңыздар арқылы оқушының мәдени қорын толықтыруға әсер етеді.

Әрбір оқу аясында сағат саны әр түрлі болғанымен, тапсырмалар тақырыптың мазмұнын ашатындай болып жасалады.

Бір аяға бір-біріне байланысты тақырыптар енеді.

Сондай бір сабақтың үлгісі ретінде мына мысалды алуға болады.

Сабақтың тақырыбы: Ардақтаңдар ананы. Көсемше.

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгерту.

Білімділік: Дұрыс айтуға сауатты жазуға жаттықтыру. Мақал -мәтелді орынды қолдана білу оқушылардың сөздік қорын молайтып, сөйлем құрастыру, әңгімелеу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық: Тіл мәдениеттін дамыту, тақырып негізінде оқушының пікірін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейтуге жағдай жасау, мақал -мәтелдерді қолдану арқылы тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: Ата-ананы қадірлеуге, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Тәжірибелік: Ойнау элементтері арқылы тіл үйрену.

Сонымен әр сабақтың мақсаты анық тақырыпты меңгеру үшін қолданылатын әдіс тәсілдер балаларды жалықтырмайтындар болғаны жөн. Ал оқушының сөйлеу дағдысының дамуы сабақтың әр кезеңінде көрініп отыруы керек. Әр деңгейдің тапсырмасын орындағаннан кейін қорытынды жасалып отырады.

Әр сабақ ұйымдастыру кезеңінен басталып, деңгейлік тапсырмаларды орындаумен жалғасады.

Деңгейлік тапсырмалар

І. Деңгей

1.Оқулықтағы мәтінді мәнерлеп оқы.

2.Тақырыптың мазмұнын ашатын сөздерді жаз.

3.Мәтіннен көсемше тұлғалы етістіктерді теріп жаз, жұрнағын көрсет. Ереже.

ІІ. Деңгей

1. Карточкадағы тапсырманы орында.

2. Ситуациялық жағдай көрсету. Анаңа, әжеңе қалай көмектесесің? Көсемше тұлғалы етістікті теріп сөйлем құрастыр.

3. Ана туралы мақал-мәтел.

4. Анаңа құтықтау жаз.

ІІІ. Деңгей

1. Анаң, әжең туралы не білесің?

2. «Менің анам», «Менің әжем» шағын шығарма.

Осы тапсырмаларды орындағаннан кейін мониторинг сызамыз. Егер оқушы бағасын түзетемін десе оған мүмкіншілік беріледі. Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап қабілетіне қарай өз биігіне жетеді.

Қазақ әдебиеті пәнінде де мәтінмен жұмыс жүргізуді деңгейлік тапсырма арқылы беріледі. Бұл жұмыс нәтижесі ауызша тексіріледі. Әр бала орнында отырып дайындалады.

І-ші деңгейге мәтінді мәнерлеп оқу тапсырылады.

ІІ-ші деңгейге осы мәтіндегі кейіпкерге мінездеме беру немесе табиғатты суреттеу тұсын тауып оқу.

ІІІ-ші деңгейге осы мәтінге деген көзқарасы, оны өз ойымен айтып беру, кейбір үзінділерді жатқа айту сияқты жұмыстар орындалады.

Профессор Ж.А.Караевтың технологиясы біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін, білім сапасының дамуына көмектеседі. Әр оқушыға кемінде мемлекеттік стандарттық деңгейде білім алуына кепілдік береді.

Әсіресе, топқа бөліп оқытатын сыныптарда осы технологияны қолдану өте тиімді.

Тиімді жақтары:

- оқушылар бір-бірінен қалмауға тырысады

- әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады

- сынып оқушылары толық бағаланады және әр оқушы өзінің алатын бағасын біліп отырады

- бір ғана сабақта бірнеше тапсырмалар орындалады

- және қазіргі жаңа оқулықтағы тапсырмалар осы технологияға негізделіп берілген.


Пайдаланған әдебиеттер

1. Ж.Караев. Педогогическая технология.// Алматы, 1999 жыл.

2. Калиев Ж. «Орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды жетілдірудің өзекті мәселелері».// Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде журналы.// №3 2002 жыл.

3. Бақзыбекова Н. «Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру».

4. Қуанышбекова Н. «Жаңа технологиялық әдіс тәсілдерді пайдалану».

// Қазақ тілі. Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал.//

№2 2004 жыл.

5. Бектұров Ш.К. «Қазақ тілін ана тілі деңгейінде үйрету».// А., 2002 жыл.












ТЕЗИС

ОРЫС СЫНЫПТАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІН ОҚЫТУДА ПРОФЕССОР Ж.А.ҚАРАЕВТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ


Темірбаева Бақыт Жүнүсбекқызы

Инновациялық үлгідегі гимназиялық

сыныптары бар №39 жалпы орта білім беру мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Тәуелсіз мемлекетіміздің тұрақты да қарқынды дамуына бірінші үлес қосатын ұстаздар.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында», - деген болатын.

Мұғалімдерге қойылып отырған талаптар мен міндеттер өте жоғары. Олар оқыту технологиясын шебер меңгеру үшін, оқыту әдістерінің барлық саласындағы өзгерісті жетік білулері қажет.

Ұстаздық шеберлікті игеру оңай емес, жоғарыда айтқандай, қазақ тілін оқыту әдістемесін жақсы игерумен бірге барлық білім салаларының жетістіктеріне сүйене отырып, ең тиімді деген әдіс-тәсілдер жүйесін шығармашылықпен қолдана отырып жұмыс істегенде ұстаздар мақсатына жетеді.

Уақыт талабы мұғалімнен әр түрлі әдісті, ізденісті талап етеді. Мұғалімнің бала оқытудың әдіс-тәсілдерін шебер меңгеруі және жаңа технологияларды қолдануы саналы білім берудің бірден-бір жолы.

Жалпы педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты- жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болса, жаңа технология бойынша да оқытудың мақсаты-өздігімен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Оқытудың бұл түріндегі ең бастысы оқушыға деген сенім. Әр оқушы оқу материалдарын әр түрлі деңгейде қабылдайды.

Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әр оқушының мемлекетік стандарт деңгейінде білім алуына, өзінің қабілетіне сәйкес жоғарғы деңгей жағдай жасалады.

Барлық оқушы ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы оқушының өзіндік темпі, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы қалыптастырылады.

Осындай жұмыстарды жүргізу әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сабақты қызықты етіп өткізу үшін мұғалім өзі жақсы дайындалу керек, яғни қосымша әдебиеттер оқу, түрлі ойын элементтерін келтіру, сөзжұмбақ, диалог, ситуациялық жағдаяттар қолдану.

Деңгейлік тапсырмалар мемлекеттік стандарт талапына сай жасалады.

І - деңгейдің тапсыпмасы күрделіне түседі. Оқушының бойында ойлау дағдысы қалыптасады. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, тәрбиелік маңызы болуы қажет. Бұлар мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, өлең, салт-дәстүрлер т.б.

ІІ - деңгейдің тапсырмалары оқушының логикалық ойлау дәрежесінің жоғары көтерілуіне сәйкес болып келеді, яғни тақырыпқа байланысты әңгіме құрастыру, шағын шығарма, сөз жұмбақ құрастыру т.б.

Әр оқушыда деңгейлік тапсырмаларды жазатын жеке арнайы дәптерлері бар және №1, №2 кестелері бар.

№ 1 кестеде оқушының аты-жөні, сыныбы және өтілген тақырыптары, деңгейлік тапсырмалардың тұсында орындаған белгі қойылады.

Оқушының қай тақырыптың қандай тапсырмасын орындағаны не орындамағаны белгілі болады.

Осындай тәртіппен мұғалім оқушының білім деңгейінің көрсеткішін жиналған ұпайларын оқушы өзінің №2 кестесіне түсіріп, сол нүктелерді қосса, оқушының даму мониторингі пайда болады.

Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының ақыл- ойы, сабаққа деген ынтасы және жауапкершілігі артады, оқушының білімінің өсуіне, дамуына бақылау жасалады, соған сәйкес әділ бағаланады.

Әр деңгей бірнеше белгілі тапсырмалардан тұрғандықтан қандай тасырмаға көп көңіл бөлу керектігі оқушыға да, ұстазға да айқын көрінеді.

Оқушы бір деңгейден бір деңгейге өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, қабілетін де жетілдіреді. Оқушының табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына жағдай туады, көтеріңкі баға алуына мүмкіндік беріледі және дамыта оқыту принципі орындалады. Профессор Ж.А.Караев технологиясының жемісі сол. Ол оқушыны күштеп оқытудан аулақ, өздігімен оқып, дамуына ойлануына дағдыландырады.

Осы технологияны қолдану нәтижесінде мынадай қорытынды жасауға болады:

- оқушы өздігімен білім алуға үйренеді

- оқушы әр тақырып бойынша бағаланады

- үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жасауға мұғалімге мүмкіндік туады

- жақсы оқитын оқушыға әрі қарай дамуына жол ашылады

- әр оқушы мұғалімнің назарынан қалмайды

- оқушылар арасында үлгермеушілік жойылады

- оқушының пәнге деген қызығушылығы туады.

Бұл технологияның тәрбиелік мүмкіндігі де мол. Ол қазақ халқының ұлттық тәрбиеге бейімделген құндылықтары арқылы яғни мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегі, аңыздар арқылы оқушының мәдени қорын толықтыруға әсер етеді.

© 2010-2022