Абай Құнанбайұлы. Отыз бірінші сөз. 6 - сынып

-          Білімдік: А.Құнанбайұлының «Отыз бірінші қара сөзін» оқыту, қара сөз жазудағы мақсатымен таныстыру.        -    Дамытушылық: Абай қара сөзіндегі ой оралымдарын оқушының ой-өрісіне сіңіре отырып, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу. -          Тәрбиелік: Естілікке, ынталы болуға, ұғымтал боп өсуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: Білім мен дағдыны, іскерлікті қолдану сабағы. Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ. Сабақтың әдісі: «Ой қозғау», «Мағынаны тану», «Топтастыру» с...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы. Отыз бірінші сөз.

Сыныбы: 6

Сабақтың мақсаты:

- Білімдік:

А.Құнанбайұлының «Отыз бірінші қара сөзін» оқыту, қара сөз жазудағы мақсатымен таныстыру.

- Дамытушылық:

Абай қара сөзіндегі ой оралымдарын оқушының ой-өрісіне сіңіре отырып, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу.

- Тәрбиелік:

Естілікке, ынталы болуға, ұғымтал боп өсуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білім мен дағдыны, іскерлікті қолдану сабағы.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: «Ой қозғау», «Мағынаны тану», «Топтастыру» стратегиясы, тірек сызба, шығармашылық жұмыс, аз топтармен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, плакат, оқулық.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі.

Сабақтың барысы :

1. Ұйымдастыру.

Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп отырғызу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

∙ Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін жатқа айту.

∙ Өлеңнің идеялық мазмұнын топтастыру.

3. Жаңа сабақ.

∙ Абай қара сөздері туралы түсінік бере отырып, оның қара сөз жазудағы мақсатымен таныстыру.

Абай өз шығармаларының бір алуанын қара сөз түрінде жазды.

Қара сөз - көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Қара сөздің өлеңге қарағандағы айырмасы онда сөз ырғағы еркін, онда белгілі бір өлшемдер сақталмайды. Абайдың қара сөздері қазақ әдебиетінде проза жанрының дамуына соны із салған жаңалық болды. Қазіргі заманғы проза жанрындағы роман, повесть, әңгіме, т.б. қара сөздің жан-жақты дамыған үлгілері боп табылады.

Абайдың қара сөздері өзінің көзі көрген, көңілге түйген өмір сабақтары туралы ойлары. Абай өз қарасөздерін кеңес әңгіме, философиялық ой, ақыл-нақыл, өсиет сөздер түрінде жазған. Қара сөздерінің жанрлық, стильдік ерекшеліктері ғалымдардың зерттеуінше былайша топтастырылады.

Абай қара сөзінің жалпы саны - 45. Олардың қай-қайсысын алсақ та, оқырманына ой тастап, адамды еңбек етуге, білім алуға, жақсылықтан үйреніп, жамандықтан жиренуге шақырады.

* «Ой қозғау» бөлімі.

Зерек ес, есте сақтау жөніндегі мәтінді оқи отырып, не туралы екенін анықтату.

Зерек ес - қажетті нәрсені есте сақтау қабілеті ғана емес, сонымен бірге керексізді ұмыту қабілеті де. Сондықтан есте сақтаудың басты заңы - ойлау. Есте сақтауға тиістіні ойлау, есте сақтайтынды бұрын білетініңмен байланыстыру, есте сақтағаныңды ойша көру керек. Ең бастысы - осының бәрі - өзіңе қашан, неліктен керек боларын ойлау.

«Ес - ақыл қоймасы» деген даналық сөз бекер айтылмаған. Сондықтан ұдайы жаттықтыру арқылы ғана есті зерек ете аласың. Осыны жадыңа тұт.

Мәтін бойынша сұрақтар қою.

• Мәтін не туралы айтылған?

• Есте сақтау үшін қандай нәрселерді орындау қажет?

• Өзің өмірде естіген нәрсеңді ұмытпас үшін не істейсің?

*«Мағынаны тану» бөлімі.

Абайдың «Отыз бірінші сөзін» жатқа айтып беру.

Әр топқа сұрақ-тапсырмалар беру.

- Естіген сөзді ұмытпаудың 4 түрлі себебін топтастыр.

- Қара сөзді оқып, кері айтып бер.

- Ғибратләну, уайымсыздық, салғырттық сөздерін түсіндірме сөздіктен қарай отырып, мағынасын жаз. (Тақтамен жұмыс)

- Ой кеселдерінен бойыңды аулақ ұстау үшін қайтер едің?

- «Отыз бірінші сөздің» стильдік ерекшелігін анықта.

- Ой кеселдерін ата.

- Естіген сөзіңді ұмытпау үшін қайтер едің?

- Өзің қалаған тақырыпта Абайша қара сөз жазып көр.

- Күлкішілдік, құмарлық, күллі сөздерінің мағынасын түсіндірме сөздіктен қарап жаз. (Тақтаға орындау)

- Абайдың қара сөз жазудағы мақсаты.

- Ой кеселдерінің зияны туралы не айтар едің?

- Мен естіген нәрсемді ұмытпас үшін…

(Сөйлемді өз ойыңмен ұштастырып көр.)

*Даптермен жұмыс: Қара сөз. Сөзді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау жаса.

1. Бұл сөз екі құрамнан тұрады. Қара + сөз

2. Тұлғасына қарай - туынды. Себебі екі сөздің

тіркесуі арқылы жасалған туынды сөз.

3. Құрылысына қарай - күрделі, тіркесті сөз.

4. Сөзде 1 лексикалық, 1 грамматикалық мағына бар.

5. Лексикалық мағынасы - көркем әдебиет жанрына берілген атау.

6. Грамматикалық мағынасы - зат есім.

7. Қара сөз - не? деген сұраққа жауап береді.

4. Үйге тапсырма: «Отыз бірінші сөзді» жатқа айту.

5. Бағалау.



© 2010-2022