ОРЫС ТІЛІ САБАҒЫНДА ТІЛ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

«Тілі дамымаған адамның ойы да дамымайды» деген халқымыз. Мектеп психологымен бірлесе отырып алынған диагностикалық жұмыстар мен сауалнамалар қорытындысы бойынша бірінші сыныпқа келген оқушыларда мына проблемалар анықталған: Тілдері нашар дамыған, сөздік қорлары аз, өз ойларын еркін жеткізе алмайды; Егер білім беру ортасында субъект-субъектілік қарым-қатынас педагогикалық, психологиялық тұрғыда қолайлы ықпал ететін ахуал болса, тілі дамыған бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырады. Мұғалім алды...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ОРЫС ТІЛІ САБАҒЫНДА ТІЛ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

«Тілі дамымаған адамның ойы да дамымайды» деген халқымыз. Мектеп психологымен бірлесе отырып алынған диагностикалық жұмыстар мен сауалнамалар қорытындысы бойынша бірінші сыныпқа келген оқушыларда мына проблемалар анықталған:
Тілдері нашар дамыған, сөздік қорлары аз, өз ойларын еркін жеткізе алмайды;
Егер білім беру ортасында субъект-субъектілік қарым-қатынас педагогикалық, психологиялық тұрғыда қолайлы ықпал ететін ахуал болса, тілі дамыған бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырады. Мұғалім алдындағы балаға субъект ретінде қарап, оның ой белсенділігін, саналы әрекет белсенділігін күнделікті дамыта білуі керек. Сонда ғана тілі дамыған, өзіндік ой-тұжырымы, ұстанымы бар, өмір қағидаларына бейімделген жеке тұлға қалыптасады деп ойлаймын.
Тіл дамыту жұмысы - күрделі де шығармашыл жұмыс. Тілін дамыту ең бірінші кезекте баланың өмірден туатын қажеттілікті, өз сұранысын айтуға талпынуынан туады. Тіл байлығынның мол болуы бір жағынан балада жаңа құбылыс, көрініс, ұғымдар мен түсініктердің көбеюіне, ал екінші жағынан, тілді жан-жақты меңгеруіне байланысты. Тілдің жақсы дамуының құралы тілдік қор болып табылады
Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу барысында мынадай қиындықтар кездеседі:
Сөздік қоры тапшы бала сөйлегенде көңілінде сайрап тұрған ойын дәл білдіруге қажетті сөз таба алмай, сасқалақтап қиналып қалады. Баланың сөздік қоры біршама мол болғанымен, ол актив емес пассив болып есептеледі, яғни бала көптеген сөзді біліп, ұғына тұра, оны дер кезінде пайдаланып, үнемі қажетіне жарата алмайды.
Тіл дамытудағы кездескен кедергілерді жоюда, ең алдымен мектеп логопедімен бірлесе отырып, дыбысты дұрыс айтпайтын оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіп, дыбыстық жаттығуларды жүйелі орындатып отыру қажет.
Оқу басталған күннен бастап жүргізілген тіл дамыту жұмыстарының түрлері - мәтін құрату, мәтінді сөйлемге, сөзді буынға, дыбысқа талдату арқылы жүргізіп отыру. Жаңа дыбыс пен оның таңбасын таныстырған кезде сабақты тіл дамытуға бағыттап жүргізіп отыру. Сөйлем құрату - оқушыларды дұрыс та нақты сөйлеуге дағдыландырудың ең тиімді жолы. Оқушылардың ақыл-ойын, санасын дамыта отырып өздігінен жұмыс істей білуіне ерекше көңіл бөлу. Ақыл - ойдың дамуымен тікелей байланысты.
Қазіргі балалар дұрыс тыңдап, түсінігін айтып беруге шорқақ. Қысқа әңгіме құрастыру олар үшін қиындық туғызады. Ал тіл дегеніміз - адам баласына берілген ең үлкен байлық. Ал оны басқа байлықтар сияқты көбейтіп, не байқаусызда жоғалтып алуға болады. Ондықтан сөзге деген сүйіспеншілік, оның сұлулығын түсіне білуге деген құрмет пен қажеттілікті оята білу керек.
Тіл дамытудың тиімді құралдарының бірі - жаңылтпаш, жұмбақ айтқызып, оның шешімін табу. Себебі бұлар баланың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтуде және тілін ұстартып, ойын дамытуда маңызды рөл атқарады. Баланың тілін шыңдай түсіп, асықпай, жатық еркін сөйлеуіне көмектеседі. Жаңылтпаштар балаға затты аңғаруға, ой-өрісін дамытуға игі әсерін тигізеді. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмейтін дыбыстарды анық айтуға жаттығады. Жұмбақтарда аталған нәрсенің сипат белгілеріне қарап, балалар олардың шешімін табады. Оқушыларды тез ойлауға, шапшаң жауап беруге, тапқырлыққа үйретеді. Қолданатын жұмбақты оңайынан бастап, бірте-бірте күрделендіріп отыру қажет. Мақал-мәтелдер көбірек үйретіліп, тілдерін дамытудың негізгі тәсілі ретінде ұстану. Нәтижесінде баланың тілі, ойлау қабілеті дамиды. Мақал-мәтелдер балаларға ой салумен қатар, оларды көркем және образды сөйлеуге жаттықтырады, сөз байлығын, сөздік қорын дамыта түседі, сөйлеу мәдениетін дамытады.
Оқушылардың ой-қиялын дамытып, эстетикалық сезімдерін ұштай түсетін шығармалардың бірі - ертегілер. Ертегілердің қай түрі болмасын баланың ой-өрісін, тілін, дүниетанымын дамытады, сөз байлығын арттырып , сөздік қорын кеңейте түседі. Сөз - тілдің негізгі өлшемі. Тіл дамытудың басқа түрлері сияқты сөздік жұмысы оқу-тәрбие жұмысының барлық саласында жүргізіледі. Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады. Сөздік жұмысы оқушының ойын дамытумен тығыз байланысты.
Ойы шашыраңқы балалармен айтар ойын тәртіппен, жүйелі сөйлеуге үйрету жұмыстарын сабақта, сабақтан тыс уақытта жүргіземін. Оқушыларды ойды білдіруге көмегі жоқ, артық сөздерді қолданбай, таза сөйлеуге дағдыландыруда жұмыстар жүргізіп жатырамын. Оқушының сөйлегенде асығып-аптықпай немесе тым жайбарақаттыққа салынбай, байсалды сөйлеп үйрену, өзін дұрыс ұстау мәдениетіне де жаттықтыру жұмыстарын жүргіземін. Сонымен қатар әңгімелеу барысында сұрақ қоя білу, өзіне қойылған сұраққа тиянақты жауап қайтара алуға дағдыландыруға да көңіл бөліп отырамын. Оқушыларға көпшілік алдында сөйлей білуге үйрету қажет. Сынып алдында тыңдаушыларға қарап ойын асықпай-саспай, қысылмай айтып беру шеберлігіне үйрету де тілдерін жетілдіріп, ой ұшқырлығын дамытады, көпшілік алдында өзін ұстай алуға дағдыланатынына көзім жетті.
Сөйлеу және ойлау қабілеттерін арттыуда бастауышта ең алдымен көрнекі құралдарды тиімді пайдала білу көмегін тигізеді. Балалармен жұмыс істей отырып, қажетті құралдарды тиімді пайдалану арқылы үлкен жетістіктерге жетуге болатынын байқадым. Мәтінді оқуда, әңгімелеп беруде, суретке қарай отырып, тілдік сөйлеу құрылысын дамытуға, ойлау қабілеттерін арттыруға дидактикалық құралдарды пайдаланудың маңызы зор.
Оқушының сөйлеу тілін дамытуда ата-аналардың да көмегі зор. Сондықтан баласымен сөйлесуде ата-аналардың тіл шеберлігінің болуы, бала тіліне үлкен ілтипатпен қараулары жайында ата-аналармен ағартушылық жұмыстар жүргіздім. Аз да болса баланың тілін дамыту жайында білімдерін толықтырды деп ойлаймын.
Әдістемелік отырыста «Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту жолдары» атты баяндама оқып, әріптестермен ой бөлістім. В.В.Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясын» терең оқып, меңгеріп, жеке тұлғаны дамытуда қолданамын.
Қорыта айтқанда, «Сөз - ойдың айнасы» деп Ғабиден Мұстафин айтқандай, тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, тілден сырлы сазды табайық. Оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруда тілді дамытып оқытуды өне бойы өмірлік серік етіп алғанымыз жөн.



© 2010-2022