Мұқағали Мақатаев

Әрбір сөзі сом алтындай, оқып, жаның жадырар, сырласып, мұңыңды шағар, ақылдасып, ақыл ұғар, ақыл сұрар, жаны жайсаң жан  аға Мұқаңның таяуда туған күні! Біз, оқырмандар, Мұқаңды іздеп оқып, отырып, тұрып оқып, шөлдеп, сағынып оқып, сұрап алып оқып жүреміз. Ақын өмір сүрген  заман да, адам да маған түсініксіз. Ақын өлеңдерін оқып отырып соншалықты шетке сырылған, аяғынан шалып, кеудесінен итеріп, күресінге тастағысы келетіндерді мен түсінбедім. Қазақ жігітінен дос таба алмай налуы да маған түсініксіз.Алтын көрсе көмгенше асығатын қазақ қалпы да маған түсініксіз. Жақсыны көріп, лайықты бағасын көзінің тірісінде бермеуі де түсініксіз. Сүйікті ақынымды жаным налығанда, ақылдасатын дос керек болғанда, жаным күйзелген кезде отыра қалып оқимын және көптеген таныстарым да солай ететіндерін мен білемін. «Өкініш – ай, өкініш, орны толмас өкініш » деген өлең жолдары сүйікті ақынымызды жоғалтқан, ерте жоғалтқан заманға , адамдарға айтылған налу, лағнет  сияқты емес пе?  Әлі де талай тамаша жырларымен жанымызды жадыратып жүрер еді- ау шіркін! Туған жерін құс төсекке балаған, жан- тәнімен адал сүйген, жыр жазса халқына бағыштаған,әр талын, әр тасын жырына қосқан есіл ер едің аға! Тауы жаулық бұлғап, талы шашын тарап, ойда орманы тербелген, мейірімі самал желмен қанған, шыққан таң мен батқан күніне б... Туған тілі үшін жүрегі қан жыламап па еді! Тіл алмасының жоғалғанын, сөз қанжарының мұқалып бара жатқанын, сиқырлы сөз өнерінің, тіл  өнерінің жоғалып бара жатқанын ерте сезінген сезімтал ақын  жүрек қаны тама жырлап кетті! Тәлім мен тәрбиеге толы жырының бірі «Көшеде» өлеңі. Қазіргі тәртібі төмен, менменшіл, өркөкірек , үлкен-кішінің қадіріне жете бермейтін, әлім жеттілік етіп, басып-жаншып өтетін жастарға айтылған тікелей сын деп білемін. «Түйсіксіз тайлақтардан сақта, Құдай, Тайраңдап алды – артына қарамаған». Қандай сөздер! Түйсіне, түсіне оқыса ғой  ақынның осы өлеңін қазіргі заман оқушылары.Менің барлық жеткіншекке топырақ шашқым келмейді, бірақ, осындай озбырларды көріп жүрміз.Сол  тәрбиесізге тәртіпті боламын десең, халқымның қадіріне жетемін десең Мұқағалиды іздеп тап та тәлім ал дер едім! Қолыңнан тастамай оқы дер едім! Жас қайыңға жаныңды тәуекел етіп айырбастамап па едің, асыл аға! Көктеген қайың, жайқалған қайың сенсің! Мәңгі жасай бер, менің сүйікті, сыршыл ақыным! Туған күнің құтты болсын!
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сағыныш

Әрбір сөзі сом алтындай, оқып, жаның жадырар, сырласып, мұңыңды шағар, ақылдасып, ақыл ұғар, ақыл сұрар, жаны жайсаң жан аға Мұқаңның таяуда туған күні! Біз, оқырмандар, Мұқаңды іздеп оқып, отырып, тұрып оқып, шөлдеп, сағынып оқып, сұрап алып оқып жүреміз. Ақын өмір сүрген заман да, адам да маған түсініксіз. Ақын өлеңдерін оқып отырып соншалықты шетке сырылған, аяғынан шалып, кеудесінен итеріп, күресінге тастағысы келетіндерді мен түсінбедім.

Қазақ жігітінен дос таба алмай налуы да маған түсініксіз.Алтын көрсе көмгенше асығатын қазақ қалпы да маған түсініксіз. Жақсыны көріп, лайықты бағасын көзінің тірісінде бермеуі де түсініксіз. Сүйікті ақынымды жаным налығанда, ақылдасатын дос керек болғанда, жаным күйзелген кезде отыра қалып оқимын және көптеген таныстарым да солай ететіндерін мен білемін.

«Өкініш - ай, өкініш, орны толмас өкініш » деген өлең жолдары сүйікті ақынымызды жоғалтқан, ерте жоғалтқан заманға , адамдарға айтылған налу, лағнет сияқты емес пе? Әлі де талай тамаша жырларымен жанымызды жадыратып жүрер еді- ау шіркін! Туған жерін құс төсекке балаған, жан- тәнімен адал сүйген, жыр жазса халқына бағыштаған,әр талын, әр тасын жырына қосқан есіл ер едің аға! Тауы жаулық бұлғап, талы шашын тарап, ойда орманы тербелген, мейірімі самал желмен қанған, шыққан таң мен батқан күніне балаша қуанған асыл ер едің! Өзі айтқандай поэзиямен егіз еді.

Туған тілі үшін жүрегі қан жыламап па еді! Тіл алмасының жоғалғанын, сөз қанжарының мұқалып бара жатқанын, сиқырлы сөз өнерінің, тіл өнерінің жоғалып бара жатқанын ерте сезінген сезімтал ақын жүрек қаны тама жырлап кетті!

Тәлім мен тәрбиеге толы жырының бірі «Көшеде» өлеңі. Қазіргі тәртібі төмен, менменшіл, өркөкірек , үлкен-кішінің қадіріне жете бермейтін, әлім жеттілік етіп, басып-жаншып өтетін жастарға айтылған тікелей сын деп білемін. «Түйсіксіз тайлақтардан сақта, Құдай,

Тайраңдап алды - артына қарамаған». Қандай сөздер! Түйсіне, түсіне оқыса ғой ақынның осы өлеңін қазіргі заман оқушылары.Менің барлық жеткіншекке топырақ шашқым келмейді, бірақ, осындай озбырларды көріп жүрміз.Сол тәрбиесізге тәртіпті боламын десең, халқымның қадіріне жетемін десең Мұқағалиды іздеп тап та тәлім ал дер едім! Қолыңнан тастамай оқы дер едім!

Жас қайыңға жаныңды тәуекел етіп айырбастамап па едің, асыл аға! Көктеген қайың, жайқалған қайың сенсің! Мәңгі жасай бер, менің сүйікті, сыршыл ақыным! Туған күнің құтты болсын!

Крыкбаева а

Айгүл Таңатарқызы

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

© 2010-2022