Әдебиет сөз өнері эссе

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Әдебиет сөз өнері эссе

Әдебиет -сөз өнері

Балаға мен - әрқашан саяжаймын.

Асылымды бойда бар аямаймын.

Өреннің де қан құям жүрегіне,

Бағбандай гүл күткен аялаймын

Ұстаз - киелі мамандық. ХХІ ғасыр есігін ашқан қазіргі таңда мектепте, ұстаздарға үлкен талаптар қойылуда. Ұстаз ұғымы - мағынасы кең, мәні терең, тарихи ұғым. Қазіргі таңда жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Осы құзыреттілікті меңгере отырып тек кәсіби икемділікті оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асыру мүмкіндігін үнемі оқып - үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыру үшін еңбек етудемін. Ең білгір,ең жауапты терең дүниеге еніп кетсем де көңілдегі арман толастамай, толқу мен қуаныш қатар алмасып,мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатқаным өз мамандығымды шексіз сүюден болар. Біріншіден өз мамандығымды сүйдім,өз мамандығымды сүю арқылы өз шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып,оларды өз ісіне сүйсіндіре білдім.Бұл мен үшін зор бақыт,үлкен қуаныш.Екіншіден-шеберлікпен,шығармашылықпен сабақ жүргізе отырып,шәкірттерімнің ынта-жігерін билеп,өз қалауларымен білімге деген құштарлығын оятып,ұстаздықтың ұлы қасиетін,шын мәніндегі үлкен абырой,бедел, білім күшінің иегері екендігін оқушы жүрегіне ұялаттым. Міне, қиын да қызықты мамандыққа өз өмірімді,өнерімді,ойымды,білімімді арнағаныма он тоғыз жыл болыпты, бұл еңбектен жалыққан емеспін. Мұғалімнің жұмысы күрделі де, қызықты да.... Осы бір «Шәкірт әлемінің» теңізіне бір бойласаң, ешқашан басқа жаққа кете алмайсың деп ойлаймын. Шәкірттерді ана тілінде әдемі сөйлету, олардың ой-сезімдерін анық, еркін, көркем жеткізе алуға баулу, танымдық қабілеттерін дамыту-менің мақсаттарымның бірі.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды жүзеге асыруда «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді ақпараттық технологиялар арқылы қолдану» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасап келемін

Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов: «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» - дегендей мен оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыруда нәтижелі болатын әдістерді сұрыптап пайдаланамын. Тағы бір ескеретін нәрсе, ең алдымен, қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ беретін әрбір ұстаз өз ұлтын шын сүюі керек. Өз ұлтын сүюі арқылы ұстаз бала бойына ұлтжандылықты, елге, тілге деген құрметті дарытады.

Екінші, сабаққа дайындалған сәтте әуелі нені өттім?, енді нені айтамын?, қалай сұраймын? деген ой мазалайды. Сабақты бүкіл сыныпты қызықтырардай бастауға зор мән беруге тырысып,әрбір жаңа сабақты бастамас бұрын, сол тақырыпқа қажеттілік туғызамын. Сабақ кіріспесін жазушылар, түрлі өнер адамдары, зиялы қауым өмірінен алынған қызықты і мысалға алу, көркем шығармалардан үзінді оқу, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестерді пайдалану сияқты әр түрлі тәсілдермен бастаймын. Сондықтан оқушылар: «Бүгін сабақ қалай болар екен?» - деп отырады. Қызықты сабақ оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.Сабақты ұйымдастыру сәтінде барлық оқушыға дұрыс көзқараспен қарап сабақты дұрыс, әдемі, жаймашуақ бастаймын. Үшінші, тәжірибелі ұстаздардың озық тәсілдерін өз сабағымда көп қолданамын. Сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тәсілдерді дұрыс қолдана білу үлкен ізденісті талап етеді.

Әдебиетіміз бен тілімізді үйретуде сабақ үрдісінде оқу деңгейі, психологиялық ерекшеліктері әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізетініміз құпия емес. Бірі - осы пәнге деген қызығушылықтары бар, оған бірқалыпты қарайтын оқушылар болса, бірі - пәнге ешқандай қызығушылық артпайтын, санасы төмен оқушылар. «Шын беріле қызықтаған нәрсе ғана адамның жүрегінен орын алады», - деген Әл-Фараби. Оқушыны пәнге қызықтыру үшін, таным құштарлығы, шығармашылық белсенділігі, оқу сарыны, жеке басының ерекшелігіне жақын, оңай жолды іздестіремін. Өйткені оқушыларға ықылассыз жұмыс жасатқызуға тағы болмайды. Әдебиет -сөз өнері екендігі ақиқат. Абай мен Ахметті оқып толғанамын, Мағжан мен Ілияс болып өнерді жырлаймын, Сәкен мен Ғабиттің сөз астарына үңілемін.

Тілге шебер, тілімен майдалай да,сипай да,сыйлай да алатын әдебиетші ұстаздың қолынан келмейтін іс жоқ екендігін мақтана айта аламын. Бүгінгі күн талабына орай білім беру мазмұны қайта қаралып, жаңару үстінде. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елге қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып қазіргі кезде жас ұрпаққа ғылыми негізде білім беру қабілеттерін ашу міндеті туындайды. Яғни, білім мазмұнын жаңарту - қазіргі заман талабы.Ақпараттар ағыны ағылған, түрлі хабарлар тасқыны тасыған жаңа ғасырда озық техникалық,электрондық құралдарды, компьютерді жетік білетін өз пәнін өмірімен байланыстыра алатын, әдеби-мәдени дамуына басты ықпал жасаушы, ұлтжанды ұстаз болу мақсатым болса, бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру менің ұстаздық борышым.

Iзденісім, еңбегім, тебіренісім,

Ақыл-ойым, жігерім - жер жемісім…

Бәрі дағы балаға - оқушыма,

Ұстаз тұтып соңыма ергені үшін.

Бөбек Ғалымжанқызы


© 2010-2022