Сабақтың лексикалық тақырыбы: Көкшетау қаласына саяхат

Сынып: 9 «Б» Сабақтың лексикалық тақырыбы:          Көкшетау қаласына саяхат Сабақтың грамматикалық тақырыбы:   Құрмалас сөйлемдерді  қайталау   Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Білімділік – әр түрлі тапсырмалар арқылы Көкшетау қаласына саяхат жасай отырып, құрмалас сөйлемдерден алған білімдерін тексеру. Сөйлемнің ішінен құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырата білу;  Дамытушылық – ауызша және жазбаша тіл дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру, оқушыларды ізденіске, өз ойларын айта білуге үй...                   Мағыналық қарым-қатынасына                    қарай түрлері                       Мысалдар Ыңғайлас салалас Себеп-салдар салалас Қарсылықты салалас Түсіндірмелі салалас Талғаулы салалас Кезектес салалас 1997 жылы Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасы жарияланды, халқы қызу қолдады.   +           Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі – жақсы сөз.       +     Адамдарға мұғалімнің еткен әсері мәңгі қалып қояды, сондықтан да мұғалім өзін-өзі бақылай жүруге тиіс... (А. Мак)     +         Бас болмақ оңай, бірақ бастамақ қиын.       +         Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жфылы көңілді суытады.           +   Ол бірде ақыл айтып отырды, бірде екеуін де кінәлі қылды.             +     VІІI.  – «Тест сұрақтары» Көктем келді, дегенмен күн жылына қоймады. а) Ыңғайлас салалас;                             в) Себеп –салдар салалас с)  Талғаулы салалас; д) Қарсылықты салалас;                         Күн батты, тауды қара көлеңке басты.       а) Қарсылықты салалас                             в) Себеп-салдар салалалас                    с) Талғаулы салалас; д) Ыңғайлас салалас;                      1993 жылы 18-қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Ата Заңы қабылданды, алайда ...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 9 «Б»

Сабақтың лексикалық тақырыбы: Көкшетау қаласына саяхат

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Құрмалас сөйлемдерді қайталау


Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

  1. Білімділік - әр түрлі тапсырмалар арқылы Көкшетау қаласына саяхат жасай отырып, құрмалас сөйлемдерден алған білімдерін тексеру. Сөйлемнің ішінен құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырата білу;

  2. Дамытушылық - ауызша және жазбаша тіл дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру, оқушыларды ізденіске, өз ойларын айта білуге үйрету;

  3. Тәрбиелік - табиғатты бағалай білуге, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың типі: қайталау сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, тренинг әдістері, іздену, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер

Пәнаралық байланыс: география, әдебиет

Сабақтың өтілу формасы: жекелей, топтық, жұптық

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу

  • Сыныптың, тақтаның тазалығына көңіл бөлу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

  • Жоқ оқушыларды белгілеу, анықтау

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

ІІІ. Мақсат қою кезеңі

Әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы ойлау қабілеттерін арттыру, алған білімдерін жинақтау

Саяхат сабақты эпиграф сөзбен бастау

...Сексен көл Көкшетаудың саясында,

Әрқайсы алтын кесе аясында.

Ауасы дертке дауа, жұпар иісі -

Көкірек қанша жұтсаң тоясың ба?

С. Сейфуллин

ІV. Білімді тексеру кезеңі

Құрметті оқушылар біздің бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтан өзгеше болмақ. Бүгін біз әсем қала - Көкшетауға саяхат жасамақшымыз. Үйге берілген тапсырманы тексеремін.

Көкшетау өңірі туралы мәлімет (мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазу).

"Кубизм" стратегиясы.

  1. Суреттеңіз. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  2. Салыстырыңыз. Салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемді салыстырыңыз.

  3. Саралаңыз. Жасалу жолы жайлы не білесің? Қандай ерекшелігі бар?

  4. Қолданыңыз. Құрмалас сөйлемге мысал келтір.

V. "Түртіп алу" стратегиясы бойынша жаттығу.

  1. Сөйлемді тақтаға жаздыру.

  2. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау

  3. Қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысып тұрғанын табу.

  4. Салалас құрмаластың қай түріне жататынын тапқызу.


  1. Жиналыс бітті де, халық тарқай бастады.

2. Мен досымды туған қалама қонаққа шақырып едім, - ол келе алмады.

3. Бурабай ауасы жанға жайлы болғандықтан, бұл жерге демалуға Қазақстанның әр жерінен адамдар келеді.

4. Бүгін киноға не мен барамын, не сен барасың.

5. Бурабайдағы алғашқы сауықтыру орны 1910 жылы ашылды.

6. Мен өткен жазда осы сауықтыру орнына барып, жақсы демалып келдім.

VI. «Жұбынды тап»

1. Күз мезгілі келді де, ... кеше белі ауырды.

2. Атам көп жүрген еді, сондықтан .... жылда Бурабай курортына келіп тұрамыз.

3. Біз отбасымызбен демалу үшін, ... білім тозбайды.

4. Ол жақсы оқыды, сондықтан ... ешкім келмеді.

5. Ақыл азбайды да, ... университитке түсті.

6. Ана әлдебіреу келер деп күтті, бірақ .... күн жылынды.

7. Көктем келді де, ... сен бар.

8. Шығарып салуға мен барамын, немесе ... кейде дайындалмайды.

9. Ол сабаққа кейде дайындалады, ... құстар жылы жаққа ұшып кетті.

8-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді табыңдар.

Мен Асқардың сөзін естімегендей болып, үнсіз тұра бердім. Марат дәптер сатып алу үшін, дүкенге келді. Кітапханаға барса да, іздеген кітабын таба алмады. Сабақ оқысаң, бес аласың. Күн жылы болғандықтан, біз серуенге шықтық.

VІI. «Білімпаздардың қалашығы», семантикалық карта.


Мағыналық қарым-қатынасына

қарай түрлері


Мысалдар

Ыңғайлас салалас

Себеп-салдар салалас

Қарсылықты салалас

Түсіндірмелі салалас

Талғаулы салалас

Кезектес салалас

1997 жылы Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасы жарияланды, халқы қызу қолдады.


+






Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі - жақсы мінез, екіншісі - жақсы сөз.




+



Адамдарға мұғалімнің еткен әсері мәңгі қалып қояды, сондықтан да мұғалім өзін-өзі бақылай жүруге тиіс... (А. Мак)



+





Бас болмақ оңай, бірақ бастамақ қиын.




+





Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жфылы көңілді суытады.






+


Ол бірде ақыл айтып отырды, бірде екеуін де кінәлі қылды.







+


VІІI. - «Тест сұрақтары»

  1. Көктем келді, дегенмен күн жылына қоймады.

а) Ыңғайлас салалас;

в) Себеп -салдар салалас

с) Талғаулы салалас;

д) Қарсылықты салалас;

  1. Күн батты, тауды қара көлеңке басты.

а) Қарсылықты салалас

в) Себеп-салдар салалалас

с) Талғаулы салалас;

д) Ыңғайлас салалас;

  1. 1993 жылы 18-қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Ата Заңы қабылданды, алайда ол кейін бірнеше рет толықтырылды.

а) Талғаулы салалас

в) Кезектес салалас

с) Себеп-салдар салалас

д) Қарсылықты салалас

  1. Мезгіл кешкіріп кетті, сондықтан амалсыз қонуға тура келді.

а) Ыңғайлас салалас;

в) Қарсылықты салалас

с) Себеп-салдар салалас;

д) Кезектес салалас.

  1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем:

а) Емтихан тапсырғаннан кейін, үйге барамыз.

в) Ақшамыз болмағандықтан, біз циркке барған жоқпыз.

с) Баласы жақсы оқысын деп, әкесі көп кітап әкеліп берді.

д) Олар су ішіп, шөлдерін қандырды.

  1. Ол біресе жылайды, біресе түк болмағандай күледі.

а) Қарсылықты салалас

в) Кезектес салалас

с) Себеп-салдар салалас;

д) Талғаулы салалас

7. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем:

а) Бірлік болмай, тірлік болмас.

в) Ол үйге келді де, балаға тамақ берді.

с) Біресе боран соғады, біресе жел тұрады.

д) Ербол жақсы дайындалды.

8. Сабақтас құрмалас сөйлемді тап:

а) Қыс.

в) Жаз келді.

с) Бүгін суық болғандықтан, мектепте сабақ болмады.

д) Көл беті қатты, құстар ұшып кетті.

9. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулық шылаулары:

а) бірақ дегенмен

в) себебі, өйткені

с) кейде, бірде

д) я, не, немесе.

10. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем:

а) Қыс аяғына жетті, бірақ күн әлі суық.

в) Күн ұзарды, түн қысқарды.

с) Менің әжем бірде орамал тартады, бірде жаулық киеді.

д) Далада күн суық, боран соғып тұр.

IX. "Венн диаграммасын" толтыру.

(салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемнің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтау).

Сабақтың лексикалық тақырыбы: Көкшетау қаласына саяхат

Толтырылған үлгісі:

Сабақтың лексикалық тақырыбы: Көкшетау қаласына саяхат

X. Қорытындылау.

XI. Бағалау.

XII. Үйге тапсырма: ережелерді қайталау, 3 - тапсырма.



8-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді табыңдар.

Мен Асқардың сөзін естімегендей болып, үнсіз тұра бердім. Марат дәптер сатып алу үшін, дүкенге келді. Кітапханаға барса да, іздеген кітабын таба алмады. Сабақ оқысаң, бес аласың. Күн жылы болғандықтан, біз серуенге шықтық.



Астана мен Көкшетау қалаларының арасында атақты Бурабай көлі жатыр. Бурабай ауасының жанға жайлы, дертке екендігін адамдар ежелден - ақ байқаған. Адамдар осы жерге келіп, әртүрлі науқастардан, өкпе ауруларынан да сауғып кетті.Бурабайдағы алғашқы сауықтыру орны 1910 жылы ашылды.

Бурабай ауасы жанға жайлы болғандықтан, бұл жерге демалуға Қазақстанның әр жерінен адамдар келеді. Мен өткен жазда сауықтыру орнына барып, жақсы демалып келдім. Бұл жерге біз отбасымызбен демалу үшін, жылда келіп тұрамыз.Біздің елде басқа демалыс орындары болғанымен, мен Бурабайға келгенді ұнатамын.


© 2010-2022