Cын есім сабақ жоспар 7 класс

Сын есімЖарияланды 9-11-2013, 16:33 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Сын есімСабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Сын есімнің зат есіммен байланысы, ойды көркемдеп берудегі әсері туралы түсінік беру.2. Дамытушылық: оқу мен жазу арқылы талдай отырып игеруді дамыту3. Тәрбиелік: ізденіске, өздігінен жұмысты орындай білуге тәрбиелеуКөрнекілігі: Сызбалар, суреттер, интерактивті тақтаСабақтың түрі: Дәстүрлі сабақСабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауапСабақтың типі: жаңа білімді...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сын есім

Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Сын есімнің зат есіммен байланысы, ойды көркемдеп берудегі әсері туралы түсінік беру.

2. Дамытушылық: оқу мен жазу арқылы талдай отырып игеруді дамыту

3. Тәрбиелік: ізденіске, өздігінен жұмысты орындай білуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: Сызбалар, суреттер, интерактивті тақта

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру жұмыстары

ІІ. Өтілген материалдарды еске түсіру

ІІІ. өтілген материалдарды бекіту.

1. Сөз таптары

2. Зат есімнің түрлері (құрамы)

3. Зат есімнің жасалуы

ІY. Жаңа сабақ

1. Зат есім заттың, құбылыстың атын білдірсе, сын есім сол заттың, құбылыстың сын - сипатын, көлемін, түр - түсін, сапасын білдіреді.

2. Сын есімнің белгілері:

1. Заттың түсін білдірсе: қара, құла, күрең

2. Заттың көлемін, аумағын, салмағын, сынын білдіреді: кең биік, ұзын, жеңіл.

3. Заттың сапалық белгісін сипатын білдіреді: жақсы, жаман, тентек, зерек

4. Заттың дәм, иіс т. б сипатына байланысты белгілерін білдіреді: ащы, тұщы, тәтті, қышқыл, жұмсақ

5. Затқа қимыл іс - әрекетке, мезгіл мекенге қатысты сынды білдіреді. Тасты (жер), балалы (үй), көтеріңкі көңіл

6. Сын есім қандай?, қай? Деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Желсіз түнде жарық ай, сәулесі суда дірілдеп... (Абай ) Қандай түн? - желсіз түн, қандай ай? Жарық ай.

Y. Жаттығу жұмыстарын орындау

YІ. Сабақты қорытындылау

1. сын есім дегеніміз не?

2. Сын есімнің мағыналық маңызды белгілерін атаңдар

3. Сын есім мен зат есімнің айырмашылығы және ұқсастығына диаграмма құру

YІІ. Үйге тапсырма. Сын есімнің ережесін жаттау, оқу

YІІІ. Оқушылар білімін бағалау

......... оқушы

......... бөлме

......... мал

Қандай? Түрі

Көлемі Дәмі

Пішіні Қай?

«Топтастыру» стратегиясы бойынша

Сөз бір затқа қатысты. Зат бір болғанымен оның сан түрлі қасиеттері болады.

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Тағы да қандай жыл мезгілдері бар?

- Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең шығарған қазақтың қандай ақынын білесіңдер?

Абайдың өлеңдерінен сын есімдерді табу

«Күз»

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

«Қыс»

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

«Көктем»

Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп,

Жан - жануар қуанар тойға еліріп.

Азалы ақ көрпесін сілке тастап,

Жер күлімдеп, өзіне шырай беріп.

«Жаз»

Жаздыгүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек.

Ұзарып өсіп толғанда,

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда

© 2010-2022