4 сынып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

4 - сыныпСабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныСабақтың мақсаты:1. Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының МемлекеттікГимні туралы мағлұмат беру, септік жалғаулары туралы алған білімдерін қайталап жетілдіру.2. Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын байыту.3. Тәрбиелік: Оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін арттыру, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.Сабақтың типі:Дәстүрлі сабақСабақтың түрі: Аралас сабақСа...
Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Гимні туралы мағлұмат беру, септік жалғаулары туралы алған білімдерін қайталап жетілдіру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын байыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін арттыру, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Әңгімелеу, қайталау, сұрақ - жауап, интерактивті тақта арқылы сабақ беру әдісі, жаттықтыру.
Сабақтың көрнекілігі:Тақырып бойынша презентация, кеспелер (деңгейлік тапсырмалар)

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
- сәлемдесу;
- оқушыларды сабаққа бейімдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ:
1) «Елдің елдігін танытып тұратын айрықша мәнді белгілері - Елтаңба, Ту, Әнұран. Өз еліне ғана тән мұндай белгілері жоқ мемлекет дербес, тәуелсіз бола алмайды» деген сөздерді оқып, түсіндіру.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
Гимннің авторларымен таныстыру, Гимнді айту ережелері туралы айту. Гимнді тыңдап, айтқызу.

2) Жаңа сөздермен жұмыс
қабылданды - был принят
ән - музыка
белгілі - известный
сазгер - композитор
жатқа білу - знать наизусть
парыз - долг
әрбір - каждый
- сөздерді дауыстап оқу;
- оқушыларға оқыту;
- сөз тіркестерін, сөйлемдер құру.

3) Мәтінмен жұмыс
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
Біздің Отанымыз - Қазақстан. Оның басты рәміздерінің бірі - Гимн. 2006 жылдың 7 қаңтарында Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Гимні қабылданды.
Гимннің сөзін жазғандар - Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев. Ал әнін жазған - белгілі сазгер Шәмші Қалдаяқов. Гимнді жатқа білу - әрбіріміздің парызымыз!
• Мәтінді мәнерлеп оқу;
• 1 - 2 оқушыға оқыту;
• Мәтінді аудару;
• Сұрақтарға жауап беру.

4) Мәтіннен септік жалғаулары жалғанған сөздерді тауып, оқу. Септіктерді қайталау.
5) Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар:
А1 Бүгін өткен сөздерді дауыстап оқы
А1+ Мәтіннен атау септікте тұрған сөздерді тауып оқы
А1. 1 "Гимн" сөзімен 3 сөз тіркесін құра
А1. 1 Септіктерді ата.
А2 Келесі сөздерді септе: рәміз, Отан.
А2+Септіктердің сұрақтары мен жалғауларын ата.

ІV. Қорыту:
Тірек - сызбаны құрастырып, сабақты қорыту
Рәміздердің бірі 2006 жылдың 7 қаңтарда қабылданды

МЕМЛЕКЕТТІК ГИМН
Сөзін жазғандар: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев
Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов

V. Үй тапсырмасы:
• Сөздерді жаттау;
• Тірек - сызбаны жаттау;
• 36 - бет 2 - жаттығу жазбаша.
VІ. Бағалау.


© 2010-2022