Шешендік сөздер тақырыбына арналып жасақталған тест

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 9 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9-сыныпқа арналған тест тапсырмалары

1.Шешендік сөздерді кім зерттеді ?

а) би-шешендер ә) Бөлтірік шешен б) Радлов в) қазақтың үш биі

2. Әйтеке бидің шын есімі кім ?

а) Әйтеке ә) Қазықұрт б) Байбек в) Айтық

3. Шешендік сөз дегеніміз не ?

а) құнды мұра, асыл қазына ә) би-шешешдердің туындысы б) мақал-мәтел ұйқасы в) аңыз әңгімелер

4. Қаз дауысты Қазыбек қай жүз биі

а) Ұлы жүз ә) Орта жүз б) Кіші жүз

5. .......... Әлібек ұлы

а) Аяз би ә) Әйтеке би б) Қазыбек би в) Төле би

6. Әйтеке ............

а) Байсұлтан ұлы ә) Келдібек ұлы б) Қарабек ұлы в) Байбек ұлы

7. Құйрығы жоқ, жалы жоқ

Құлан қайтіп күн көрер ?!

Аяғы жоқ, қолы жоқ

Жылан қайтіп күн көрер ?!... кімнің шешендік сөзі ?

а) Асан қайғы ә) Бұқар жырау б) Төле би в) Қазыбек би

8. Әйтеке бидің шешендік сөзін тап

а) Бұл заманда не ғаріп ? ә) Ашу бар жерде ақыл тұрмайды,

Қадірін біліп ұқпаса, Алдын ашсаң ақырар

Дүррі гауһар сөз ғаріп... Ашу деген- ағын су

Ақыл деген- дария...

б) Өркенім өссін десең, в) Қайрат деген қыран бар

Кекшіл болма- Қайғыңа тізгін бермейтін .

Кесапаты тиер еліңе. Қайғы деген жылан бар,

Өзекті шағып өрлейтін...

9. Би-шешендердің бойындағы қасиеттерін ата:

а) Шебер, ұста, күйші..

ә) Тәрбиеші, ақылгөй, әдебиет танушы..

б) Психолог, заңгер, ойшыл, ғалым...

в) Шығармашы, елші, батыр..

10. Он жұмбақтың шешуін билердің арасынан кім тапты ?

а) Қаз дауысты Қазыбек би ә) Төле би б) Майқы би в) Әйтек би

11. Қазыбек биден қалған шешендік сөзді тап

а) «Жұмбақтап келісу» ә) «Қасқа көл дауы» б) «Он жұмбақтың шешуі»

в) «Жаңа үйреткен жас тұлпар»

12. Әйтеке қай жүздің биі

а) Ұлы жүз ә) Орта жүз б) Кіші жүз

13. «Он жұмбақтың шешуі» мәтініндегі бірдің мәні қандай ?

а) Бір дегеніміз- басыңа қонған бақытың.

ә) Бір дегеніміз- бірлігі кеткен ел жаман.

б) Бір дегеніміз- биіктеп ұшқан қадірің.

в) Бір дегеніміз- баянсыз өтер ақ некең.

14. Төле би ғасырларда өмір сүрген?

а) ХVI- XVII ғ ә)XV- XVI ғ б) XVII- XVIII ғ в) XVI- XVIII ғ

15. Қаз дауысты Қазыбектің есімі неліктен олай аталды ?

а) дауысы қаздың дауысындай қаңқылдап шыққандықтан. ә) кез-келген сауалға шапшаң жауабымен, әділ де төрелі танымалдылығынан.

б) халықтың оған деген сенімділігінің арқасында.

в) сәби кезінде азан шақырып, есім қоярда ел көрген көрегенді ақсақалдардың оның осындай боларын білгендіктен қойылған.

16. Қазақ халқының би-шешендері «қайратты, қайғыны» қандай жануарға теңеген.

а) бүркіт пен қабыланға ә) арыстан мен қасқырға б) жылқы мен түлкіге

в) қыран мен жыланға


17. «Байлық көзі- еңбек» қанатты сөзінің мағынасы қандай ?

а) Байлыққа сенген- еріншек ер адам, еңбектенген- қайратты ел аман.

ә) Бай болатын үйдің иті сақ, әйелі масақ, қызы көрікті, ұлы епті болар.

б) Жігерлі жан-бай болса, басына бұйырған бақыты, еңбегінің ақысы

в) Еріншек-бай болам десе, еліне еңбекқормын деп қулығын асырар.

18. Шешендік сөздер қазақтың ....... үлгісі болып табылады.

а) даналық .... ә) тәрбиелік ... б) таланттық ... в) ауызша ...

19. Қандай заң шешендік өнердің дамуына даңғыл жол ашты ?

а) « Есім салған ескі жол » ә) « Үш бидің төрелігі » б) « Жеті жарғы »

в) « Қасым салған қасқа жол »

20. Шешендік дауға келтірілген мысалды тап.

а) Жер деген- байлық, ә) Құйрығы жоқ, жалы жоқ

Ел деген- халық. Құлан қайтіп күн көрер?!

Жер сәні- мыңғырған мал, ағылған аң, Аяғы жоқ, қолы жоқ

Аққан су, жайқалған ну. Жылан қайтіп күн көрер?!

б) Малым бар деп мақтанба,- в) Шақшам жақсы еді,

Боран соқса қайтесің?! Таутекенің мүйізінен істеген

Тілім бар деп мақтанба,- нақышты еді,

Тіл байланса қайтесің?! Қырық қой, төрт ас істеген кісінің

ақысы еді.

21. Үлкен керсен қалды да,

Ас құйылды тегешке.

Үлкен билер қалды да,

Құлдар кірді кеңеске... -шешендік сөзі жанрлық түрлерінің қай түріне жатады ?

а) шешендік арнау ә) шешендік толғау б) шешендік дау

22. Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан. - Абайдың сөзі шешендік даудың қайсысына жатады ?

а) Жұмбақтар ә) Көркем бейнелі б) Нақыл сөздер

23. Қазыбек жас кезінде қасына біраз жолдас ертіп Төле биге сәлем бере барады. Әңгіменің бір кезеңінде аға биден:

- Алысыңыз қандай ?

- Тәттіңіз қандай болды ?

- Несиеңіз қандай ? - деген үш сұраққа Қазыбектің жауабы қандай ?

а) - Алысым жақын болды, - Тәттім шырын болды, - Несием, шүкір, өніп жатыр.

ә) - Алысым аспандағы айдай, - Тәттім иленген нандай, - Несием жоғары, аттың тақымындай.

б) -Алысым таныспаған жан болар, -Тәттім жанымнан шыққан қан болар, - Несием- алла берген тән болар.

в) -Алысым қалықтаған қарға құс, - Тәттім бұйырған ас , - Несием жемісімнің еңбегі.

24. Жаманға да бақ қонатын күн болады,

Біреудің өтірігі шын болады.

Батырдан бақ қайтатын күн болса,

Қанша тауып айтса да, мін болады.

Қаңғыртса ханның қызы қаншаны,

Бақытсыз бір лайық күң болады..... шешендік толғауы қай бидікі ?

а) Әйтеке би ә) Қазыбек би б) Жетес би в) Төле би

25. Бірде ауылына келіп отырған Төле би мен Қазыбек би Әйтеке балаға сұрақ қойыпты. Ол сұрақты төмендегі жауаптардан көрсет ?

а) « Азамат болған шақтағы мақсатың не ?» ә) «Шешен болуды кімнен үйрендің ?» б) « Жігіттің жақсысы қандай болады ?» в) « Мына дауға- төрелігіңді айтып, шешендігіңді дәлелдейсің бе ?»


© 2010-2022