Эссе на тему Қазақтың дана Қадырі

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Эссе.

Қадыр абыз!

«Бала тілі бола алмаса ана тіл, ана тілі бола алмайды ешқашан» деп жырлаған, қазақ тілінің қадірін, қасиетін айтудан шаршамаған, қазақтың қадірлі ұлы Қадыр Мырза Әлі- қазақтың өлең дүниесіне, поэзия әлеміне құбылыс болып кірген дарынды да қайратты ақындарымыздың бірегейі еді. Қадыр ақын - ХХ ғасырдың бүкіл аласапыран оқиғаларын көрген, қиындықтарын бастан өткізген, ұлтын тәрбиелеген халықтың біртуар перзенті.

Қадыр атамыз бiздiң дәуiрiмiздегi әлемдiк аренаға шыққан қазақ поэзиясының көкжиегiн кеңейтiп, мазмұнын сапаландыруға, көркемдiк деңгейiн биiктетiп, мәртебесiн көтеруге айрықша еңбек сiңiрген, "Қазақтың Қадыры" деп танылып, халқы ардақтаған бiрегей тұлға, ерекше дарын иесi едi.Қазақтың қадірлі ақыны Қадыр мырза Әлінің шығармаларының тереңіне үңілетін болсақ, балалықтан даналыққа дейінгі жүріп өткен өмір жолында бала да, дана да бола білген Қадыр туындыларының

ерекшелігі - оның шығармаларының да сол баладан бастап, даналарға дейін оқылуға, адам өмірінің әр кезеңін сүріп жатқан қай буынына да арналып жазылуында десек, артық айтқандық болмайды. Себебеі, алты жасар баладан азуы опырылған қариямызға дейін ұйып тыңдайтын қадірлі ақынымыз болатын. Қазақ әдебиетінде Қадыр иеленіп отырған қасиетті тақтың тым биік екендігін қалың қазақ түсінгендей.Оның аузынан қапысыз сомдалып шыққан әрбір тіркес өз орнына мық шегедей мығым қадалды.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсам, ақын ағамыз мына пәни дүниеден өзі оттсе де, жарқырап жанған жарық бейнесі қазақ елінің жадында қалары сөзсіз. Алатаудың барлық жерінің биіктігі бірдей болса, қадыр тұтқан қазақтың қадыр ағамыздың орны біз үшін бір төбе болатынын нық сеніммен айта аламын.

Ақын Әбділдә Тәжібаев жырлағандай:

Патшалар өліпті, палуандар өліпті,
Емендер сыныпты, темірлер сыныпты.
Қай ақын қай жерде, қай жылы сөніпті?
Қай құдай ақынның өлгенін көріпті?! -

- демекші Қазақтың қайталанбас сыншыл да ойшыл ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік

сыйлықтың иегері Қадыр Мырза Әлі мына пәни

дүниеден өтседе, қазақ поэиясына өлмейтұғын жырлырымен ескерткіш сомдап кеткен асыл адам.



© 2010-2022