Открытый урок по казахской литературе на тему Мұхтар Әуезов «Көксерек» 7 класс (на казахском языке)

Раздел Русский язык и Русская литература
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ әдебиеті

7 сынып

Сабақтың тақырыбы : Мұхтар Әуезов «Көксерек»

Сабақтың мақсаты: а) білімділік

Әңгіменің идеясын жан - жақты талдай отырып ашу.Адамдар мен

көк бөрінің іс - әрекеттерін саралай отырып, адамзаттың табиғатпен

психологиялық тепе - теңдікті сақтау керектігіне көз жеткізу.

ә) дамытушылық

Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, іскерлік дағдыла -

рын қалыптастыру ,ойларын еркін жеткізуге баулу.

б) тәрбиелік

Табиғатты сүйіп , аялай білуге дағдыландыру.

Сабақтың әдісі: талдау, жинақтау,дәлелдеу

Сабақтың түрі: сыни тұрғысынан ойлау,игерілген білімді қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: сурет

Сабақ барысы:

1. Психологиялық даярлықты қамтамасыз ету.

2. Үй тапсырмасын пысықтау, жинақтау.

1 слайд

2 .Композициялық жоспарға сүйене отырып , нақты дәлелдермен Көксерекке мінездеме беру.

3. Семантикалық карта.

3 слайд

4. Кубизм . Оқушылар кубикті лақтырып, келген тапсырманы орындайды.

1. Көксеректің сыртқы кескін - келбетін суреттеңіз.

2. Салыстыр.Аққасқа мен Көксеректі салыстырыңыз.

3.Зертте. Көк бөрінің қадір - қасиеті туралы әңгімелеңіз.

4. Талда. Кейіпкердің тағдырын талқыға салыңыз.

5. Проблемалық сұрақтар.

1.Жазушының бұл әңгімені жазуына не себеп болды?

2.Адамдардың бөлтірікке жасаған іс - әрекетіне қалай қарайсың?

3. Әңгіменің идеясы не?

4. Көксерек Құрмашпен неге тіл табысты?

5. Құрмаштың өліміне не кінәлі?

Сабақты қорытындылау:

  • Ата - бабамыз қасқырды « Көк бөрі» деп, оның атын атамай, ұлыма, итқұс, жаманауыз деп атаған.Оны орман санитары деп те атайды. Әңгімедегі бейкүнә бала Құрмаштың өлімі - табиғаттың адамға берген жауабы секілді. Табиғаттың заңдылығын бұзуға болмайды.Табиғатты күшпен бағындыру мүмкін емес.

Үй тапсырмасы: Әңгімені оқу.


© 2010-2022